Қабылдаудағы иллюзиялар – түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау немесе қабылданатын затты, оның қасиетін барабар емес бейнелеу. Қазіргі уақытта неғұрлым зерттелген, иллюзиялық әсерлер: екі өлшемді контурлы көріністерді көру қабылдауындағы иллюзиялық эффектілер. Олар «оптикалық-геометриялық иллюзиялар» деп аталады. Енді бір түрі: контраст айқындылығының феномені. Мәселен: сүр жолақтың ашық түсті аяда күңгірт, ал қара түсті аяда жарық болып көрінуі.
Қабілеттілік - белгілі бір өнімді іс-әрекетті табысты орындаудың шарты
болатын тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері. Қабылдау тұлғаның жалпы бағыттылығымен, адамның белгілі бір әрекетке бейімділігінің орнықтылығымен тығыз байланысты. Қабілеттің түрлері: жалпы қабілеттілік, арнайы қабілеттілік, потенциалдық қабілеттілік, актуалдылық қабілеттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |