Олигофренопсихология- миының жетілмегендігі ауыр нысандағы адамдардың психикалық дамуын және оны түзеу мүмкіндіктерін зерттейтін арнаулы психологияның тарауы. Олигофренопсихология - адамдардың психикалық ақыл-ой мешеулігінің себептерін (жүйке жүйесінің туа біткен кемістігін, аурудың не жарақаттанудың салдарын) анықтайды, психологиялық ерекшеліктерін, кемістіктің білінуінің нысандары мен дәрежесін зерттейді.
Онтогенез - жеке организмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі даму процесі. Бұл терминді 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель ұсынды.