Практикалық ойлау - мақсат қоюмен, жоспарлар, жобалар жасаумен
байланысты және көбіне уақыт тапшы жағдайда өрістейтін, ойлаудың түрі. Проприорецептивті түйсік - дененің кеңістікте орналасу мен қозғалыс-
тірек аппараттарының күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін түйсік түрі Психика - объективті шындықты психикалық процестер арқылы белсенді
бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті. Психика сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.
Психикалық детерминизм - барлық психикалық актілер мен көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің күйіне тәуелді дейтін біржақты көзқарас.
Психикалық процестер - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі.
Психикалық қасиет - тұлға ерекшеліктері, бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы (мінез, темперамент, қабілет, дүниетаным, сенім, талғам т.б.) ерекшеліктер.
Достарыңызбен бөлісу: |