Хроноскоп- психикалық процестің пайда болу шапшаңдығын өлшейтін аспап.
Шағын топ - сан бойынша көп емес әр түрлі іс-әрекетте жалпы біріккен және тікелей қарым-қатынаста болатын адамдар бірлестігі.
Шартты топ– адамдардың тек қағаз жүзінде ғана ұйымдасқан қауымдастығы.
Іс-әрекет - адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі.
Эгоцентризм -айналасында болып жатқан оқиғаларды елемеумен баланысты, адамның тек өз-өзіне ғана назарын аударып, барлық санасын тұрақтатуы.
Эргограф - эксперименттік лабораторияда денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін қолданылатын аспап.
Эйдетикалықес-бұрынқабылдағанзаттарменқұбылыстардыобъектікөздентасажағдайдадакөріптұрғандай қабылдайтынерекшепсихологиялыққұбылыс. Эмоция - қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Көңіл - адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Эмоция жағымды, ұнамды, жағымсыз, ұнамсыз, қарапайым, күрделі болып келеді. Эмоциялық процестердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты.
Эмпатия - адамның басқа адамдардың жан дүниесіннің сыры мен күйзелісін білу және оған жанашырлық білдіру қабілеттілігі. Эмпатияны алғаш американ психологі Э.Титченер ашып көрсетті.