Ореол (құрметтік) эффектісі - адам туралы ақпарат тапшы болған жағдайларда ол жайындағы жалпы бағамдаушылық әсердің оның қылықтары мен тұлғалық сапаларын қабылдауға тарауы. Адам туралы бірінші әсерді қалыптастырып, даму кезінде құрметтік эффект позитивті жағымды бағалау немесе негативті теріс нысанында болады.
Өзін-өзі бағалау - адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі.
Өнер психологиясы - суреткерлік әрекеттің психологиялық механизмдерін және адам өнер туындыларын жасау және ұғыну кезіндегі тұлғалық көрінісінің ерекшеліктерін зерттейтін психологиядағы бағыт.
Парапсихология – адамдардың психологиясы мен мінез-құлықтарындағы ғылыми негізі беймәлім гипноз, елестету сияқты айрықша құбылыстарды зерттейтін психология саласы. Парапсихология – экстрасенсорлық қабылдау, телепатия, түс көру сияқты табиғи айқындалмаған, функциялық қызметті тиянақсыз психикалық құбылыстар туралы мәлеметтердің жиынтығы. Парапсихологиялық көріністер XIX ғасырдың соңғы кезінен бастап арнай ғылыми объек ретінде зерттеле бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |