Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Педагогика және педагогикалық психология Жалпы педагогика


ІІ.15. Оқыту әдістеріне сипаттама



бет21/65
Дата12.07.2022
өлшемі0,79 Mb.
#147440
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Байланысты:
Барлы педагогикалы маманды тар а арнал ан (шифр, маманды ) о у

ІІ.15. Оқыту әдістеріне сипаттама
Жоспар:
1. Оқыту әдістері жайлы түсінік және оларды жіктеу.
2. Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны.
3. Оқыту әдістерін таңдау.
Жалпы білім беретін орта мектепте оқыту әдістері кеңінен қолданылады, нақты түсінік беретін болсақ, педагогикалық энциклопедияда: «Оқыту әдістері мұғалім мен оқушылар жұмысыны тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды», - деп жазылған [1, 812]. Ал әдіс сөзінің этимологиясы («metodos» - грек сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы) деген мағынаны береді. Яғни оқыту әдісі танымдылықты, оқыту іс-әрекетіне байланысты дидактикалық құбылыстың мәнін, олардың қозғалысын, сапалық көрсеткішін анықтаудағы таным үрдісі деп айтуға болады. Оқыту әдісінің жіктелуі бірнеше дидактикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Ресей педагогы И.П.Пидкасистый оқыту әдістерін 5 топқа бөледі:

  • практикалық (іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек, т.б.);

  • көрнекілік (иллюстрация, демонстрация, т.б.);

  • сөздік (түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, пікірталас, т.б.);

  • кітаппен жұмыс (оқу, жаттау, сілтеме алу, конспектілеу, мәнжазба, т.б.);

  • бейнетаспа әдісі (көріп оқыту, «электронды мұғалім», бақылау, т.б.).

Сондай-ақ КСРО педагогы Ю.К.Бабанский оқыту әдісін 3 топқа бөліп қарастырады:
1-топ: ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін жүзеге асыру әдістері:

  • оқытудың сөздік әдісі (әңгіме, сұхбат, оқыту лекциясы, т.б.)

  • оқытудың көрнекілік әдісі (иллюстрация, демонстрация, т.б.)

  • практикалық оқыту әдісі (жаттығу, саяхат, өндірістік оқу цехы, т.б.)

  • индуктивтік және дедуктивтік оқыту әдісі

  • репродуктивтік оқыту әдісі

2-топ: оқыту үрдісінде оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастыру әдісі:

  • танымдық ойындар

  • оқыту дискуссиясы

3-топ: оқытудағы өздік бақылау және бақылау әдістері:

  • жазба жұмыстарын бақылау әдісі

  • лабораторяилық бақылау әдісі

  • машинамен бақылау әдісі

  • өзін-өзі бақылау әдісі

Бүгінгі күні жалпы білім беретін орта мектепте Г.И.Щукина, И.Т.Огородников, М.А.Данилов, М.Н.Скаткин, Н.А.Сорокин, т.б. ғалымдардың жіктеулері педагогикалық үрдісте қолданылып жүр.
Оқыту әдісінің мазмұндық ерекшелігі негізінен оқушылардың пәнді оқу ақпаратын сапалы игеруіне және психо-педагогикалық даралық ерекшеліктеріне бағытталады. Ұлт мектебінде жиі қолданылатын әдістер: баяндау, әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығу, лабораториялық әдіс, программалық оқыту әдісі, білім беруді бақылау әдісі, ситуациялық әдіс, т.б. түрлері кездеседі.
Жоғарыда аталған әдістің бәріне тоқталмай-ақ, нақты біреуіне түсінік бергенді жөн деп білеміз.
Практикалық әдіс – 5 заттан тұрады, мұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі:

  • мұғалімнің түсіндіруі жұмысты теориялық кезеңдермен үйрету;

  • көрсету (инструктаж);

  • жұмысты жасап көру;

  • жұмысты әрбір оқушының өзі орындауы;

  • бағалау.

Ескерту: Практикалық жұмыста оқушылардың бағалануы жұмыстың сапасы, уақыты, материалды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы ескеріледі.
Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін нақты таңдау және төмендегі критерийлерді басшылыққа алумен байланысты:

  • әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптерге сәйкестігі

  • әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі

  • оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі

  • әдістердің оқушылардың оқу мүмкіндігіне сәйкестігі

  • әдістердің мұғалімдердің педагогикалық қабілетіне сәйкестігі

  • әдістердің оқу пәнінің материалдық және техникалық базасына сәйкестігі

Бұл аталған критерийлер сабақтың сапалы өтуіне және мұғалімнің педагогикалық шеберлігімен де сипатталады.

Негізгі әдебиеттер:


1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет