Бөліну
аумағы жағынан да, халықтың саны
жағынан
да біркелкілік болған жоқ.
Шекаралық комиссия
құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан
тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның
міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ
шенеуніктерінің тіршілігін
қадағалау, салық жинау,
сот істері, медицина жағын бақылауға алу кірді.
Жергілікті әкімшіліктің құрамына Кіші жүздің үш
бөлігінің
сұлтандары,
дистанция басқарушылары
кірді. Кіші жүздегі
ауыл старшынынан бастап
басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді
шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша
Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.
Сайлау жүйесі болған жоқ.
Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген
өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот
немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал
кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-
ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімшілігі
жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер
сотын полиция жазалаушы органдарға айналдыруға
талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға,
Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Сұлтандарды
Орынбор әскери губернаторы,
ал басқа шендердің
бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір
билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын
әскери командасы болды. Олардың ордасы казак
станицалары мен бекіністерінде орналасты.