173
Бұл оқу-сауықтыру кешені Елбасының
тікелей тапсырмасымен,
Үкіметтің арнайы қаулысымен 2004 жылы құрылған. Орналасқан жерінің өзі
Сарыарқаның інжу-маржаны атанған Бурабайдың бір тамаша өңірі.
«Балдәурен» балалар лагері тек оқу-сауықтыру кешені ғана емес, оқу-
шыларға қатысты отандық және әлемдік деңгейдегі білім жарыстары өтетін
орынға айналған. Ой-сананы өсіретін әртүрлі бағдарламалар әзірлеп, отан-
шылдық рухыңды оятатын кештер ұйымдастырып, сапта жүру тәртібін бойға
сіңіріп, денсаулықтың басты кепілі тазалық екені үйретіледі.
Фестивальдар
мен слеттер өткізумен бірге, табиғатқа саяхат жасау да жан-жақты ойлас-
тырылған. Айталық, слет бағдарламалары әр алуан болып келеді. Мәселен,
бір жолы отаншылдық
рухтағы әндерді айтуға арналса, екінші жолы
«Қазақстанның болашағы біздің қолымызда» атты тақырыпқа сай
ұйымдастырылады.
Жазғы демалыс пен оқу кезіндегі оқушылардың
орталықта болуының
айырмашылығына келер болсақ, сабақ уақытында балалар әрі демалады, әрі
оқуларын жалғастырады. Яғни, лагерьде демалыс кезеңі мен мектеп өмірі бір
арнада тоғысып жатады. Мектептегі сабақ беру тәсілі жаңашыл ком-
пьютерлік және пәндік-модульдік технологияларға негізделген. Мұнда үйге
тапсырма берілмейді, әр бала өз
білімін кәсіби біліктілігімен, ұстаздардың
көмегімен жүзеге асыру бірінші кезекке шығарылған. Бұған қажеттің бәрі
кешенде жеткілікті.
Оқулықтармен қатар, иллюстративті-энциклопедиялық
жинақтар, отандық, орыс және шетелдік әдебиеттердің озық үлгілері, өзге де
құндылықтар жинақталған кітапхана жұмысы жақсы жолға қойылған.
Оқушылар демалыс кезінде медицина кешенінде, нақтылай түссек мини-кли-
никада емделуіне, шынығу процедураларын, физиотерапия, оттекті коктейль,
тыныс алу жаттығуларын, емдік дене шынықтырулар,
тағы басқа алуына
болады. Күніне алты рет тамақтанады.
Сауықтыру орталығына еліміздің барлық аймақтарында білім алып
жүрген миллиондаған оқушылардың арасынан ең үздік оқыған, талантты,
тәртіпті балалар ғана жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: