Сабақ мақсаты: Студенттерге сызудан жаңа білім беру, сызуға деген қызғушылықтарын артыру, сызуда қолданылатын құрал-жабдықтармен және пішімдер мен негізгі жазу және масштабтар, оқулықтармен таныстыру, Қысқаша ақпарат



Дата07.02.2022
өлшемі17,32 Kb.
#83004
түріСабақ
Байланысты:
лекция 1


Кіріспе. Сызбаның даму тарихы, адамның іс-әрекетіндегі сызбаның маңызы

Сабақ мақсаты: Студенттерге сызудан жаңа білім беру, сызуға деген қызғушылықтарын артыру, сызуда қолданылатын құрал-жабдықтармен және пішімдер мен негізгі жазу және масштабтар, оқулықтармен таныстыру,
Қысқаша ақпарат
Сызбаның даму тарихынан қысқаша мәліметтер. Адам баласы жануарлардың, өсімдіктердің, құрлыстардың және басқада заттардың суреттерін салуда өте ерте заманда басталған. Түрлі мәліметтерден кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін кескіндер пайдаланған.Ескіден сақталған Қаратау жотасындағы және Тамғалыдағы жартасқа салынған кескендер көпшілікке мәлім.Кейінрек мысыр иероглифтерін пайдаланып,маңызды оқиғалар туралы баяндауға мүмкіндік туды.Қытай,Жапон иероглифтері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.Сонымен,жазу өнері иероглифтерді жетілдірудің нәтижесінде пайда болған.Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда жазылған Рим архитекторы Марк Витрувийдің “Архитектура туралы 10 кітап”атты трактатында нәрсенің горизонталь және фронталь проекциялары туралы айтылған. Шығыстың Аристотелі атанған, Отырар қаласында (Арыс өзенінің жағасында салынған, Туркстаннан 10-15 шақырымдай қашықтықта орналасқан) туып, қыпшақ руынан шыққан Әбунасыр әл-Фараби (870-950) “Музыка туралы үлкен тракатат” атты еңбегінде музыканың теориясын жасап, дыбыс интервалдарын графиктік жолмен тағайындалған, өзі ойлап тапқан музыкалық аспаптардың Ахмет Иассауидің сәулет ғимараты сол кезде салынған дүние жүзіндегі ең үлкен құрлыс, Маңғыстаудағы жер астына салынған Шопан-ата (12ғ), Қараман-ата (13ғ) және Бекет-ата(18ғ) мешіттерін салуда олардың жобалары мен сызбалары болғаны сөзсіз.
Адамның іс-әрекетіндегі сызбаның маңызы. Сызба деп нәрсенің кескініненжәне оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжатты айтады. Нәрсенің сызбасына қарап,оның пішінін және өлшемдерін анықтауды-оны оқу дейді. Инженерлер мен ғалымдар сызбаның көмегімен ғылым мен техниканың көптеген есептерін шешеді. Машиналармен құрлыстардың сызбаларына қарап,оларды жасағанан немесе тұрғызғанан кейін қандай болатынын алдын ала көреді. Егер болашақ машиналар немесе құрлыстар ойдағыдай жақсы болмаса онда олардың сызбаларын өзгертеді. Сөйтіп, қосымша материалдармен қаражат жұмсамай-ақ сызбалардың көмегімен бүгінгі күнің талаптарына сай машиналармен әдемі құрлыстардың жобасын жасауға болады. Күнделікті өмірде ғылым жаңалықтарын пайдаланбайтын, техниканы қолданбайтын мамандар жоқ деуге болады. Жүргізуші, сылақшы, ұста, диқаншы, дәрігер, мұғалім, ұшқыш ғарышкер мұнайшы, тағы басқа мамандар түрлі машиналарды, аспаптарды жете менгере және басқара білулері қажет.
Сызу құралдары. Сызбаларды орындау үшін көптеген аспаптар мен жабдықтар қерек. Олар: сызба қағазы,қарындаштар (M;T;,T), сызғыш (ағаштан жасалған), сызба тақтасы, бұрыштықтар, даярша (готовальня). Сызу аспаптары мен материалдарын ұқыптылықпен сақтау,таза ұстау және оларды жұмысқа дұрыс дайындау керек.
Пішімдер /формат/. Рамка және негізгі жазу. Сызбаны өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. Сызба салуға арналған қағазға пішім(формат) деп атайды.
Жиі қолданылатын пішімдер:
Пішім А1 (841x594)мм
Пішім А2 (594х420)мм
Пішім А3 (420х297)мм
Пішім А4 (297х210)мм
Сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алу шектейтін рамка деп аталатын тіктөртбұрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстінгі , оң және төменгі жақтарынан, пішім шетінен 5 мм қашықтықта,ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізеді. Пішімнің оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазу орналасады,оның сыртқы өлшемі 185х55 мм.

Үй тапсырмасы Пәннің міндеттері мен мақсаттары, графика мен стандарттаудың дамуы туралы тарихи мәліметтер оқу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет