178
директоры болып қызмет iстедi. 1989 жылдан ҚР Ұлттық ғылым
академиясының академигi.
1991-1996
жылдары
Қазақстан
Республикасы
Ұлттық
ғылым
академиясының Президиум мүшесi болды.
М.Қ.Қозыбаев Қазақстанда тарих ғылымының дамуына қомақты үлес
қосты. Оның ғылыми еңбектерi Ұлы
Отан соғысындағы жеңiске
қазақстандықтардың қосқан үлесiн ашып көрсетуге, қазақ халқының 17-20
ғасырлардағы азаттық күресiне, Кеңес өкiметiнiң күштеп ұжымдастыру
саясатының
зардаптарына, Қазақстан территориясының тұтастығына, т.б.
мәселелерге арналған.
М.Қ.Қозыбаевтың мектеп мұғалiмдерi мен оқушылары үшiн арнап жазған
оқу құралдары, оқулықтары, мақалалары аса мол.
Қозыбаев М.Қ. Ш.Уәлиханов
атындағы сыйлықтың, Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттiк
сыйлығының,
Қазақстан
Республикасы
Президентiнiң Бейбiтшiлiк және рухани келiсiм сыйлығының лауреаты.
Еңбегi жоғары бағаланып, екi рет Қазақ
КСР Жоғары Кеңесiнiң Құрмет
грамотасымен және медальдармен марапатталды. Қостанай қаласының
құрметтi азаматы. 2003 ж. Петропавл қаласындағы Солтүстiк Қазақстан
университетiне Қозыбаевтың есiмi берiлдi.
Достарыңызбен бөлісу: