203
Сенбай Е.
Табысқа толы жыл болды: [Астана әкімі Иманғали
Тасмағамбетов бас қаланың тыныс-тіршілігі жайлы ] / Е. Сенбай //Айқын. -
2011. - 21 ақпан.
10 желтоқсан –
адам құқықтары күні
Бұл күн 1950 жылдан бастап атап өтіледі. 1948 жылғы 10 желтоқсанда
БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын
қабылдады. Онда адам дүниеге келгенінен бастап нәсіліне, терісінің түсіне,
жынысына, тіліне,
қандай дінді тұтынатынына, саяси, басқа да
көзқарастарына, ұлттық және әлеуметтік шығу тегінен, мүлігіне қарамастан
қандай құқықтарға ие екендігі көрсетілген.
Барлық
адамдар нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына қарамастан
дүниеге ерікті және тең болып туылады.
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бүгінгі күннің басты
талабы. Бұлай деуімізге себеп құқықтық сауатсыздықтан,
яғни баланың өз
құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын аяқққа таптаудың кесірінен
көптеген келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін. Құқық бұзушылық -
қылмыс, адам тағдырын адастыратын іс.
Оқушы санасында құқықтық
сауаттылық пен құқықтық мәдениетті сіңіріп, баланың өзін және
айналасындағы адамдардың жеке басын қәдірлеп, құрметтеуі үшін
дұрыс
тәрбие беру - әрбір педагогтің басты міндеті.
Мектеп қабырғасында жасөспірімдер арасында қылмысты, құқық
бұзушылықты болдырмау,
алдын-алу, сондай-ақ оқушылардың құқықтық
сауаттылығын арттыру мақсатында «Құқықтық сауаттылық бүгінгі күннің
басты талабы» тақырыбында заң қызметкерлерімен кездесу, 8-11 сыныптар
арасында «Мен өз құқығымды қаншалықты білемін?» атты семинар –
тренинг өткізуге болады. Өйткені заң қызметкерлерімен кездесіп, көкейінде
жүрген
сауалдарын ашық жолдап, еркін пікір алмасуы, сондай-ақ адамдар
арасында орын алған құқық бұзушылық пен жеке адамдардың құқы, ар-
ожданы тапталына байланысты шынайы
өмірден нақты мысалдарды
заңгерлердің аузынан есту оқушының көкірегін оятып, қоғамның бір мүшесі
ретінде өз айналасындағы адамдарға оң көзқараспен қарауына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: