Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет221/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Қараша 
16 жұлдыз
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигi,
қоғам қайраткерi
Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың
туғанына 
85 жыл 

16.11.1931-30.10.2002

.
 
Қозыбаев Манаш Қабашұлы
1931 жылы 16 қарашада Қостанай облысы 
Меңдiғара ауданы Итсары ауылында дүниеге келген. 
Ы.Алтынсарин атындағы Меңдiғара педучилищесiн бiтiргеннен кейiн 
1947-1948 жж. Қостанай облысы, Ульба ауданының орта мектебiнде мұғалiм 
болып iстедi. С.М.Киров атындағы Мемлекеттiк университеттiң (Қазiргi Әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi) тарих факультетiн бiтiргеннен 
кейiн, 1953-1958 жылдары Қостанай педагогикалық институтында аға 
оқытушы, 1958-1974 жж. КПСС Орталық Комитетiнiң жанындағы Марксизм-
Ленинизм институтының қазақ филиалында аға ғылыми қызметкер, ғылыми 
хатшы болды. 1962 жылы кандидаттық диссертация, ал 1969 жылы 
докторлық диссертация қорғады. 1970 жылы профессор атағына ие болды. 
1975-1980 жылдары Алматы зоотехникалық-мал дәрiгерлiк институтында
ҚазМУ-дiң жанындағы бiлiм жетiлдiру институтында тарих кафедрасының 
меңгерушiсi, 1980-1986 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакторы, 
1986 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының 
археология, этнография институтында бөлiм меңгерушiсi, 1988 жылдан 


178 
директоры болып қызмет iстедi. 1989 жылдан ҚР Ұлттық ғылым 
академиясының академигi. 
1991-1996 
жылдары 
Қазақстан 
Республикасы 
Ұлттық 
ғылым 
академиясының Президиум мүшесi болды.
М.Қ.Қозыбаев Қазақстанда тарих ғылымының дамуына қомақты үлес 
қосты. Оның ғылыми еңбектерi Ұлы Отан соғысындағы жеңiске 
қазақстандықтардың қосқан үлесiн ашып көрсетуге, қазақ халқының 17-20 
ғасырлардағы азаттық күресiне, Кеңес өкiметiнiң күштеп ұжымдастыру 
саясатының зардаптарына, Қазақстан территориясының тұтастығына, т.б. 
мәселелерге арналған. 
М.Қ.Қозыбаевтың мектеп мұғалiмдерi мен оқушылары үшiн арнап жазған 
оқу құралдары, оқулықтары, мақалалары аса мол.
Қозыбаев М.Қ. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Қазақстан 
Республикасы 
Мемлекеттiк 
сыйлығының, 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентiнiң Бейбiтшiлiк және рухани келiсiм сыйлығының лауреаты. 
Еңбегi жоғары бағаланып, екi рет Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң Құрмет 
грамотасымен және медальдармен марапатталды. Қостанай қаласының 
құрметтi азаматы. 2003 ж. Петропавл қаласындағы Солтүстiк Қазақстан 
университетiне Қозыбаевтың есiмi берiлдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет