Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет61/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Шолпанова Л

Ұлдан ұлағат, қыздан инабат: [оқушыларды 
адамгершілік, кішіпейілдікке, әдептілікке, жаман әдеттен аулақ болуға 
тәрбиелеу] /Л.Шолпанова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2013. -
№ 3. – 24 б. 
 
 
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы 
Ежелгі жыл санағы бойынша 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз 
– жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін 
қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы 
алған.
Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен 
шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз 
мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер 
айтады.
1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз 
мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын 
жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын 
тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. 
Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ КСР Президентінің 
қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз 
айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 
24 сәуірінде ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 
күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді. 
Наурыз мейрамы қазақтың ұлттық мейрамы. Бұл мерекеге орай 
мектептерде көптеген іс-шаралар өтеді. «Қош келдің, Наурыз - думан», «Жыл 
басы - Наурыз» атты мерекелік кештер, «Наурызым – ұлыс мерекем» атты 
және т.б. көптеген тәрбие сағаттары өтіледі. «Қош келдің, Наурыз думан» 
атты мерекелік кештің өтілу барысы: Мерекелік кешке бастауыш, орта буын, 
жоғары сынып оқушылары қатысады. Мерекелік кеш әжелеріміздің наурыз 
шашуымен ашылады. Шашу шашылған соң ата-салтымызға сай бата алу 
үшін ортаға Қыдыр ата шақырылады. Осыдан кейін мерекелік кеште 
шілдехана, қырқынан шығару, ат қою, бесікке салу, тұсау кесер сияқты
ұлттық салт-дәстүрлерімізден көріністер көрсетіледі, ән шырқалып, би 
биленеді. Мереке соңында ұлттық ойындардан жарыс өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет