Төраға: Нусупова А. Ж. Хатшы: Сәбит А.Ә



Дата04.01.2022
өлшемі35,95 Kb.
#108897
Байланысты:
hattama

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Филология және журналистика» кафедрасы


/бөлімшенің аты/

23 ХАТТАМА

« 19 » 03 2021 ж.




Төраға: Нусупова А.Ж.

Хатшы: Сәбит А.Ә.

Қатысқандар: 6В02311- Филология мамандығының 1 курс студенттері, топ кураторы
Күн тӘртібінде:

Қош келдің,Наурыз!



Тыңдалды:

Топ кураторы Нусипова А.Ж.:

22 наурыз мейрамының шығу тарихы.

Наурыз мейрамын әлем халықтарының көпшілігі ертеден тойлап келеді.Әбу Райхан Бируни, Омар Найям және тағы басқа ғұламалардың еңбектерінен Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге қатысты мағлұматтарды көп кездестіруге болады.

Мәселен, парсы тілдес халықтар Наурыз мейрамын бірнеше күн тойлаған. Әр жерге от жағып, оған май құятын болған, жаңа өңген жеті дәнге қарап, болашақты болжаған. Наурыз жаңару, жаңғыру мерекесі болғандықтан, ескі-құсқы киімдерден арылып, ескірген шыны аяқты сындырған.


Наурыз қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатса да, Кеңес үкіметі бұл мерекені "діни мейрам" деп танып, 1926 жылы ресми түрде тойлауға үзілді-кесілді тыйым салды. Көктемнің шуақты мейрамы салт-дәстүрді берік ұстанған қазақ отбасыларында ғана жасырын түрде аталып өтті. Осылайша қазақ жерінде 62 жыл бойы ұмыт болған Наурыз мейрамы 1988 жылы қайта жаңғырды. Қазақстан Елбасының жарлығымен елімізде Наурыз мейрамы 2010 жылдан бері үш күн тойланады.

Суденттерге Наурыз мейрамы қалай тойланады деп сұрағанда.

"Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді" деген сөздің астарында үлкен мән жатыр. Наурыз тек күн мен түн теңесіп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам емес. Бұл бірлік пен еңбектің, мейірімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Наурыз мейрамында бұрын ренжісіп жүргендер өкпе-ренішін ұмытып, татуласады, бір-біріне кешіріммен қарайды. Таң атысымен бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады, үйлерінің алдын, аулаларын кір-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады, гүл егеді. Әр жерде көкпар, қыз қуу, қазақ күресі секілді ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады, ән шырқалады, би биленеді, қыз-жігіттер алтыбақан тебеді.

Сонымен қатар, міндетті түрде Наурыз мейрамының дәстүрлі тағамы – Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге ең кемі жеті түрлі дәм қосылады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді.


ШЕШІМ:

1. Мемлекет басшысының мақаласында айтылған міндеттер студенттердің назарына алынсын.


Топ кураторы Нусупова А.Ж.

Хатшы Сәбит А.Ә.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет