Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет39/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika

7.2  Кредиттік оқыту технологиясы 
Ұлттық  білім  берудің  оқу  бағдарламаларын  халықаралық  тану,  білім 
беру  ұйымдарының  білім  алушылары  мен  оқытушыларының  ұтқырлығын 
қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  білім  беру  сапасын  арттыру  және  білім  берудің 
барлық  деңгейлерінің  сабақтастығын  қамтамасыз  ету  үшін  білім  беру 
ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады. 
Кредиттік  оқыту  технологиясы    білім  алушы  мен  оқытушының  оқу 
жұмысы  кӛлемінің  біріздендірілген  ӛлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану 
арқылы,  білім  алушының  пәндерді  таңдауы  және  реттілікпен  оқуын  ӛз 
бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады. 
Кредиттік  оқыту  технологиясы  кезінде  оқу  жұмысының  еңбек 
сыйымдылығының есебі кредит арқылы ӛлшенетін оқытылатын материалдың 
кӛлемі бойынша жүзеге асырылады.  
Кредиттік  оқыту  технологиясы  білім  берудің  барлық  деңгейлері 
бойынша  бұрын  меңгерілген  кредиттердің  ӛспелі  есебін  білдіретін 
жинақтаушы болып табылады. 
Кредит  (Credit,  Credit-hour)  –  білім  алушының/оқытушының  оқу 
жұмысы кӛлемін ӛлшейтін сәйкестендірілген бірлігі.   
Кредиттік  оқыту  технологиясы  -  білім  алушы  мен  оқытушының  оқу 
жұмысы  кӛлемінің  біріздендірілген  ӛлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану 
арқылы,  білім  алушының  пәндерді  таңдауы  және  реттілікпен  оқуын  дербес 
жоспарлауы негізінде оқыту. 
Кредиттік  оқыту  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісін 
ұйымдастырудың негізгі   міндеттері: 
1) білім кӛлемін біріздендіру; 
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 
3)  білім  алушылардың  ӛзіндік  жұмыстарының  рӛлі  мен  тиімділігін 
күшейту; 
4)  білім  алушының  оқудағы  шынайы  жетістіктерін  оларды  тиімді 
бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады. 
Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды кӛздейді: 
1)  білім  алушылар  мен  оқытушылардың  әрбір  пән  бойынша  еңбек 
шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу; 
2)  білім  алушылардың  жеке  оқу  жоспарын  қалыптастыруға  тікелей 
қатысуын  қамтамасыз  ететін  элективтік  пәндердің  каталогына  енгізілген 
таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі; 
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі; 
4)  білім  алушылардың  білім  траекториясын  таңдауына  ықпал  ететін 
эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту; 
5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану; 
6)  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеруде  білім  алушылардың  ӛзіндік 
жұмыстарын жандандыру; 


7)  оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  факультетке  (бӛлімге)  және 
кафедраларға  академиялық  еркіндік  беру,  білім  беру  бағдарламаларын 
қалыптастыру; 
8)  оқу  үдерісін  қағазды  және  электронды  тасымалдағыштардағы 
барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; 
9)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылаудың  тиімді 
әдістері; 
10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін 
бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. 
Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, 
демалыстардан және  практикалардан тұрады.  
Академиялық  кезең  нысанына  байланысты  ұзақтығы    семестр  үшін            
15 апта, триместр үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта. 
 
Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта.   
Білім  алушыларға  әрбір  академиялық  кезеңнен  каникулдар  беріледі, 
оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек.  
Бір  академиялық  сағат  дәрісханалық  сағаттың  50  минутына  тең. 
Студиялық  және  зертханалық  сабақтар,  сондай-ақ  дене  тәрбиесінің 
сабақтары, студиялық сабақтар үшін академиялық сағат тиісінше 75 минутқа  
тең,  немесе  зертханалық  сабақтар  мен  дене  тәрбиесі  сабақтары  үшін                      
100 минут. 
Оқу  сабақтары  басым  түрде  белсенді  шығармашылық  нысандарда 
жүргізіледі  (кейс-стади,  іскерлік  ойындар,  тренингтер,  диспуттар,  дӛңгелек 
үстелдер, семинарлар). 
Кредиттік  технология  бойынша  оқу  білім  алушылардың  білім  беру  
бағдарламасын  дербес  жоспарлауына,  оқудың  жеке  траекториясын  
таңдауына,  ӛздігінен  білім  алу  деңгейін  арттыру  уәждемесіне негізделген. 
Білім  алушылардың  академиялық  ұтқырлығын  қамтамасыз  ету  үшін 
жекелеген  оқу  пәндерін  басқа  білім  беру  ұйымдарында,  оның  ішінде  шет 
елдерде оқи алады.  
Мұндайда  білім  беру  ұйымының  басшысы  басқа  білім  беру 
ұйымдарында оқу үшін кредиттер санының жоғарғы шегін айқындайды. 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдарында  жекелеген 
пәндерді  оқыған  жағдайда,  білім  беру  ұйымдары  арасында    екіжақты  шарт 
жасалады. 
Білім  беру  бағдарламаларын  іске  асырудың  сапасын  арттыру      және 
білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бағалауды  қамтамасыз  ету 
мақсатында оқу үдерісіне және қорытынды бақылауға бӛлінеді.
   
Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктері  (білімі,  іскерлігі,  дағдылары 
мен құзыреті) 100 балдық  шкала бойынша  және тӛрт балдық жүйе бойынша 
сандық  эквивалентке  сәйкес  әріптік  жүйемен  бағаланады  (оң  бағалар  А-дан 
D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F). 
Пән  бойынша  қорытынды  баға  ағымдағы  үлгерім  және  қорытынды 
бақылау  бағасына  кіреді  (емтихан  бағасы).  Ағымдағы  үлгерім  бағасының 
үлесі 60 пайыздан кем құраса қорытынды баға дәрежесі студенттің оқу пәні 


бағдарламасын  меңгергендігі.  Қорытынды бақылау  бағасы  аталған  оқу  пәні 
бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды. 
Оң  қорытынды  баға  тиісті  пән  бойынша  белгіленген  кредит  санымен 
игерілген  кредиттерді  толықтыруға  негіз  болады  және  білім  алушының  
транскриптіне жазылады. 
Білім 
алушылар 
қорытынды 
бақылаудан 
(емтиханнан) 
«қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алған  жағдайда  пән  бойынша  қорытынды 
баға  есептелмейді.  Қорытынды  бақылауда  қанағаттанарлық  бағаны  кӛтеру 
мақсатында  осы    аралық  аттестаттау    кезеңінде    қайта  тапсыруға  рұқсат 
етілмейді.  Оң  бағаны  алу  үшін  білім  алушылар  келесі  академиялық 
кезеңдердің бірінде немесе жазғы семестрде   ақылы түрде сол  пән бойынша 
оқу  жұмыс  жоспарында  қарастырылған  барлық  сабақ  түрлеріне  қайта 
қатысып,  рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. 
Қалкеева  Қ.Р.  пікірінше  оқытудың  кредиттік  технологиясындағы 
оқыту  күрделі  педагогикалық  үрдіс  және  оны  ұйымдастыруда 
әдіснамалық  тұғырларды,  теорияларды  және  идеяларды    және  ӛзіндік 
алгоритмді басшылыққы алу кӛзделген. 
Әдіснама  деген  ұғым  -  ғылыми-танымдык  іс-әрекеттерді  құрудың 
ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім. 
Оқытушы  оқыту  процесін  жүзеге  асыру  барысында  ғылыми  ізденістің  
бағытына  сай  екі  бағытты  ұстануы  қажет.  Бірінші  -  іргелес  ғылымдар 
саласының мүмкіншіліктері, негізгі керекті тұжырымдар талданып алынады.
 
Оқыту  процесі  әдіснамасы  философиялық  диалектикаға  негізделгендіктен 
тӛмендегі әдіснамалық тұғырларға сүйенеді: 
 
Кесте 8. Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары 
 

 
Орта әcepiн ескеру; 

 
Гуманитарлық – мәдениеттанушылық  

 
Жүйелілік; 

 
Аксиологиялық; 

 
Жобалау;  

 
Праксиологиялық; 

 
Жаһандық ; 

 
Жеке тұлғалық - әрекеттік; 

 
Деонтологиялық; 

 
Рефлексивтік; 

 
Ресурстық; 

 
Диалогиялық тұғыр; 

 
Жеке тулғалық – бағдарлық; 

 
Инновациялық тұғыр; 

 
Нормативалық; 

 
Компетенттік  немесе құзіреттілік; 

 
Стандарттық; 

 
Квалитологиялық тұғыр; 
 
Жоғарыдағы аталған тұғырлардың кейбіріне тоқтала кетейік.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет