Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет41/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika

7.3 Қашықтықтан оқыту технологиясы 
Қашықтан  оқыту  технологиясы   –  оқу  үрдісі  кезінде  оқып 
үйренушілер  мен  оқытушылар  арасында  интерактивті  ӛзара  іс-әрекетте 
оқытылып,  материалдың  негізгі  кӛлемін   оқып  үйренушілерге  жеткізуді  
қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге 
оқу  үрдісі  барысындағы  оқып  үйренушілердің  ӛз  бетімен  жұмыс  істеуіне 
мүмкіндік беретін ақпараттық технология.  
Қашықтан  оқыту  –  компьютерлік  және  телекоммуникациялық 
технологияларға  негізделген  оқытудың  құралдары  мен  түрлері,  білім  беру 


үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әд істер қолданылатын, күндізгі 
және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. 
Қашықтан  оқыту  кезіндегі  білім  беру  үрдісінің  негізін  жеке  кесте 
бойынша ӛзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы 
құралдары  жиынтығы  ӛзінде  бола  отырып,  электронды  және  қарапайым 
пошта,  телефон  арқылы  оқытушылармен  келісілген  байланыс  жасауына, 
сонымен  қатар,  күндізгі  бӛлімде  де  мүмкіндігі  болатын,  оқып  үйренушінің 
мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды ӛзіндік жұмысы құрайды. 
Қашықтан  оқыту  білім  жүйесі  жоқшылыққа,  географиялық  немесе  уақытша 
оқшаулануға  қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі 
жетілмеуіне  байланысты  білім  мекемелеріне  бару  мүмкіндігі  жоқ  немесе 
ӛндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін 
шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді. 
Қашықтан  білім  беру   –  жаңа  ақпараттық  технологиялар  мен 
мультимедиялық  жүйелер  негізінде  күндізгі,  күндізгі-сырттай,  кешкі  және 
сырттай  оқытудың  элементтері  үйлестірілген  ерекше,  жетілген  түрі. 
Қазіргі  замандағы  телекоммуникациялық  және   электронды  басылымдар 
дәстүрлі  оқыту  түрінің  барлық  құндылықтарын  сақтай  отырып, 
кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. 
Қашықтан  оқытудың  ерекшеліктері  классикалықпен  қатар  салыстыру 
бойынша мынандай жетістіктерге ие: 
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі; 
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, кӛлемі және қимылы бойынша); 
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі; 
- Оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту; 
-  Экономикалық  (оқу  алаңы,  транспорты,  техникалық  құралдардың 
шығынын қысқарту есебінен); 
- Жаңа технологияларды қолдану; 
-  Оқып  үйренушілердің   әлеуметтік  құқығының  теңдігі  (олардың 
тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан); 
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі; 
-  Материалдарды  кӛбейту  мәселелерінің  жоқтығы,  оларды  тарату 
ыңғайлылығы; 
- Оқып  үйренушілердің ӛз-ӛзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету. 
Ақпараттық  технологиялармен  оқытудың  айрықша  тиімділігі, 
қашықтықтан  оқыту  үрдісін  автоматтандыру  үшін,  барлық  қажетті 
компоненттерді  шоғырландырушы  қашықтан  оқытудың  арнайы  ақпараттық 
жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады. 
Кез-келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары:
 
-  Құрылымының  ашықтығы.  Жүйе  ашық  жүйе  үрдісіне  сәйкес 
құрылуы тиіс. 
-  Сәйкестілігі.  Ақпараттық  ресурстарды  сақтау  форматы  сәйкес  келуі 
тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек. 
-  Кеңейгіштігі.  Жүйенің  құрылымы  модульді  болуы  керек  және 
жүйенің функционалды компоненттерін ӛсіруге мүмкіндік беру. 


- Жан-жақтылығы. Жүйе кӛп функциялы және қолданыста жан-жақты 
болуы керек. 
-  Сенімділігі.  Ақпараттар  ресурстарын  сақтау  сенімді  болуы  керек. 
Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет