Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет44/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika


Қашықтан 
оқыту 
дәрістері, дәстүрлі 
дәрісханалықтан 
айырмашылығы,  оқытушымен  бетпе-бет  қатынасуды  болғызбайды. 
Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін аудио 
және  бейне-кассеталар,  CD-ROM   дискілерді  және  т.б.  қолданады.   Жаңа 
ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын 


және  т.б.)  қолдану  дәрістерді  кӛрнекі  және  мазмұнды  түрде  береді.  Мұндай 
дәрістерді кез-келген уақытта, кез-келген қашықтықта оқуға болады. 
-  Қашықтан  оқыту  семинарлары   оқу  сабақтарының  белсенді  түрі 
болып  табылады.  Қашықтан  оқыту  семинарлары  бейнеконференциялардың 
кӛмегімен  жүргізіледі.  Олар   пікірталасқа   оның  дамуының  кез-келген 
жерінде  кіруіне  мүмкіндік  береді  және  бұдан  бұрынғы  айтылған  сӛздерді 
оқып,   бірнеше  қадам  артқа  қайта  оралады.  Оқытушы  материалдың 
меңгерілуін  пікірталасқа  қатысушының  белсенділік  дәрежесі  бойынша 
бағалай  алады.  Студенттердің  арасында  ӛзара  іс-әрекет  ету  саны  артады,  ал 
оқытушы тең құқылы әріптес ретінде кӛрінеді.  
-  Қашықтан  оқыту  кеңестері пәнді  ӛз  бетімен  оқып  үйренуде  білім 
алушыларға  жетекшілік  жұмысын  жасау  және  оларға  кӛмек  кӛрсету 
түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен 
бірге телеконференциялар қолданылады. 
Қашықтан оқытудағы зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік 
меңгерілуі  үшін  беріледі.  Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  зертханалық 
жұмыстар  мынаны  талап  етеді:  арнаулы  жабдықтарды,  макеттер, 
имитаторлар (бірдемені мүмкіндігінше дәл қайталайтын аспап), тренажерлар, 
химиялық  реактивтер  және  т.б.  қашықтан  оқыту  жүйесінің  келешекте 
мультимедиялық технологиялар, имитациялық үлгілеулер және т.б.  қолдану 
есебінен  зертханалық  практикумдарды  жүргізу  міндеттерін  қысқартуға 
маңызды  мүмкіндігі  болады.  Білім  алушыларға  қарапайым  жағдайда 
кӛрсетуге  ӛте  күрделі  немесе  мүлде  мүмкін  емес  құбылыстарды  виртуалды 
шындық кӛрсететін мүмкіндігі бар. 
Қашықтан оқытудағы бақылау – бұл білім алушының оқу материалын 
теориялық  және  практикалық  меңгеруі  нәтижелерін  тексеру.  Қашықтан 
оқыту  ӛзін  дәлелдете  білді  және  тестік  бақылаудың  лайықтылығын 
құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, 
олардың  әрбіреуіне  бірнеше  жауаптар  нұсқасы  ұсынылады.  Студент  осы 
нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек. 
 
Тапсырмалар: 
1.  Жоғары  мектептегі  оқыту  үрдісін  ұйымдастырудың  бір  білім  беру 
технологиясына сипаттама беріңіз. 
2.  Кредиттік  оқыту  технологиясын  енгізудің  отандық  және  шетелдік 
(бұрыңғы  ТМД  елдері)  проблемаларын  және  оларды  шешу  жолдарын 
талдаңыз. 
3.  Қашықтықтан  оқыту  технологиясының  артықшылықтары  мен 
кемшіліктерін сараптаңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет