Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


 Педагогикалық шеберлік мәні мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет47/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika

8.2 Педагогикалық шеберлік мәні мен құрылымы 
Педагогикалық  еңбек  шебері  –  ол  педагогика  және  психология, ӛзінің 
кәсіби  саласында  жоғары  құзыретті,  ӛз  кәсіби  білімін,  іскерліктері  мен 
дағдыларын  жоғары  дәрежеде  репродукциялай  алатын  (қайта  жаңғырта 
алатын)  маман.  Педагогикалық  іс-әрекеттің    маңызды  қорытынды  нәтижесі 
тұлғаның, оның қабілеттерінің, білімдері мен дағдыларының дамуы.  
Педагогтың  кәсіпқойлығының  деңгейі  оның  құзыреттілігіне,  кәсіби-
педагогикалық  ойлауы  дамуының  дәрежесіне  тәуелді.  Педагогикалық 
шығармашылық  кәсіби-педагогикалық  құзыреттілікке  негізделген  жағдайда 
тиімді  болады.  Объективті  жаңа  оқыту  технологияларын  жасап  қолданып 
жатқан  педагогтар  аз  болғанымен,  белгілі  әдістер  мен  әдістемелерді  сәтті 
үйлестіріп  ӛткізілген  кез-келген  сабақ,  шығармашылықтың  нәтижесі  болып 
табылады.  Белгілі  элементтерден  жаңа  жүйені  жасаудың  ӛзі  - 
шығармашылық  кӛрінісі  болып  табылады.  Әрбір  сабақты  дайындау  мен 
ӛткізу  шығармашылықты  талап  етеді,  себебі  әрбір  сабақ  –  бұл  топтың 
әрдайым  түрлі  әлеуметтік-психологиялық  жағдайы  (яғни  әр  сабаққа 
студенттер  түрлі  кӛңіл-күймен,  түрлі  психологиялық  және  әлеуметтік 
жағдайлармен  келеді),  түрлі  даралықтар  мен  сәйкесінше,  сабақты  ӛткізудің 
түрлі  үлгілері,  оқытудың  түрлі  әдістері  (яғни  топ  түрлі  студенттерден 
құралғандықтан  сабақтың  тәсілдері,  үлгілері  әрдайым  ӛзгеріп  жаңарып 
отыруы қажет). 
Ю.К.  Бабанский  оқыту  әдістерін  таңдауда  6  негізгі  ӛлшемдерді 
ескеруді  ұсынады:  оқытудың  заңдылықтары  мен  қағидалары;  оқытудың 
мақсаттары  мен  міндеттері;  пәннің  мазмұны;  студенттердің  оқу 
мүмкіндіктері;  сыртқы  жағдайлардың  ерекшеліктері;  оқытушының  ӛз 
мүмкіндіктері. 
Дидактика оқытушыларға тӛрт сұраққа жауап беруге кӛмектеседі: кімді 
оқыту?  не  үшін  оқыту?  нені  оқыту?  қалай  оқыту?    Бұл  сұрақтар, сӛзсіз  ӛте 
маңызды,  күрделі  және  оларға  нақты  бірбеткей  жауап  беру  қиынға  соғады. 
Олардың  ішінде  ең  күрделі  сұрақ  «Қалай  оқыту?».  Себебі,  оқыту  үрдісінің  
икемді  мен  қозғалмалы  болуының,  оқытудың  негізгі  құрамдас  элементтері 
болып  табылатын  оқытушы  мен  білім  алушының  қайталанбастығы  мен 
даралығының  салдарынан  оқыту  үрдісін  табысты  және  нәтижелі 
ұйымдастырудың  дайын  үлгісін  ұсыну  мүмкін  емес.  Мұғалімдер 
тәжірибелерінде  әртүрлі  студенттер  аудиториясында  бірдей  оқыту  әдістері 
мен технологиялары түрлі әсер және нәтиже береді. 
Бірақ, дидактика оқытудың мәні мен ерекшеліктерін, оқыту нәтижелігі 
мен  табыстылығын  негіздейтін  жалпы  оқыту  заңдылықтары  мен 
қағидаларын,  оқытудың  әдіс-тәсіледері  мен  құралдарын,  технологияларын 
жасап ұсынады. 
Тәжірибе  кӛрсеткендей,  жоғары  оқу  орындарының  оқытушылары  ӛз 
педагогикалық  қызметі  үшін  дидактиканың  қажеттілігін  әрдайым  сезіне 
бермейді.    Ол  туралы  ХІХ  ғасырда  былай  делінген:  «Тәрбиелеу  ӛнерінің,  - 
деп  жазды  К.Д.Ушинский,  -  бір  ерекшелігі  бар,  барлығы  оны  таныс  және 
оңай  іс  деп  қабылдайды...  ол  үшін  тӛзім,  тума  қабілеттер  мен  дағдылар 


жеткілікті  деп  есептейді,  бірақ  оны  табысты  жүзеге  асыру  үшін  арнайы 
білімдер қажеттігін ұмытады».  
Жоғары  мектеп  оқытушысы  үшін  осындай  білімдер  –  дидактикалық 
білімдер  болып  табылады.  Бұл  білімдер  оқытушыға оқыту үрдісінің  барысы 
мен  нәтижелерін  негіздейтін  байланыстарды  талдауға,  соның  негізінде 
оқытудың  заңдылықтарын  анықтауға,  оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілдерін, 
ұйымдастырушылық түрлері мен құралдарын таңдауға кӛмектеседі.  
Дидактика  бойынша  білімдерді  меңгеру  және  оларды  тәжірибеде 
шығармашылық  тұрғыда  қолдану,  жоғары  мектеп  оқытушысының 
педагогикалық шеберлігінің дамуын бағыттайды.  
Оқытушы қызметіндегі дидактика рӛліне қатысты тарихи қалыптасқан 
түрлі  ойлар  бар.    Біреулердің  ойынша  дидактика  оқу  үрдісін  жобалау 
бойынша  оқытушыны  нақты ұсыныстармен  қаруландыру  қажет.  Екіншілері, 
дидактика оқытушының шығармашылық дербестігін шектейді, себебі, оқыту 
тиімділігі  оқытушының  пән  бойынша  білім  тереңдігі  мен  оның 
педагогикалық  тәжірибесіне  байланысты  деп  есептейді.    Әрине,  жоғары 
мектеп  оқытушысы  болашақ  мамандарды  даярлаумен  байланысты  кӛптеген 
жағдаяттарды  шешеді.  Бірақ  педагогикалық  шығармашылықтың  мәні  неде? 
Педагогикалық  қызметте  оқу  бағдарламаларының  талаптары  мен 
шығармашылықты  қалай  үйлестіруге  болады?  Оқытушы  еңбегі  толық 
мағынасында шығармашыл болу үшін не істеу керек?  
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, бірінші кезекте шығармашылық және 
шеберлік  ұғымдарымен  байланысты  сұрақтарға  жауап  беру  керек.  Бәріне 
мәлім  болғандай,  шығармашылыққа  қабілеттілік  ол  жаңашылдығымен, 
айырықша  белгілерімен  ерекшеленетін  ӛнім  жасауға  мүмкіндік  беретін 
жалпы  және    арнайы  қабілеттер,  мотивтердің,  білімдер  мен  іскерліктердің 
жиынтығы. Шығармашылық дара еңбектің нәтижесі болып табылады. 
Мәселен,  барлық  дерлік  оқытушыларда  педагогикалық  қызметке 
жоғары  қабілеттілік  пен  мотивтер  болғанымен,  жоғары  мектепте  оқытудың 
мәні,  құрылымы,  қағидалары  мен  әдістері  туралы  білімдерсіз  барлығы 
студенттерді  оқытудың  жаңа,  ерекше,  айрықша  әдістемесін  жасай  ала  ма? 
Оны да мүмкін деп есептесек, себебі оқытушы кӛп жылғы еңбегі барысында 
педагогикалық  жұмыстың  қызықты  фактілерін  жинақтайды.  Бірақ  бұл 
фактілер  тек  фактілер  болып  қала  береді.    Кез-келген  оқытушы  осы 
фактілерді  басқаратын  заңдылықтар  мен  қағидаларды,  ережелерді  танып 
білуге тырысу қажет. 
Педагогикалық  қызметте  маңызды  бағдарлаушы  жоғары  мектептің 
басқа  оқытушыларының  тәжірибесі  деп  айтуға  болады.    Бірақ,  басқа 
оқытушылардың  педагогикалық  тәжірибесін  зерттеу,  меңгеру  және  қолдану 
педагогикалық  шығармашылықтың  қажетті,  бірақ  жеткілікті  емес  жағдайы 
болып  табылады.  Онымен  қоса,  педагогикалық  үрдіс  заңдылықтарын 
білместен,  тіпті  айрықша  болсын  тәжірибені  қарапайым  кӛшіру  теріс 
нәтижелер беруі мүмкін.   
Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық шеберлігін арттырудың 
тиімді  және  маңызды  жолы  –  ол  жоғары  мектеп  оқытушысының  ӛз 


педагогикалық  тәжірибесін  дидактикалық  тұрғыда  сараптау  және  жоғары 
мектептегі  оқыту  мәселелерінде  негізгі  бағдарлаушы  ретінде  дидактиканы 
меңгеру.  Дидактика  жалпы  тұрғыда  жоғары  мектептегі  оқыту  үрдісін 
табысты  ұйымдастыру  ерекшеліктерін  қарастырады.  Ал  жоғары  мектеп 
оқытушысы  оны  терең  сараптау  негізінде  ойластырып,  ӛз  педагогикалық 
қызметінде тиімді, шығармашылық тұрғыда қолдану керек. 
Оқытушы  жоғары  мектептегі  педагогикалық  үрдістің  негізгі  тұлғасы 
болып  табылады,  себебі  оған  кәсіби  даярлау  жүйесінде  студент  тұлғасын 
дамытуда стратегиялық рӛл тиесілі.  
Оқытушы  дәрісті,  тәжірибелік  және  семинарлық  сабақтарды,  СОӚЖ 
ӛткізеді. Жоғары мектепте мамандық бойынша оқу және әдістемелік жұмыс, 
студенттердің оқу және ӛндірістік тәжірибелерін, ӛз бетімен жұмысын және 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқару оқытушыға жүктеледі.   
Оқытушы  педагогикалық  іс-әрекетінің  негізгі  мазмұны  ӛзіне  келесі 
қызметтерді орындауды қамтиды – білім беру, тәрбиелеу, ұйымдастыру және 
зерттеу.  Олар  тұтастықта  қарастырылады,  бірақ  оқытушыларда  олардың 
біреуі басқаларынан басым түсіп отырады. Жоғары мектеп оқытушысына тән 
ерекшеліктер  -  педагогикалық  және  ғылыми  іс-әрекеттерді  үйлестіруші; 
зерттеу  жұмысы  оның  ішкі  дүниесін  байытады,  шығармашылық  әлеуетін 
дамытады, білімдерінің ғылыми деңгейін арттырады. 
Оқытушының  әрбір  сӛзі  мен  ісі,  қимылы,  киімі,  аяқ  алысы,  жүрісі, 
кӛзқарасы  психологиялық  және  ізгілік  тұрғысынан  шәкірт  жүрегінен  үлкен 
орын алады. Әрбір оқытушы үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол 
білімділікті,  ақылдылықты,  дұрыс  іскерліктер  мен  дағдыларды  қолдануды 
қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша кӛзқараспен қарастыруды 
жӛн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап ӛтуге жӛн кӛрдік: 
- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау; 
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері; 
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері; 
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты. 
Оқытушының  кәсіби  шеберлігі,  зерттеушілік  қызметі  оқытушылық 
жұмысқа  дайындық  барысында,  іс  –  тәжірибеде  және  қайта  даярлау  кезінде 
қалыптасып тәрбиеленеді. 
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, 
ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. 
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық 
дәрежесінің  деңгейін  айтады.  Кез-келген  қызметкер  біліктілігін  ұдайы 
жетілдіріп отыруы қажет. 
Әрбір  оқытушы  үздіксіз  ӛзін-ӛзі  кәсіби  дамытумен  айналысу  қажет, 
оның негізгі бағыттары: 
1.  Қызметтік  (Мақсаты,  міндеті,  жұмыс  мазмұны,  формасы,  әдістер 
және нәтижесі). 
2.  Мазмұндық  (Әдістемелік,  ғылыми-теориялық  білімді  практикада 
қолдана білуге жағдай туғызу). 


3.  Басқарушылық  (Талдау,  жоспарлау,  ұйымдастыру,  бақылау,  танып-
білу. ) 
Педагогикалық  шеберліктің  негізгі  белгілері:  кәсіптік  білім,  біліктілік, 
дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады. 
Қорыта  келгенде,  бүгінгі  талапқа  сай  жоғары  мектепте  білім  берудің 
жаңа  саласына  жету  –  оқытушының  мейірімділігімен,  білімімен, 
шеберлігімен тығыз байланысты. Ӛз мамандығына жан  –жүрегімен берілген 
оқытушы  ғана  педагогикалық  этиканы  да,  педагогикалық  техниканы  да, 
шеберлікті де жақсы меңгереді. 
Оқытушының  шығармашылық  қабілеті,  жаңашылдық  әрекеттері, 
біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік 
біліммен сәйкестенеді.  
Жаңашылдық  шығармашылық  қуат  шексіз,  әрі  үздіксіз  қозғалыста 
дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен студенттің ӛзара ықпалы, 
ӛзара  дамуда,  ынтымақтастықтан  теңгермешілікке,  дамудың  жоғарғы 
деңгейіне жетуде мәні зор. 
Материалистік  диалектика  табиғатында  үздіксіз  даму,  ғылыми  білім 
мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып кӛрсетеді.  
Педагогикалық  шеберлік  -  бұл  оқытушының  кіріктірілген  қасиеті, 
ӛйткені  ол  ӛзінін  кұрамына  ӛзара  тәуелді,  тығыз  байланысты  бірліктерді, 
яғни білім,  іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық 
шеберлік  күрделі  кұрылым  болғандыктан, онын  мәнін  ашуды,  оны  түсінуге 
деген  әртүрлі  кӛзқарас  тұрғылары  қалыптасқан.  Қазіргі  заман  сұранысына 
орай,  біз  педагогикалық  шеберліктің  негізі  инновациялык  іс-әрекет  деп 
тұжырымдаймыз.  Тек  жанашылдыққа  деген  талпыныс,  үздіксіз  ізденіс 
мұғалімді  ӛз  ісінің  биік  шыңына  жетелейді.  Осы  тұжырымды  ӛлкеміздің 
маңдай  алды  азаматтары, ӛз  ісінін  шеберлері  Қ.  Нұрғалиев, Қ.  Бітібаева,  Ж. 
Шайжунусов,  еліміздін  бір  туар  тұлғалары  Р.  Нуртазина,  А.  Ысқақов,  Е. 
Очкур  сынды  ұстаздар  қызметі  негізінде  дәлелдеуге  болады.  Олар  ӛз 
педагогикалық  іс-әрекет  шыңына  жаңашылдыққа  ұмтылыс  негізінде  жетті. 
Бірақ,  инновациялық  іс-әрекет,  кәсіптік  білім  мен  іскерліктерсіз  және 
тұлғалық  қасиеттерсіз  жүзеге  асуы  мүмкін  емес.  Әсіресе,  қазіргі  таңда 
мұғалім  шеберлікке  қол  жеткізу  үшін  ӛзін-ӛзі  басқара  алуы  керек,  бойында 
оптимизм,  лидерлік  қасиет,  тәуекелге  бел  буа  білу,  қуаттылық,  тӛзімділік 
сияқты  тұлғалық  касиеттері  болуы  тиіс.  Аталған  қасиеттер  мұғалімді 
жанашылдыққа жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады. 
Егер  педагогикалық  іс-әрекет  ғылыми  жұмыспен  бекітілмесе, 
педагогикалық  шеберлік  тез  бәсеңдейді.  Кәсіпқойлық  педагогикалық 
жағдаяттарды талдау негізінде педагогикалық міндеттерді кӛру және оларды 
құрастыру,  оларды  шешудің  тиімді  жолдарын  таба  алу  іскерліктерінде 
кӛрініс табады.   
Оқытушының  шығармашылық  даралығы  –  бұл  оның  іс-әрекетінің 
жоғары  сипаттамасы,  және  кез-келген  шығармашылық  сияқты  ол  оның 
тұлғасымен  байланысты. Оқытушы мамандығы үш  компоненттен  құралады: 
педагогикалық  іс-әрекет,  педагогикалық  қарым-қатынас,  тұлға.  Тұлға  – 


оқытушының  педагогикалық  іс-әрекеттегі  және  педагогикалық  қарым-
қатынастағы  кәсіби  ұстанымдары  мен  позициясын  анықтайтын  негізгі 
фактор.    Педагогикалық  іс-әрекет  –  ол  еңбек  технологиясы,  педагогикалық 
қарым-қатынас  –  оның  климаты  мен  атмосферасы,  ал  тұлға  –  оқытушы 
жұмысының құндылықты бағдарлары, идеалдары, ішкі мәні.  
Бүгінгі  таңда  ғылыми  білімнің  жалғыз  «ұстаушысы»  ретіндегі 
оқытушы рӛлі тӛмендеп және керісінше ғылыми ақпарат әлемінде студентке 
бағдарлануға  кӛмектесетін  сарапшы  және  кеңесші  ретіндегі  рӛлі  артып 
келеді.  
Педагогикада  келесідей  аксиома  бар:  интеллектіні  интеллект 
шыңдайды,  мінез-құлықты  мінез-құлық  тәрбиелейді,  тұлғаны  тұлға 
қалыптастырады.  Бұл  тұрғыда  оқытушының  жарқын,  қайталанбас  және 
айрықша  тұлғасы  педагогикалық  қызметте  табысқа  жетудің  маңызды 
жағдайы мен құралына айналады. 
Оқытушының  кәсіби  қалыптасуы,  бірінші  кезекте  ӛз  таңдаған 
мамандығын  меңгеруімен  анықталады,  ол  тек  білім,  іскелік,  дағдылар 
жүйесін  игерумен  шектелмейді,  ол  бүкіл  құндылықтық-мотивациялық 
саланың қайта құрылуын, кәсіби қабілеттер мен қасиеттерінің дамуын қажет 
етеді.  Олардың  барлығы  кәсіби  әрекеттің  табыстылығы  мен  нәтижелілігін 
негіздейді.   
Шеберліктің  жоғары  деңгейіне  жетуді  оқытушының  конструктивті 
және жобалаушылық қабілеттері анықтайды.  Білімнің барлық басқа түрлерін 
тиімді қолдану соларға байланысты (себебі сабақта түрлі ғылыми ақпаратты 
студенттерге жеткізіп меңгертудің стратегиясы мен тактикасын анықтайды). 
Осы  қабілеттерді  жүзеге  асырудың  психологиялық  механизмі  оқу-тәрбие 
және ғылыми үрдістерді ойша модельдеу. Қабілеттердің бұл түрі тактикалық 
мақсаттарды  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етеді:  курсты  құрылымдау, 
мазмұнды іріктеу және сабақты ӛткізудің түрін таңдау. Конструктивтік және 
жобалаушылық 
іс-әрекеттердің 
негізінде 
интеллектуалдық 
еңбекке 
қабілеттілік жатыр: 
-  үйреншікті  стандарттар  мен  шешу  жолдарынан  бас  тартып,  жаңа, 
айрықша жолдарды іздестіру; 
- болашақ нәтижелерді болжай білу; 
-  кез-келген  мәселені  шешудің  бірнеше  жолын  кӛре  білу  және  ойша 
олардың ішінен ең тиімдісін таңдай алу; 
- жаңа идеяларды тудыра алу. 
Ұйымдастырушылық  қабілеттер  жоғары  мектепте  оқыту  үрдісін 
ұйымдастыру  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  оқытушының  ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыру үшін қажет.   
Ұйымдастырушылық  қабілеттер  ӛзін  және  ӛз  уақытын,  студенттердің 
жеке, топтық, ұжымдық әрекетін ұйымдастыру іскерлігінен кӛрініс табады.   
Қарым-қатынас  оқытушы  қызметінде  ғылыми  және  педагогикалық 
қатынас құралы ғана болып қоймай, осы қызметтегі кәсіпқойлықты жетілдіру 
жағдайы  мен  оқытушы  тұлғасын  дамытудың  қайнар  кӛзі,  сонымен  бірге 


студенттерді  тәрбиелеу  құралы  болып  табылады.  Коммуникативті 
қабілеттерге жатады: 
- қарым-қатынас бойынша серіктес адамды жан-жақты және объективті 
қабылдау қабілеттілігі; 
- серіктесте ӛзіңізге деген сенімді тудыра алу қабілеттілігі; 
-  конфликтілерді  алдын-ала  болжай  алу  және  олардың  алдын-алу, 
оларды дер кезінде шешу қабілеттілігі. 
Оқытушы үшін келесі коммуникативті іскерліктер маңызды:  
1)  «бет  әлпетінен  оқу»  (―чтением  по  лицу‖),  немесе  әлеуметтік 
перцепция; 
2) студент тұлғасын, оның психикалық күйін түсіне алу; 
3) студенттермен қарым-қатынаста ӛзін жақсы ұсыну, ӛзін дұрыс ұстау; 
4) психологиялық тұрғыда ӛз сӛйлеуін дұрыс құрастыру (сӛздік немесе 
вербалдық  және  вербалды  емес,  яғни  ым,  жест  арқылы  қарым-қатынас 
іскерлігі). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет