Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Торайғыров атындағЫ


ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ: ЕГІНШІЛІК, МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ФЕРМЕРЛІК ҚОЖАЛЫҚ



бет4/8
Дата07.05.2017
өлшемі2,53 Mb.
#15936
1   2   3   4   5   6   7   8

1.3 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ: ЕГІНШІЛІК, МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ФЕРМЕРЛІК ҚОЖАЛЫҚ
1927 жылы Павлодар уезінде 24 колхоз болған (3 коммуна, 10 ауылшаруашылығы артелі, 11 әртүрлі бірлестіктер). Павлодар облысының құрылған күні болып, оның Шығыс Қазақстан облысы құрамынан бөлініп шыққан кезі- 1938 жылдың 15 қаңтары саналады. 250 мың тұрғыны бар облыс 136,5 шаршы шақырым жерді алып жатты. Облыстың құрылуына байланысты колхоздарды қалыпқа келтіріп, оларға жерді мәңгілікке пайдалануға құқық беретін мемлекеттік актілер тапсырылып, егіс алқаптарының есебі алынып, өндірістік жұмыстың жоспарлары бекітілді.

1920 жылдан 1980 жылдарға дейінгі ауыл шаруашылығының дамуын- соғысқа дейінгі, қалпына келтіру кезеңіндегі, тың көтеру және одан кейінгі жылдардағы деп негізгі төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында ауыл шаруашылығында дағдарысты жағдай қалыптасқан болатын. Құрғақшылық пен жұт қолда бар малдың тең жартысының қырылуына алып келді. Бірақ, құрамында нарықтық экономикаға тән көптеген белгілері бар ЖЭС аясында жүргізілген шаралар ауыл шаруашылығы жағдайының тез көтерілуіне әсер етті. Егіс алқаптарының көлемі арттырылып, одан алынатын өнім де көбейді. Сондай- ақ мал шаруашылығы саласы да тығырықтан шыға бастады. ЖЭС тұсындағы шаруашылықты жүргізудің көпкладты формасы мен орта шаруа қатарларының сақталып қалуы 1928 жылы мал басының санын 1913 жылғы көрсеткішпен теңестіруге мүмкіндік берді. Алайда бұдан кейінгі ауыл шаруашылығында малдарды жаппай сою мен өлім- жітімге алып келген ұжымдастыру саясаты мал басының күрт төмендеп кетуіне себеп болды. Атап айтқанда, 1928 жылдан 1940 жылға дейін ірі қара малдың басы 733,7 мыңнан 210,2 мыңға, қой мен ешкі 935,8 мыңнан 408,7 мыңға, шошқа 22,6 мыңнан 16,1 мыңға, жылқы 385,5 мыңнан 35,1 мыңға дейін азайып кеткен [63,5 іс].

Мал шаруашылығының одан әрі дамуы егін шаруашылығына қарағанда әлдеқайда баяу болды.

Соғыстың алдыңғы жылдарында егіншілік бірсыпыра жақсы дамыды. 1940 жылы облыс бойынша егіс алқабының көлемі 562,4 мың гектарға теңелсе, 1960 жылы 3473,3 мың гектарға жетіп, бұрынғыға қарағанда 3,5 есеге өсті. Дәнді дақылдар себетін алқаптың орташа көлемі 1958 жылы- 2735,2 мың гектар болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында облыстың ауылшаруашылығы өндірісінде тек егіншілік емес, сол сияқты мал шаруашылығында да айтарлықтай құлдырау байқалды. Бірақ, соғыс бітісімен- ақ, халық шаруашылығын қалпына келтіру басталды. Тұрғындардың өмір сүруінің экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында ұсақ колхоздарды ірілендіру жұмыстары басталды. Бұның өзі облыс еңбекшілерінің барлық сұранымдарын қанағаттандыру үшін қысқа мерзім аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру үшін қажет болды.(64, 24 б)

1954 жылы үкіметтің тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулысы қабылданды. Осыған орай Павлодар облысында да жаңа жерлерді игеру үшін 10 мың жас жігіттер мен қыздар келді. Осы жылы облысқа 2407 трактор, 1924 трактор соқасы, 1466 тұқым сепкіш, 990 жүк автомашинасы, 2077 комбайн және басқа да көптеген техникалар бөлінді. Осы кезде облыста 184 колхоз 29 совхоз, 3 МТС бар болатын. Облыс алдына 1954 жылы жаңадан 750 мың гектар жаңа жерді игеру міндеті жүктеліп, ол абыроймен орындалды [65,136 б].

Тек, 1954-1955 жылдары жаңадан 32 тың совхоздары ұйымдастырылды. 1954 жылы Павлодар облысында 1021 мың гектар тың және тыңайған жерлер игерілсе, 1955 жылы- 1188 мың, 1956 жылы- 408 мың гектар, осылай 1964 жылға дейін жыл сайын 200- ден 278 мың гектар шамасында жер игерілді. Жаңа, тың совхоздары мен басқа да ауылшаруашылығы құрылымдарының орталық усадьбалары асығыс түрде ұйымдастырылды. 1964 жылдың соңында облыста совхоздардың саны 116-ға артып, керісінше колхоздардың саны 32- ге дейін кеміді «1953 жылы 32 совхоз бен 191 колхоз болған). Астық өндірудің жылдық көрсеткіші 1951-1970 жылдары -951,1971-1980 жылдары-1315,1981-1990 жылдары- 1095, 1991-2000 жылдары -493 мың тоннаны құрады [66,24 б].

Тың көтерудің алғашқы 1954 жылы дәнді дақылдардың шығымдылығы облыс бойынша гектарынан 14,1 центнерді құрап, барлығы-1189, 9 мың тонна астық жиналды. Мемлекетке оның 698 мың тоннасы сатылды. Жыл қорытындысы бойынша 420,5 миллион сом кіріс алынып, совхоздар мен колхоздарды одан әрі нығайтып, мал шаруашылығы мен басқа да салаларды дамытуға жағдай жасады.

1954 жылы жаңа жерлерді табысты игергені үшін Павлодар облысы 1955 жылғы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне қатысуға жолдама алды. Осы көрмеге Павлодар облысынан 4000 адам қатысты.

Бұл жерде тың және тыңайған жерлерді еш дайындықсыз, асығыс игерудің өзіндік зардаптары болғандығын да айта кеткеніміз жөн. Атап айтқанда, әсіресе механикалық құрамы жағынан жеңіл құмдауыт қыртыстарды дұрыс жыртпаудың әсерінен үлкен аумақ жел эрозиясына ұшыраған. Осындай жел эрозиясы 4,2 миллион гектар алқапты қамтып, оның ішінде 1,2 миллион гектар егістікке зиян келтірген.

1963-1965 жылдары Павлодар облысында өте қатты құрғақшылық болды. Аңызақ жел құрғақшылықты одан сайын үдете түсуіне орай өте үлкен алқаптарда алғаш рет жел эрозиясы орын алды. Әсіресе, күшті эрозияға облыстың орталық және оңтүстік аудандарындағы механикалық құрамы жағынан жеңіл жерлер ұшырады. Қорытындылай келгенде, осының бәрі Ертістің Павлодар өңіріндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық процесіне айтарлықтай залалын тигізді. Сондықтан 1963 жылы- 130,5 миллион сом, 1965 жылы- 133 миллион сом шығынға ұшырады.

Бұл жағдай эрозияның зардаптарын жою үшін жедел шаралар қолдануды талап етті. Оған барлық еңбекшілердің күш - жігері жұмсалуға тиісті болды. Оның ішінде облыс пен республика мамандары мен ғылыми қызметкерлерінің алдына зор міндеттер қойылды. Яғни, ғалымдар мен мамандар қысқа мерзім аралығында жер қыртысын сақтау жүйесін жасап шығаруға тиісті болды. Ол үшін Шортандыда А.И. Бараев бастаған Бүкілодақтық астық шаруашылығының ғылыми зерттеу институты құрылды. Ал, біздің облысымызда болса жерқыртысын эрозиядан сақтайтын тәжірибе станциясы ашылды. Осындай толып жатқан игі шаралардың нәтижесінде облыста үлкен жер аумағында тапырақ қыртысының жел эрозиясы тоқтатылды.

1950-1960 жылдары экономиканың аграрлық секторына көптеп инвестиция тарту шаралары жүргізіліп, селоны техникамен қайта жабдықтау жұмыстары одан әрі жүргізілді. Астықтан неғұрлым көп өнім 1958 жылы-2782,2 мың тонна, 1979 жылы 2398,6, 1960 жылы 2057,9, 1959 жылы-1958,6, 1956 жылы- 1858,2 тонна жиналды. Бұл тың көтерудің өрлеу жылдары, яғни жаңа совхоздар мен колхоздарды құру жылдары болды. Облыста ең аз астық -183,1 мың тонна, 1999 жылы жиналды. Ол 1990 жылмен салыстырғанда 4,8 есе кем болатын [67,28 б].

Павлодар облысы Республикада жиналатын астықтың бір пайызынан (1999 жыл) алты пайызына дейін (1995 жыл) өндіреді. Астық өндіру әрбір адамның басына шаққанда 2002 жылы 835 килограмнан келді. Бұл дегеніміз облыстың шеттен астық сатып алмай- ақ, өзін- өзі нанмен және ұннан пісірілген түрлі өніммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі барлығын көрсетеді.

2002 жылы астық өндірудегі ауылшаруашылығы кәсіпорындарының салыстырмалы арақатынасы 47 пайызды, шаруа (фермер) қожалықтарында -53 пайызды, күнбағыс -36 және 64 пайызды, картоп- 1 және 13 пайызды, көкөніс- 3 және 30 пайызды, бау- бақша өнімі 11 және 66 пайызды құрады. Ал үй шаруашылығының үлесіне картоптың 86 пайызы, көкөністің 67 пайызы, бау -бақша өнімінің 23 пайызы, астық өнімдерінің 0,1 пайызы келді [68,93 б].

Өткен ғасырдың 60-80 жылдары жерді суландыру мен жайылымдарды құнарландыру бойынша көп жұмыс жүргізілді. Су шарушалығы құрылысы және жерді тыңайту бағытында айтарлықтай шаралардың жүзеге асырылуына байланысты колхоздар мен совхоздардың және басқа да мемлекеттік шаруашылықтардың суармалы жерлерінде жалпы өнімнің өсуіне жағдай жасады.

1985 жылы негізгі дала жұмыстары толықтай механикаландырылды- жер жырту, тұқым себу, дәнді- дақылдарды жинау, сондай- ақ, мал шаруашылығында орындалатын негізгі жұмыстар да 75-90 пайызға механикаландырылды. Дәнді дақылдардан ең көп өнім, гектарына 14,4 центнерден 1954 жылы жиналды. Көп жағдайда ауылшаруашылығы өнімдерінің орташа өнімділігі облыс бойынша алғанда түскен жауын- шашын қалдықтарына байланысты болды. 2001-2002 жылдары бірқатар құрғақшылық жылдардан соң астықтың әрбір гектарынан 10,7 және 11,8 центнерден өнім жиналды.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында еліміздің барлық экономикасындағыдай ауылшаруашылығында да жоспарлы әкімшілік жұмыстан нарықтық экономикаға өту реформасы басталды. 1991 мен 2001 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының бұрыннан қалыптасқан құрылымдары түбірімен өзгерді деп айтуға болады. Аграрлық реформаның аясында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қайтадан ұйымдастыру жүргізілді. Соның нәтижесінде шаруашылықтың жаңа ұйымдық- құқықтық түрлері пайда болды. Қазіргі кезде ауылшаруашылығы өнімдерін шығарушылар қатарына шаруашылықтың үш категориясы жатады: ауылшаруашылығы кәсіпорындары (қожалық бірлестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, әртүрлі кәсіпорындардың қосалқы шаруашылықтары және т.б), шаруа қожалықтары және тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жүйелерінде түбегейлі өзгерістер болғанда реформа жылдарында бұл шаруашылықтардың әрқайсысы өз даму жолдарынан өтті. Өнім шығару өндірісіне өз үлестерін қосты. Бүгін ауыл үшін шаруашылықты жүргізудің санқырлылығы мен барлық түрлерінің теңдігі тән.

Жер ресурстары жөніндегі комиттетің деректері бойынша облыста 2003 жылдың басында 3116 шаруа (фермер) қожалықтары, 141 қожалық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар, 11 ауыл шаруашылық кооперативтері, 35 мемлекеттік кәсіпорындар тіркелген.

Ауыл шаруашылығын жедел реформалау, ауыл тауар өндірушілерінің экономикалық жағдайларын нашарлатып жіберді. 1991-2002 жылдар аралығында ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемі шаруашылықтардың барлық түрлерінде 3 есеге дейін кеміп кетті. Мал басының барлық түрлері айтарлықтай қысқарды: ірі қара мал 2,7 есе, сиыр -2 есе, қой мен ешкі- 6,4 есе, шошқа- 44 пайыз, жылқы- 2,2 есе, құс- 3,9 есе. Сондай- ақ, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде: ет- 2,8 есеге, сүт- 36 пайызға, жұмыртқа- 2,2 есеге, жүн- 7,5 есеге, астық- 8 пайызға, картоп- 31, ал көкөніс- 24 пайызға қысқарды. Орта есеппен алғанда жыл сайын ауылшаруашылығында жұмыс істейтіндердің саны 1991 жылғы 89,5 мың адамнан 2002 жылы 15,7 мың адамға түсіп қалды [69,3 б].

2002 жылы жалпы өнім сол кездегі бағамен санағанда 27,3 миллиард теңгені құрап, 2001 жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға артты, оның ішінде егін өнімі 14,8 (121,9 пайыз), мол шаруашылығының өнімі 12,5 (102,9 пайыз) миллиард теңге болды. Жалпы республикалық құрылымда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміне Павлодар облысының қосатын үлесі 4,9 пайызды құрайды.Ауыл шаруашылығы өндірісінде алға басу егіншілікпен қатар мал шаруашылылғында да 2000 жылы байқалды. Мал басының барлық түрлері бойынша өлім- жітім азайып, саналық көрсеткіштер артты. 2001-2002 жылдары соңғы он жылдық бойынша ауылшаруашылығы дақылдарынан жақсы өнім алынып, ауылшаруашылығы дақылдарының себу алаңдары ұлғайтылып, өнім алу көбейтілді. Егіс алқаптарының құрылымында астық дақылдары мен күнбағыстың үлес салмағы артты.

Кесте 12. Шаруашылықтың барлық категориялары бойынша 1991 және 2003 жылдарғы егіс алқаптарының құрылымы (70)

1991 жыл

көкөніс пен бау- бақша картоп 0,5 пайыз

0,2 пайыз

азықтық 48,7 пайыз күнбағыс 1,0 пайыз астық 49,6 пайыз


2003 жыл

азықтық 27,1 пайыз көкөніс пен бау-бақша картоп



0,6 пайыз 1,2 пайыз

күнбағыс 8,7 пайыз астық 62,4 пайыз

Сондай-ақ, облыста 2003-2005 жылдарға арналып қабылданған аграрлық сектордың азық- түлік бағдарламасын жүзеге асыру сәтті аяқталды. Оның басты мақсаты - облыс тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен өз өндірісі есебінен қамтамасыз ету болатын . Бағдарлама бойынша агроөнеркәсіп кешенінің дамуына 3 жыл ішінде 8,1 миллиард теңге игеріліп, оның ішінде 2005 жылы бөлінген қаржының 94,7 пайызы немесе 2,6 миллиард теңге игерлді. Аграрлық секторда 16651 жұмысшы орны құрылды, оның 6575-і тұрақты.(67,128 б)

Облыстың мал шаруашылығының көрсеткіші де жоғарыда сөз болған егіншілік сияқты талай рет өсіп және кеміп отырды. Ірі қара малдың неғұрлым толық саны облыста 1989 жылы тіркелген 770,2 мың бас, қой мен ешкі, 1975 жылы 1678,2 мың бас- шошқа, 1991 жылы 145,8 мың бас, жылқы 1994 жылы -125,2 мың бас, құс 1992 жылы 3945 мың бас. Облыста мал басының негізгі түрлері 2003 жылдың басында 2001 жылдың осы мерзімі мен салыстырғанда: ірі қара мал 22,3 мың басқа немесе 8,6 пайызға; сиыр 7,7 мыңға немесе 6,7 пайызға; қой мен ешкі 25,9 мыңға немесе 12,8 пайызға; шошқа 25,7 мыңға немесе 45,6 пайызға; құс 127,2 мың басқа немесе 14,8 пайызға; жылқы 2,2 мың басқа немесе 4,4 пайызға артқан [71,107 б].

Сондай- ақ, үй шаруашылықтарында ірі қара мал басы 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы 5,8 пайызға, шошқа 12,9 пайызға, қой мен ешкі 5,3 пайызға, жылқы 2,6 пайызға, құс 19,2 пайызға артқан. Тұрғындардың қораларындағы жеке мал басының да өсу тенденциясы байқалады. Бұған дәлел 2003 жылдың басында тұрғындардың үй шаруашылықтарында ірі қара малдың 78,4 пайызы, сиырдың 82 пайызы, шошқаның 61,5 пайызы, қой мен ешкінің 73,8 пайызы, жылқының 70,5 пайызы, құстың 43,6 пайызы ұсталған. Сөйтіп, 1991 мен 2002 жылдардың аралығында үй шаруашылықтарының, облыстың ауылшаруашылығы өндірісінде салыстырмалы салмағы: ет 29,4- тен 84,1 пайызға дейін, сүт 44,4- тен 84,8, жұмыртқа 28,8- ден 34,8, жүн 22,6-дан 82,9, картоп 70,3-тен 86, көкөніс 49,9- дан 67,2 пайызға дейін өсті [72,97 б].

Сан жағынан ірі қара малдың ең көп саны Павлодар ауданында шоғырланған 35,2 мың бас (облыстық көрсеткіштің 12,5 пайызы); шошқа- Ақсу қаласында 20,2 мың бас (24,7 пайыз), қой мен ешкі -Баянауыл ауданында 48,4 мың бас (21,2 пайыз), құс -Ақсу қаласында 523,7 мың (53,1 пайыз), жылқы Баянауыл ауданында 10,3 мың бас (20,4 пайыз). Малдың неғұрлым көп саны (шартты басы) Ақсу қаласында 39,8 мың шартты бас, немесе облыстағы барлық мал басының 11,9 пайызы, Баянауыл ауданында 35,9 мың (10,7 пайыз), Павлодар ауданында 35,6 мың шартты бас шоғырланған [73]. Бұл соңғы жылдары ауылшаруашылығы малдарының барлық дерлік сапалық көрсеткіштерінің жақсарғанның белгісі болып табылады.

Сондай- ақ, ауылдың әлеуметтік- экономикалық қайта түлеуінде шаруа (фермер) қожалықтарының өзіндік орын алатындығы белгілі, облыста соңғы 15 жыл ішінде олардың саны 114-тен 3116 бірлікке көбейген .

Кесте 12. 1998-2003 жылдардағы шаруа қожалықтарының саны (74)







1998

1999

2000

2001

2002

2003

Облыс бойынша

2581

3179

3247

3050

2954

3116

Ақтоғай ауданы

156

200

174

128

100

97

Баянауыл ауданы

128

280

275

252

267

275

Железенка ауданы

85

161

204

245

264

316

Ертіс ауданы

333

398

376

289

295

378

Қашыр ауданы

322

241

239

186

145

172

Лебяжі ауданы

130

243

240

222

226

231

Май ауданы

40

63

87

91

75

60

Павлодар ауданы

708

831

839

842

809

937

Успенка ауданы

73

93

113

106

95

108

Шарбақты ауданы

76

77

87

109

117

118

Павлодар қаласы

3

4

4

4

9

9

Ақсу қаласы

340

360

363

370

361

282

Екібастұз қаласы

187

228

246

206

191

133

Шаруа қожалықтарының өнім үлесі жалпы облыс көлемінде жыл өткен сайын өсе түсуде. Мысалы, 2002 жылы астық өндіру 53,1 пайызды, күнбағыс 64,1, картоп 12,6, көкөніс- 30,7, ет- 8,2, сүт- 7,3, жүн- 11,9, жұмыртқа- 0,4 пайызды құрады.

Ал енді, ауыл шаруашылығының соңғы жылдардағы даму жағдайына тоқталар болсақ, онда 2006 жылдың қаңтар -наурызында тұтас облыс бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі ағымдағы бағада 3783,6 миллион теңгені құрады, бұл 2005 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға көп.

Облыста 2006 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, өткен жылмен салыстырғанда малдың барлық түрінің саны өсті. Ірі қара мал саны облыс бойынша орташа алғанда 3,7 пайызға өсіп, 402 мың басқа жетті. Мал басының өсімі барлық қалалар мен аудандарда байқалды. Қой мен ешкінің саны 435,6 мыңға жетті немесе 14 пайызға көп, жылқы саны 63,3 мың немесе 8 пайызға өсті, құс 1028,6 мың немесе 15 пайызға көп, шошқа саны 118,6 мың немесе 8 пайызға өсті.

Ірі қара мал санының басым бөлігі Павлодар ауданында шоғырланған 49 мың бас (облыстық көрсеткіштің 12 пайызы); шошқа- Павлодар қаласында 25,3 мың бас (21 пайыз), қой мен ешкі Баянауыл ауданында 84,2 мың бас (19 пайыз), құс -Ақсу қаласында 484,1 мың (47 пайыз), жылқы -Баянауыл ауданында 10,2 мың бас (16 пайыз).

2006 жылдың қантар- наурызында облыста 80,6 мың бұзау немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің 104 пайызы, 111,3 мың қозы мен лақ (111 пайыз) және 47,9 мың торай (99 пайыз) алынды

Өткен кезеңде союға арналған мал мен құстың өндірісі (тірі салмақта) 12,7 мың тоннаны құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 103 пайызы, сүт 52,9 мың тонна (102 пайыз) жұмыртқа 24,5 миллион дана (132 пайыз). Сонымен қатар үй шаруашылықтарында ет және сүт өндірісі өсті, ауылшаруашылық кәсіпорындарында өнімнің барлық түрлерінің өндірісі өсті, шаруа қожалықтарында жұмыртқа өндірісі азайды.

Өнім өндірісінің жалпы көлемінде ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының үлесі артып келеді, бірақ ет (75 пайыз) пен сүттің (83 пайызы) басым бөлігі үй шаруашылықтарында өндіріледі.

2006 жылдың қантар - наурызында облыс бойынша бір сиырдан алынған орташа сүттің мөлшері 384 литрді құрады, бір тауықтан 36 жұмыртқа алынды.(75)

2. АЙМАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫ САНЫНЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫ МЕН ЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРАМЫ
Қазіргі Павлодар облысының территориясынан ежелгі адам тұрақтарының ізі, яғни орнының табылуының өзі бұл территорияның ертеден қонысталғандығын байқауға болады. Облыс территориясын негізінен жергілікті тұрғындар- қазақтар мекендейді. ХVІІІ ғасырдан бастап орыстардың Ертіс өзені жағалауларының далалық бөлігіне басып енуіне байланысты жергілікті емес тұрғындардың саны күрт өсті. Тұрғындар санының тез көбеюіне сондай- ақ, Ресейдің орталық губерниялары мен Поволжье, Украинадан жері жоқ шаруалардың қоныс аударуы да әсер етті. Сонымен Павлодар уезі тұрғындарының саны 1883 жылы 113567 адамды, 1901 жылы 162495 адамды құрады. Бұл дегеніңіз Павлодар уезі тұрғындарының саны осы 8 жылдың ішінде келімсектердің есебінен 1,4 есеге артты деген сөз. Тұрғын қазақтардың саны 1883 жылы Павлодар уезі тұрғындарының 106646 адамын немесе 93,9 пайызын, 1901 жылы 146637 адамын немесе 90,2 пайызын құрады. 1896-1914 жылдары Оралдың ар жағынан Солтүстік Қазақстанның жеріне қоныс аударған орыс шаруаларының жалпы саны 1118700 адам немесе 27,2 пайыз болды. Алайда, ХХ ғасырдың басында тұрғындар санының осындай жылдамдықпен өсуі 1-ші дүние жүзілік соғыстың, төңкерістер мен азамат соғысының басталып кетуіне байланысты бәсеңсіп қалды [76,1-14 б].

1917 жылғы саяси және тарихи оқиғалардан соң тұрғындар саны бір жағынан қазақтардың отырықшылыққа көшуіне байланысты, екінші жағынан орыс қоныс аударушыларының жаңа лектерінің келуіне байланысты көбейді. Соның нәтижесінде 1926-1927 жылдары уезд тұрғындарының саны 294361 адамға жетсе, ал 1929 жылы Павлодар округінде 354830 адам, оның ішінде 332830 адам ауылдық жерлерде тұрды. Олардың жартысынан астамы (59,1 пайызы) қазақтар болды. Біздер бұл тақырыпшада Павлодар облысы халқы санының өсу динамикасы мен этникалық және әлеуметтік құрамының Қазақстанның басқа аймақтарына қарағандағы өзіндік ерекшеліктерін нақты деректер арқылы ашып көрсетуге тырыстық. Өйткені мұнда да сонау 18 ғасырдан бастап күні бүгінге дейі 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері жергілікті тұрғындармен қатар өсіп, өніп өмір сүріп жатыр. Әсіресе орыс ұлтының қарасы қалың. Оның басты себебі 18 ғасырдан бастап орыстардың Ертіс өзені жағалауларының далалық бөлігіне басып енуіне байланысты жергілікті емес тұрғындардың саны күрт өсті. Тұрғындар санының тез көбеюіне сондай-ақ Ресейдің орталық губерниялары мен мен Поволжье, Украинадан жері жоқ шаруалардың қоныс аударуы да әсер етті. Соның нәтижесінде жергілікті тұрғындар саны 1901 жылғы 93,9 пайыздан 1929 жылы 59,1 пайызға төмендеп кетті.(50,22 б)

1930 жылдардағы Голощекин геноциді тұсында тұрғындардың 50 пайызға жуығы мерт болды. Олардың бір бөлігі облыстан тыс жерлерге кетті. Соғыс қарсаңындағы жылдары Ертіс өңіріне немістер мен поляктардың жер аударуларына қарамастан тұрғындардың саны 1939 жылғы санақ тұсында 29,1 пайызға азайып, 1929 жылмен салыстырғанда 251257 адамды құрады. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жылдар) табиғи өсім азайды. Оның үстіне әскерге шақырушылардың есебінен облыс тұрғындарының саны қысқарды. Соғыстың алғашқы жылдарында бұған қарама-қарсы көріністер де, яғни елдің батыс ауданы тұрғындарын және солтүстік Кавказ, Қырым, Поволжье халықтарын да депортациялау нәтижесінде үлкен механикалық өсу байқалды.

Соғыстан кейінгі кездерде депортацияланған халықтың өз отандарына қайтуларына байланысты тұрғындардың кему процесі жүрді. Облыс тұрғындарының туу мен табиғи өсу процесі өте төмен болды. Он жылдың ішінде (1941-1950) тұрғындар саны онша көбеймеді. Одан кейінгі он жылда (1951-1960) тұрғындар саны жоғары табиғи өсім есебінен және елдің басқа аудандарынан тың көтеру мен жаңа өнеркәсіп құрылыстарына келушілердің есебінен жылдам көбейді. Содан 1992 жылға дейін облыс халқы табиғи және механикалық өсу есебінен көбейіп, халық саны 956,0 мың адамы құрады. 1993 жылдың басынан халық санының азаю тенденциясы байқалады. Оның бір себебі халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігінде болды. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс халықтың басқа елдерге қоныс аударуына алып келді. 2001 жылдың басында Павлодар облысында 776,8 мың адам тұрды. 1992-2001 жылдары облыс халқы 189,2 мың адамға немесе 18,7 пайызға азайды.

Қазақстанның еуропалық этникалық топтары өкілдерінің тарихи отандарына қайтуларына байланысты халықтың этникалық құрамына біраз өзгерістер енді. 1990-1992 жылдары халық санының азаюына республикадан тыс жерлерге қоныс аударушылар, әсіресе қалалық жерлерден әсер етті. Бірақ соңғы жылдары бұл үрдістің, яғни миграцияның баяулағаны байқалады, өйткені 2001 жылы миграциялық сальдо 14,6 мың адамды құрады. Бұл 1997 жылға қарағанда 28,8 пайызға аз және 2000 жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға кем. 1997 жыл мен 2000 жыл аралығында облыстан 120,7 мың адам (халықаралық және облысаралық миграция) қоныс аударды. Олардың 57,9 пайызы ТМД елдеріне кетті. Осы жылдары облысқа 30,3 мың адам келді. Оның 39,3 пайызы ТМД елдерінен.(60,139 б)

Жоғарыда айтқанымыздай, Павлодар облысының территориясында 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өмір сүреді. Алайда жергілікті халық қазақтар болып табылады. Қазақтардың үлес салмағы 1939 жылы 40,3 пайыз болса, 1959 жылы 25,6 пайыз, 1989 жылы 26,7 пайызды құрады. Ал халықтың жалпы санына байланысты орыстардың көрсеткіші 1939 жылы 34,4 пайыз, 1979 жылы 45,9 пайыз болса, осыған сәйкес украиндықтар 1939 жылы – 18, 1989 жылы – 10,3 пайызды, немістер 1939 жылы – 2,6, 1983 жылы – 10 пайызды құрады.

1930 жылдардағы Голощекин геноциді тұсында тұрғындардың 50 пайызға жуыға мерт болды. Олардың бір бөлігі облыстан тыс жерлерге кетті. Соғыс қарсаңындағы жылдары Ертіс өңіріне немістер мен поляктардың жер аударуларына қарамастан тұрғындардың саны 1939 жылғы сонақ тұсында 29,1 пайызға азайып, 1929 жылмен салыстырғанда 251257 адамды құрады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) табиғи өсім азайды. Оның үстіне әскерге шақырылушылардың есебінен облыс тұрғындарының саны қысқарды. Соғыстың алғашқы жылдарында бұған қарама- қарсы көріністер де, яғни елдің батыс ауданы тұрғындарын және солтүстік Кавказ, Қырым Поволжья халықтарын да депортациялау нәтижесінде үлкен механикалық өсу байқалды. 1941 жылдың соңында 15 мың адам орналастырылды. Ал Павлодар облысынан майданға 46 мың адам шақырылып, оның 21817-сі қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен.

Соғыстан кейінгі кезеңде депортацияланған халықтың өз отандарына қайтуларына байланысты тұрғындардың кему процесі жүреді. Облыс тұрғындарының туу мен табиғи өсу дәрежесі өте төмен болды. Он жылдық ішінде (1941-1950) тұрғындар саны онша көбеймеді. Одан кейінгі он жылда (1951-1960) тұрғындар саны жоғары табиғи өсім есебінен және елдің басқа аудандарынан тың көтеру мен жаңа өнеркәсіп құрылыстарға келушілердің есебінен жылдам көбейді.
Кесте 13.Павлодар уезi, Павлодар округы және Павлодар облысы

халқының әр жылдардағы салыстармалы саны (77)




жылдар

Барлық халық (мың адам)

Соның iшiнде

Халықтардың iшiндегi (пайыздық) есебi

қалалық (мың адам)

ауылдық (мың адам)

қалалық

ауылдық

1983

113,567

есеп жоқ

есеп жоқ

есеп жоқ

есеп жоқ

1901

162,495

есеп жоқ

есеп жоқ

есеп жоқ

есеп жоқ

1926

294,361

есеп жоқ

есеп жоқ

есеп жоқ

есеп жоқ

1929

354,88

22

332,93

6,2

93,8

1939

251,257

33,809

217.448

13,46

86,54

1940

224,5

37,1

187.4

16,5

89,5

1950

309,6

56,2

253.4

18,2

81,8

1959

455,013

131,547

323.466

28,9

71,1

1960

491,2

137

354.2

27,9

72,1

1970

697,947

339,224

358.224

48,67

51,33

1979

807,224

457,15

350074

56,63

43,37

1980

815,9

469,3

346.6

57,5

42,5

1990

951,2

616

335.2

64,8

35,2

1991

955,9

625,3

331.6

63,3

34,7

1992

956

619,7

336.3

64,8

35,2

1993

951,7

608,2

344.5

63,8

36,2

1994

941,9

569,2

372.6

60,4

39,6

1995

912

555,7

356.6

60,9

39,1

1996

885,3

546,5

338.8

61,7

38,3

1997

865,8

540,4

325.4

62,4

37,6

1998

937,8

526,5

311.3

62,8

37,2

1999

807,4

511,9

295.5

63.4

36,6

2000

792,4

502,7

289.7

63.4

36,6

2001

776,8

494,5

282,3

63,7

36,3

1959 жылы облыс тұрғындарының саны 455013 адамға жетіп, оның 71 пайызы ауылдық жерлерде тұрды. Облыстың экономикалық дамуының нәтижесінде оның тұрғындарының құрамы арасында айтарлықтай өзгерістер болды. Ең бастысы 1950-1980 жылдары жалпы саны 3,3 есеге артты. Сондықтан көрсеткіштің бұл түрі бойынша республикадағы 19 облыс арасынан Павлодар облысы 13- шіден 8-ші орынға көтерілді. 1980 жылы халықтың 5- пайызын қала тұрғындары құрады. Тың совхоздар мен құрылыстарға және жаңа кәсіпорындарға басқа одақтас республикалардан көптеген, басқа ұлт жұмысшыларының келуіне байланысты жергілікті халықтың саны азайып, 1959 жылы 25,6 пайызды- ақ құрады. Бірақ, бұл көрсеткіш одан кейінгі жылдары біршама жақсарды. Мамандар саны да көбейіп 5 есеге дейін өсті. Тіпті, 1965-1985 жылдары олардың саны тағы да 4 есеге артты. Оны мына төмендегі кестеден айқын байқауға болады:

Кест 14. 1965-1985 жж мамандар саны өсуі (78)


Жылдар

Жалпы саны (мың адам)

Облыстар арасындағы орны

1965

24,2

8

1970

38,6

7

1975

56,3

6

1980

76,2

6

1985

100,1

4-5

1987

108,9

4

Жоғарыда 1959 жылы облыс тұрғындарының саны 455013 адамға жетіп, оның 71 пайызы ауылдық жерлерде тұрды дедік. Бірақ, арада 20 жыл өткен соң, яғни 1979 жылы ауыл мен қаланың арақатынасы соңғылардың пайдасына шешіліп, 43,4 және 56,6 пайызды құрады. Қала халқының 83 пайыздан астамы облыстың- Павлодар, Екібастұз, Ақсу сияқты ірі қалаларында тұрды.

1992 жылға дейін облыс халқы табиғи және механикалық өсу есебінен көбейіп, халық саны 956,0 мың адамды құрады. 1993 жылдың басынан халық санының азаю тенденциясы байқалады. Оның бір себебі халықтың өмір сұру денгейінің төмендігінде болды. Әлеуметтік- экономикалық дағдарыс халықтың басқа елдерге қоныс аударуына алып келді. 2001 жылдың басында Павлодар облысында 776,8 мың адам тұрды. 1992-2001 жылдары облыс халқы 179,2 мың адамға немесе 18,7 пайызға азайды.(66, 35 б)

Жалпы алғанда халықтың сандық және сапалық сипаты қоғамды қайта құру үрдістерінде маңызды рөлге ие. 1999 жылғы халық санағының көрсеткіштері бойынша Павлодар облысында тұратын 808,4 мың адамды тіркеген. Оның ішінде 512,1 мың адам қалалық, 296,3 мың адам ауылдық жерлерде тұрады. Халықтың жалпы саны екі санақ аралығында (1989 жылдан 1999 жылға дейін) 133,9 мың адамға немесе 14,2 пайызға азайған. 10 жыл ішінде қала халқы 93,1 мың адамға немесе 15,4 пайызға кеміген. Жалпы облыс бойынша қала халқының үлесі 1989 жылмен салыстырғанда 64 пайыздан 63,4 пайызға дейін төмендеген.

Сондай- ақ, екі санақ арасында (1989-1999 жылдар) Павлодар облысының территориясында тұратын жекелеген ұлттар халқының санына айтарлықтай өзгерістер енген. Санақ қазақтардың 43,3 мың адамға өскенін байқатты (негізінен табиғи өсім есебінен). Бұның өзі олардың өз үлесін 28,5 пайыздан 38,7 пайызға арттыруға мүмкіндік берді (1999 жылғы халық санағының есебі бойынша 1999 жылдың басындағы көрсеткіш).

Санақ нәтижесінде жергілікті ұлт тұрғындардың көп бөлігі- Баянауыл, Ертіс, Ақтоғай, Лебяжі және Май аудандары мен Павлодар, Екібастұз қала арында тұратындары белгілі болды. Бұл бес аудан мен екі қаланы 236 мың (немесе 75,6 пайыз) қазақ мекендейді екен.(67б24 б)

Осымен қатар халық арасындағы жоғары эмиграция мен табиғи өсімінің шектелуіне байланысты орыстардың (45,4 пайыздан 41,9 пайызға), украиндықтардың (9,2 пайыздан 7,7 пайызға), немістердің (10,1 пайыздан 5,4 пайызға), сондай- ақ, басқа ұлт өкілдерінің (3,4 пайыздан 3,1 пайызға) өзіндік үлесі қысқарды.
Кесте 14.1999 жылғы республикалық санақтан соң жекелеген ұлт тұрғындарының арасындағы өзгерістер (79)




Сан халық адам

Өсу шапшаңды

ғы, пайыз



Салыстырмалы салмағы

1999 жылдың 25 ақпаны (халық санағы

ның мәлiмет бойынша


1 қантарға



2000 жыл 1999 жылмен салыстырғанда

2001 жыл 1999 жылмен салыстыр ғанда

1999 жылдың 25 ақпанына (халық санағы

ның мәлiметi бойынша


1 қаңтарға




2000

2001

2000

2001

Барлық халық

806983

792404

776846

98,2

98

100

100

100

оның iшiнде: қазақ

311862


313956


315698


100,7


100,5


38,7


39,6


40,6


Орыс

337924

329028

319302

97,4

97

41,9

41,5

41,1

Украйын

62585

60536

58342

96,7

96,4

7,7

7,6

7,5

Белорус

8781

8387

8017

95,5

95,6

1,1

1,1

1

Татар

17064

16679

16329

97,7

97,9

2,1

2,1

2,1

Немiс

43835

39324

35452

89,7

90,1

5,4

5

4,6

Басқалар

24932

24494

23706

98,2

96,8

3,1

3,1

3,1

Қазақстанның европалық этникалық топтары өкілдерінің тарихи отандарына қайтуларына байланысты халықтың этникалық құрамына біраз өзгерістер енді. 1990-1998 жылдары халық санының азаюына республикадан тыс жерлерге қоныс аударушылар, әсіресе қалалық жерлерден әсер етті. Бірақ, соңғы жылдары бұл үрдістің, яғни миграцияның баяулағаны байқалады. Өйткені, 2001 жылы миграциялық сальдо 14,6 мың адамды құрады. Бұл 1997 жылға қарағанда 28,8 пайызға аз және 2000 жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға кем. 1997 жыл мен 2000 жыл аралығында облыстан 120, 7 мың адам (халықаралық және облысаралық миграция) қоныс аударды. Олардың 57,9 пайызы ТМД елдеріне кетті. Осы жылдары облысқа 30,3 мың адам келді. Оның 39,3 пайызы ТМД елдерінен.

Соңғы 5 жылда көші-қон аударушылардың саны азайды. Әсіресе, республикадан тыс жерлерге. Эмигранттардың саны 1997 жылымен салыстырғанда 1,5 есе, 2000- шы жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға азайды.

Халықтың көбеюі оның табиғи өсуімен және миграциямен анықталады. 2002 жылы облыс халқының табиғи жолмен өсуі 389 адамды құрады. Бұл 1991 жылдың көрсеткішінен 25 есе төмен. Табиғи жолмен көбею көрсеткішінің төмендеуінің ең басты себебі туудың азаюынан болып отыр. 1991 жылдан 2000 жылдар аралығында облыста туылғандардың саны 2 есеге дейін кеміп кеткен. Яғни, 17 мыңнан 8,7 мыңға дейін немесе халықтың әрбір 1000 адамына шоққандағы туылғандар 17,7-ден 11,1 пайызға дейін азайған.

2000 жылы туу деңгейі 1999 жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға артып, орта есеппен 1000 адамға 11,1 туылғандардан келді. Ауылдық жерде де соңғы 10 жылда туу тенденциясы төмендеп жоғарыда келтірілген қалалықтардың көрсеткіштерімен теңесті (2000 жылғы 1000 адамға шаққандағы туылғандардың 11,1 көрсеткіші.(70,24б)

2000 жылы туудың ең жоғары деңгейі Баянаулы ауданында (14,2 пайыз) және Ақтоғай ауданында (13,3 пайыз) байқалды. Керісінше, 1999 жылмен салыстырғанда туудың неғұрлым төменгі шамасы Успенка (13,2 пайызға) және Лебяжі (12,6 пайыз) аудандарына тән болды.

Кесте 15. Халықтың көбеюінің жалпы көрсеткіші (80)





1940

1950

1960

1970

1980

1990

2000

2001

2002

Барлық туылғандар

дың саны


11395

11718

20971

16732

19197

18153

8732

8661

9113

Оның ішінде: қала халқы

1859

2599

5116

7759

10538

10823

5554

5556

5921

ауыл халқы

9536

9119

15855

8973

8659

7390

3178

3105

3192

Өлгендер саны барлығы

5424

3929

3170

3641

5923

6907

8343

8383

8219

Оның ішінде:

қала халқы



1076

967

984

1860

3460

4507

5538

5663

5586

ауыл халқы

4349

2962

2186

1781

2463

2400

2805

2720

2633

оның ішінде: 1жасқа дейін өлгендер барлығы

1906

1091

737

307

612

491

231

225

190

оның ішінде: қала халқы

352

293

225

169

300

325

153

147

126

ауыл халқы

1154

798

512

138

312

166

78

78

64

Табиғи өсім барлығы

5971

7789

17801

13091

13274

11246

389

278

894

оның ішінде: қала халқы

784

1632

4132

5899

7078

6316

16

107

335

ауыл халқы

5187

6157

13669

7182

6196

4930

373

385

559

Неке саны барлығы:

1614

3463

7598

7413

9557

9197

4821

4749

4948

оның ішінде: қала халқы

282

933

2420

4354

5919

6165

3069

3203

3224

ауыл халқы

1132

2530

5178

3059

3638

3032

1752

1546

1724

Ажырасу барлығы

345

26

168

1119

2612

2985

2014

2285

2222

оның ішінде: қала халқы

55

16

111

1040

2347

2662

1706

1858

1845

ауыл халқы

290

10

57

79

265

323

308

432

377

2000 жылы облыс бойынша өлім- жітім 1000 тұрғынға шаққанда 10,6- дан келді. Ал қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 11,1 пайызға жоғары. Нақты дерек бойынша өлгендер саны 1995 жылғы 10 мың адаммен салыстырғанда 8,3 мың адамды құрады. Өлімнің жоғары деңгейі Павлодар қаласында 11,7 пайыз, Ақсу қаласында 12,1 пайыз, Железенка (11,1 пайыз) және Қашыр (10,96 пайыз) аудандарында байқалады.

Облыс бойынша табиғи өсім 1991 жылғы 10,2 пайызбен салыстырғанда 1000 тұрғынға 0,5- тен ғана келіп, алаңдату шылық туғызуда. Табиғи өсім тек Баянауыл (5,7 пайыз), Ақтоғай (4,4 пайыз) аудандарында жоғары болып тұр. Павлодар, Ақсу қалалары мен Ақсу және Железинка аудандарында табиғи өсімнің көрсеткіші төмен.

Халықтың жыныстық және жас шамасының мөлшері еркек пен айелдердің арақатынас бірліктері арқылы анықталады. 2002 жылдың көрсеткіші бойынша еркектер 369,9 мың болса, әйелдер 406,9 мың адам болған. Халықтың жалпы санынан алатын еркектер үлесі 1992 жылғы 48,2 пайыздан 2001 жылы 47,6 пайызға дейін кеміп кетсе, керісінше әйелдердің саны 1992 өскен. Жыл сайын жаңа туған балалардың саны жаңа туған қыздардың санынан басым болып келеді. Теп-теңдік шамамен 25 жылдан соң қалпына келіп, одан соң бұл әйелдердің пайдасына шешіліп, жастары ұлғайған соң айқын сезіле бастайды. 65 жас шамасында әйелдер еркектерге қарағанда екі еседей көп болады [70,34б].


Кесте 16. Жынысқа байланысты туған және өлген адам саны (81)


Жылдар

Тағандар саны

өлгендер саны

Қос жыныс

еркектер

әйелдер

қос жыныс

еркектер

әйелдер

1999

10706

5436

5270

3864

2059

1805

1940

11395

5802

5593

5424

2764

2660

1950

11718

6088

5630

3929

2010

1919

1960

20971

10873

10158

3170

1778

1392

1970

16732

8583

8149

3641

2162

1479

1980

18830

9511

9319

5792

3297

2495

1990

18069

9169

8900

6900

3696

3204

2000

8732

4383

4349

8343

4756

3587

2001

8661

4487

4174

8989

4773

3610

2002

9113

4603

4510

8279

4657

3562

1998 пен 2000 жылдар аралығында балалар мен жас өспірімдердің үлесі жалпы халықтың санына шаққанда 27,6 пайыздан 26,1 пайызға азайып кетті. Керісінше, зейнеткер жасындағы адамдардың үлесі 11,8 ден 12,5 пайызға өсті. Еңбекке жарамды адамдардың үлесі 61,4 пайызды құрайды. Бұлардың еркектерінің орташа жас мөлшері 30,3 жас, ал әйелдерінікі 33,8 жас.

Павлодар облысының территориясында 100- ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өмір сүреді. Алайда, жергілікті халық қазақтар болып табылады. Қазақтардың үлес салмағы 1939 жылы 40,3 пайыз болса, 1959 жылы 25,6 пайыз, 1979 жылы 26,7 пайызды құрады. Ал халықтың жалпы санына байланысты орыстардың көрсеткіші 1939 жылы 34,4 пайыз, 1979 жылы 45,9 пайыз болса, осыған сәйкес украиндықтар 1939 жылы 18, 1979 жылы 10,3 пайызды, немістер 1939 жылы -2,6, 1979 жылы -10 пайызды құрады [82,21 б].

Халықтың ұлттық құрамы жағынан облыс жерінде орналасуы әртүрлі. Қазақтар облыс территориясының барлық жерінде тұрады. Бірақ көпшілігі оңтүстігі мал шаруашылығымен айналысатын Май, Лебяжі, Баянауыл аудандарында шоғырланғандықтан қазақтардың 47,4 тен 74,6 пайызын құрайды. Ал орыстар мен украиндықтар жер шаруашылығы дамыған Ертіс, Железинка, Қашыр, Павлодар, Шарбақты аудандарында шоғырланған. Немістер мен поляктар облыстың шығыс аймағындағы селолық және қалалық жерлерде тұрады. Татарлар, корейлер және т.б ұлттардың өкілдері ауылдық және қалалық мекендерде тұрады. Ұлтаралық қатынастар ретінде орыс тілі қолданылады. Мемлекеттік тіл- қазақ тілі.

Халықтар облыс территориясы бойынша біркелкі орналаспаған. Бұл табиғат жағдайының айырмашылығымен, орналасу ерекшелігімен және оның кейбір бөліктерін шаруашылыққа игерумен байланысты. Халықтың орташа тығыздығы 1 шақырым2 жерге 6,2 адамнан келеді. Ертістің алқабы мен Павлодар қаласының шет жақтарында 1 шаршы шақырым жерге 10-нан 17 адамға дейін келсе, ал облыстың оңтүстік батысында бұл көрсеткіш 1 шарша шақырым жерге 0,6-0,8 адамға төмендейді.

1980 жылға дейін облыста ауыл халқының саны басым болды. Ал 2000 жылы керісінше, Павлодар облысының қалаларында тұратын халықтың саны 63,7 пайызды құрады. Ауылдық елді мекендер өзінің көлемі жағынан онша көлемді емес. Төңкеріске дейінгі ең алғашқы отырықшы елді мекендер, Ертіс өзенін жағалай орналасқан казактардың станциялары мен поселкелері еді. Олар адамдардың көптілігімен және ағаштан, кірпіштен салынған сыртқы бейнелерінің әсемдігімен ерекшеленді.(66, 45 б)

Осылай патшалы Ресейдің отарлау саясатының нәтижесінде қазақ жерлерінде ХІХ ғасырдың соңғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған қара шекпенді қоныс аударушылардың поселкелері қазақтарды құнарлы жерлерден ығыстыра бастаған. Ал, кеңес өкіметі кезінде Қазақстанның барлық аймақтарындағыдай Павлодар облысында да жаңа колхоз поселкелері, совхоздың қарамағындағы поселкелер (бөлімше мен фермалар), машина- трактор станциялары, теміржол станцияларының құрылыстары салынды. Бұлар бұрынғы объектілерге қарағанда өндірістік қолдану маңыздылығы мен тұрмыстық қолайлығы жағынан әлдеқайда озық үлгіде болатын.

Облыста ірі теміржол құрылысының салынуына және өнеркәсіптің дамуына байланысты жаңа жұмысшы поселкелері өсіп шықты. Осыған орай қала халқының саны едәуір ұлғайып, 1980 жылдан бастап алдыңға қатарға шықты. Павлодар облысының құрамында қазіргі кезде үш қала- Павлодар, Екібастұз, Ақсу; 166 округ, 8 поселке, 516 ауыл бар.(66,127 б)

Халық санының өсуіне немесе азаюына олардың арасында түрлі жағдайларға байланысты болып жататын миграция қатты әсер етеді. Яғни, адамдардың тұратын жерін ауыстыруына байланысты аймақ шекарасынан әрі өтуі. Мысалы, 1991 жылы Павлодар облысына 23689 адам көшіп келсе, 2000 жылы олардың саны 4955 адамды құрап, 4,7 есе төмендеп кеткен. Күні кешеге дейін жылма- жыл (өтпелі нарық кезеңінде) облыстан көп азаматтар кеткен. Егерде, 1991 жыл көрсеткіші бойынша облыстан кеткендер мен келгендердің мөлшері нормаға сәйкес болса, 1992 жылдан бастап керісінше үрдіс алған. Сөйтіп, 2000 жылы олардың саны 15943 -ке жетті.

Павлодар облысына қоныс аударған мигранттардың 60 пайыздан астамы республикамыздың басқа аудандарынан келгендер. 2000 жылы ТМД елдерінен келгендердің саны 1853 адам немесе облысқа барлық қоныс аударғандардың 37 пайызын құрады. Ал, керісінше Павлодар облысынан дүние жүзінің басқа елдеріне 26,2 пайыз, республиканың басқа аудандарына 3,4 пайыз бұрынғы жерлестеріміз қоныс аударды.(72,54 б)

Еңбек ресурстары (халықтың экономикалық белсенді және белсенді емес бөлігінің қосындысы)- еңбекке жарамды адамдар (16 жастан пенсия жасына дейінгілер), жұмыс істемейтін 1 және 2 топтағы мүгедектер мен зейнеткерлерді есептемегенде.

2000 жылы облыстың еңбек ресурстары 476,2 мың адамды құраған. Экономикалық белсенді халықтың үлесі 87 пайыз. Сөйтіп, 2000 жылы экономикаға 357,3 мың адам тартылып, жұмысыздардың саны 57 мың адамға немесе 13,8 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш қала бойынша 280,8 мың одан болып облыс көрсеткішінің 67,8 пайызын құраған. Ауылдық жерлердегі жұмыссыздық 135,5 мың адам немесе 32,2 пайыз.

Экономикалық жұмыстың түрлері бойынша жалдамалы жұмысшылардың саны: өнеркәсіпте 40,86 пайыз; ауыл шаруашылығында – 3,36 пайыз; құрылыста 2,77 пайыз; көлік пен байланыста 10,5 пайыз; білімде 18,34 пайыз; денсаулық пен әлеуметтік қызметте 8,93 пайыз; жұмыстың басқа түрлерінде -14,4 пайыз; барлығы 146,610 адам (шаруа қожалықтарының есебінсіз).

Бұл негізінен 2000 жылдың көрсеткіші болса, ол жаңа деректер бойынша 2006 жылдың қаңтар- ақпан айларында облыстың ірі жұмыс орта кәсіпорындарында жалдамалы жұмыс істейтіндер саны 153 мың адамды құрап, оның 97,5 пайызы ақылы жұмыспен қамтылған.

Сондай - ақ, 2006 жылдың наурыз айында өкілетті органдарға жұмыспен қамту мәселелері бойынша (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің мәліметтері бойынша) 1893 адам өтініш берген. Бұл дегеніміз осы жылдың өткен айымен салыстырғанда 999 адамге кем. Оның ішінде ауыл тұрғындары 933 адам, немесе 554 адамға аз.

2005 жылдың наурыз айында 729 адам жұмысқа орналасқан. Бұл өтініш бергендердің 38,5 пайызы. Бұл жұмысқа орналасқандардың 326- сы ауыл адамдары. Осы орайда өткен жылдың наурыз айының соңында жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарға өтініш берген ұйымдардың жұмыскерлерге деген сұранысы 1715 адамды құраған. Бұл 2006 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 224 адамға көп. Яғни, бір бос орынға 6 жұмыссыз адамнан келеді деген сөз.(70,29 б)

2006 жылдың наурыз айының соңында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздардың саны 10843 адамға жеткен, бұл 2006 жылдың ақпанымен салыстырғанда 128 адамға көп көрсеткіш. Сөйтіп, осы уақыт аралығында экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 2,7 пайыз шегінде қалыптасып отыр.

2006 жылдың ақпанында облыстың ірі және орта кәсіпорындар шеңбері бойынша бір жұмыскердің орташа атаулы жалақысы 34111 теңгені құраған. Сөйтіп, 2005 жылдың ақпан айымен салыстырғанда оның өсімі 21,4 пайызды құрап, нақты жалақы көлемі 13,6 пайызға артқан, Бұл орайда оның деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан 4,5 есеге артқан (7559 теңге). Сондай- ақ, бекітілген ең төменгі жалақы мөлшері де (9200 теңге) 3,7 есеге көбейген. Осылай аумақтық бөлікте ең көп жалақы Ақсу (37673 теңге) және Павлодар қалаларында «35636 теңге) тұрақталған [83,87 б].

Қорытындылай келгенде, Павлодар облысы халқының саны 2006 жылдың 1 наурызындағы көрсеткіш бойынша 743,2 мың адам болған.

2006 жылдың қаңтар- ақпан айларында туған балалар саны 2005 жылдық сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға азайып, ол қайтыс болған адамдар саны былтыр 1,6 мың болса, биылғы жылы 9 пайызға азайып, 1,5 адамды құраған. Осының нәтижесінде облыс бойынша халықтың табиғи өсімі 131 адамға жеткен (қалаларда 114 адам, ауылдарда 17 адам).

Облыстағы қалыптасқан некелік- отбасылық жағдай некенің 3,3 пайызға өсуімен және ажырасу санының 3,5 пайызға азаюымен сипатталады. 2006 жылдың қантар- ақпан айларында барлығы 656 неке қию және 327 ажырасу фактысы тіркелді.

2006 жылдың қаңтар -ақпан айларында облыстан республикадан тыс аймақтарға 269 адам қоныс аударса оның 210-ы ТМД елдеріне 59-ы ТМД -дан тыс елдерге (2005 жылдық қантар- ақпан айларында 613 адам қоныс аударған, оның ішінде ТМД елдеріне 300 ТМД- дан тыс елдерге 313 адам) көшкен.

2006 жылдың қаңтар- ақпан айларында ТМД елдерінен келгендердің саны 1,8 есеге артып, 475 адамды құраған. ТМД- дан тыс елдерден қоныс аударғандар саны 4,1 есеге артып, 303 адамға жеткен [84, 14 б].

Біздер бұл тақырыпшада Павлодар облысы халқы санының өсу динамикасы мен этникалық және әлеуметтік құрамының Қазақстанның басқа аймақтарына қарағандағы өзіндік ерекшеліктерін нақты деректер арқылы ашып көрсетуге тырыстық. Өйткені мұнда да сонау 18 ғасырдан бастап күні бүгінге дейі 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері жергілікті тұрғындармен қатар өсіп, өніп өмір сүріп жатыр. Әсіресе орыс ұлтының қарасы қалың. Оның басты себебі 18 ғасырдан бастап орыстардың Ертіс өзені жағалауларының далалық бөлігіне басып енуіне байланысты жергілікті емес тұрғындардың саны күрт өсті. Тұрғындар санының тез көбеюіне сондай-ақ Ресейдің орталық губерниялары мен Поволжье, Украинадан жері жоқ шаруалардың қоныс аударуы да әсер етті. Соның нәтижесінде жергілікті тұрғындар саны 1901 жылғы 93,9 пайыздан 1929 жылы 59,1 пайызға төмендеп кетті.

Голощекин геноциді тұсында анықтау бойынша тұрғындардың 50 пайызға жуығы мерт болды. Олардың бір бөлігі облыстан тыс жерлерге кетті. Соғыс қарсаңындағы жылдары Ертіс өңіріне немістер мен поляктардың жер аударуларына қарамастан тұрғындардың саны 1939 жылғы санақ тұсында 29,1 пайызға азайып, 1929 жылмен салыстырғанда 251257 адамды құрады. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жылдар) табиғи өсім азайды. Оның үстіне әскерге шақырушылардың есебінен облыс тұрғындарының саны қысқарды. Соғыстың алғашқы жылдарында бұған қарама-қарсы көріністер де, яғни елдің батыс ауданы тұрғындарын және солтүстік Кавказ, Қырым, Поволжье халықтарын да депортациялау нәтижесінде үлкен механикалық өсу байқалды.

Соғыстан кейінгі кездерде депортацияланған халықтың өз отандарына қайтуларына байланысты тұрғындардың кему процессі жүрді. Облыс тұрғындарының туу мен табиғи өсу процесі өте төмен болды. Он жылдың ішінде (1941-1950) тұрғындар саны онша көбеймеді. Одан кейінгі он жылда (1951-1960) тұрғындар саны жоғары табиғи өсім есебінен және елдің басқа аудандарынан тың көтеру мен жаңа өнеркәсіп құрылыстарына келушілердің есебінен жылдам көбейді. Содан 1992 жылға дейін облыс халқы табиғи және механикалық өсу есебінен көбейіп, халық саны 956,0 мың адамы құрады. 1993 жылдың басынан халық санының азаю тенденциясы байқалады. Оның бір себебі халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігінде болды. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс халықтың басқа елдерге қоныс аударуына алып келді. 2001 жылдың басында Павлодар облысында 776,8 мың адам тұрды. 1992-2001 жылдары облыс халқы 189,2 мың адамға немесе 18,7 пайызға азайды.

Қазақстанның еуропалық этникалық топтары өкілдерінің тарихи отандарына қайтуларына байланысты халықтың этникалық құрамына біраз өзгерістер енді. 1990-1992 жылдары халық санының азаюына республикадан тыс жерлерге қоныс аударушылар, әсіресе қалалық жерлерден әсер етті. Бірақ соңғы жылдары бұл үрдістің, яғни миграцияның баяулағаны байқалады, өйткені 2001 жылы миграциялық сальдо 14,6 мың адамды құрады. Бұл 1997 жылға қарағанда 28,8 пайызға аз және 2000 жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға кем. 1997 жыл мен 2000 жыл аралығында облыстан 120,7 мың адам (халықаралық және облысаралық миграция) қоныс аударды. Олардың 57,9 пайызы ТМД елдеріне кетті. Осы жылдары облысқа 30,3 мың адам келді. Оның 39,3 пайызы ТМД елдерінен.(59,56-62 б)

Жоғарыда айтқанымыздай, Павлодар облысының территориясында 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өмір сүреді. Алайда жергілікті халық қазақтар болып табылады. Қазақтардың үлес салмағы 1939 жылы 40,3 пайыз болса, 1959 жылы 25,6 пайыз, 1989 жылы 26,7 пайызды құрады. Ал халықтың жалпы санына байланысты орыстардың көрсеткіші 1939 жылы 34,4 пайыз, 1979 жылы 45,9 пайыз болса, осыған сәйкес украиндықтар 1939 жылы – 18, 1989 жылы – 10,3 пайызды, немістер 1939 жылы – 2,6, 1983 жылы – 10 пайызды құрады.(71,023 б)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет