Ескерту: Латын тілінде етістіктермен есімдіктер қолданылмайды. I
жіктеудегі 1-ші жақ жекеше түрдегі етістіктің –о- жалғауы түбірдің соңғы а
дауысты дыбысымен бір болып кетеді.
II жіктеу: miscere – араластыру
Жақ Singularis Pluralis
1 misce-o мен араластыра мын misce -mus біз араластырамыз
2 misce -s сен араластырасың misce -tis сендер араластырасыңдар
3 misce -t ол араластырады misce -nt олар араластырады
III жіктеу: dividere – бөлу
Жақ Singularis Pluralis
1 divid-o мен бөлемін divid-i-mus біз бөлеміз
2 divid-i-s сен бөлесің divid-i-tis сендер бөлесіңдер
3 divid-i-t ол бөледі divid- u -nt олар бөледі
Ескерту: III жіктеу етістіктерінің жекеше түр 2-3 жақ етістіктерінде
жəне 1-2 жақ көпше түрлерінде түбір мен жалғаудың ортасына –i, ал 3- жақ
көпше түрде –u – дауысты дыбысы қойылады.
IV жіктеу: audire – тыңдау
Жақ Singularis Pluralis
1 audi-o мен тыңдаймын audi -mus біз тыңдаймыз
2 audi -s сен тыңдайсың audi -tis сендер тыңдайсыңдар
3 audi -t ол тыңдайды audi –u-nt олар тыңдайды
Ескерту: көпше түр 3-ші жақтың IV жіктеу етістіктерінде түбір мен
жалғау арасына–u – дауысты дыбысы қойылады.
Praesens indicativi passivi
I жіктеу: signare – белгілеу
Жақ singularis Pluralis
1 sign-or мені белгіледі signa -mur бізді белгіледі
2 signa -ris сені белгіледі signa –mini сендерді белгіледі
3 signa –tis оны белгіледі signa -ntur оларды белгіледі
II жіктеу: videre – көру
Жақ Singularis Pluralis
1 vide-o мені көреді vide -mur бізді көреді
2 vide -ris сені көреді misce -mini сендерді көреді
3 vide –tis оны көреді misce -ntur оларды көреді
III жіктеу: dividere – бөлу
Жақ singularis Pluralis
1 divid-o мені бөледі divid-i-mus бізді бөледі
2 divid-i-s сені бөледі divid-i-tis сендерді бөледі
3 divid-i-t оны бөледі divid- u -nt оларды бөледі
IV жіктеу: audire – тыңдау
Жақ Singularis Pluralis
1 audi-o мені тыңдайды audi -mur бізді тыңдайды
2 audi -ris сені тыңдайды audi -mini сендерді тыңдайды
Praesens indicativi active et passivi- тің жалғаулары
Жақ Activum Passivum
singularis 123-o (-m)
-s
-t
-or (-r)
-ris
-tur
Pluralis 1
2
3
-mus
-tis
-nt
-mur
-mini
-ntur
Бұйрық рай (Imperativus)
Латын тілінде бұйрық рай 2-ші жақтың жекеше түрінде ғана
қолданылады. I, II и IV жіктеуге қатысты етістіктердің жекеше түріндегі
бұйрық райлы тұлғалары олардың (етістіктердің) түбірлерімен сəйкес келеді,
ал көпше түрінде түбіріне–te жалғауы жалғанады.
жіктеу Инфинитив бұйрық рай
singularis Pluralis
I Filtrare сүзу Filtra сүз Filtra - te сүзіңдер
II Miscere Misce Misce – te
IV Audire audi audi – te
III жіктеу етістіктерінде жекеше түрдегі бұйрық рай сөздің түбіріне –е
жалғауы жалғануы арқылы, ал көпше түріндегі етістіктердің түбіріне –te
қосымшасы байланыстырушы (дəнекер) -і дауысты арқылы жалғанады.
Жіктеу Инфинитив Бұйрық рай
Singularis Pluralis
III Solvere еріту Solv -e – еріт Solv - i -te – ерітіңдер
III Docere оқыту Doc - e - оқыт Doc-i-te - оқытыңдар
Латын етістігінің негізгі тұлғалары мен түбірлері:
1. Осы шақтың 1-жақ жекеше түрдегі тұлғасы (praesens indicativiactivi). Бұл тұлға инфект (аяқталған іс-əрекетті білдіруші) түбіріне –о жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: lauda+o→ laudo мен мақтаймын, doceo – мен оқытамын, mittо мен жіберемін, capio- мен аламын, audio- мен тыңдаймын.
2. Өткен шақтың 1-ші жақ жекеше түрдегі тұлғасы (perfectum indicativi activi). Бұл тұлға барлық уақытта –і-ге аяқталады. Мысалы: laudavi мен мақтадым, docui – мен оқыттым, misi мен жібердім, cepi - мен алдым, audivi- мен тыңдадым. Осы тұлғадан –і жалғауын алып тастасақ, перфект түбірі (негізі) шығады (laudav-,docu –, mis-, cep -, audiv-). Перфект
жүйесіндегі барлық шақтық тұлғалар осы түбірден жасалады.
3. Супин (supinum) – қимылдың, іс-əрекеттің мақсатын білдіруші етістіктен жасалған есім тұлға. Мысалы_______: venio auditum мен тыңдау үшін келемін деген сөйлемде venio – келемін – қимыл етістік, ал сол қимылдың мақсаты auditum – тыңдау үшін деген супинум тұлғасы арқылы беріліп отыр.
4. Осы шақтың тұйық райлы тұлғасы (infinitivus praesentis activi). Бұл тұлға инфект түбіріне –re жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:
laudare, docere, mittere, cepere , audiere.
praesens indicativi
activi
perfectum indicativi
activi
supinum Infinitivus
Ausculto мен тыңдаймын
Auscultavi мен тыңдадым
Auscultatum тыңдау үшін
Auscultare тыңдау
Misceo мен араластырамын
Miscui мен араластырдым
Mixtum араластыру үшін
Miscere араластыру
Iungo мен қосамын Iunxi мен қостым Iunctum қосу үшін Iungere қосу
Diluo мен толықтырамын
Dilui мен толықтырдым
Dilutum толықтыру үшін
Diluereя толықтыру
Recipio мен беремін Recipi мен алдым Receptum алу үшін Recipere алу
Audio мен тыңдаймын
Audivi мен тыңдадым, есіттім
Auditum тыңдау үшін
Audire тыңдау, есту
Етістіктердің инфинитиві барлық жіктеуде –re-ге аяқталады. I, II, IV жіктеулерде бұл жалғау түбірге жалғанады, ал III жіктеуде түбірге –е – қосымшасы арқылы жалғанады. Сөздікте етістіктердің негізгі формасы қысқартылып жазылады жəне оң жағында рим цифрімен етістіктің жіктеуі жазылады.
Ausculto, avi, atum, ere I diluo, lui, lutum, ere III
Misceo, scui, xtum, ere II recipio, cepi, ceptum, ere III
Iungo, nxi, nctum, ere III audio, ivi, itum, ire IV
Латын тіліндегі esse болу етістігінің дербестігінен гөрі көмекшілік қызметі басым. Негізінен күрделі баяндауыштың етістік бөлшегі ретінде қолданылады.
Esse етістігінің осы шақтағы жіктік тұлғасы бірде es, бірде s болып ауыстып отыратын түбірге жіктік жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Es түбіріне жіктік жалғауы тікелей жалғанса, s түбіріне жіктік жалғаулары байланыстырушы u дауысты арқылы жалғанады.
Латын тіліндегі Esse болу етістігінің осы шақта жіктелуін неміс тіліндегі sein болу, ағылшын тіліндегі to be болу, француз тіліндегі etre болу етістіктерінің жіктелуімен салыстыруға болады.
Жақ Латынша Немісше Ағылшынша Французша
Sing. 1.
2.
3.
sum
es
est
ich bin
du bist
er ist
am
are
he is
je suis
tu es
il est
Plur.
1.
2.
3.
sumus
estis
sunt
wir sind
ihr seid
sie sind
we are
you are
they are
nous sommes
vous etes
ils sont