Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет172/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік
!16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, .., .., Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, рефрат 11 дене шын Ілесбек Сымбат ППМ-811, ИАП-сессия, ИАП-сессия, psihol-ped pr bagd
Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Пластика (-plastica) – ағзалар мен дене бөліктерінің қызметін немесе пішінін трансплантация арқылы орнына келтіру үшін қолданылатын оташылық əдістердің жалпы атауы.

Жазылуы мен айтылуы жақын, бірақ мағынасы əр түрлі ТЭ ажырата білген жөн:

a. -tomia – анатомиялық құрылымдарды кесу, тілу, анатомиялық қуыстарды ашумен сипатталатын оташылық операция. «Оташылық, ашу-кесу» дене қуыстарын, қуысты мүшелерге қатысы бар түсінік (мысалы: гастротомия - асқазан қуысын ашу);

b. -ectomia –алып тастау (толық не жартылай), ұлпалар мен ағзаны кесіп алып тастау, ал егер hemi- қосымшасы болса, ол жартылай алып тастау дегенді білдіреді (мысалы: гемигепатэктомия – бауырдың жартысын оташылық операциямен алып тастау); «эктомия» «ұлпаны, ағзаны алып тастау» мағынасында жеке термин болып та қолданылады;

c. -stomia – хирургиялық жолмен тесік жасау. Мұндай тесік –stŏma –«стома», «свищ», «анастомоз» деп аталады. Бұл терминде синоним болып қолданылғанмен, айырмашылықтары бар - Свищ (қаяу, өзек) (қолдан жасалған) (fistŭla artificiālis) - хирургиялық жолмен жасалған анастомоз бен стомдардың жалпы атауы.

d. Анастомоз – екі түтікше ағзалардың қолдан жасалған ұштасуы, мысалы: ішектің əр түрлі бөліктерінің. Стома, хирургиялық жолмен пайда болған белгілі бір табиғи дене қуысымен сыртқы ортаны ұластырып тұратын өзек.

2. –stomia ТЭ аяқталатын үш ТЭ терминдердің түбірлі ТЭ реті əр түрлі болып келе береді: : nephropyelostomia – pyelonephrostomia.

3. Үш (төрт) ТЭ тұратын “-stomia” ТЭ бар терминдер, екі-үш анатомиялық құрылымдардың ұштасуын білдіреді, мысалы: duodeno/jejuno/stomia – он екі ішек пен ащы ішектің арасындағы оташылық жолмен жасалған анастомоз;

4. –stomia ТЭ «ауыз қуысы» деген мағынаны да білдіреді, мысалы: xerostomia – ауыз қуысының кеуіп кетуі.

5. -clasia ТЭ бұзылу, сыну, қирау сияқты хирургиялық манипуляцияны да (краниоклазия), дене мүшесінің өз бетімен сынуын да айтады (trichoclasia).

6. –pexia жəне –dĕsis ТЭ мағынасы бірдей айтуға болады – «ағзаны бекемдеу». Бірақ, –pexia төмен қарай түскен мүшені, ал –dĕsis – қимылды тоқтату үшін бекемдеуді білдіреді.

Терминоэлементтер тізімі

Түбірлі терминоэлементтер:

Грек ТЭ терминоэлементтер мағынасы

amnio(n)- қағанақ (амниоскопия)

blephar(o)- қабақ (блефаропластика)

colp(o)- қынап (кольпоскопия)

fibr(o)- (лат.) дəнекер ұлпа (фиброскопия)

kerat(o)- Көздің қасаң қабығы (кератотомия)

myo(s)- бұлшық ет (миотомия, миозит)

oment(o)- шарбы, іш май (оментогепатопексия)

onych(o)- тырнақ (онихолизис)

patell(o)- (лат.) тізе (пателлэктомия)

phren(o)- диафрагма (көк ет) (френэктомия)

pneum(on)- өкпе (пневмолиз)

pneum(at)- ауа, газ (пневматурия)

splen(o)- талақ (спленэктомия)

stom(at)- ауыз, ауыз қуысы (стоматоскопия)

ten(o)- сірің, тарамыс (теномиотомия)

trich(o)- шаш, қыл (трихопатия)

xer(o)- сухой (ксеростомия)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Мағынасы

-centēsis тесу (лапароцентез)

-clasia бұзу (краниоклазия)

-dĕsis Хирургиялық операция: ағзаны бекемдеу (артродез)

-ectomia Хирургиялық операция: ұлпаны немесе ағзаны кесіп кесіп алып тастау (нефроуретерэктомия)

-lўsis хирургиялық операция – тұтасып бітуді, жікті, тыртықты алып тастау (флеболиз);

еру, іріп-шіру, тарқау (остеолиз)

-pexia Хирургиялық операция: ағзаны бекемдеу (кольпопексия)

-plastĭca пластикалық оташылық операция (тимпанопластика)

-rrhaphia Хирургиялық тігу (вазорафия)

-rrhēxis жарылу (ангиорексис)

-stŏma тесік, анастомоз (гастростома)

-stomia Хирургиялық операция – тесік пайда болуы: анастомоза

(гастростомия) ауыз, ауыз қуысы

-tomia Хирургиялық операция: кесу, ағзаны ашу (лапаротомия)

-tripsia езу, жаншу, майдалау (ангиотрипсия)

Префикстер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

hemi- жарты

par(а)- 1.жақын, жанында

2. қалыпты жағдайдан таю (бір нəрсеге ұқсау, бірақ, айырмашылығы болу)

supra- (лат.) үстінде, жоғары

1. Терминдерді құрылысына қарай зерттеп, мағынасын түсіндіріңдер: hepatotomia, colporrhēxis, tracheostōma, amnioscopia, pneumaturia, nephrostomia, neurectomia, palatoplastĭca, hepatocholecystoenterostomia, tenolўsis, patellectomia, apneumia, tenomyotomia, oesophagectomia, myotomia, arthrotenodĕsis, osteoclasia, onychorrhēxis, cholecystorrhaphia, tenodĕsis, blepharoplastĭca, patellodĕsis, angiotripsia, ablepharia, heminephrectomia, hemilaryngectomia, omentohepatopexia, enteroproctostomia, salpingolўsis, hepatoomentophrenopexia, onychia, spondylodĕsis, laparocentēsis, neurotripsia, salpingostomia,

arthrolўsis, tenorrhaphia

2. Жалпы соңғы терминоэлементтемен термин құрап, мағынасын түсіндіріңдер:

1. –plastĭca (colo-, rhino-, teno-, arthro-, osteo-, cysto-, gastro-, kerato-, cranio-, procto-, thoraco-, tracheo-, blepharo-, cystocolo-, gastrojejuno-)

2. –tomia (myo-, veno-, colo-, teno-, adeno-, amnio-, arthro-, neuro-, nephro-, osteo-, pyelo-, phlebo-, cysto-, kerato-, colpo-, laparo-, pneumo-, entero-, hystero-, cholecysto-)

3. –ectomia (my-, phleb-, col-, arthr-, mast-, gastr-, pleur-, pneumon-, splen-, hyster-, salping-, sialaden-, hemi/hepat-, cholecyst-, hemi/nephr-, proctocol-,pleuropneumon-)

4. –stomia (gastroentero-, colo-, nephro-, pyelo-, xero-, cysto-, gastro-, macro-, procto-, oesophago-, salpingo-, nephropyelo-, cholecystocolo-, gastroduodeno-)

5. –lўsis (osteo-, teno-, myo-, angio-, arthro-, neuro-, phlebo-, pneumo-, salpingo-myoteno-)

6. –pexia (colo-, nephro-, gastro-, hepato-, colpo-, pneumo-, procto-, spleno-, hystero-, cholecysto-, omentohepato-)

7. –rrhaphia (teno-, neuro-, nephro-, hepato-, colpo-, spleno-, entero-, hystero, cholecysto-)

3. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндіріңдер:

пневмонэктомия, ринопластика, гистерорексис, гепатооментофренопексия, спленорафия, геминефрэктомия, гистеропексия, бронхотомия, дуоденэктомия, аспления, остеолиз, полиспления, колопроктэктомия, флеботомия, холецистостомия, фарингостома, проктопластика, миотенолиз, артротенодез, пневмопексия, кардиорексис, гистерорафия, плевроцентез, артериотрипсия, краниоклазия, лапаротомия, сиаладенэктомия, артролиз,

нефропексия, пневмопатия

4. Мынадай мағынада терминдер құраңдар:

1) хирургиялық операция: бауырға шарбыны бекемдеу;

2) тырнақ зақымдануының жалпы аталуы;

3) пластикалық операция: зақымданған тізені орнына келтіру;

4) хирургиялық операция: көкірек перде қуысын ашу;

5) сіңір, тарамыс пластиксы ;

6) хирургиялық операция: кеңірдекті кесіп ашу;

7) құрсақ қабырғасын тесу;

8) хирургиялық операция: бауыр мен өт қапшығының арасына анастомоза жасау;

9) хирургиялық операция: қан тамырынан тромбты алып тастау;

10) ауыз қуысының кеуіп кетуі;

11) хирургиялық операция: қабақты қалпына келтіру;

12) хирургиялық операция: жарылған талақты тігу;

13) хирургиялық операция: қан тамырын тыртық жəне жік, жабысқан жерден бөліп алу;

14) қан тамырының жарылуы ;

15) хирургиялық операция: өт қапшығын алып тастау;

16) өсіп жетілу аномалиясы: жүректің жоқ болуы;

17) хирургиялық операция: аш ішекке сыртқы өзек салу;

18) хирургиялық операция: тік ішек түсіп кеткенде бекемдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет