Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет184/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік

Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

–aesthesia терминоэлементі сезімталдықты білдіреді, мысалы:

anaesthesia – сезімталдықтың болмауы (сезбеу). Сезімталдық деп ішкі жəне сыртқы орта тітіркендіргіштеріне ағзаның жауап беруін айтады. Сонымен қатар, бұл термин жансыздандыру арқылы жүргізілетін əр түрлі хирургиялық операциялар, балау үшін қолданылатын «жансыздандыру» деген мағынада да қолданыла береді. –aesthesia терминоэлементінің орфографиялық жазылуына көңіл бөліңіздер!

-төменде келтірілген терминоэлементтерге екпін қойылуына көңіл бөліңіздер: -mania (мысалы: клептомaния – cleptomania), -phobia (мысалы: ксенофoбия – xenophоbia).

phobia көптеген терминдер құрамына кіреді. Ол жеке термин ретінде «фобия» - кейбір заттардан, іс-əрекеттерден еріксіз қорқу.

–phrenia терминоэлементі екі мағынада: «ақыл, психика» жəне «диафрагма (көк ет)» қолданылады. Бірақ диафрагма мағынасындағы – phrenia терминоэлементі бар термин өте сирек кездеседі.

–philia терминоэлементі де «бір нəрсені ұнату, жақсы көру» (мысалы: nyctophilia – қараңғыда болуды жақсы көру xeno- терминоэлементі (өзге, басқа) жануарлардың ұлпа не мүшелеріне пластикалық операция жасауды (трансплантацияны) айтады.

Терминоэлементтер тізімі

Түбірлі терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

baro-, bary-

1. қысым, салмақ (баротерапия);

2. еңсенің түсіп кетуі (баритимия)

batho-, bathy- терең, төмен (төмен орналасқан) (батикардия)

brady- жай, ақырын (брадикардия)

claustro- жабық бөлме (клаустрофобия)

clepto- ұрлау (клептомания)

hypno- ұйқы, гипнотикалық əсер (гипнофобия, гипнотерапия)

mono- бір, жалғыз (монофобия)

neo- жаңа (неофобия)

dipso-

(-dipsia)



шөлдеу (дипсомания)

platy- жалпақ_______, енді (платикрания)

prosop- бет (прозопалгия)

pyro- ыстық көтерілу, лихорадка (пиромания)

schiz-

1. психика бұзылуы (шизофрения)



2. қосарлану (схизобулия)

tachy- Тез, жылдам (тахикардия)

therm- жылы (терместезия)

xeno-


1. өзге, басқа, бөтен (ксенофобия);

2. малдың басқа түрінен алынған (ксенотрансплантация)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлемент мағынасы

-aesthesia ауруды сезіну, сезімталдық (акроанэстезия)

-bulia қалау (дисбулия)

-gnosia білу, тану қабілеті (агнозия)

-mania Бір нəрсені қалау (клептомания)

124

-philia 1. жақсы көру, ұмтылу (неофилия);



2. бір нəрсеге бейім болу (тромбофилия)

-phobia қорқу (клаустрофобия)

-phrenia 1. психикаға, ақылға байланысты (олигофрения);

2. көк ет (платифрения-көк еттің төмен орналасуы)

-thymia Көңіл-күй, сезім, эмоция (дистимия)

Префикстер

Грек ТЭ Терминоэлемент мағынасы

pan- барлық; толық қамту

Психикалық ауытқулардың латын атаулары – perturbatiōnes mentis

Лексикалық минимумды жаттап алыңдар:

1. affectīvus, a, um аффективті (эмоционалды)

2. anxiĕtas, ātis f фобия, қорқу, қобалжу

3. anxifĕrus, a, um қобалжу

4. depressio, ōnis f депрессия

5. depressīvus, a, um депрессивті

6. episodium, i n эпизод

7. gravis, e ауыр (ауыр деңгейдегі)

8. levis, e жеңіл (жеңіл деңгейдегі)

9. maniacālis, e маниакальды

10.mens, mentis f ақыл, сана

11.mentālis, e ақыл-оймен

12.mores, um m (мн. Число) мінез-құлық

13. neurotĭcus, a, um невротикалық

14. persistens, ntis қалыпты

15. perturbatio, ōnis f (perturbatio mentis) бұзылу (психикалық бұзылу)

16. phobĭcus, a,um фобикалық

17. polymorphus, a, um полиморфты

18. psychōsis, is f психоз

19. psychotĭcus, a, um психотикалық

20. senīlis, e кəрілік

21. vascularis, e тамырлық

Жүйке жүйесі ауруларының латын атаулары –

Morbi systemătis nervōsi

Лексикалық минимумды жаттап алыңдар:

1. ataxia, ae f атаксия (жүру координациясының бұзылуы)

2. benignus, a, um қатерсіз

3. compressio, ōnis f қысу

4. congenītus, a, um тума

5. dolor, ōris m ауруды сезіну

6. epilepsia, ae f эпилепсия

7. generalisātus, a, um жалпы

8. hereditarius, a, um ұрық қуалағыш

9. intracranialis, e бас сүйек іші

10. insultus, us m инсульт

11. medulla spinālis жұлын

12. Morbus Alzheimer альцгеймер ауруы

13. Morbus Parkinsōni паркинсон ауруы

14. myoclonĭcus, a, um миоклоникалық

15. progrediens, entis үдемелейтін

16. progressīvus, a, um үдемеленген

17. recurrens, entis рецидивті, қайталанған

18. sclerōsis (is f) multĭplex

бытыраңқы, шашыраңқы қатаю

19. spastĭcus, a, um cпастикалық

Жаттығулар:

1жаттығу. Терминдеді талдап, мағынасын түсіндіріңіздер:

cleptomania, bradycardia, acrophobia, hypothymia, anaesthesia, dysphrenia, hypnophobia, claustromania, hypobulia, pyrophobia, megalomania, micromania, haematophobia, prosopalgia, hyperaesthesia, platyphrenia, claustrophilia, dysthymia, xenoplastĭca, panphobia, bathyhyperaesthesia, pyrometria, urophobia, schizobulia, thermoaesthesia, polydipsia, barophobia, nyctophilia, barythymia.

2. Соңғы терминоэлементтерден термин жасап, мағынасын түсіндіріңіздер:

1. –aesthesia (hyper-, hypo-, acro-, baro-, bathy-, dys-, an-, thermo-, mono-, hemi/an, hypo/thermo-)

2. –mania (pyro-, megalo-, dipso-, grapho-, claustro-, micro-, clepto-, narco-)

3. –phobia (pyro-, acro-, baro-, batho-, bacillo-, haemato-, hydro-, grapho-, claustro-, clepto-, manio-, nycto-, mono-, pan-, geronto-, thermo-, uro-, neo-, hypno-, xeno)

4. –philia (nycto-, geronto-, claustro-, neo-, thrombo-)

3. Терминдерді латын əліппесімен жазып, мағынасын түсіндіріңдер:

барестезия, батофобия, гипертимия, дипсомания, клаустрофобия, наркомания, абулия, кардиофобия, батикардия, агнозия, тахикардия, термогипестезия, бациллофобия, прозопагнозия, геронтофобия, моноанестезия, термофобия, дисбулия, графомания, клептофобия, агипногнозия, неофобия, платиспондилия, баритимия

4. Төменде келтірілген сөздерден термин құраңыздар:

1) аяқтың ешнəрсені сезбеуі;

2) судан қорқу;

3) тромб пайда болуына қабілетті болу;

4) бет аумағында ауруды сезіну;

5) көңіл-күй реакциясының болмауы;

6) жалғыздықтан қорқу;

7) ағзаның көп сұйықтықты қажет етуі;

8) жабық бөлмелерден қорқу;

9) қараңғыдан қорқу;

10) бейтаныстардан қорқу;

11) даму аномалиясы: бас пішінінің жалпақ болуы;

5. Анатомиялық құрылымдардың аттарынан алынған терминоэлементтердің мағынасын түсіндіріңдер: septo- (septum), atrio- (atrium), colo- (colon), hepato- (hepar), oesophago- (oesophagus), laryngo- (larynx), tracheo- (trachea), gastro- (gaster), pharyngo- (pharynx), thoraco- (thorax), pleuro- (pleura)

6. Төменде келтірілген мағынадағы терминдерді құрап, сөздік формада жазыңдар: өт қапшығын алып тастау; аурудың сыртқы себептері туралы ілім; аденоидтарды алып тастау; тіл ауруы; сумен емдеу; зəр шығару мүшелер ауруын зерттейтін ветеринария бөлімі; табиғат күшімен емдеу; жатыр түтікшесін кесу; вена қан тамырының ренген суреті; жұлынды тілу.

7. Төменде келтірілген термин-транслитераттарды құрамына қарай талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

8. биоклиматология, флебография, гингивотомия, мастэктомия, холецистография, физиолог, рентгенограмма, билирубинурия, цитограмма, сальпингэктомия, везикография, гинекология, флеботомия, аденоцит, цистэктомия, герниотомия, гидроторакс, кератотомия, маммография, струмэктомия, биолог, блефаротомия, гидропс, азотурия

9. Термин құрамындағы терминоэлементтерді анықтап, мағынасын түсіндіріңдер:

10. myelofibrōsis, rectocēle, apathia, neuralgia, acidōsis, hyperplasia, carcinōma, spondylopathia, phobia, gastralgia, antipathia, myologia, laryngocēle, neurotomia, rhinopathia, dysbacteriōsis, amnesia, metrographia, neuropatholŏgus, keratōsis, sympathia, fibrōma, trichalgia, galactocēle, cystoscopia, hyperchlorhydria, hypothermia, hysterectomia, symphўsis, fibromatōsis, hypovitaminōsis, aphagia, neurōma, ophthalmolŏgus, neuropathia, syndactylia, dysplasia, adynamia, hypothyreōsis, fibrōsis, myopathia, hypoplasia, hyperthermia, apnoe,

dyskeratōsis, gastrocēle

11. Терминдерді терминоэлементтермен толықтырыңдар:

асқазан сөлінің ферменттері болмауы – a… безді эпителидің қатерсіз ісігі - aden…

плевра қуысында лимфаның жиналып қалуы - …thorax

қалқанша бездің гиперфункциясы - …thyr…

асқазанды толықтай алып тастау - …ectomia

бұлшық еттің қатерсіз ісігі – my…

жүйке жүйесінің ауруы – neur…

көз ауруларын зерттейтін ветеринария бөлімі - …logia

зəртдің қуыққа келмеуі - …uria

радиациядан қорқу – radi…

омыртқа буындарының қозғалмауы - …ōsis

саусақтардағы ауруды сезіну - …algia

өт қапшығы ауруларының жалпы атауы -cholecyst…

офтальмоскоп арқылы көзді зерттеу – ophthalm…

əр түрлі ағзалардың бірге өмір сүруі …biōsis

асқазан сөлінің аз мөлшерде бөлінуі – hyp…

жатырды тілу - …tomia

асқазан сөлінде тұз қышқылының аз болуы - …chlorhydria

12.Төменде келтірілген мағынадағы терминдерді құрап, сөздік формада жазыңдар дəрумен жетіспеушілігі; зəр шығару қызметінің бұзылуы; гастроскоп арқылы асқазанның кілегейлі қабығын зерттеу; судан қорқу; жатырды бекемдеу; эпидермис мүйізді қабығының шамадан тыс қалыңдап кетуі; жұлын ауруларының жалпы атаулары; тілдің болмауы; безді эпителидің қатерлі ісігі; сүт безі ауруларының жалпы атаулары; жүйкенің бір бөлігін алып тастау; ағза ұлпаларында оттегінің аз болуы; зəрдің құрамында лимфаның болуы; көз жасы қапшығын алып тастау.

12. Төменде келтірілген термин-транслитераттарды құрамына қарай талдап, мағынасын түсіндіріңдер: ахлоргидрия_______, канцерофобия, цирроз, дисфагия, фибромиома, гастродуоденоскопия, гидрофтальм, гипосаливация, гистеропатия, керотома, лимфоцит, миалгия, невропатия, миотомия, полипоз, фагоцит, ринограмма, симбиоз, трихалгия, миелография, гиподинамия, гиперфункция, трихопатия, риноскопия, дистиреоз, патология, трихоз, невропатология, аплазия, диспноэ

13.Сөздікті қолдана отырып, фобия құбылысына қатысы бар терминдердің мағынасын табыңдар:

tredecaphobia, vomitophobia, dorophobia, agoraphobia, brontophobia, hamartophobia, ailurophobia, haptophobia, demophobia, kynophobia, mysophobia, acnephobia, zoophobia, peniaphobia, apiphobia, tocophobia, arachnophobia, chromophobia, aichmophobia, pharmacophobia, amathophobia agora- алаң, ашық орын, ailuro- мысық, api- ара, arachno-өрмекші, aichmo- өткір, amatho- шаң, bronto- найзағай, chromo- түс, demo- халық, көпшілік, doro- сыйлық, hamarto- орынсыз қылық, hapto- жанасу, kyno- ит, myso-кір, penio- кедейшілік, toco- туу, босану, vomito-құсу, zoo- жануарлар.

14. Сөздікті қолдана отырып, мания құбылысына қатысы бар терминдердің мағынасын табыңдар:

sitomania, bibliocleptomania, dacnomania, ablutomania, suicidomania, agromania, toxicomania, bibliomania, doromania, clinomania, bruxomania abluto- жуу, agro- ауыл, biblio- кітап, bruxo- тіс қайрау, clino- төсек, жатын, dacno-тістеу, sito-тағам, suicido-өзіне қол жұмсау, toxico- у.

15. көп сөзді клиникалық терминдердің мағынасын талдап, қазақ тіліне аударыңдар:

perturbatio mentis, perturbatio morum, dementia vasculāris acūta, schizophrenia catatonĭca, perturbatio affectīvа bipolāris, episodium depressīvum grave, depressio gravis, perturbatio affectīva persistens, retardatio mentālis levis (moderāta, gravis, profunda), perturbatio delusionālis persistens, episodium depressīvum grave perturbatiōnis affectīvae bipolāris, perturbatiōnes psychotĭcae acūtae, perturbatio psychotĭca polymorpha acūta, perturbatiōnes anxifĕrae phobĭcae, anxiĕtas sociālis, perturbatio anxifĕra et depressīva mixta, dementia vasculāris mixta – corticālis et subcorticālis

16. Термин құрамындағы терминоэлементтерді анықтап, мағынасын түсіндіріңдер:

panalgia, pyuria, panhysterectomia, arthrōsis, mogigraphia, hepatocholecystogastrostomia, rhinorrhoea, tenoplastĭca, hypnalgia, angiographia, pneumolўsis, spondylodynia, gastroenterostomia, osteoclasia, proctotomia, lipaemia, nephropathia, phlebogramma, prosopalgia, oliguria, splenectomia, hepatorrhaphia, pyeloscopia, osteoarthropathia, acromegalia, acephalia, omentonephropexia, hyposialia, spondylodĕsis, mastographia, odontometria, enteroscopia, thrombocytopenia, lymphocytōsis, blepharoplastĭca, adenotomia, cholecystotomia,

sialadenectomia, xerostomia, tenolўsis, laparocentēsis, angiotripsia, cholecystopexia, cardiorrhēxis, onychia, patellectomia

17. Төменде келтірілген сөздердің мағынасын қарай терминқұраңдар:

1) буын ауруы;

2) зəрдің аз мөлшерді бөлінуі;

3) қанда майдың көп мөлшерде болуы;

4) буын ауруларының жалпы атаулары;

5) хирургиялық операция: аденоидтарды кесіп алып тастау;

6) құрсақ қуысына қан кету;

7) қанда лейкоциттердің шамадан тыс көп болуы;

8) хирургиялық операция: буынды толық алып тастау;

9) бүйрек рентгенографиясы;

10) хирургиялық операция: ас қазан мен аш ішектің арасына анастомоз жасау;

11) эндоскоп арқылы бүйрек табақшасына зерттеу жүргізу;

12) сүт безі аумағында ауру сезіну;

13) қанда моноциттердің аз болуы;

14) хирургиялық операция: бүйректі бекемдеу.

18. Көп сөзді клиникалық терминдердің мағынасын талдап, қазақ тіліне аударыңдар:

appendicītis acūta (chronĭca), ileus paralytĭcus et obstructio intestinālis sine hernĭa, gastrītis chronĭca fundi ventricŭli, bronchītis chronĭca simplex et mucopurulenta mixta, ulcus ventricŭli acūtum, dissociatio atrioventriculāris gradus primi, ulcus duodēni acūtum cum haemorrhagia et perforatiōne, oedēma

pulmōnum, morbus ischaemĭcus acūtus, angīna pectŏris instabĭlis, infarctus myocardii acūtus, prolapsus valvae mitrālis, morbi tractus respiratorii superiōris, polўpus cavitātis nasi,embolia vasōrum pulmonalium, dissociatio rami anteriōris cruris sinistri fascicŭli His, defectus septi cordis acquisītus, bronchītis chronĭca mucopurulenta, insufficientia respiratoria acūta, sinusītis ethmoidālis acūta, hypertrophia conchārum nasi, insufficientia hepătis alcoholĭca, hydrops vesīcae biliāris, Morbus Crohn intestīni tenuis

19.Көп сөзді клиникалық терминдерді қазақ тіліне аударыңдар:

meningītis benigna recurrens, dysfunctio alcoholĭca systemătis nervōsi, abscessus et granulōma intracraniāle et intraspināle, meningītis purulenta, thrombōsis septĭca venārum intracranialium, ataxia congenīta non progressīva, polyneuropathia alcoholĭca, sclerōsis multĭplex trunci cerěbri, degeneratio cerebri senīlis, morbus degeneratīvus systemătis nervōsi, epilepsia idiopathĭca generalisāta, insultus ischaemĭcus, neuralgia nervi trigemĭni, dolor faciēi atypĭcus, morbositātes nervi faciālis, paralўsis faciēi, mononeuropathia membri superiōris, neuropathia idiopathĭca progressīva, paralўsis cerebrālis spastĭca, encephalopathia toxĭca, compressio radīcum et plexuum nervōrum

20. Терминдер құрамын талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

enterobiopsia, amnioscopia, spondylodĕsis, ablepharia, laparocentēsis, haematomyelia, hepatocholecystoenterostomia, angiocholecystītis, aphasia, rhinophonia, typhlatonia, pancreonecrōsis, hepatorrhaphia, hypobulia, endometrītis, myocardiosclerōsis, mesotympanītis, diplophonia, pericholecystītis, platyphrenia, osteoclasia, microglossia, adenomatōsis, angiolўsis, enterolĭthus, omentonephropexia, chromophobia, nephropexia, xerodermia, aphakia, macroglossia, hypogalactia, nephrographia, procheilia, glucosuria, polyarthralgia, kakosmia, myopia, cardiorrhexis, spondyloarthrītis, onychophagia, adenolipomatōsis, gingivectomia, claustromania, dysthymia, hypophrenia, hepatosplenomegalia, bathycardia, prosopospasmus, oligodipsia, haemophthalmus, xenoplastĭca, arthrotomia, enteroproctostomia, arteriotripsia, patelloplastĭca, pneumopathia, laparoscopia, oligopnŏё, cardiomyopathia 21.Төменде келтілірлен сөздермен термин құраңдар:

1) аш, тоқ ішек жəне асқазанның қабынуы;

2) тамақты тез жұту;

3) хирургиялық операция: бүйрекке сыртқы тесік жасау;

4) бүйрек ұлпаларының өліеттенуі;

5) өсу аномалиясы: талақтың болмауы;

6) венаның жіңішкеруі;

7) жатыр түтіктерінің рентгенографиясы;

8) сүт безінде сүттің тұрып қалуы;

9) қанда тромбоциттердің азаюы;

10) тік ішекте нəжістің тұрып қалуы;

11) хирургиялық операция: венаны кесіп тастау;

12) асқазан бүрмесі;

13) аралардан қорқу;

14) еріннің патологиялық үлкейіп кетуі;

21. Көп сөзді клиникалық терминдерді қазақ тіліне аударыңдар:

vulnus apertum nasi, infectiōnes acūtae respiratoriae superiōres, dissociatio rami anteriōris cruris sinistri fascicŭli His, dysfunctio alcoholĭca systemătis nervōsi autonomĭca, retardatio mentālis gravis, phlebītis et thrombophlebītis intracraniālis et intraspinālis, corpus aliēnum oesophăgi, infarctus myocardii subendocardiālis acūtus, morbus hepătis alcoholĭcus, laesio traumatĭca cerebri et nervōrum cranialium, gastrītis chronĭca fundi ventricŭli, morbi chronĭci tonsillārum et

adenoĭdum, perturbatio affectīvа bipolāris, syndrōmum neuroleptĭcum malignum, fractūra extremitātis inferiōris, morbus hepătis toxĭcus cum necrōsi, amputatio traumatĭca pedis bilaterālis, dolor acūtus cordis, perturbatiōnes psychotĭcae acūtae, hernia inguinālis bilaterālis sine gangraena, enterocolītis chronĭca ulcerōsa, oedēma pulmōnum, insufficientia valvae mitrālis rheumatĭca

22. Көп сөзді клиникалық терминдеді латын тіліне аударыңдар:

Кеңірдекте бөгде заттың болуы, жүректің ишемиялық ауруы, психикалық ауруы, жіті жəне созылмалы геморрагиялық лейкоэнцефалит, өт жолының кептеліп қалуы, дене жəне омыртқа бағанасының жарақаттануы, ревматикалық эндокардит, мұрын қуысының полипі, алдыңғы аяқтың үсіп қалуы, ревматикалық лихорадка, дененің бірінші дəрежелі күйіп қалуы, ми шайқалуы, асқазан ойық жарасы, өкпе гангренасы жəне өліеттенуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет