Тақырыбы: ЗЕРТТЕУ ƏДІСТЕРІН, КӨЛЕМІН, САНЫН БІЛДІРЕТІН
ТЕРМИНОЭЛЕМЕНТТЕР
Сабақ мақсаты:
Ветеринариялық пәндерді оқыту барысында қолданылатын терминдерді меңгеру мақсатында латын тілі оқытылады. Осы себепті ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.
Студенттерді зерттеу əдістерін, көлемін, санын білдіретін терминоэлементтермен таныстыру. Жаттығу жасау барысында осы терминоэлементтердің есте сақталуын арттыру. Сабақтың мақсаты: латын тіліндегі сөздерді дұрыс оқу үшін буынға бөлу жəне екпін ережелерімен таныстыру.
1. –graphia ТЭ көп жағдайда рентгенологиялық зерттеулерді білдіреді (phlebographia – вена қан тамырларын рентгенологиялық зерттеу). Бірақ, кей жағдайларда рентгенологиялық емес зерттеу əдістеріне (electroencephalographia – ми биопотенциалының графикалық тіркеуі) жəне «жазу-сызуға» да қатысты қолданыла береді (dysgraphia). Терминді терминоэлементтерге қарап талдау кейде қиындау соғады, мысалы: gastrographia – асқазанның əртүрлі қызметтерінің графикалық тіркеулерінің жалпы атауы; hepatographia – бауырды рентгенологиялық зеттеу.
2. –gramma ТЭ –graphia терминоэлементіне ұқсас мағына беріп, зеттеу əдістерінің графикалық суреттерін береді (audiogramma – есту қабілетінің бұзылғандығы туралы сурет, қисық).
3. –scopia терминоэлементі көзбен көріп зерттеуді білдіреді, қандай да құралдармен (эндоскоп) ішкі ағзаларды зерттеу (gastroscopia – гастроскоп көмегімен асқазандаы зерттеу, angioscopia – эндоскоптың көмегімен қан тамырының ішкі қабырғасын зерттеу). Эндоскоп – жарық түсіретін бөлшегі бар табиғи не жасанды тесіктер арқылы дененің қуыстарын зерттеуге арналған құрал. «Скопия» жүргізетін құралдары «скоп» деп атайды, мысалы: arthroscop - буын қуысын көретін эндоскоп.
4. Қанның формалы элементтерінің жоғарылауы -ōsis -, төмен түсіп кетуі -penia – деп аталады.
· erythrocytōsis– erythrocytopenia
· thrombocytōsis – thrombocytopenia (немесе thrombopenia)
· lymphocytōsis – lymphocytopenia
· leucocytōsis – leuсocytopenia (немесе leucopenia).
5. Қанның формалы элементтеріне қатысы жоқ –ōsis терминоэлементі – pathia терминоэлементі сияқты «ауру, патологиялық күй» деген ұғымды білдіреді: (osteoarthrōsis – буын ауруларының жалпы атауы). -eucōsis термині «аққан – қанда лейкоциттердің шамадан тыс көбейіп кетуін» білдіреді.
6. –ōsis – терминоэлементі ісіктерде, қабынуларда «көп, көбейген» деген ұғымды да білдіреді: adenomatōsis –аденомдардың көп болып кетуі, furunculōsis – фурункулдардың (шиқандардың) көбейіп кетуі.
7. Көлемді, санды білдіретін терминоэлементтерді ажырата білген жөн:
· macro- көлемі үлкен (macrodactylia – саусақтың үлкейіп кетуі)
· poly- көп, саны жағына көп (polyuria – зəрдің көп мөлшерде шығуы).
· megalo- macro-ның синонимі, көлемі жағынан үлкен деген мағынаны
білдіреді (megalodactylia – саусақ көлемінің үлкеюі), бұл терминоэлемент соңғы не бастапты бола алады: dactylomegalia.
· micro- кіші көлемді (microsplenia – талақ көлемінің кішіреюі),
· oligo- саны жағынан аз деген ұғымды білдіреді (oliguria – зəрдің аз мөлшерде шығуы).
8. Клиникалық терминологияда түбірлі терминоэлементтері грек немесе латын сөзі болып келетін термин-синонимдер кездесе береді: angiographia
(грек тілінен angio-) синонимі vasographia (латын тілінен vas, vasis n) – қан жəне лимфа тамырларын рентгенологиялық зерттеу.
9. hyperthyreosis – қалқанша безінің шамадан тыс көп қызметі жəне hypothyreosis – қалқанша безі қызметінің төмендеуі.
Түбірлі терминоэлементтер
Грек ТЭ Терминоэлементтің мағанасы
aden(o)-
1. без (лимфаденография);
2. аденоидтар (аденотомия)
audi(o)- (лат.) есту (аудиограмма)
cardi(o)- жүрек (кардиомегалия)
chol(e)- өт (холангиография)
cholecyst(o)- өт қапшығы (холецистопатия)
cyst(o)- қуық (цистоскопия)
lapar(o)- құрсақ қуысы (лапароскопия)
macr(o)- көлемі үлкен, ірі (макроцефалия)
megal(o)- megalia) (-үлкейіп кеткен (мегалодонтия, цефаломегалия)
men(o)- менструация, менструальдыцқ цикл (дисменорея)
metr(o)-metra
hyster(o)-
жатыр (метрография, гистероскопия)
micr(o)- көлемі кіші, майда (микромастия)
mogi- қиналып жасалатын əрекет (могиграфия)
olig(o)- саны аз (олигемия)
ophthalm(o)- көз, көру (офтальмоскопия)
phleb(o)- вена, көк тамыр (флебограмма)
poly- көп (саны жағынан), көбею (полиурия)
pyel(o)- бүйрек тостағаншалары (пиелография)
salping(o)- жатыр түтігі (сальпингоскопия)
sphygm(o)- Тамыр соғуы (сфигмография)
tomo- қабат, қабатты (томография)
thyr(o)- қалқанша без (гипотиреоз)
Соңғы терминоэлементтер
Грек ТЭ Терминоэлементтерің мағынасы -gramma
1. рентгенограмма (флебограмма);
2. рентгенологиялық емес зерттеулердің графикалық сызықтары, суреті (гемограмма)
-graphia
1. рентгенологиялық зерттеу (ангиография);
2. графикалық тіркеу (рентгенологиялық емес зерттеу) (кардиография);
3. хатқа қатысты (аграфия)
-metria өлшеу (калориметрия)
-ōsis
1. ауру, патологиялық күй (хейлоз);
2. қанның формалық элементтерінің көбеюі (эритроцитоз);
3. көп (фурункулёз)
-penia қанның формалық элементтерінің азаюы (тромбоцитопения)
-scopia зерттеу, көру, байқау (эндоскоптың көмегімен) (гастроскопия)
Префикстер
Грек ТЭ Терминоэлемент мағынасы
dys- Қызметінің бұзылуы, қалыпты жағдайдан ауытқу, қиналу
endo- ішкі
Тыныс алу мүшелерінің ауруларының латынша атаулары –
Morbi systemătis respiratorii
1. abscessus, us m Абсцесс (іріңдік)
2. adenoĭdes, um f (мн. число) аденоидтар
3. asthma, ătis n Астма (демікпе)
4. bacteriālis, e бактериалды
5. conditio, ōnis f күй
6. cysta, ae f киста
7. cystĭcus, a, um кистозный
8. deviātus, a, um жылжу, қисаю
9. emphysēma, ătis n эмфизема
10. gangraena, ae f Гангрена (өліеттену)
11. infectio, ōnis f инфекция
12. influenza, ae f грипп (тұмау)
13. mediastīnum, i n Аралық перде
14. mixtus, a, um аралас
15. mucopurulentus, a, um кілегейлі-іріңді
16. obstructīvus, a, um Обструктивті (кедергілі)
17. oedēma, ătis n ісіну
18. paralysis, is f салдану
19. paranasalis, e параназалды (мұрыналды)
20. periodĭcus, a, um мезгілді
21. pneumonia, ae f Пневмония (өкпе қабынуы)
22. polўpus, i m полип
23. respiratorius, a, um тыныс
24. tractus (us m) respiratorius тыныс жолы
25. ulcus, ĕris n ойық жара
26. vasomotoricum, a, um вазомоторлық
Достарыңызбен бөлісу: |