Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі



бет10/11
Дата08.07.2018
өлшемі0,87 Mb.
#48698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі. Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды фигура-ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде

Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.

Өздігінен білім алу - адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу процесі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мүғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру институттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикальқ маңыздылығымен танысады.

Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі қызметтері ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады:

/. Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинактау.

  1. Бағдарлық мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.

Компенсаторлық-мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі

  1. кемшіліктерді жою.

  2. Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту.

  3. Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.

6. Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар
арасындағы байланыстарды орната алу

7. Шығармашылық шығармашылық жұмысқа үйрену.

8. Жаңашылдық қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, стереотиптерден арылу.

9. Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.

10. Геронтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.

Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін жан-жақты дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу процесінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл процесте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.

Өздігінен білім алудың тағы бір маңызды ерекшелігі ретінде адамның білімді ізденудегі құлшынысының, ынта-ықыласының барлығы адамның өз еркінен туындайтынын, сырттан келетін ешқандай ықпалдардың болмайтындығын атап өтуге болады.

Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева т.б. ұсынған мынандай жағдайларды қарастыруға болады:

1.Кітапханадагы электрондық және кітап қоры, интернет жүйесін пайдалану. Студент жастарға кітапхананың бай қорымен танысып қалу мүмкіндігін жіберіп алмау керек, себебі онда академиялық кітаптардан басқа мерзімді басылымдар арқылы заманауи жаңалықтармен танысып отыруға болады. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша түрлі білімді жетілдіру курстарына қатысуға болады. Бұның ұтымды жағы болып адамның өзіне үйреншікті жағдайда отырып сан алуан білім беру бағдарламаларымен танысып, өзінің қалауы бойынша біреуін таңдап

электрондық почта арқылы хат алмасып білімін толықтыруы болып табылады.

2.Студенттердің гылымн-зерттеушілік іс-әрекеттері. Кәсіби дайындык барысында студенттер курс жұмысы, дипломдық жұмыс (бакалавриатта), зерттеу жұмысының нәтижелерін мақала ретінде жариялау, магистрлік диссертация (магистратурада) жазумен айналысады. Бұл жүмыс барысында жас мамандар бір ғылыми мәселені шешуде өзіндік көзқарастарын қалыптастырады, зерттеудің эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық әдістерімен танысады, бір тақырып көлемінде өздерінің білімдерін тереңдетеді. Ғылыми жетекшісінің басшылығымен зерттеу саласындағы белгілі мамандардың еңбектерімен жан-жақты танысып, өзіндік болжамдарын жасап, жеке пікірлерін тұжырымдай алады.

3.Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу. Студенттік шақ адам бойындағы қабілеттерді дамытуға өте қолайлы кезеңдердің бірі. Арнайы білімдермен қатар жас маман тұлғасына оның іскерліктеріне байланысты көп талаптар қойылады. Сондықтан сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған психологиялық тренингтерге, шет тілдерін үйрену курстарына қатысып жоғарғы білім туралы дипломмен қатар бір неше сертификаттар алып шықса оның жұмысқа орналасуы да жеңіл, және жұмыс орнында өз күшіне деген сенімділік нығая түспек. Бұндай мамандар өздерінін құзіреттілігімен беделді де абыройлы бола алады.

4.Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру. Қазіргі нарық заманында көптеген студент жастар оқуларымен қатар қосымша жұмыс істеуге тырысады. Әрине, бұл сабактарына кедергі болмаса өте құптайтын жайт. Егер сабақтарымен қатар алып жүре алмаса, жазғы каникул кездерінде өздерінің кәсіби іскерліктерін, құзіреттерін практика жүзінде сынап көрулеріне болады. Бірақ осындай жұмыстар болашақ маманның өзі таңдаған кәсіптерімен байланысты болғаны абзал. Мысалы, репетиторлық жұмыстар, мектепте сабақтан тыс спорттық үйірме, факультативтік жұмыстарын жүргізу, лингвистикалық аудармашылық жұмыстар, компьютерлік қызмет көрсету жұмыстары, балалардың демалыс лагерлерінде

жетекшілік атқару, бала бақшаларында тәрбиеші болу сияқты жұмыстар жастардың болашақ кәсібімен жақынырақ танысуға, ұжым ішінде тұлға аралық қарым-қатынасты орнатуға уйренуіне, тәжірибе жинақтауына, өз мүмкіндіктерін бағалауға көп септігін тигізді.

5.Қоршаган ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру. Айналамыздағы бізді қоршаған таныс және бейтаныс адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатудың өзі болашақ мұғалім үшін кәсіби тәжірибе жинақтаудың көзі бола алады, себебі ертең мұғалімдік қызметте жасы үлкен әріптестерімен, балалардың ата-аналарымен сөйлесе алу қажет. Сонымен қатар әрбір тәжірибелі ұстаздардың дәрістеріне қатысу арқылы олардың аудитория назарын қалай аулайтынын, сабақ үстінде тәртіпті сақтай алу іскерліктерін, ынтымақтастық қарым-қатынас орната алу шеберліктерін үйренуге болады. Теледидардан көретін хабарларыңыздың кәсібіңізге қатысты жаңалықтары болса оларды педагогикалық күнделігіңізге түртіп жазып алуды дағдыға айналдырған дұрыс. Кітап дүкендеріне, кітап көрмелеріне баруды әдетке айналдырған абзал, себебі онда ең соңғы жаңа кітаптар сарынымен танысып отыруға мүмкіндік бар.

6.Өздігінен білім алудың құзіретінде әр адамның әуестенушілігін, хоббиін қарастыруға болады. Кез келген адамда өзіне тән бір ерекшеліктері болады. Мысалы, біреу жақсы ән айта алады, екіншісі жақсы билей алады, үшіншілерінде ақындық қабілеттері дамыған, кейбіреулері музыкалық аспаптарда жақсы ойнай алады, басқасында спорттық қабілеттері басым болып келеді. Бұл қабілеттерді одан әрі дамытып отыру қажет, себебі ертеңгі кәсіби іс-әрекетте балаларға беретін сабағымыздан басқа оларды әуестендіретін, қызықтыратын тұлғалық сапаларыңыздың бірі осы ерекшелігіңіз болады.

Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алады.



Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен тәрбие процесінің айырмашылығы неде?

  1. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?

  2. Өзін-өзі тәрбиелеу неден басталады?

  3. Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері қандай?

  4. Өздігінен білім алу процесі қандай қызметтер аткарады?

  5. Өздігінен білім алудың қандай көздерін білесіз? _

Әдебиеттер

1. Станкин М.И.. Психология общения: курс лекций. М. - 2000.
- 304 с.

  1. Введение в педагогическую деятельность. А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, и др. - М., 2000. - 208 с.

  2. Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология: Схемы и тесты. -М., 2002.-208 с.

  1. Виктор Пекелис. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976. -196 б.


БӨЛІМ 4.ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖӘНЕ СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ, ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

4.1 Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын орындауға жалпы әдістемелік нұсқаулар.

Мақсаты: студенттердің дәріс және семинар сабақтарында білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру

Міндеттері:


  • дәріс пен семинар сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

  • теорияны практикамен байланыстыру;

  • өздігінен жұмыс істеу іскерліктерімен дағдыларын дамыту;

  • ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету;

студенттің өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, реферат, коллоквиум, конспект және т.б.

Берілген тақырыпты конспектілеу.



Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол берму.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.


Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.


Рефератты талқылау шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Рефератты бағалау:

Рефераттың мазмұны 50%

Қорғаудың сапасы 50%

СӨЖ тапсырма және оның орындалу мерзімі, нұсқа бойынша №1 қосымша келтірілген .

СОӨЖ тапсырма және орындалу мерзімі, нұсқа бойынша №2 қосымша келтірілген және бірінші сабақта беріледі сұрақтар болатын болса оқытушылардан консультация ала аласыз немесе мамандығы жақын жоғары курс студенттерінен сұрай ала аласыз.


Тақырып 1.Білім беру дүниежүзілік ақпаратты контекстегі көп аспектілі

құбылыс ретінде. Реферат тақырыптары:

1.ХХ1 ғасырдағы білім берудің негізгі даму бағыттары.

2.Білім беру - әлеуметтік құбылыс.

3.Білім беру мен қоғам арасындағы байланыс.
Тақырып 2.Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы.

Бақылау сұрақтары:

1.Индвид, жеке тұлға, даралық ұғымдарының айырмашылығы неде?

2.Жеке тұлға ұғымының өзегі не?

3.Жалпы адамзаттық құндылықтар дегеніміз не?
Тақырып 3. «Мұғалім құқығы» және «оқушы құқығы»

Тапсырма.1.Салыстырмалы кесте құрыңыз.






Мұғалім құқықтары

Оқушы құқықтары

1.







2.







3...






Тақырып 4.Мұғалім мен тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Тапсырма 1.Мұғалімге қажетті кәсіби-маңызды қасиеттердің қайсысы сізде көп

кездесетіні туралы жазып көріңіз.

Тақырып 5.Болашақ маманның шығармалық іс-әрекетін ынталандыру мәселесі.

Тапсырма: Өз шығармашылығыңызды дамытудың жеке жоспарын жасап көріңіз.

Тақырып 6.Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының диагностикасы.

Тақырып: 7.Білім беру оқыту процесінің нәтижесі.

Тапсырма: Конспект.

Тақырып: 8.Қазіргі замандағы философиялық мәнісіндегі білім беру.

Тапсырма: Қазіргі кездегі білім берудің 4 аспектісінің өзара байланысын мысалдармен

дәлелдеңіз.

Тақырып: 9.Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің орны.

Тапсырма: Дөңгелек стол ұйымдастыру.

Тақырып: 10.Педагогикалық қарым-қатынас түрлері,құбылысы,стилі.

Тапсырма: Қарапайым тұрмыстық қарым-қатынас пен педагогикалық қарым-қатынастың

салыстырмалы кестесін салып талдау жасаңыз.
БӨЛІМ 5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН

ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5.1 Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1.Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

2.Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3.Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5.Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6.Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғын, түсінбеген жерлерді қалдырмай қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7.Анықтама әдебиеттерді, эциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
5.2 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.


    • Жұмыстын көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студентердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу.

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

СӨЖ №1.Білім беру мен өркениет

Тапсырма 1. ҚР «Білім туралы» заңынан білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін сипаттаңыз.
СӨЖ№2.ҚР 12- жылдық білім беруге көшу жағдайындағы қазіргі мектеп жүйесі

Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық орта білім беруге көшудің негізгі себептері қандай?

2.12-жылдық орта білім беру неше сатыдан тұрады?

3.«Бейіндік оқыту» деген ұғымды қалай түсінесіз?
СӨЖ №3.Сіз жаңа өмірге қадам бастыңыз.

Пікірталас


СӨЖ №4.Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің жеке тұлғасына деген талаптар.

Баяндама.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалімнің тұлғасына

қойылатын талаптар

да өзгеріп отырады?


СӨЖ №5.Педагогтың профессиограммасын жасау.

Схема құру


СӨЖ №6.«ХХІ ғасырдағы педагог тұлғасы» ол қандай?

Тапсырма 1.Эссе жазу

Тапсырма 2. ХХІ ғасыр мұғалімінің моделін,үлгісін жасап көрсетіңіз.

СӨЖ №7.Педагогтың педагогикалық іс-әрекетке жарамдылығын анықтау.

Тест құрастыру.
СӨЖ №8.Мұғалім тұлғасының дамуындағы іс-әрекеттің ролі.

Кесте құру. Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс-әрекеттің салыстырмалы кестесін

сызып көрсетіңіз.

СӨЖ №9.Қарым-қатынас – мұғалімнің кәсіби шығармашылық іс-әрекетінің

құрамды бөлігі.

Тапсырма: Педагогикалық қарым-қатынасты зерттеуге байланысты

педагогикалық әдебиеттерден тест,сауалнамалар тауып өзіңіздің

коммуникативтік қабілеттеріңізді зерттеп көріңіз.

СӨЖ №10.Шығармашылықты шыңдау жолдары.

Тапсырма: Өз шығармашылығыңызды дамытудың жеке жоспарын жасап көріңіз.


БӨЛІМ 6. ПӘН БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша тест тапсырмалары

I тарау бойынша тесттік тапсырмалар

1.Білім беру мазмұнын төрт аспектіде қарастыруға болады:

А) Білім беру құндылық, жүйе,процесс, нәтиже ретінде.

В) Білім беру мақсат, міндет, іс-әрекет, құрал ретінде.

С) Білім беру бала бақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындары.

Д) Білім беру әлеуметтендіру, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру ретінде.

Е) Білім беру тәрбиеші, ұстаз, педагог, оқытушы ретінде.

2. Білім беру деңгейлері:

А)Бала бақшалық, мектептік, университеттік.

В)Мектепке дейінгі, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік,жоғарғы білім,жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.

С)Төмен, орта, жоғарғы, магистратура, аспирантура,доктарантура.

Д)Үздіксіз, кәсіптік, қосымша білім беру.

Е)Экономикалық, әлеуметтік, педагогикалық.

3.Білім берудің нәтижесі ретінде қарастырылады:

А)Ғылым,саясат,өнер.

В)Сауаттылық, білімділік, кәсіби құзіреттілік, мәдениет, діл.

С)Оқулықтар,кітаптар, әдістемелік құралдар.

Д)Білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар,діни ұйымдар.

Е)Отбасы, мектеп, қоғам.

4.Педагогикалық парадигма-бұл:

А)Халықаралық қатынастарды жақсартуға бағытталған бұқаралық ақпараттық құралдар жұмысы, саяси қозғалыстар.

В)Саяси міндеттерді шешудегі Конституция, нормативті заңдар, тұжырымдамалар.

С)Білім беру әдістері, құралдары, формалары.

Д)Нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер, теориялар, қағидалар жүйесі.

Е)Адамның тәрбиесі, дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі және оған әсер ететін факторлар.

5.Білім беру философиясының мәні:

А)Адам өміріндегі түрлі кезеңдердегі оқыту, тәрбиелеу, және дамытудағы құндылық-бағдарлық, мазмұндық-процессуалдық, нәтижелік компоненттері жайлы ғылым аралық білімдер жүйесі.

В)Барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды ықпалдастырудағы философиялық мәселелердің жүйесі.

С) Білім беру саласында философиялық мәселелер.

Д)Адамның дүниетанымын зерттеу.

Е)Жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері.

6. Білім беру саласындағы дағдарыстың мәні:

А)Құзіретті мамандардың жетіспеушілігі.

В)Мектептің материалдық базасының нашарлауы.

С)Білім беру саласындағы терең жатқан қарама-қайшылықтардың күшейген жағдайы.

Д)Оқушылардың жалқаулығы.

Е)Ата-аналардың балалар тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлмеуі,тәрбиені мектепке ысыруы.

7.Білім берудегі жеке тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан қарау теориясының мәні:

А)Педагогтардың баланы жеке тұлға ретінде және тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасы.

В)Отбасында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі қаталдығы.

С)Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың жас өспірімдер санасына әсері.

Д)Ұжымдық тәрбиенің қажеттілігі.

Е)Үнемі мұғалім-субъект, оқушы объект болып отыратын қарым-қатынас.

8.Іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері:

А)Іскерлік, қабілеттілік, дағды.

В)Іс-әрекетке қызығушылық, ынта-ықылас, арман, мұрат.

С)Еңбек, өнер, Қарым-қатынас мәдениеті.

Д)Білім, білік, дағды.

Е)Мақсат, мотив.әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау.

9. Білім берудегі іс-әрекеттік тұрғыдан қарау бағытының мәні:

А)Әр баланыың өзін-өзі іске асыра алу үшін саналы белсенді іс-әрекетке қатысуының қамтамасыз етілуі.

В)Әрбалаға жақсы білім беру үшін көрнекілік құралдардың көп қолданылуы.

С)Білім беру барысында балалардың өзара қарым-қатынастарының шектелуі.

Д)Оқушылар үлгерімдерінің пайыздық көрсеткіштерінің жоғары болуы.

Е)Әр баланың үй тапсырмасын өз бетінше орындай алуы.

10.Аксиология дегеніміз-

А)Аксиома ретінде қабылданатын педагогикалық заңдар мен заңдылықтар.

В)Мұғалімнің оқушы еңбегін асыра бағалауы.

С) Білім беру мекемелерінің материалдық базасын күшейту.

Д)Ғылымдағы зерттеу әдістері жайлы ілім.

Е)Құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.

11.Білім берудегі аксиологиялық тұрғыдан қараудың мәні:

А)Жас ұрпаққа ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту, адамгершілік құндылықтар негізінде адам тұлғасын жетілдіру.

В) Жас ұрпаққа материалдық құндылықтарды игерту үшін экономикалық білімдерін жетілдіру.

С) Білім беру саласында оқушылар білімдерін тексеру жүйесін жетілдіру.

Д)Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру.

Е) Білім беруде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстарының жұмыстарын дамыту.

12.Құзіреттілік (компетенттілік):

А) Білім мен тәрбие.

В)Басқарушылық қабілет.

С)Дағды.

Д)Тәрбие.

Е)Білім мен іскерліктің бірлігі.

13. Білім берудегі құзіреттілік тұрғыдан қараудың мәні:

А)Оқушы мен мұғалім арасындағы сыйласымды қарым-қатынас.

В)Теориялық білімдердің практикада қолданыс таба алмауы.

С) Отбасы мен мектептің бірлігін күшейту.

Д) Теориялық білімдердің іс жүзінде қолданылып, табысты нәтиже көрсету.

Е) Білім беру саласындағы құзырлы органдардың жұмысын жетілдіру.

14.Әлеуметтендіру дегеніміз-

А) Әлеуметтану ғылымы мен педагогика ғылымының ықпалдастығы.

В) Әлеуметтік мәселелердің күрделенуі.

С)Жеке тұлғаның қоғамдық қатынастарға бейімделуі.

Д)Қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты тәрбие мақсатының өзгеруі.

Е) Білім берудегімұғалімдердің педагогикалық білімдері мен қатар әлеуметтану бойынша білімдерінің тереңдігі.

15. Білім берудегі әлеуметтік-гуманитарлық тұрғыдан қараудың мәні:

А)Тұлғаның әлеуметтенуіне бағытталған гуманитарлық іс-шаралардың іске асырылуы.

В)Гуманитарлық ғылымдар ықпалының балаға әсері.

С) Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының дамуы.

Д)Балаларда табиғатты қорғау, аялау сезімдерін ояту.

Е) Әлеуметтік мәселелерді шешудегі компьютерлік білімнің қажеттілігі.

16.Гуманизм-

А)Адамдар арасындағы авторитарлық қарым-қатынас.

В)Бәсекеге қабілеттілік.

С)Адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы.

Д)Маманның құзіреттілігі.

Е) Білім мен біліктіліктің бірлігі.

17.Мәдениет-

А) Адамдардың жағымды және жағымсыз мінез-құлықтар жиынтығы.

В)Ұлттық тарих, саясат.

С)Барлық ғылымдардың жеткен жетістіктері.

Д)Адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесі процесінде қалыптасатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.

Е) Білім мен біліктіліктің бірлігі.

18. Білім беру философиясын терең зерттеумен айналысқан:

А)Т.Тажибаев

В)М.Жұмабаев

С)Б.С.Гершунский

Д)Г.А.Уманов

Е)Н.Д.Хмель

19.Діл (менталитет)-

А) Білім мен біліктіліктің бірлігі.

В) Адамдардың білімділігі не білімсіздігін көрсететін ұғым.

С) Адамдардың тәрбиелілігін не тәрбиесіздігін көрсететін ұғым.

Д)Адамдардың дүниетанымының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны.

Е)Теория мен практиканың байланысы.

20.Әлеуметтік фрустрация:

А) Адамдардың мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі, жеке тұлғаның өзін дәрменсіз, ешкімге қажетсіз сезінуі.

В) Адамның бір мақсатқа қол жеткізуі.

С) Адамдардың өзара жағымды қарым-қатынас орната алу қабілеттері.

Д)Әлеуметтік қатынастарға бейімделу.

Е) Әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайдың жақсаруы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет