Жанұя – тәрбие факторы.
Жанұя тәрбиесiнiң құқықтық негізі.
Жанұяның педагогикалық процесін ұйымдастырудың теориялық негiздерi.
Жанұядағы педагогикалық процесінің негізгі сипаттамалары.
Мектеп пен жанұяның әрекеттестiк формалары.
Жанұя – тәрбие факторы. Жанұя, барлық уақытта да, өсiп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесi мәселелерiн шешуде үлкен мүмкiндiктерге ие болған. Қазiргi заманғы жанұяның өсiп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесi мәселелерiн шешудегi ерекшелiгi – ата-ананың бiлiм және жалпы мәдени деңгейiнiң жоғарлауы.
Балалардың жанұядағы тәрбиесi оның белгiлi бiр тұрақты әлеуметтiк институт ретiнде анықталады, ол жанұя мүшелерi арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септiгiн тигiзетiн адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесiнiң артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиені? ешқандай да түрi алмастыра алмайды. Жанұя тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды:
Репродуктивті – баланың туылуы.
Тәрбиелілік – жанұяның әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.
Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
Коммуникативті – жанұялық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
Рекреативті – іс-әрекет ұйымдастыру (1 сурет).
Репродуктивті
Достарыңызбен бөлісу: |