Сурет 13.1 Театрланған іс-әрекет негізіндегі (сынып театры) сыныптағы тәрбие жүйесін модельдеудің үлгі құрылымы
Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетiн ұйымдастыру. Сынып жетекшiсi мына бiр тұжырым ережелердi ұғынып, түсiнген жағдайда ғана тәрбие мiндеттерiнің шешiмi нәтижелi болма?:
1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағыттауы.
2. Тәрбие жүйелiк сипатта болу.
Тәрбие іс-әрекетiнің мақсаттарының бiрлiгi, оқушылармен жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң өзара әрекеттестiгi тәрбие жүйесінiң кепiлi.
Тәрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен басқару теориясына сүйенуi ?ажет.
Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалiм оқушының тек тәрбие объектiсi ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттiң субъектiсi екенiн түсiнедi. Ол сынып жетекшiсiне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бiрнеше кезеңдерден тұрады: мотивті? қалыптасуы – оларды адамгершілік түсiнiктерді ұғынуға жағдай жасау; мiнез-құлық пен iс-әрекет нормаларының қалыптасуы – өз iс-әрекетiне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мiнез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерiнен тұрады.
Осылайша, мотивті қалыптастырып, бiлiм берiп, iс-әрекеттi ұйымдастыру. Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.
Сынып жетекшiсiнiң іс-әрекетiнде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтiң негiзгi жұмысы – оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастыру, ал ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлiгi болып табылады. Оның заңдылықтарын бiлу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкiндiк бередi.
Тәрбие жүйесінiң қызметiндегi маңыздысы оқушылардың іс-әрекетiнiң түрлерін тиiмдi таңдау (тәрбиелiк шаралар) және оларды өткiзу. Адамды қалыптастыратын негiзгi іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекетi, ойын іс-әрекетi, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдiк-шығармашылық іс-әрекет.
Басқару теориясы тәрбиелiк шараларды дайындаудың нәтижелi әдiсiн анықтауға мүмкiндiк бередi, олар:
тәрбиелiк шаралардың нақты бiр формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кешi, т.б.);
шаралардың мақсаттары мен мiндеттерiн анықтау;
шараларды өткiзуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;
ынталы топпен бiрiгiп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
жұмысты ұйымдастыру мiндеттерiн ынталы топ мүшелерiне бөлiп беру;
мерекеге дайындық;
сынып жетекшiсiнiң тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруi;
ынталы топпен бiрiгiп шараларға дайындықты тексеру;
тәрбиелiк шараларды өткiзу;
оқушылармен (ынталы топ, сыныптың мөшелерімен) бiрiгiп өткiзiлген шараларға талдау жасау;
оқушылармен бiрiгiп алдағы жұмысты жоспарлау.
Тәжiрибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай тәрбие жұмыстарын өткiзуге болады.
Сынып жетекшiсiнiң жұмысында сыныппен немесе жеке бiр оқушымен этикалық әңгiме өткiзу ерекше орын алады. Өсiп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсiндiру, ересек адам тарапынан көрсетiлген өз мезгiлiндегi моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп әсер етуi мүмкiн. Өкiнiшке орай, көбiнесе, этикалық әңгiмелер үгiт-насихатпен алмастырылады. Мұғалiмдер В.А. Сухомлинскийдiң мұғалiмнiң сөзiне, оның оқушымен әңгiмесiне зор мән берген пiкiрiне қосылады. Ал, бiр жағынан, оның педагогикалық іс-әрекеттiң осы бiр саласындағы даналық ақылдарын пайдаланбайды. Бұл мұғалiмнiң мәдени танымдық және дайындығының болмауынан шығар.
Қазiргi уақытта мектеп бағдарламасына өзiн өзi рухани дамыту курсын енгiзу ойластырылып жатыр. Бұл оқушыға адамгершілік тәрбие беру мәселесiн бiршама шешуге мүмкiндiк бередi, бiрақ ол сынып жетекшiсiнiң жоспарлы тәрбие жұмысын алмастыра алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |