Оқыту нәтижесiн тексерудiң мәнi – оқушылардың белгiлi бiр бағдарлама, пән бойынша бiлiм беру стандартына сай бiлiмдi меңгеру деңгейiн анықтау. Алайда, қазiргi педагогикада тұтас педагогикалық процестi тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.
Оқытуды бақылау дегенiмiз, бiр жағынан, мұғалiмдер мен мектептердiң жұмыстарын тексерудiң әкiмшiлiк-ресми тәртiбi, нәтижелерiн басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн қызмет ету. Ал екiншi жағынан, оқытуды бақылау дегенiмiз мұғалiмнiң оқушылар бiлiмiн тексеруi мен бағалауы. Отандық ғылымда “педагогикалық диагностика” атауының қолдану аясы тар және көбiнесе тәрбие саласында көбiрек қолданылады, онда ол тәрбиелiлiк деңгейдiң өлшемi мен талдауын бiлдiрiп, психодиагностикаға жақындай түседi. Оқыту процесiне қатысты “педагогика диагностикасы” атауын жоғарыда келтiрiлген мағынада қолданған орынды. “Бақылау”, “педагогикалық процесс нәтижелерiн тексеру мен есепке алу” сияқты дәстүрлi атаулармен де қолдануға болады.
Бақылау мазмұнының мәнi ерекше. Оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдылары тексеруге жатады деп есептелiнедi. Бiлiмдерден басқа шәкiрттердiң әлеуметтiк және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетiстiктерiн тексерудiң мазмұны болып табылады. Мектеп тек бiлiмдердi қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетiстiктерiн тексеру бағыттарында да жүргiзiлуi керек.
Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерiн есепке алу мен бағалау мұғалiмдер мен оқушылар іс-әрекетiндегi құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.
Мектептерде педагогикалық іс-әрекеттiң нәтижелерiн есепке алу мен бағалау мектеп iшiндегi бақылау жүйесiне енгiзiлген. Мектеп iшiндегi бақылау – қойылған мiндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгiзу мақсатында оқу-тәрбие процесiн жан-жақты зерттеу мен талдау. Мектеп iшiндегi бақылау – күрделi де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртiп ретінде, бiр бiрiмен тығыз байланысты және әрқайсысы белгiлi бiр қызмет атқаратын бөлiктердiң тұтастығынан тұрады.
Мектеп iшiндегi бақылау жүйесi белгiлi бiр дидактикалық талаптарға негiзделедi. Бақылаудың мазмұны мен әдiстерiне деген бұл талаптар үйлесiмдi, басқару қызметiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн жағдайларды анықтайды. Қазiргi зерттеушiлер бақылауға төмендегідей дидактикалық талаптар қояды:
Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы. Егер талаптар төмен болса, бiлiм беру деңгейi де төмендейдi; ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседi.
Алынған ақпарат мазмұнының шынайлығы мен анықтығы.
Оқушылар дайындығының негiзгi элементтерiне талдау жасау қажеттiгi.
Бақылау шапшаңдығы, жүйелiлiгi мен жариялылығы.
Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестiру.
Алынған ақпарат көлемi бойынша бақылаудың келесi түрлерiн ажыратуға болады:
а) жаппай бақылау, мұғалiм мен оқушының жұмысы жүйесiнiң негiзгi компоненттерi зерттелiнедi;
ә) тақырыптық бақылау, кез келген процестiң бөлiгi болып келетiн мәселенiң талдауымен байланысты.
Мектеп iшiндегi бақылаудың белгiлi бiр формалары бар және ол тиiстi әдiстер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдiстерi мен формаларының алуан түрлiлiгi оның объективтiлiгiн арттырып, әрбiр мұғалiм мен тұтас педагогикалық ұжымның іс-әрекетiнiң ұжымдық бағалауы үшiн жағдай жасайды. Бақылаудың әрбiр формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлi кезеңiнде пайда болуы мүмкiн қиыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек.