Нұрсұлтан Назарбаев
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласы
Жобаның өзектілігі: Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халқымыздың материалдық және рухани мәдениетін болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Тілдің арқасында ғана халықтың өмір сүру дағысы, салт-дәстүрі, халықтық тәжірибе, дәстүр жалғастығы сабақтаста сақталып, жаңғыртылып, жетілдіріліп отырады. Осы тұрғыдан алғанда, ата-бабаларымыздың материалдық және рухани мәдениетінің айқын көрінісі, ретінде әйел қолөнерінің туындылары практикалық та, эстетикалық та қызметті қатар атқарған.
Көпшіліктің жадынан шыға бастаған әйел қолөнеріне байланысты атауларды қайта жаңғыртудың, сол арқылы ана тіліміздің байлығын, оның оралымдылығын көрсету осы жұмыстың өзектілігін белгілейді.
Қолөнердің қазақ мәдениетін, тіл байлығын қалыптастырудағы қызметі мен соған байланысты қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен ролін айқындау да тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
«Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сай ұлттық мәдениетімізді зерттеп-білуге зор мән беріліп отырған бүгінгі күнде мемлекеттік «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын, жүзеге асыруға өз үлесін қоса алатындығы да жұмыстың өзектілігін айқындайтындығы күмән тудырмаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |