Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шахтинск қаласы №5 гимназиясы жоба «Қазақ тіліндегі әйел қОЛӨнеріне байланысты халықТЫҚ лексиканың этнолингвистикалық сипаты»


Материал өңдеуге, бұйымды көркемдеуге байланысты атаулар



бет9/25
Дата06.02.2022
өлшемі140 Kb.
#81607
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Жоба для выступления 2

1.2.3. Материал өңдеуге, бұйымды көркемдеуге байланысты атаулар. Жүн өңдеуге байланысты атаулар. Ең алдымен жүн қырқу барысында жүннің ақ, қара, кер қызыл түсті түрлері бөлек-бөлек жиналады, салалы, қылшықты, қысқа, бауыр жүндер бөліп алынады. Одан әрі жүннің іртігін жазу, қайызғағынан арылту, шөп-шаламын тазалау, құмалағын түсіру, үлпілдетіп алу жұмыстары жалғасады. Бұл жүн дайындау шаралары жүн сабау деп аталатын тәсілмен орындалады. Жүн сабау киіз басу дайындығының үшінші басқышына жатады. Киіз бұйымдар дайындау технологиясына байланысты атаулар. Өңделген жүннен түрлі тәсілдерді қолдана отырып киіз жасап шығару ісін киіз басу деп атайды. Киіз басу үшін алдымен сабалған үлпілдек жүнді шиге салып, шыбықтап жаймалайды, яғни киіздің ішкі бетіне арналған жүн шабақталады. Жүнді шыбықпен жаймалау шабақтау деп аталады. Екі адам атқаратын бұл жұмысты кей жерде жабдықтау дейді.Осыдан кейін шабақталған жүннің үстіне бет тартылады, яғни киіздің өң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолымен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып үзіп қалдырады. Бет тартуды бұрыннан машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған әйел ғана орындайды.Киіз тебу – арасына жүн салынып оралған әрі сыртынан байланған шиді әлсін-әлсін ыстық су құя отырып, бір топ адамның домалатып тебуі. Киізді тебушілерге қарама-қарсы тұрған адамды қой бастар дейді. Киіз әбден қатайғанша оны киіз басылып жатқан үйдің маңында домалатып, бір топ адам екі аяқпен кезек-кезек теуіп отырады. Мұндағы басты нәрсе: киіздің бойында тепкі тимеген жер қалып қоймауы керек. Олай етпеген жағдайда киіздің бір жері кірігіп, бір жері кірікпей босап, жүн сол қалпында да қалып қоюы мүмкін. Ондай жер кейін тесік болып қалады.Қазақ тұрмысында киіз тебу бір ауылға ортақ іс болып саналған, өйткені бұл жұмысты бір-екі адамның атқаруы қиын. Киіз тебушілер домалатып тепкен киіздерін қадірлес отаулардың сыртына апарып, «қой басты, қой басты» деп әзілдейді. Ал ол үйдің иесі реті келсе қой сойып, болмаса қымызбен яки құрт-май алып шығып, киіз тебушілерді қонақ етә салтын жасайды.
Түр салынған киіз текемет деп аталады. Яғни киіз бен текеметтің айырмасы киіздің оюлы немесе ою-өрнексіз басылуына байланысты. Киізге түр салып басуды текемет басу дейді. Текеметке салынатын түр яғни ою-өрнек екі түрлі жолмен салынады: 1) түр ойыстырып салу; 2) шүйкелеп түр салу.
Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым сырмақ деп аталады
Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады.
Қолөнер бұйымдарындағы қол тігісінің атаулары. Қол тігісінің эстетикалық қызмет атқарған түріне қарапайып ине-жіппен кесте тігу, кестелеу жатады. Қазақ тілінде кесте сөзі «мата бетіне түсті жіптен тоқылған, тігілген әшекейлі өрнек» деген ұғымда, ал кестелеу «мата бетіне түрлі түсті жіппен әшекейлі өрнек тоқу» ұғымында қолданылады.
Қазақ халқына тән кестенің байырғы түрлеріне шым кесте, біз кесте, әредік кесте, деген түрлері жатады. Біз кесте, шым кесте, шынжыр тігу.жұлдызша тігу, иректеп тігу, санамалап тігу. Жіп суыруға арналған бір бөлек мата жыртындысын шеберлер суыртпақ деп атайды. Осындай мата кесіндісінен біртіндеп жіңішке жіптерді суырып алуды суыртақтау дейді.
Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы – нәзік сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады: құрақтың суы құрақтың көзікекілік қасқайшы құрақтаңлай құрақ –, жұлдыз құрақтырнақ қатар және т.б.
Тері өңдеуге байланысты атаулар. Тері өңдеудің алуан түрі мен атауы бар: илеу, и жағу, ыстау, құрымдау, жидіту, талқыға салу, т.б. И жағу – тері бетіне ұн, тұз араластырған іркіт жағу иі қану –иі болу мерзімі иі сіңу. И – мал терісін өңдеу үшін ашыған іркіттен, айранның сары суынан ұн, кебек, тұз араластырып дайындалған малма. И мен малма атаулары бір ұғымды білдіреді. «Біреу малма сапсиды салып иін» (Абай).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет