Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шахтинск қаласы №5 гимназиясы жоба «Қазақ тіліндегі әйел қОЛӨнеріне байланысты халықТЫҚ лексиканың этнолингвистикалық сипаты»


Әйел қолөнерінде қолданылатын материал атаулары



бет7/25
Дата06.02.2022
өлшемі140 Kb.
#81607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
Жоба для выступления 2

1.2.1.Әйел қолөнерінде қолданылатын материал атаулары. Әйел қолөнерінде дайындалатын дәстүрлі бұйымдарды дайындау үшін қолданылатын шикізат- (киіз, киім, кілем, алаша, сырмақ, арқан-жіп, бау-шу, ши) төрт түлік малдың жүні мен терісі, аң терілері мен құстың мамығы және өсімдіктер болды.Басты материал жүн деп аталатындығы белгілі. Қой жүні жабағы, күзем жүн, тоқты жүні, қозы жүні, өлі жүн, шет-пұшпақ деп ажыратылады. Қойдың күзде қырқылған жүні күзем жүн немесе еркек жүн деп те аталған. Күздігүні мал жүнін қырқып алуды күзем алу дейді. Сонымен бірге шілдеде, тамыз айының басында қозылардың жүні де қырқылады. Оны қозы күзем дейді.
Ешкі жүнін түріне қарай түбіт, қылшық деп атайды. Түбіт – қылшық жүннің астындағы үлпілдек, биязы жүн, ал қылшық – жүннің ірі әрі қатқыл талшығы. Жылқының жал-құйрығы қыл деп аталады. Жылқы қылынан есілген, жылқы терінің иісі сіңген арқанды жолаушылар өздерімен бірге алып жүрген. Өйткені ұзақ жолда бір жерге жатып, айдалада түнеуге тура келгенде, қыл арқанды шеңбер сияқты етіп тастап, адам соның ортасына жатып алаңсыз ұйықтай берген, өйткені мұндай арқан жатқан жерге жылан, жәндіктер жоламайды екен.Зерттеушілердің пікірінше, жан-жануарлар терісінде өсетін жүннің, қылшықтың қандайын болмасын жинақтап, бір сөзбен түк деп атайды. Көне түркі тілінде тү – «денедегі қылшық», «шаш», «жүн», «қауырсын», ал түк «шаш» және «жүн» деген ұғымда қолданылған [ДТС, 594-595 бб.]. Көне түркі тіліндегі тү түбірі тіліміздегі түбіт, түле, түк (тү-к), түт (жүнді түту дегендегі) сөздерінің құрамында ұшырасады. Қорыта айтқанда, әйел қолөнерінде қолданылатын материал атауларынан қазақ халқының табиғатпен тығыз қарым-қатынасы, Қазақстан фаунасы мен флорасы туралы тәжірибелік білімі, табиғат байлықтарын игеру және оларды күтіп-сақтау тәжірибесі, эстетикалық талғамы нақты көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет