Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шахтинск қаласы №5 гимназиясы жоба «Қазақ тіліндегі әйел қОЛӨнеріне байланысты халықТЫҚ лексиканың этнолингвистикалық сипаты»


Адам мен жан-жануардың дене мүшелеріне байланысты қалыптасқан атаулар



бет24/25
Дата06.02.2022
өлшемі140 Kb.
#81607
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Жоба для выступления 2

2.12. Адам мен жан-жануардың дене мүшелеріне байланысты қалыптасқан атаулар. Мысалы: аяқ текемет – аяқ астына төсейтін кішкентай текемет; баскиім – басқа киетін киім түрлерінің жалпы аты; бас алма – ұршықтың басын (қаңғалағын) суырып алып толтыру; бой мата – басқа нәрсеге емес, киім тігуге арналған мата, бой жіп – кілем өрмегіндегі жоғарыдан төмен қарай үш кейде төрт қатар болып тізілген жіп.


ҚОРЫТЫНДЫ
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халқымыздың материалдық және рухани мәдениетін болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал екеніне көзім жетті. Тілдің арқасында ғана халықтың өмір сүру дағысы, салт-дәстүрі, халықтық тәжірибе, дәстүр жалғастығы сабақтаста сақталып, жаңғыртылып, жетілдіріліп отырады екен. Көпшіліктің жадынан шыға бастаған әйел қолөнеріне байланысты атауларды қайта жаңғыртудың, сол арқылы ана тіліміздің байлығын, оның оралымдылығын көрсетуге өзімнің аздаған болса да үлесімді қоса алдым десем болады.
Қолөнердің қазақ мәдениетін, тіл байлығын қалыптастырудағы қызметі мен соған байланысты қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен ролін жете түсіндім. Қазақ әйелдерінің қолөнеріне байланысты атаулар– этностың өткен өміріндегі тұрмыс-тіршілігінің айнасы, ғасырлар бойғы мәдениетінің тұнып тұрған мұражайы екендігін тағы да дәлелдей түскендей болдым. Әйел қолөнеріне байланысты атаулар ұлттық сөздік қордың ауқымды қабатын құрайтын күрделі таңбалар жүйесі болып табылатынына көзім жетті. Әйел қолымен өңдеп дайындалған бұйымдар (көбінесе жүннен) –материалдық және рухани мәдениеттің тоғысуын бейнелейтін этномәдени туынды екені туралы тұжырымға келдім. Өзімнің қолөнерге деген қызығушылығым пайда болды. Бұл тақырыпты әлі де терең зерттеуге мақсат қойдым. Мені тақырыптың ғылыми-теориялық жағы қызықтырды. Әйел қолөнеріне байланысты атаулар қазақ әйелдерінің саналы шығармашылық еңбегінің, эстетикалық талғамының деңгейін және табиғатты игеру тәжірибесінің, рухани танымының жетістігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет