Жобаның нысаны: Әйел қолөнеріне байланысты атаулар.
Жобаның пәні: Қазақ тіл білімі.
Зерттеу әдістері: Дереккөздерді жинау барысында сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері, сауалнама, атаулардың мағыналық өрісін анықтауда лексика-семантикалық талдау, семасиологиялық, ономасиологиялық, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.
Жобаның жаңалығы: Қолөнерінің нақты бір түрі ретінде зергерлік өнерінің лексикасына, киіз үйге, ою-өрнекке, музыка аспаптарына, киім атауларына байланысты жұмыстары жазылғанмен, әйел қолөнерінің лексикасы көпшілік алдында арнайы қарастырылған емес. Бұл жұмыста тіл мен мәдениеттің, материалдық және рухани мәдениеттің сабақтастығы, әйел қолөнерінің салт-дәстүрдегі, дүниетанымдағы көрінісі этнолингвистикалық талдаулар арқылы сараланып, әйел қолөнеріне байланысты атаулардың шығу тегі айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |