Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі



бет1/4
Дата27.07.2017
өлшемі390,51 Kb.
#22102
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі

Құжат СМК 4 кезеңдегі

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.64/03-2013ж



Қылмыстың саралау ғылыми негіздері пән бойынша оқу-әдістемелік кешен атауы

Заңтану 5В030100


Баспа №1

Оқу-әдістемелік кешен

Қылмыстың саралау ғылыми негіздері

Заңтану мамандығына 5В030100

Семей 2013ж

Мазмұны





1

Глоссарий

4

2

Дәріс

4

3

Практикалық сабақ

4

4

Курсовой жұмыстарын тақырыбы

5

5

Студенттін өздік жұмыс

6


1 Глоссарий

Саралау (квалификация) термины «gualis» - сапа, «facere» -істеу деген латынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.

Қылмысты саралау – тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады.

Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Негізгі тікелей объект – қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.

Қосысмша тікелей объект - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.

Факультативтік тікелей объект – қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қылмыс заты – осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.


Дәріс сабағы

Тақырып 1. Қылмыстарды саралаудын түсінігі мен манызы

Дәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың түсінігін ашу, манызын анықтау

Сұрақтар:


  1. Қылмыстарды саралау түсінігі

  2. Қылмыстарды саралаудың маныздылығы

Қылмыстық жауапкершіліктің негізі- бұл тұлғаның іс әрекетінде заңмен көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілерінің болуы. Яғни, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормаларымен тұра көзделген іс әрекетті жасаған тұлға қылмыстық жаупкершілікке тартылады.

Қылмысты саралау процесі тек қылмыс құрамы негізінде ғана жүзеге асырылады, себебі, ол қажетті қылмыстық-құқықтық үлгі (эталон) болып саналады, оны мен салыстыру арқылы жасалған қылмыстын мазмұны мен сипатын толық және дәл көрсететін, тиісті қылмыстық-құқықтық норманы тандауға болады.

Саралау (квалификация) термины «gualis» - сапа, «facere» -істеу деген латынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.

Қылмысты саралау – тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Қылмыстық жауапкершіліктін негізі не болады?

  2. Қылмысты саралау дегеніміз не?


Тақырып 2 Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

Дәріс мақсаты: Қылмыс құрамынын түсінігін және құрылымын анықтау

Сұрақтар:


  1. Қылмыс құрамының түсінігі

  2. Қылмыс құрамының құрылымы және маңызы

Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы элементтері деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар;


  1. қылмыс объектісі

  2. қылмыстың объективтік жағы

  3. қылмыс субъектісі

  4. қылмыстың субъективтік жағы.


1.Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер кіреді.

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.

Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан тысқары болсада, оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.

Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Саралау – адамға қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме – дәл жатқызу болып табылады.

Жалпы қылмыс құрамының маңыздылығы зор. Себебі, қылмыстың субъектісі, субъективтік жағының қылмыс құрамын қарап, дәрежесі, тәсілін анықтау – сол арқылы жаза тағайындау маңыздылығы ерекше. Сондықтан да, қылмыс құрамын толық білмей қылмыстың қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі нақты қылмыстарды саралау мүмкін емес.


 

2.Қылмыстық құрамдардың белгілері

 

Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларының диспозицияларында қолданылатын белгілерге зер салсақ , олардың біркелкі сапада емес екндігін байқауға болады.   Қылмыс қрамдарының белгілері генесологиялық мағынада 1)обьективтік және



2)субьективтік деп екі топқа бөлінеді

Обьективтік белгілер қылмыс құрамының обьектісі және обьективтік жағын сипаттайтын белгілерді білдіреді. Субьективтік белгілер –қылмыс құрамының субьективтік жағын және субьектісін сипаттайтын белгілер болып табылады.

  Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді үш топқа бөлуге болады.

1)                    негізгі немесе конститутивтік

2)                    ауырлататын  немесе  сараланған

3)                    жеңілдететін

1.негізгі  немесе  конститутивтік белгілер деп қылмыстық құрамдардың негізгі немесе ауырлататын  құрамдарына , сондай-ақ жеңілдететін құрамдарына  да  тән белгілерді айтамыз.

2. Ауырлататын белгілер қылмыстың құрамында  тікелей келтірілген  ауырлататын жағдайларды білдіреді. Ол ауырлататын жағдайлар қылмыстық құраимды  сипаттайтын белгілердің түрлерінде кездеседі, яғни  зардаптың көлеміне , қылмысты жасау  орыны, уақыты, тәсілі жағдайы, құралына қарай және ниетімен мақсаттың , қылмыс субьектісінің түріне қарай ауырлатады.

3. Қылмыстық құрамдар кінәні жеңілдететін қылмыс  түрі ретінде бағалануы үшін , ол жеңілдететін белгі құрамның мазмұнында келтіріледі. Мұндай   жағдай да ауырлататын құрамдардағы сияқты кінәні жеңілдететін белгі қылмыстық құрамының міндетті белгісі  ретінде норма дисплзициясында тікелей  көрсетіледі.  Жеңілдететін белгі  баптың  атауында немесе диспозициясында тікелей көрсетілгенде ғана құрамның міндетті белгісі  ретінде бағаланып, қылмыс осы белгісіне қарай  квалификацияланады.

Қылмыстық құрамның белгілері анықтау дәрежесіне қарай екіге бөлінеді:

1)                    анықталған

2)                    бағаланатын

Анықталған белгінің мағынасын түсіну , қылмыс құрамын анықтайтын белгінің бар немесе жоқ екендігін анықтауда қиындық тудырмайды  және  мұндай белгілер заң  баптарының  өзінде келтіреді немесе оның түсінігі ашылады.

  Бағаланатын белгілердің түсінігі немесе оның анықталу дәрежесі  диспозицияда  келтірілмейді . Мұндай топқа жататын белгілерді практикада  квалификация жүргізуші субьектілер өз көз- қарасымен немесе  құқытық санамен анықтайды.

  Бағаланатын  ұғымдардың заңды өмір сүру себебі, әрекеттердің көріністері  әр түрлі  деңгейде болатындығына және көп түрлі мазмұнды иеленетіндігіне соған сәйкес әр жағдайдағы қауіптілік дәрежесін заңда бейнелеу мүмкін еместігіне және нақты қылмыстың сол кездегі  жағдайларына қарай анықтау қажеттілігіне  байланысты болып табылады.

  Қылмыс құрамдарының белгілері қылмыстық –құқыөтық маңыздылығына қарай:

1)                    позитивтік және негативтік деп екі топқа бөлінеді.

Қылмыс құрамдарында кездесетін белгілер мағынасы , маңыздылығы бойынша көбінесе растап тұрса , ал кейбіреулері теріс мағынада түсіндіру қызметін атқарады. Позитивтік белгілер –бұл қылмыс  құрамының бар екендігін ия деген мағынада білдіреді. Ал негитивтік белгілер қылмыс құрамының белгілеріне екінші белгілерді қарсы қойып түсіндіреді. Қылмыс құрамының жоқ екндігін білдіретін белгілер түрінде көрінеді. Қылмыс құрамының  жоқ екендігін білдіретін белгілер Ерекше  бөлім  баптарының  ескертпелерінде кездеседі. Мысалы 251  баптағы қаруды , оқ-дәрілерді , жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды  заңсыз алу , беру, өткізу ,  сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмысының ескертпесіндегі өз еркімен тапсырған адам  деген  белгіні  айтуға болады. Мұндай ескертпелер терроризм , кепілге алу, парақорлық , қылмысты жасыру , хабарламау қылмыстарында  кездеседі . Сонымен қатар негативтік белгілер Жалпы бөлімнің баптарының атауларында немесе диспозицияларында  да кездеседі.

  Негативтік белгілер Ерекше бөлім нормаларының диспозицияларында  да жеткілікті кездеседі. Қылмыстық құрамдардың белгілерін тұрақтылығына қарай:1) тұрақты

2)                    айнымалы деп бөлуге болады.

Тұрақты белгілер ретінде қылмыстық заңның қолданыстағы уақытында өзгермейтін құрам белгілері  алынады. Тұрақты белгілер Ерекше бөлім баптарының диспозицияларында ғана  емес, олар Жалпы бөөлім нормаларына  да тән болып келеді. Мұндай белгілерге нақты  қылмыс құрамдарын талдауда қолданылатын белгілермен қатар , көпшілік қылмыс түрлерін немесе кейбір  жағдай да барлығын сипаттауда қолданылатын белгілер де жатады.

Ал нақты қылмыс түрлеріндегі тұрақты белгілер бұрынғы заңдарда басқаша берілген болуы мүмкін, бірақ жаң қабылданған заң ол   белгіде басқаша  нұсқада беріп және ол занның  күшінде болу бүкіл уақытында сақталады.  Мысалы 1998 жылға дейінгі қылмыстық заң   бойынша өлтіру –бұл құқыққа қайшы түрде басқа адамды өмірінен  айыру болып анықталады. Ал 1998 жылдан бастап күшіне енген заң кісі өлтіруді «басқа  адамға құқыққа қарсы қасақан қаза келтіру» деп  анықтайды. Бұрынғы заң мен  қазіргі заңның бұл анықтамадағы басты айырмашылығы  кісі  өлтірудің  тек «қасақана » түрде жасала алатындығы  болып табылады.

  Тұрақты белгілер әдетте қылмыстық-құқықтық норманың өзінде келтіріледі, ал басқа нормативтік актілерде көрсетілгенде айнымалы сипатқа көше бастайды. Себебі әр түрлі шаруашылық, қауіпсіздік саласына арналып шығарылған өзге ведомствалық заңдар техникалық прогреске, талаптың күшеюіне , бұрын белгілі  болмаған  жайттар ашылуына т.б. байланысты жиі өзгерістерге ұшырайды. Қылмыс құрамының белгілері бланкетті болған жағдайд а өзге ведомстволардағы өзгерістер қылмыстық құрам белгісінің де өзгеруіне соқтырады. Мысалы нақты өндіріс салаларында қолданылатын техникалық қауіпсіздік ережелеріне өзгерістер негізілгенде , мұндай өзгерістерде  ауыр зардаптарға соқтырған  қауіпсіздік ережелерін сақтамау қылмыс ретінде  заңда қарастырылса, онда бұл өзгерілген белгілер айнымалық сипатты көрсетеді. Қылмыстық заңда мұндай бланкетті құрамдар қоғам қауіпсіздігіне ,  экология  қауіпсіздігіне , экономикалық қызметке қарсы бағытталған қылмыстарда көптеп кездеседі.

  Қылмыстық құрам белгілерін айнымалылыққа соқтыратын келесі жәйт, ол белгілі –бір қылмыс түрлері  бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының қылмыс белгісін түсінуде жаңа ұсынысты көрсетуі болып табылады. Жоғарғы Сот қаулыларының жаңаша жетекші ұсыныстар көрсетуіне себеп  болатын жағдайлар, қылмыстық құқық ғылымының жетістіктерін қолдану ,  қате пайымдауларды түзету тағы басқа  бола  алады.

 

 


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыс құрамынын түсінігі.

  2. Қылмыс құрамынын құрылымы.



Тақырып 3 Қылмыстың объектісі бойынша саралау

Дәріс мақсаты: Қылмыс объектісінін түсінігін, саралаудығы маңызын ашу

Сұрақтар:


  1. Қылмыстың объектісінің түсінігі және маңызы.

  2. Қылмыстың объектілерінің түрлері бойынша саралау.

  3. Қылмыстың заты бойынша саралау

Кез келген қылмысты ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.

Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады.

Қоғамдық қатынастар қоғамдық қоғамдық экономикалық формацияларында байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі.

Қылмыс объектісі







Жалпы




Тікелей


Топтық

Жалпы объект – заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынты.

Толық объект – қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі.

Тікелей объект – заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуы.


Тікелей объект









Негізгі тікелей

объект

Факультативтік

тікелей объект


Қосымша тікелей

объект

Негізгі тікелей объект – қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.

Қоысмша тікелей объект - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.

Факультативтік тікелей объект – қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қылмыс заты – осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Қылмыс объектісі дегеніміз не?

  2. Қылмыс объектісінін манызы.


    Тақырып 4 Қылмыстың объективтік жағы бойынша саралау

    Дәріс мақсаты: Қылмыстын объективтік жағына түсініктеме беру, және оның маңызын анықтау

    Сұрақтар:


  1. Қылмыс құрамының объективтік жағының түсінігі және маңызы.

  2. Қылмысты іс әрекет және саралау мәселелері.

  3. Қылмысты зардаптың түрі және көлемі бойынша саралау.

  4. Себепті байланыс және оның қылмысты саралаудағы маңызы.

  5. Қылмыстың объективтік жағының қосымша белгілері бойынша саралау

Қылмыстың объективті жағы қылмысты істеген адамның мінез құлқылық сыртқы көрінісін блдіреді.

Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстық объективтік жағының белгісі болып табылатын « Қоғамға қауіпті зардап» ұғымын білдіреді.

Қоғамға қауіпті іс-әрекет одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгі себепті байланыс деп аталады.

Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне:

- әрекет пен әрекетсіздік

- қылмыстық зардап

- себепті байланыс

Жатса, ал, объективті жағынан факультативті белгілеріне:

- қылмыс тәсілі

- қылмыс құралы істелу жағдайы

- қылмыс орны

- уақыты жатады.

Іс - әрекет - адамның мінез – құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болса, қылмысты зардап – қылмыстық заңда көрсетілген қоғамдық қатынастарға әрект пен әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болып табылады.

Себепті байланыс – қоғамда қауіпті іс - әрекет одан туындайтын зардаптың арасын объективті түрде жалғастыратын себепті байланыс. Қылмысты объективтік жағының факультатвитік белгілеріне келсек, қылмыс тәсілі дегеніміз – кінәлі адамның іс-әректті істеудегі қолданылатын әртүрлі әдістері мен айлалары.

Қылмы істелу орыны 1-деп, қылмыс істеген кеңістікті, 2-деп, жер бетінің қай бөлігінде қылмыс істегенін анықтайды.

Жалпы, қылмыстың объективтік жағы болсын немесе объективтік жағының факультативтік белгілерінің негізінен үш түрлі маңызы бар:



  1. бұл белгілер қылмыс құрамының міндетті, қажетті белгілері болуы
    керек

  1. белгілер қылмыс құрамының ауырлататын түрін белгілеуі мүмкін

  2. қылмысты саралауға әсер болмаса да жазаны жеңілдететін немесе

ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады.

Жалпы, қылмыстың объективтік жағының жауапкершілік пен жаза тағайындаудағы маңызы ерекше.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Қылмыстын объективтік жағы дегеніміз не?

  2. Іс әрекет, зардап және екеуінін арасындағы себепті байланыс дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет