Тақырып 4 Қылмыстың объективтік жағы бойынша саралау
Дәріс мақсаты: Қылмыстын объективтік жағына түсініктеме беру, және оның маңызын анықтау
Сұрақтар:
Қылмыс құрамының объективтік жағының түсінігі және маңызы.
Қылмысты іс әрекет және саралау мәселелері.
Қылмысты зардаптың түрі және көлемі бойынша саралау.
Себепті байланыс және оның қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмыстың объективтік жағының қосымша белгілері бойынша саралау
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және қылмысты саралау
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын тұлғаның әлеуметтік қауіпті жүріс-тұрысының сыртқы жағының көрінісі қылмыстың объективтік жағы болып табылады. Нақты қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында ол барынша сипатталып жазылады.
Адамның әрбір әрекетін соның ішінде қылмыстық әрекетін ой арқылы екі құрамдас бөлікке бөлуге болады: белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолдары мен құралдарын, сезіну, белгілі бір шешімді қабылдаудан тұратын интеллектуалдық-еріктілік және нақты әрекет арқылы яғни сыртқы объектіге белгілі бір ықпал ету жолымен ойластырған шешімді жүзеге асырудағы нақты әрекет.
Адамның әрекетін ішкі және сыртқы жақтарға бөлу жоғарғы дәрежеде шартты болып табылады. Адамның қылығының жануардың жүріс- тұрысынан айырмашылығы да сол, оның барысында адамның санасы, еркі қатысты болады.
Жалпылама түсінігінде қылмыстың объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті қол сұғудан көрінетін адамның сыртқы жүріс-тұрысының актісі болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы негізінен төмендегідей белгілерден тұрады. 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 2) қоғамдық қауіпті салдар; 3) іс-әрекет және салдар арасындағы себепті байланыс; 4) қылмыстың жасалған орны, уақыты, жағдайы, тәсілі мен құралдары.
Біздің ойымызша аталған ұстаным дұрыс, іс-әрекеттің сырқы жағын саралау осыған негізделуі тиіс.
Алайда құқықтық әдебиеттерде қылмыстың объективтік жағының белгілеріне қатысты өзге де пікірлер айтылған. Мысалы, А.А. Пионтковский қоғамға қауіптілікті оның белгісі ретінде қарастыруды ұсынады. В.Н. Кудрявцев қылмыстың жасалу тәсілін, орнын және жағдайын объективтік жақтың «дербес элементтері» ретінде қарастыруды танымайды себебі олар қылмыскердің іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздікті) ғана сипаттайды. П.И. Гришаев объективтік жақтың міндетті белгісіне тек қоғамға қауіпті іс-әрекетті ғана жатқызады.
Бұдан байқайтынымыз қылмыстың объективтік жағының мазмұны даулы мәселе әрине бұл оны бірегей түсінуде, ақыр аяғында жасалған қылмысты саралауда ықпалын тигізбей қоймайды. Б.А. Криков «Қылмыстың объективтік жағы – бұл қылмыстық іс-әрекеттің «өзегі». Ең алдымен қылмыстың сыртқы жағында қоғамға қауіпті іс-әрекетті объектендіреді».
Іс-әрекетті қылмыстың объективтік жағы бойынша саралау қылмыстық жазалауға жататын әрекет немесе әрекетсіздік фактісін және оның салдарын анықтаудан басталуы тиіс. ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында кейбір жағдайларда қылмыстық нәтижені ғана көрсетіп қояды. Қылмыстың объективтік жағы барынша толық жазылып, іс-әрекет және салдар туралы толық айтылған диспозицияларда бар. Мысалы ҚК-тің Ерекше бөліміндегі 103 бап: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру – деп сипатталған.
Қылмыстық заңда қылмыс құрамы белгілерін сипаттап жазудың заңи-техникалық әдістері қылмысты іс-әрекетті саралау үшін үлкен маңызға ие болады. Егер заң бабының диспозициясында субъектінің әрекеті сипатталып жазылып, олардың толық тізімі бекітілген болса соттың кеңейтілген түсіндіру арқылы өз қалауы бойынша олардың қатарын көбейтуге құқығы жоқ. Егер де диспозицияда қылмыстық салдар көрсетілген болса онда тергеу және сот органдары аталған салдарға әкелген тұлғаның қоғамға қауіпті жүріс-тұрысының түрлерін анықтауға міндетті, залалдың келтірілуі қасақаналық немесе абайсыздық екендігін тиісті саралап одан әрі ҚК-тің нақты бабы бойынша жүргізілуі керек. Ендеше адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық құқыққа қайшылықта болуы керек, осындай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайда жасалған, заңда көрсетілген салдарға алып келген қылық болып табылмауы тиіс. Адамның сыртқы жүріс-тұрысының жекелеген немесе бірнеше мәрте актілерін, сонымен қатар оның белгілі бір құралдары, өндірістік үрдістерді, заттардың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланып қылмыс жасауын біз қылмыстық әрекет ретінде түсінеміз. Тиісті жағдайда кінәлі тұлға жасауға міндетті және жасай алатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивтік жүріс-тұрысын қылмыстық жауаптылықты туындататын әрекетсіздік ретінде бағалаймыз. Аталған әрекетсіздік кей реттерде ауыр салдардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, және де ол адамдардың өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығынан туындайды. Бұл жерде біз азаматтың құқықтық міндеттемелігі жөнінде айтуға тиістіміз. Аталған міндеттемелік төменде көрсетілгендерден туындайды. 1) заңның немесе өзге нормативтік актінің тікелей міндеттеуінен 2) қызметтік, кәсіби міндеттерді, туыстық және өзге де жеке өзара қатынастарды атқару міндетілігінен 3) азаматтың бұрынғы қызметінен туындауы немесе тұлғаның өзінің құқық арқылы қорғалатын мүддені қауіпті жағдайда қалдыру яғни, қауіпті салдардың пайда болуы қаупін туындатуы.
Қылмыс ретінде бағаланатын әрекетсіздік барысында тергеу органдары мен сот кінәлі тұлғаның белсенді әрекеттерді жүзеге асыруы арқылы залалдың алдын алуға нақты мүмкіндігі болғандығын дәлелді түрде анықтауға міндетті. Егер тұлғаның ондай мүмкіндігі болмаса әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылық туындамауы тиіс. Қылмыстық салдар түсінігі тұрғысында мәселе күрделілек болып табылады. Олардың мәнісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғудың нәтижесі – залалда. Залал немесе зиян әртүрлі болуы мүмкін материалдық, психологиялық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және тағы басқалай.
Залалдың сипаты мен мөлшері ҚК-те анықталған. Заңшығарушы топтық және тікелей объектінің маңыздылығы мен құндылығын басшылыққа алады. Құқыққа қарсы әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі оның болған немесе нақты болуы мүмкін нәтижесі осыған негізделіп, айқындалады. Мысалы мемлекетке қарсы қылмыстар саяси және экономикалық залалдар келтірсе, жеке адамға қарсы қылмыстар – тәндік және психикалық зияндар келтіреді.
Құрлысы жағынан қылмыс құралдары жай және күрделі болып бөлінетіндігі белгілі. Күрделі құрамдарда бір емес, екі немесе оданда көп қылмыстық салдар болуы мүмкін. Мысалы бұзақылықтың объектісі қоғамдық тәртіп болып табылады және бұл түсінікке меншік нысандарына қол сұғылмаушылық, қоғамдағы жүріс-тұрыс тәртібін сақтамау да кіреді.
Жалпы алғанда материалдық және тәнге келтірілген зиянды барынша жеткілікті түрде шамалауға немесе өлшеуге болады. Оларды есептеу барысында төмендегідей негіздер басшылыққа алынады. Белгілі бір нәрсенің құны, саны, сапасы, зиян мөлшері, талан-тараж мөлшері, денсаулыққа келген залалдың және еңбек қаблеттігінің жоғалту дәрежесі.
Саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық психикалық, әлеуметтік мәнісіндегі моральдық зияндар көзге көрінбейтін сипатта болғандықтан оларды өлшеу белгілі бір қиындықтарды туғызады. Осы орайда уақыт, қол сұғу объектісіндегі зиянды өзгерістердің ұзақтығы, тереңдігі, тұрақтылығы, қылмыс объектісінің құндылығымен айқындалатын келтірілген зиянның орнының толтырылмайтындығы, іс-әрекеттің жасалған орны және уақытына сәйкес объектінің залалсыз қызмет атқаруының өзектілігі және басқа өлшем бірліктерін басшылыққа аламыз.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық салдарды негізгі және қосымша қылып бөлу қалыптасқан. Олардың алғашқысы қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын құрам белгілерінің жиынтығына кіреді. Ал екіншісі яғни қосымша салдар белгілі бір жағдайда әртүрлі пікірлерді қалыптастырып отыр.
Қылмыстық нәтиже ретінде қылмыстық заңда қарастырылған, тұлғаның әрекетімен немесе әрекетсіздігінің ықпалымен жүзеге асырылатын және қылмыс құрамының объективтік белгілеріне жатқызылатын қоршаған әлемдегі өзгерісті түсінуіміз керек. Аталған қылмыстық салдар қылмыстық заңмен қорғалатын әлде қандай объектілерге тікелей немесе жанама залал келтіреді немесе залал келтіру қаупін туғызады. Я.М. Брайнин «қылмыстың салдары» және «қылмыстық нәтиже» түсініктерінің арасына айырым қою қажеттілігі жөнінде айтқан. Ол қылмыстың салдарына қылмыстық әрекет ықпал еткен сыртқы әлемдегі барлық өзгерістерді жатқызады. Мысалы, адам өлтірудегі – жәбірленушінің өлуі және туыстарының қайғыруы : қылмыс құрамының болуы үшін маңызы бар сол салдар қылмыстық нәтиже болады, оларсыз қылмыс аяқталған болып есептеліне алмайды және нәтиже берілген қылмыстың құрамын анықтай алатындай.
Қылмыстық құқықтығы себепті байланыс өзінің негізін анықтайтын басымдығымен құбылыстар мен олардың заңи маңыздылығының арасындағы себеп салдарлық қатынастарды ашу мен түсіндіруден көрінеді. Қылмысты объективтік жағы бойынша саралауда осындай байланысты анықтау міндетті қажеттілік. Қылмытың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде танылатын іс-әрекетпен нәтиженің арасындағы себепті байланыс нақты және өзінің сипаты бойынша кінәлі болуы тиіс.
Қылмыстық құықтағы себепті байланысты ғылыми – практикалық салыстырмалы түрде үнемі зеттеу төмендегілерді қуаттайды:
Субъектінің қылмыстық-құқықлық белгілерге ие болатын нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі себептілік арқауының бірінші түйіні.
Әрекет (әрекетсіздік)уақыты бойынша нәтижеден озық болуы тиіс.
Іс-әрекет залалдық туындауының қаупін туғызатындай құқыққа қайшы немесе адамгершілікке жат болуы тиіс.
Іс-әрекет залалдың болуының қажетті шартының ролін атқарады.
Іс-әрекет саладрдың тек қана қажетті шарты ретінде танылмай себебі болуы тиіс және жалпылама емес, қылмыстың жасалуының нақты мән-жайында
Іс-әрекетпен салдардың арасындағы әрқашан объективті болып табылатын себепті байланыстың және олардың арасындағы қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінәлі байланыстың араласуына жол бермеу керек.
Ең алдымен объективті себепті байланысты, ал содан кейін субъектінің оның көре білуін анықтау қажет. Пайда болған қылмыстық салдардың заңдылығы мен кездейсоқтылығы істің мән-жайын олардың жиынтығында бағалау негізінде шешілуі тиісті практикалық мәселе болып табылады. Е. деген азамат кәмелетке тломаған Г-нің өзінің атын қуып жүргенін көріп оны ұстап алып ұрған Г. Е-нің қолынан жұлқынып шығып қашып бара жатқанда шарбақтан секіріп аяғын сындырып алған кейіннен ауруханада қанға инфекция түсуінен қайтыс болған. Берілген жағдайда Е-нің әрекеттері болған салдардың себебі болып табылама?
Әрине олардың қылмыстық нәтижеге дейін жасалғандыы дау туғызбайдОлардың яғни қылмыстық салдардың пайда болуына қажетті шарттар болғаны да түсінікті себебі егер Е. Г-ні ұрып қорқытпаса ол аяғын сындармас еді ендеше, қоғамға қауіпті салдарда туындамас еді. Алайда жәбірленушінің өлімі аяқтың сынуы нәтижесінде пайда болған жарақатқа инфекция түсуінен болған. Алайда аталған салдар Е-нің әрекеттері үшін объективті түрде кездейсоқ болып табылады. Сондықтан ол олар үшін жауапты болып табылмайды.
Қылмыстық құқық теориясында зиянды салдар қажетті белгі болып табылмайтын құрамдар формальдық құрам дап аталады. Жасалған іс-әрекетті саралау барысында тек әрекет (әрекетсіздік) ғана анықталады, ал қылмыстық нәтиже және себепті байланыс құрам шеңберінен тыс қалады және саралауды талап етпейді.
Белгілі бір қылмыстық салдардың нақты пайда болуын немесе пайда болу мүмкіндігі қарастырылған құрам материалдық құрам деп аталды.
Қылмыстық құқық саласындағы мамандардың көпшілігі қылмыстарды формалдық және материалдық қылып бөлу ұстанымын қуаттайды және маңызды прақтикалық мәніске ие деп санайды. Сонымен қатар осы мәселе төңірегенде бірталай пікірталастардың да бар екенін айта кету керек. Алайда ондай теоретикалық мәністегі пікірталастарды талдауды біз өзіміздің жұмысымызға мақсат етіп қоймадық.
Жалпы айтқанда қылмыстық-құқық норманы бірінші кезекте ҚК-тің Ерекше бөлімін жетілдіру қоғамды қылмыстан табанды және ықпалды қорғау бағытында жүргізілуі керек.
Қылмыстың объективті жағы қылмысты істеген адамның мінез құлқылық сыртқы көрінісін блдіреді.
Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстық объективтік жағының белгісі болып табылатын « Қоғамға қауіпті зардап» ұғымын білдіреді.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгі себепті байланыс деп аталады.
Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне:
- әрекет пен әрекетсіздік
- қылмыстық зардап
- себепті байланыс
Жатса, ал, объективті жағынан факультативті белгілеріне:
- қылмыс тәсілі
- қылмыс құралы істелу жағдайы
- қылмыс орны
- уақыты жатады.
Іс - әрекет - адамның мінез – құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болса, қылмысты зардап – қылмыстық заңда көрсетілген қоғамдық қатынастарға әрект пен әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болып табылады.
Себепті байланыс – қоғамда қауіпті іс - әрекет одан туындайтын зардаптың арасын объективті түрде жалғастыратын себепті байланыс. Қылмысты объективтік жағының факультатвитік белгілеріне келсек, қылмыс тәсілі дегеніміз – кінәлі адамның іс-әректті істеудегі қолданылатын әртүрлі әдістері мен айлалары.
Қылмы істелу орыны 1-деп, қылмыс істеген кеңістікті, 2-деп, жер бетінің қай бөлігінде қылмыс істегенін анықтайды.
Жалпы, қылмыстың объективтік жағы болсын немесе объективтік жағының факультативтік белгілерінің негізінен үш түрлі маңызы бар:
бұл белгілер қылмыс құрамының міндетті, қажетті белгілері болуы
керек
белгілер қылмыс құрамының ауырлататын түрін белгілеуі мүмкін
қылмысты саралауға әсер болмаса да жазаны жеңілдететін немесе
ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады.
Жалпы, қылмыстың объективтік жағының жауапкершілік пен жаза тағайындаудағы маңызы ерекше.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмыстын объективтік жағы дегеніміз не?
Іс әрекет, зардап және екеуінін арасындағы себепті байланыс дегеніміз не?
Тақырып 5 Қылмыстың субъективтік жағы бойынша саралау
Дәріс мақсаты: Қылмыстын субъетівтік жағына түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашу
Сұрақтар:
Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы.
Кінәнің нысандары бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс құрамының субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша саралау.
Қате және оның түрлері бойынша саралау
Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы
Қылмыстың субъективтік жағы кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар оның құрамына эмоцияларды да жатқызады алайда олар оны кінәнің мазмұнына кіргізеді.
Жалпы қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың субъективтік жағын қылмыстың кінәнің нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) болып бөлінеді. Олардың біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда оның қасақаналық және абайсыздық формалары жатқызылады. Нақты жағдайда бұл қасақаналық немесе абайсыздық (тиісінше олардың тікелей және жанама, менмендік және немқұрайдық түрлері) жасалған қылмыстың мәнісі мен сипатына тәуелді түрде қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде кез-келген құрамда орын алады. Қазақстанның ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарының диспозицияларында олар жиі көрсетілмегенімен. Мысалы, 157 бап – Басқыншылық соғысты тұтындыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру; 241 бап – Жаппай тәртіпсіздіктер, 177 бап Алаяқтық 120 бап – Зорлау, 312 бап – Пара беру.
Белгілердің екінші тобы – қылмыстың ниеті мен мақсаты кейбір құрамдар үшін міндетті, ал басқалары үшін құрамның факультативті белгісі қызметін атқарады. Мысалы ҚК-тің 165 бабына сәйкес іс-әрекет Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет ғана мемлекеттік опасыздық деп танылады. ҚК-тің 216 бабы бойынша әдейі банкроттық оның қандай мақсатпен жасалатындығына тәуелсіз қылмыс деп танылады. Осыдан бірінші жағдайда қылмыстың мақсаты мемлекеттік сатқындық құрамының міндетті белгісі болып табылатындығын ал екінші жағдайда – әдейі банкроттық барысында ол жауаптылық пен саралауға ықпалын тигізбейді (алайда ол барлық уақытта да анықталуы тиісті болғанымен және жазаның түрі мен мөлшерін таңдауға ықпал етуі мүмкін).
Немесе ҚК-тің 96 баб. 2 бөлімі – Адам өлтіру (ауырлататын мән жайда) басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру күшейтілген қылмыстық жауапкершілікті қарастырады егер ол пайда табу ниетімен (пункт «з»), бұзақылық ниетпен (пункт «к»). Мұнда алғашқы екеуінде қылмыстық ниеті оның субъективтік жағынан міндетті белгісі болса соңғысында қылмыстың мақсаты міндетті белгі болып табылады.
И. Г. Филановскийдің айтуынша: «Қылмыстың субъективті жағының белгілері заң мәтініңің өзінен туындайды немесе заңның тиісті баптарының диспозициясын түсіндірудің әртүрлі амалдарының көмегімен анықталады.
Енді аталған белгілердің қылмысты саралауға қатысты қарастырамыз. Бір мезгілде сонымен қатар қылмыстың іс-әрекетінің өзінің де белгісі болып табылатын кінә түсінігінен бастаймыз.
Аталған мәселені анықтауды қылмысты дұрыс сарлау табанды түрде талап етеді: А.А. Пионтковский «Кінә туралы ілім кеңестік қылмыстық құқық теориясының аса маңызды бөлімі болып табылады»- деп жазған./ 27/
Біз өз жұмысымызды орындау барысында пайдаланған Қылмыстық құқық бойынша оқулықтарда келтірілген кінәнің анықтамасы қортындылай айтқанда төмендегідей мазмұнда берілген: Кінә - бұл қылмыстық заңмен тиым салынған қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы тұлғаның онымен жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекетке және оның салдарына психикалық қатынасы. Құқықтық ғылыммен тұжырымдалған бұл пайымдау шын мәнісінде барлық заңгерлермен қабылданған.
Кіәлінің, қылмыстық құқықтың және жалпы құқықтық теорияның өзекті институтының тарихында көптеген ғылыми-практикалық ұстанымдар, көзқарастар және ұсыныстар бар екендігін атап өтуге тиістіміз. Кінә (кінәлілік) мәселесінің проблемалары бойынша тиісті пікір таластар өткізілген. Аталған мәселелер әрекет етуші заңнаманың салаларын қолдану бойынша әртүрлі деңгейдегі кеңесулер мен мәжілістердің талқылауының тақырыбы болды. Мысалы кінә пайымынан бас тартып, тек оның қасақаналық және абайсыздық нысандарын анықтаумен шектелу туралы, жанама қасақаналық және қылмыстық менмендікті біріктіру есебінен кінәнің жаңа үшінші нысанын «біле тұра» істеу дегенді енгізу туралы ұсыныстар болған.
Бұрынғы уақыттардағы ғылыми пікірталастарды талдау біздің жұмысымыздың мақсаты болмағандықтан біз негізінен қылмысты саралаудың қазіргі таңдағы мәселелеріне ғана назар аудардық. Ғылыми негізділігі күмән туғызатындай кейбір ой-пікірлерге тоқталмастан, ғылыми ортада басымдыққа ие болған және практикада қолданыстағы тұжырымдар, ұғым, түсініктерді талдауды ғана міндет ретінде қойғандықтан біз жұмысымызды аталған бағытта жүргіземіз.
Енді кінәнің нысандары және түрлері туралы. Олардың анықтамасы ҚК-тің 20; 21 баптарында берілген. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғаға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын алса білсе және осы зардаптардың болуын тілесе қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған санылы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Қасақаналық ұғымы негізінен екі түрлі элементтен – интеллектуалдық және еректілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті мәнін сезіну және сана-сезім арқылы өтетін оның қоғамға зиянды зардабын болжау қасақаналықтың интеллектуалдық кезеңін құрайды. Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі болып табылады. Тікелей қасақаналық пен жанама қасақаналықтың арасындағы басты айырмашылық еріктілік сәтінен айқын көрінеді. Тікелей қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілейді. Тұлғада тікелей қасақаналық ниеттің болғандығын төмендегі жағдайлардан байқауға болады. 1). Пайда болған салдар оның әрекетінің түпкі мақсаты болып табылады. (мысалы қызғаныштан, кек алу үшін кісі өлтіру). 2) пайда болған салдар тұлғаның басқа бір мақсатқа қол жеткізудегі белгілі бір сатысы болып табылады. (мысалы мұрагерлік мүлікке ие болу үшін кісі өлтіру. Жанама қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілемейді және бұл салдар оның әрекетінің түпкі мақсатына қол жеткізуіндегі қажетті саты болып табылмайды. Алайда жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуының мүмкіндігін болжайды оларға саналы түрде жол береді немесе оларға немқұрайдылықпен қарайды. Қоғамға қауіпті салдарға тұлғаның саналы түрде жол беруіне, біз оның осы салдардың алдын-алу немесе оларды болдырмау үшін ешқандайшараларды жасамауынан байқаймыз. Формалдық құрамды қылмыстар үшін қасақаналықты тікелей немесе жанама ретінде бөлудің ешқандай маңызы жоқ себебі қоғамдық қауіпті салдар олардың міндетті белгілерінің қатарына кірмейді. Формалдық құрамдағы қылмыстың объективтік жағы кінәлінің қоғамдық қауіпті әрекетті жасауымен ғана сипатталады. Сондықтан біз тұлғаның іс-әрекетке деген психикалық көзқкарасын ғана сөз етеміз. Егер тілемей отырып саналы әрекетті жасау мүмкін болмайтын болса, онда формалдық құрамды қылмыстар үшін тек тікелей қасақаналық ғана тән болады. Қасақаналықты тікелей және жанма ретінде болудың тек ғана теоретикалық емес сонымен бірге үлкен практикалық маңызы бар. Мысалы кейбір қылмыстардың құрамы олардың субъективтік жағының тек тікелей қасақаналықпен жасалатындығынан көрінеді. Мысалы, талан-таражға салу, мемлекеттік сатқындық, бандитизм. Осындай әрекеттерді жасау барысында тұлғаның әрекеттерінде тікелей қасақаналықтың болмауы өз кезегінде қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді. Қасақаналық түрін анықтау, қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшін жауапкершілікті анықтау үшін аса маңызды болып табылады. Себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу тек тікелей қасақаналық барысында ғана мүмкін болады. Қасақаналықты тікелей немесе жанама қылып бөлумен қатар қасақаналықтың басқа түрін ажыратып көрсетуге болады. Интеллектуалдық немес еріктілік сәттерінің нақтылану дәрежесіне байланысты қасақаналық анықталған және анықталмаған болып бөлінеді. Өз кезегінде анықталған қасақаналық жәй және баламалы болып бөлінеді. Жай анықталған қасақаналық барысында тұлға оның іс-әрекетінен қандай зиян келетінін және оның көлемін анық біледі және тек солардың болуын тілеуді. (Мысалы, адамды басынан мылтықпен ату) Баламалы анықталған қасақаналық барысында тұлға бірнеше анықталмаған салдарды болжайды және олардың болуын тілейді (мысалы пышақ жұмсай отырып субъект адамға өлім келуі немесе ауыр дене жарақаты келуі мүмкін екенін біледі және оның екеуіне де қол жеткізуге мүдделі)
Анықталмаған қасақаналық барысында тұлға келтірілетін залалды сезінеді, және бірнеше қауіпті салдарының болатынын болжайды. Бірақ ол салдар оның санасымен нақтыланбаған. Субъект өзінің нақты қандай салдарға қол жеткізгісі келетінін жеткілікті дәрежеде айқындамаған. Мысалы адамның басына, денесіне соққылар жасай отырып кінәлі, жәбірленушіге өлім келуі немесе әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты келуі мүмкін екенін сезеді, бірақ қандай ауырлықтағы зиян келетінін нақтыламайды. Ол олардың қайсысына да қол жеткізуге мүдделі.
Қасақаналықты анықталған және анықталмаған етіп бөлудің қылмысты саралау үшін маңызы бар. Жай анықталған қасақаналық барысында егер кінәлі тілеген салдар оған қатысты емес мән-жайларға байланыссыз болмай қалса жасалған әрекет тек сол салдардың болуын тілеуге оқталу болып саналуға тиіс. Мысалы жәбірленуші өлтіруді тілей отырып оған ауыр дене жарақатын келтіру. Ондайда әрекет адам өлтіруге оқталу деп саралануы тиіс. Қасақаналық ниет қалыптасу уақытына байланысты алдын-ала ойластырылған және кенеттен пайда болған болып бөлінеді. Алдын-ала ойластырылған қасақаналық оның пайда болу сәтімен жүзеге асырылуының арасында айта қаларлықтай уақыт болуымен ерекшеленеді. Осы уақыт аралығында кінәлі адам қылмысты жасаудың жоспары мен тәсілдерін ойластырады, оның ізін жасыру шараларын қарастырады. Кенеттен пайда болған қасақаналық ниет атауынан байқалып тұрғандай қылмыс жасауға деген ниет кенеттен пайда болып жүзеге асырылады. Кенеттен пайда болған ниет кейде қатты жан күйзелісінен туындаған жағдайда болса жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде саналуы мүмкін. Жалпы тәртіп бойынша алдын-ала ойластырған қасақаналық пиғыл, кенеттен пайда болған пиғылдан қауіптірек болып саналады. Алайда, кейде кінәлі адам қылмыс жасауға қалыптасқан әрекетін бірден жүзеге асыруы мүмкін. Субъектінің әрекеттеріне қасақаналық бар немесе жоқ екендігін шешу барысында және әрекетті саралау барысында қатені құқықтық бағалау мәселесі туындайды. Қатенің екі түрі болады заң туралы қате және фактілік қате. Заң туралы қате барысында тұлға өзінің әрекетінің қылмыс екендігін немесе қылмыс болып табылмайтындығын бағалауда жаңылсады. Бұл жағдайда жалпы ереже әрекет етеді. Егер субъект өзінің әрекеті қылмыстық жазалаушылыққа жатады деп есептесе, ал іс жүзінде ол әрекетке қылмыстық заңмен тыйым салынбаса, онда ол қылмыстық жауапкершілік туындатпайды. Керісінше субъект өзінің әрекетін қылмыс-деп санамаса, ал әрекетке қылмыстық жауаптылық белгіленген болса, тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Адамның өзінің іс-әрекетін саралаудағы және соған сәйкес жаза түрі мен мөлшерін белгілеудегі қатесі қылмыстық жауапкершілікті шешуге ешқандай ықпал етпейді.
Фактілі қате дегеніміз қылмыс құрамының элементтеріне қатысты, әрекетінің нақты мән-жайларын теріс ұғынуы болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында және практикада фактілік қателерді төмендегідей түрлерге бөледі: қылмыс объектісі мен заты жөніндегі қате, жәбірленушінің жеке басы жөніндегі қате, себепті байланыс, ауырлататын мәністер бойынша қате.
Объект бойынша қате кінәнің нысанын анықтауға ықпалы тигізбейді тек оның мазмұнын өзгертеді.
Егер субьекті заңмен қатаң қорғалатын объектіге қол сұқтым дап ойлап қатаң емес түрде қорғалатын объектіге қол сұқса, ол қатаң қорғалатын объектіге қол сұққан ретінде жазаға тартылуы тиіс. Мысалы, тұлға әйелді өлтіру барысында оны екі қабат деп ойласа алайда ол ондай болмай шықса онда ол кінәліге алдын-ала белгілі екі қабат әйелді өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылады. Керісінше тұлға әйелдің екі қабат екенін алдын ала білмей, екі қабат әйелді өлтірсе ол жәй кісі өлтіргені үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. Жәбірленушінің жеке басына байланысты қате, әдетте егер жәбірленушінің жеке белгілері қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмаса жауапкершілікке ықпал етпейді. Мысалы көршісін өлтірмек болып кездейсоқ адамды өлтіреді. Егер кінәлі судьяны немесе тергеушіні өлтірмек болып алайда қателесіп кездейсоқ адамды өлтірсе ол ҚК-тің 340 бабы бойынша сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жзеге асыру адамның өміріне қол сұққаны үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. 96-баб. 6-15 жылға. 340 баб 10-15 жылға, өмір жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы.
Зат бойынша қателесу екі жақты мәніске ие болады. Егер тұлға заттың сапалық мәнісіне байланысты қателессе ондай қателесу жауапкершілікте ықпалын тигізбейді. Мысалы, ұры магнитофон ұрлаймын деп қателесіп, радиоқабылдағыш ұрлайды. Егер тонаушылар ақша ұрламақ болып сейфті ашқанда онда ақша жоқ болып шықса онда олардың әрекеті осы затты ұрлауға оқталу болып есептелінеді. Қылмыс жасау құралы бойынша қателесу, тұлға, белгілі бір себептермен, қол сұғылған объектіге залал келтіре алмайтын құралмен, жасалған кезде орын лауы мүмкін. Мысалы тұлға бос оқпен оқталған мылтықпен адам атпақ болады. Бұл жағдайда ол адам өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Егер субъект өзінің қараңғылығынан қылмыстық заңмен қоргайтын объектіге залал келтіру мақсатын да оған жарамйтын құралдарды пайдаланса (дуа салу, қарғыс айту, т.б.) ол тек ниетті анықтау болып табылады және қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайды. Себепті байланыс бойынша қате, тұлғаның жасалған іс-әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланысқа қатысты жаңылысу болып табылады. Егер тұлға өзінің әрекетінен қандай салдар туындайтынын анық білетін болса онда оның себепті байланыстың дамуы бойынша қатесі жауапкершілікті анықтау үшін маңызы болмайды. Мысалы, субъект жәбірленушіні жүрегіне пышақ ұру арқылы өлтірмек болды ал ол күре тамырынан қан кету салдарынан қайтыс болды, ондай жағдай әрекетті саралу үшін ешқандай маңызға ие болмайды. Егер субъект өзінің әрекеті қандай салаларға әкелуі мүмкін екендігін білмесе, онда қасақаналықпен зиян келтіру болып табылмайды. Егер тұлға қылмысты ауырлататын мән-жайларсыз жасадым деп есептесе ол саралау белгілері бойынша қателесу болып саналады. Бұл кезде екі жағдай орын алуы мүмкін. Бірінші жағдай субъект өзі қылмыс жасаған жағдайдың ауырлататын мән-жай екенін білмейді. Мысалы ұйымдасқан топ болып ұрлық жасау 175 бабтың 3-тармағы бойынша жауапқа тартылатын, ол ауыр қылмыс болып табылатынын тұлға білмеуі мүмкін.
Бұл жағдайда қателесу назарға алынбайды және заңды қателесу бойынша ереже қолданылады. Екінші жағдайда субъект өзінің нақты әрекетінің ауырлататын жағдайда жасалғандығын білмейді. Мысалы қылмысқа көмектесуші ұйымдасқан топқа немесе алдын ала сөз байласқан топқа өзгенің мүлкін ұрлауға көмектесіп отырғанын білмеуі мүмкін, сондықтан жай ұрлыққа қатысқаны үшін жауапқа тартылуы тиіс. Фактілік қателердің кез-келген түріне заңи баға бергенде тұлға жауапкершілікке тек оның кінәсі болғанда ғана тартылуы тиіс деген жалпы ереже басшылыққа алынуы керек.
Қылмыстың субъективтік жағы адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге байланысты жағының көрінісі болып табылады.
Субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Сондықтан субъективтік және объективтік белгі өзара тығыз байланысты.
Қылмыстың субъективтік жағы
|
белгілерімен сипатталады.
Кінә – кез келген қылмыс құрамының субъективті жағының міндетті белгісі. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды.
Кінә - адамның қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс - әрекетіне, көзқарастың жиынтығы.
Сонымен қатар, кінә психологиялық, әлеуметтік ұғымдар жиынтығы.
Зардап, қоғамға қауіптілік түсіну – кінәнің әлеуметтік мәнін құраса, сезіну мен еріктілік - психологиялық көзқарастарды құрайтын элементтер болып табылады.
Кінәнің қасақаналық түрінде адам өз істеген ісінің зардабын біледі, яғни соны тілейді.
болып екіге бөлінеді.
Кінәнің абайсыздық түрі менмендікпен немқұрайлықпен (Қ.К. 21 бап. 1 тармағы) жүзеге асырады.
Немқұрайлық екі түрлі белгілермен сипатталады:
1. адам өз әрекетінің заңды зардаптарын болжауға тиіс болса,;
2. болжай алатын болса.
Бұл немқұрайлылықтың объективтік белгісі.
Менмендікпен істелетін іс - әрекеттің қауіпті екенін түсіну, зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін алдын – ала білу немесе зардаптар болмас деп сену.
Қылмыстық ниет және мақсат
Қылмыстық ниет – белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуна байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.
Қылмыстық мақсат – адамның қылмыс істеу арқылы болашаққа белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмыстын субъектівтік жағына түсініктеме берініз
Қылмыстың субъектівтік жағының қандай міндетті белгілері бар?
Қылмыстң субъективтік жағының қандай қосымша белгілері бар?
Тақырып 6. Қылмыстың субъектісі бойынша саралау
Дәріс мақсаты: Қылмыстын субъектісіне түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашу
Сұрақтар:
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және саралаудағы маңызы.
Қылмыстардың арнайы субъектілері бойынша саралау
2.Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау
Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен олардың қатаң шектелуі санына ие болады.
Қылмысты саралаудың жасалған іс-әрекеті онымен ұқсас, яғни әрекет етілуі ҚК-те қарастырылған қылмыс құрамымен салыстыру болып табылатындығын еске түсірейік. Сонымен қатар оны жүргізу процессінде «заңның жекелеген ережелері нақтыланады, жаңа фактілер анықталады, болжамдар өзгеріске ұшырайды және одан әрі зерттеудің жолдары белгіленеді»./ 25/
В.Н. Кудрявцев и Б.А. Куринов қылмысты сарлау бойынша жазылған монографияларында қылмыстылықтың әлеуметтік мәселелерін, оның себептерін және қылмыс жасаған тұлғалар туралы мәліметтерді талдауды және тереңдетуді атап көрсеткен.
Егер қылмыс субъектісін құқықтық ұғымға жатқызсақ, қылмыскердің жеке басы криминологиялық ұғым болып табылады. Жеке тұлға болу, ақыл-есі дұрыстың қылмыстық заңмен бекітілген жасқа толу оның біріншісінің яғни қылмыс субъектісінің негізгі белгілері болып табылады. Екінші түсінік жеке тұлғаны сипаттайтын: әлеуметтік – демографиялық, біліми-мәдени, функционалдық, құндылықты- мотивациялық, қылмысты-құқылық ерекшеліктерді қамтиды.
Тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде тану үшін ең алдымен, қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекетті нақ осы адамның жасағандығын нақты анықтап алу қажет. Ол осы іс-әрекетті жеке өзі жасауы мүмкін немесе табиғи күштерді, жануарларды, техниканы, электр приборларын, химиялық заттарды, әртүрлі уларды пайдалануы сонымен қатар іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес адмдардың немесе жас балалардыңкөмегімен жасауы мүмкін. Қылмысқа бірігіп қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші яғни алдын-ала қасақана қылмыс жасауға келісім жасаушыларды қылмыс субъектісі болып табылады. Қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінің тағы басқа екеуі жас мөлшері және ақыл есі дұрыстық адамның психофизикалық қасиеттері олардың біріншісі бойынша белгілі бір жасқа толғандығы немесе толмағандығы фактісі сенімді түрде анықталуы тиіс. Екіншісі бойынша тұлға өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатындығы және басқара алмайтындығы дәлелденуі тиіс.
А.Н. Трайнин бұл белгілерді қылмыс құрамынан тасқары тұрған қылмыстық жауаптылықтың шарттары ретінде қарастырғанын атап өту керек. Қоғамда қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекеттің субъектісін сипаттайтын белгілерге ол тиісті құрамдарда орын алған лауазымды тұлғаны, әскери қызметкерлерді, өкімет өкілін жатқызады./ 26/
Қылмыс субъектілерінің белгілеріне (жас мөлшері, есі дұрыстық) В.Н. Кудрявцев және тұлғаның сотталғандығын, қайталап қылмыс жасауды және қылмыс рецидивін жатқызды.
Қылмысты жасаған кезде қылмыстық жауапқа тартылатын жас ретінде 16 жасқа толу деп саналады. Алайда біз бұны жалпы ереже деп есептеп одан кейде өзгешеліктер болатындығын естен шығармауымыз керек. Қылмыстық Кодекстің 15-бабының екінші тармағында төменде көрсетілген қылмыс түрлері үшін қылмыстық жауап кершілік 14 жастан басталатындығы көрсетілген. Ол адам өлтіру (96), денсаулыққа қасақана зиян келтіру (103), ауырлататын мән жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауыр зардап келтіргені үшін (104 2-бөлімі), зорлау (120) жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121), адам ұрлануы (125), ұрлық (175), тонау (178), қарақшылық (179), қорқытып алу (181), авто көлікті заңсыз иелену ұрлау мақсатын көздемей(185 ІІ-ІІІ-ІV), мүлікті қасақана жою, бүлдіру (187 ІІ-ІІІ), терроризм (233), адамды кепілге алу (234), террористік акті туралы өтірік хабарлау (242), қару-жарақ, оқ –дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу (255), ауыр жағдайдағы бұзақылық (257 ІІ-ІІІ), тағылық (258), есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (206), қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау (275), көлік жолдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету (299). Жоғарыда атап көрсетілген қылмыстар түрі заңда бекітілгендіктен тек осы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталуы тиіс. Сонымен қатар адам осы көздеген жасқа толса бірақ психикалық дамуы жағынан артта қалуы саладрынан онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық ұғына алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес. 14 жасқа толмаған жас-өспірімдердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік туындамайды. Олар ішкі-істер органдарының ұсынысы бойынша, мемлекеттік арнайы органның қортындысымен сот анықтамасымен арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелеріне жіберілуі мүмкін. Егер 14 жаспен 16 жастың арасындағы жас өспірім 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайтын қылмыстарға қатысса соның барысында ол 14 жастан қылмыстық жауапкершілік басталатын қылмыс жасаса мысалы бандитизм (237)бап, оған қатысқан 14 жас пен 15 жастың арасындағы жас өспірімдер бандитизм емес ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру бойынша ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Адамды белгілі жасқа толды деп есептеу үшін оның жас шамасы дәл анықталуы тиіс. Адам белгілі жасқа толды деп есептеу оның туған күннен емес одан кейінгі тәуліктің 00 сағатынан Егер жасөспірімнің жас шамасын анықтайтын құжаттар жоқ болса оны анықтау үшін соттық-медициналық сараптама тағайындалады. Егер оның жасы белгісіз болса оны туған күні деп сараптама атаған жылдың ең соңғы күні саналады. Егер жасты сараптама атаған жас мөлшерінің төменгі және жоғарғы жас мөлшерімен анықтау қажет болса онда төменгі жас мөлшері алынады.
Егер жасөспірімнің психикалық дамуы жөнінен артта қалуы байқалатындай болса оның психикалық дамуының деңгейін анықтау қажет, яғни ол өз әрекеттерін толық сезініп басқара білді ме жоқпа? Ол үшін қажетті жағдайларда балалар психологиясы саласындағы (педагог, психолог) мамандарының қатысуымен сараптама тағайындайды немесе көрсетілген мәселелер сарапшы-психиатордың шешуіне білдіреді. Кәмілетке толмағандарға жаза тағайындау барысында, оның өмір жағдайы мен тәрбиеленуі, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзгеде ерекшеліктері, сонымен қатар жасы үлкендердің оған ықпалы есепке алынуы тиіс. Жасы кәмілетке жетпегендік жеңілдететін мән-жай ретінде , өзге де жеңілдететін және ауырлататын мәністермен жинағында есептеледі. Егер кәмілетке толмаған адам бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталса сот оны жазадан босатуы мүмкін, егер кәмелетке толмаған адамды түзету мәжбірлеуші тәрбиелеу шараларын қолдану арқылы мүмкін деп есептеген жағдайда. Егер қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына толмаған адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті ересек адамның айдап салуымен жасаса, онда ол жанама орындаушылық болып есептелінеді. Ал ересек адам тікелей орындашы және кәмілетке толмағандарды қылмысқа тартқаны үшін жауапқа тартылады.
Қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие болмаған дам қылмыстың жауапқа тартылуға тиіс емес. Есі дұрыс еместік дегеніміз қоғамға қауіпті әрекетті жасау барысында, психикалық ауру жағдайына байланысты әрекеттің мәнісі мен қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы болып табылады. Есі дұрыс еместік түсінігін анықтау барысында заң екі негізді басшылыққа алады. 1) медициналық (биологиялық) және 2) заңи (психологиялық). Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық және заңдылық критерилердің біреуінің болмауы тұлғаны есі дұрыс емес тануға мүмкіндік бермйді. Медициналық критериге қылмыстық заңға сәйкес төрт түрлі ауру жатқызылған. 1) созылмалы психикалық ауру 2) психикасының уақытша бұзылуы 3) есі кемдік 4) психиканың өзге де ауру жағдайы.
Есі дұрыс еместіктің заңды критериіне екі белгіні жатқызамыз 1) интеллектуалдық және еріктілік. Заңды критеридің интеллектуалдық белгісі тұлғаның өзінің әрекеттерінің нақты мәнісін және қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы арқылы көрінеді. Ал еріктіліктің белгісі тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы арқылы көрініс береді.
Егер тұлға өзінің әрекетінің нақты мәнісін түсінуге қабілетсіз болса және әрекеттің содан пайда болған қауіпті салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбесе ол өзінің әрекетін басқаруға қабілетсіз болады. Интеллектуалдық белгінің басты негізгі мазмұны тұлғаның, жасаған әрекеттерінің әлеуметтік маңызын, олардың қоғамдық қауіптілік мәнісін түсінуге қаблетсіз болуы.
Заңдылық критеридің екінші белгісі жоғарыда атап өткеніміздей еріктілік белгісі болып табылады. Яғни тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы. Адамның еркі оның санасы мен тығыз байланысты Адам санасы бұзылып, өзінің әрекеттерінің маңызын түсіне алмаған кезде, оның еріктілік қызметі де бұзылып ол өз әрекеттеріне басшылық жасай алмайды. Жүйке аурулары адамның психикалық қызметінің барлық саласын немесе оның кейбір жеке жақтарын кеселге ұшыратуы мүмкін. Сондықтан кей жағдайда тұлғаны өзінің жеткілікті түрде сақтай отырып, өзінің әрекетінің нақты жағын және оның әлеуметтік маңызын дұрыс түсінуі мүмкін, алайда психикасының бұзылуы салдарынан өзінің әрекеттеріне басқару жасай алмайды. Оларды кейде импулсивтік құмарлық деп атайды. Мысалы клептомания, пиромания.
Тұлғаның есі дұрыс еместігі оның қылмыстық заңда қарастырылған нақты қоғамдық қауіпті жасау оқиғасында және оның осы іс-әрекетті жасаған сәтіне байланысты ғана анықталады. Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану туралы түпкілікті шешімді сот, соттық-психикалық сараптаманың негізінде қабылдайды. Егер анықтама тергеу немесе сот тұлғаның психикалық толық қандылығана күмәнді болса соттық-психиатриялық сараптама тағайындауға міндетті. Сонымен есі дұрыс емес деп танылған тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. «Қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінен іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс». Бұл ретте әңгіме қылмыс жасаған есі дұрыс, бірақ психикалық аномалияға ұшыраған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі жөнінде болып отыр. Осындай тұлғалар шектеулі есі дұрыстық жағдайында қылмыс жасағандар ретінде танылады. Бұл жағдайда тұлғаның өзінің әрекетінің сипатын және қоғамдық қауіптілігін түсіну қаблетінің шектелуі және оларға басшылық жасай алмауы, есі дұрыс еместік болып табылмайтын психикалық бұзылудан туындайды. Тергеу органдары және сот психикалық бұзылудың дәрежесін және оның тұлғаның қылмыс жасауына тигізген ықпалын анықтауы тиіс, олар өз кезегінде соттық – писхиатриялық сараптың қортындысымен және алдын ала тергеу, сот тергеуі материалдарымен анықталады. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және ҚК-те көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға негіз болады.
Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқада есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдайда көптеген қылмыстардың әсіресе бұзақылық, жеке адмға қарсы күш қолданумен жасалатын, автокөлік қатысты қылмыстар мас күйінде жасалатындығы белгілі болып отыр. Алайда заңда бекітілген ережені, мас күйінде қылмыс жасаған адам ешуақытта қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды деп түсінбеуіміз керек. Бұл адамның тек мас болу жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтындағында ал басқа жағдай бойынша ол қылмыстың жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Мастықтың екі түрі бар физиологиялық және патологиялық мастық. Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігін сөз қылғанда біз физиологиялық мастықтан, потологиялық мастықтың айырмашылығы оның барысында ішімдік қабылдау адамның қысқа мерзімдік психикалық бұзылуына соқтырады сондықтан ол өз әрекеттеріне есеп бере алмай, оларды басқара алмауы мүмкін. Сонымен қатар созылмалы нашақорлықпен ауыратын адамдардың наркотик заттарды қабылдамауынан психикасы бұзылуы мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек.
Қортындылай айтқанда қылмыс субъектілерін біз жалпы және арнайы қылып бөлеміз. Жалпы субъектінің белгілері жеке тұлға, есі дұрыстық қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу, арнаулы субъектінің белгілеріне Қаз-Республикасы қылмыстық кодекісінің ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген қосымша белгілер азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық жағдайы т.б. жатады. Азаматтық қандай жағдайда қылмыс субъектісінің белгісі болуы мүмкін. Мысалы ҚК-тің 165-бабында: Мемлекеттік опасыздық яғни соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден, Қазақстан Республикасының азаматы Қ.Р-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет-деп көрсетілген. Яғни мемлекеттік сатқындықтың субъектісі болып 16 жасқа толған тек Қазақстан Республикасының азаматы табылады.
Сонымен қатар ҚК-тің 166 бабына назар аударсақ онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет елдік мемлекетке, шет елдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шет елдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау егер осы әрекеттерді шет елдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса – деп көрсетілген. Яғни шпиондық субъектісі болып 16 жасқа толған шет елдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлға толады. Адамның жынысы төмендегідей қылмыс түрлерінде қылмыс субъектісінің белгісі болады. Мысалы 120 бабта зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау. Зорлаудың субъектісі болып 14 жасқа толған ер адам табылады. Алайда әйел адам бірігіп орындаушы болуы мүмкін. Қандай жағдайда (үйге алдап алып келу, күш қолдану, психикалық әсер ету) кәсібі, лауазымдық жағдайы. 118бап: Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойыншы көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса деп көрсетілген. Яғни қылмыс субъектісі 16 жасқа толған заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша медициналық жәрдем көрсетуге міндетті адамдар табылады, оларға дәрігерлер, хирургтар, медсестралар т.б. жатады.
Қысқаша айтқанда қылмыс субъектісінің жалпы белгілерімен қатар берілген қылмыс құрамы үшін міндетті болып табылатын қосымша белгілерге ие жеке тұлға қылмыстың арнайы субъектісі болып таылады. Бұндай жағдайда әдетте лауазымды тұлға, әскери қызметкер, белгілі бір кәсіппен немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысатын тұлғалар жөнінде айтылады.
Қылмыстың арнайы субъектісі туралы мәселенің тарихында оны анықтау мен оның белгілерін бекіту тұрғысында әртүрлі пікірлер айтылған. Алайда бұл мәселе түпкілктік шешімін таппаған.
Әрекет етуші құқықтың барлық салалары немесе тек қылмыстық құықық үшін лауазымды тұлғаның ұғымы туралы пікірталас Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін күшіне енгізгенге дейін жалғасты.
Қылмыстық Кодексте лауазымды тұлға және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға түсініктеріне анықтама бере отырып Қазақстан заңшығаушылары өте дұрыс жасаған.
«Лауазымды тұлға» түсінігі ҚК-тің 307 бабының І бөлімінің ескртуінде былай бекітілген: тұрақты уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республиқасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасның басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады. Сонымен қатар аталған баптың екінші бөлімінің ескертуінде: Мемлекеттің функцияларын және мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Ресубликасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конситиуциялық және өзге де заңдарында белгіленетін қызметті атқаратын, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметін атқаратын адамдар деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде негізінен арнайы субъектісі бар қылмыс құрамдарынан тұратын екі тарау бөлініп берілген , олар лауазымдық және әскери қылмыстар туралы тараулар. Одан басқа ҚК-тің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарының диспозицияларында тікелей көрсетіледі немесе оның мазмұнынан арнайы субъектінің белгілері логикалық түрде анықталады. Олар берілген құрам үшін міндетті, қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі үшін факультативті болып табылады.
Қылмыстың арнайы субъектісінің белгілерін тиісті түрлік топтарға бөлуге яғни оларды сыныптауға болады. Н.Ф. Кузнецова бұл белгілерді үш топқа бөледі: 1) субъектінің арнайы ролін және құқықтық жағдайын сипаттайтын белгілер (азаматтығы, тұлғаның лауазымдық жағдайы кәсібі, қызмет түрі, атқаратын жұмысының сипаты, әскери қызметке қатыстылығы, сот порцессіне қатысуы, сотталуы немес қамауға алынуы, сотталғандығы); 2) субъектінің жеке басының ерекшеліктері (жас мөлшері, жынысы, денсаулық жағдайы); 3)субъектінің жәбірленушімен арақатынасы (жәбірленуші және басқа тұлғалар мен туыстық, қызметтік және басқалай ара қатынастары)
Кәсіби қылмыстылықтың төл тумасы болып табылатын қылмыстың рецидивімен күрес практикасы рецидивистерге арнайы қылмыстық-құқылық шараларды қолданбайынша оның тамырына балта шабылмайтындығын дәлелдеп отыр. Кәсіби және рецидивті қылмыс ұйымдасқан қылмыстылықтың қалыптасуына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Осыған байланысты өмірдің өзі мемлекеттік билік органдарынан жауаптылық пен жазаны күшейтетін қылмыстық-құқылық нормаларды мемлекеттік шаралар ретінде енгізіп, жүзеге асыруды табанды түрде талап етіп отыр. Әрине бұл өз кезегінде қылмысты саралаудың теорясы мен практикасында белгілі бір күрделілікті туындатады.
Қылмыс субъектісі – қылмыстың жауаптылыққа қабілетті адам. Заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын қылмыстық субъектісі болып танылмайды.
Қылмыс субъектісі
|
Есі дұрыстық, заңда көрсетілген жасқа таяу және жеке адам болу – барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігі.
Осы жалпы белгіні қоса қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі борлып табылады.
Сонымен, қылмыс субъектісі дегеніміз есі құрыс, заңда көрсетілген жасқа толған, жеке адам – осы есі дұрыстық, жасқа толғандық, жеке адам субъектісінің белгілері де болып табылады.
Есі дұрыс емес адамдар қылмыс субъектісі бола алмайды, оларға қылмыс істеген жағдайда мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін
Есі дұрыс еместік
Қ.к 16 бабы
|
Медициналық белгі (биологиялық)
|
Заңдық белгі (психологиялық)
|
болып бөлінеді.
Медициналық белгіге төрт ауру түрі жатады:
Созылмалы психологиялық ауру.
Психиканың уақытша бұзылуы.
Кемақылдылық.
Психиканың өзге де дертке ұшырауы.
Интелектуалдық
Заңдық белгі
Еріктілік екзең
болып бөлінеді.
Қылмыстық жасқа толу – субъектінің негізгі белгісінің бірі. Яғни қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі – белгілі бір жасқа толғандық.
Жас балалар (9-13) қылмыс субъектісі бола алмайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмыстын субъектісіне түсініктеме берініз
Қылмыстың субъектісінің қандай белгілері бар?
Қылмыстық жауаптылық неше жастан көзделген?
Тақырып 7.Топтастырылған қылмыска қатысу нысандарын талдау,саралау
2.1 Адамдар тобының қылмыс жасауы.
Екі немесе одан көп адамдардың қасақана, басқалармен бірлескен түрде, қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішінара орындауы, топ адамдардың жасаған қылмысы болып танылады.
Топ адамдар жасаған қылмыста алдын-ала келісім болуы да, болмауы да мүмкін.
Әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан алғанда қылмысты топ күйінде жасау кәмелетке толмағандардың және жастардың қылмыстылығына тән. М.М. Бабаев кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының екі тобын келтіреді. Біріншісі тек кәмелетке толмағандардан тұратын және бірыңғай орындаушылар болатын топ, екішнісі ересек адамдар да араласатын топтар [10. 77 б.].
С.Б.Баймурзиннің зерттеуі бойынша қалалы жерде жас өспірімдермен жасалатын қылмыстардың 80% топ күйінде жасалады [11. 84 б.]. Осыған ұқсас көрсеткішті А.С.Чокморова да келтіреді [12. 14-15 б.б.].
Қылмысты "адамдар тобы" нысанында жасау Қылмыстық кодексте көптеген қылмыс құрамдарында көрсетілген. Мысалы, ҚК 233, 234, 238, 248 т.б. баптардың тиісті бөлімдерінде, тармақтарында кездеседі. Мұндай жағдайларда адамдар тобының қылмыс жасауы, осы қылмысты жасаушылардың қауіптілік сипатын көрсетеді. Ал калған барлық жағдайларда, топ адамдардың әрекеттері қылмыстық заңның жалпы бөлімі шеңберінде қоғамға қауіптілігі бағаланып, сараланады. Олардың нәтижесі әрбір қылмыска қатысушыға жазаны жеке-жеке тағайындау кезінде көрінеді. Адамдар тобы болып қылмыс жасау, жалпы табиғатынан қылмысқа қатысушылықтың бір көрінісі немесе нысаны болып есептеледі.
Р.Р.Галиакбаров, адамдар тобы жасаған қылмыстарына, роль бөліп қылмысқа қатысушылықтан басқа барлық нысандарды жатқызады . Бұл нысан басқа да объективтік белгілерді иеленуіне байланысты, ұйымдасқан топ тәрізді нысандарға айналу мүмкіндігіне ие. ҚК 31-бабында адамдар тобымен жасалатын нысанның түріне жеткіліксіз түсінік берілген. Егер екі немесе одан көп орындаушы келісімсіз катысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс болып саналады. Келісімнің болуы немесе болмауымен, орындаушылық әрекеттердің мағынасы мен мазмұны ашылмайды. Заңдағы "орындаушылар" деген сөздің өзі жеке түсіндіруді қажет етеді.
Біздің ойымызша адамдар тобы нысанының белгілері мыналар болып табылады: а) қылмысқа қатысушылардың бірнешеу болуы (екі одан да көп адам), ә) әрбір қатысушының белгілі бір қылмыстық құрамның объективтік жағын құрайтын әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) орындауға толық немесе жартылай қатысуы, б) қылмысқа қатысушылардың қылмыстың нәтижесіне бірлесіп, күш біріктірудің арқасында жетуі немесе екі жақты субъективтік байланыс болуы, в) әр қатысушыда қасақаналықтың болуы. Мұндай үнемі болатын белгілерден басқа, қылмыстарында кей кездерде қосымша белгілерде бола алады. Мысалы алдын-ала келісім, тұрақтылық. Мұндай белгілер болған кездерде, адамдар тобы бірлескен әрекеттері басқа қылмыстык-құқықтық сапаға айналып, қылмыс басқаша сараланады. Яғни, қосымша белгілердің нәтижесінде ұйымдасқан топ, қауымдастық тәрізді нысандарға айнала алады.
Бірінші белгі, яғни екі немесе одан көп адамдардың қатысуы сандық белгі болып табылады. Адамдар тобы қылмыстарына қатысушылар қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі дұрыс адамдар болуы керек. Алайда олардың ішінде абайсыздықта қылмыс жасағандар, кәмелетке толмаған немесе есі дұрыс емес адамдар да болуы ықтимал. Қылмыстың субъектісі болып табылмайтын адамдардың қолымен қылмыс жасалып, қалған қатысушылар ұйымдастырушы, айдап салушы тәрізді ролдерді атқарғанымен, адамдар тобы жасаған қылмыс деп бағалануы керек. Себебі мұндай жағдайда, қылмыстың субъектісі болып саналмайтын адам, қылмыстың құралы ретінде пайдаланылады. Роль бөліп қылмысқа қатысуда бір адам екінші кылмыстың субъектісі бола алмайтын адамды қылмыс істеуге айдап салса, біз мұндай жағдайда қылмысқа қатысу жок деп танимыз. Яғни, сол айдап салушы адамның өзі сол қылмыстың орындаушысы болып табылады. Дәлірек айтқанда, біреу арқылы орындайды. Осындай көзқарасты Ю.Солопанов та келтіреді [13. 35 б.]. Ал есі дұрыс емес немесе жауаптылың жасына жетпеген бір адамды қылмыс жасауға бірнеше адамдар айдап салса ше? Мұндай жағдайда қылмыстың орындаушысы бір ғана адам емес, сол бір тектес айдап салушылық әрекеттер жасаған адамдардың барлығы да орындаушылар болып табылуы керек. Яғни мұндай жағдайларда топ адамдардың қылмыс жасауы болып есептеледі.
Біз, әрбір қылмысқа қатысушының қылмысты тікелей орындауға немесе қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішінара орындауға қатысуында, қылмыскерлердің бірлескен әрекеттерінің көлемін ескеруіміз керек. Қылмысқа қатысушылардың орындаушылық әрекеттері, көлемі бойынша бөліне алады: Біріншісі, әрбір субъектінің қылмыстың объективтік белгілерін толық орындай алуы. Мұның мысалы, әрбір топ мүшесінің жасаған қылмыстық жыныстық қатынасы. Екінші түрінде, қылмысқа қатысушылардың бірлесіп жасаған қылмыстық әрекеттерін бір-бірінен бөліп алғанда, қылмыстық объективтік жағы белгілері құрылмайды. Яғни, мұндай жағдайда қылмысты бірғе орындаушылар әрекеттерді бөліп орындайды. Адамдар тобының осы тәрізді қылмыс жасауына, қылмыстың түрінің күрделілігі, көлемділігі әсер етуі керек. Демек, қылмыстың толық орындалуы немесе аяқталуына дейін, топ болып қылмысты орындаушылар бірнеше кезеңнен құралатын әрекеттерді орындауы қажет. Мұның мысалы, ҚК 206-бабында қарастырылған жасанды ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындау немесе өткізу, 259-баптағы есірткі заттарды заңсыз дайындау, пайдалану, сақтау, тасу немесе өткізу тәрізді тағы басқа қылмыстар бола алады. Бірінші қылмыскер дайындайды, екінші қылмыскер өткізеді.
Адамдар тобы қылмыс жасауының үшінші түрі, қылмысты орындаушылықтың түсінігінде тікелей көрсетілген. Яғни, мұндай жағдайда топ болып қылмыс жасаушылардың біріншілері қылмыстың объективтік белгілерін түгел орындайды, ал екіншілері бір бөлігін ғана орындайды. Мысалы, бірінші қылмыскер кісі өлтіру кезінде пышақ салса, екіншісі қолын ұстап тұрады. Сондықтан мынандай анықтамамен келісу қиын. Н.С. Гагарин "қылмыс жасау орнында қылмыстың нәтижесіне жету үшін орындаушыға жағдай жасаған адам бірге орындаушы деп танылады" - дейді [14. 58 б.б.].
Топ болып қылмыс жасауда, қылмысқа қатысушылардың әрекеттері бірлескен түрде болуы шартты. Қылмысқа қатысушылардың бірігуі, бұл қылмыскерлердің әрекеттерінің біріккен түрде орындалуы ғана емес, сонымен бірге олардың арасында қылмысқа деген ой немесе қасақаналығының бірігуімен де анықталады. Қылмыстық ой немесе қасақаналықтың бір тектес болуы ішкі екі жақты байланыспен анықталады. Қылмысқа қатысушылардың арасындағы екі жақты байланыс, топтың жасайтын қылмыс түрін білуімен, жасайтын іс-әрекеттің сипатымен сезінуімен, осы әрекеттердің нәтижесінде туындайтын қоғамға қауіпті зардапты көре білуімен анықталады. Яғни топ болып қылмысқа қатысушылардың бірлесіп қылмысты орындауы, субъективтік жағынан ішкі екі жақты байланыстың болуымен анықталады. Алдын-ала келісімсіз түрде қылмыс жасау қылмысқа қатысу нысандарының ішінде негізінен адамдар тобымен жасалатын қылмысында жиі кездеседі. Алдын-ала келісімсіз топ болып қылмыс жасау бұзақылықта, жеке адамдардың өз басына бағытталған қылмыстарда және т.б. кездеседі.
Осы түрдегі адамдар тобы қылмыстарының алдын-ала келісіммен жасалатын қылмыстармен ортақ және ажыратушы белгілері мыналар болып табылады: а) екі немесе одан да коп адамдардың қатысуы, б) қылмыстың құрамының объективтік жағы белгілерін орындауға әрбір қылмыскердің қатысуы, в) қылмысты бірігіп, яғни күш біріктіріп жасауы, г) әрбір қатысушының қасақана түрде әрекет етуі, Ажыратушы белгісі: д) бірлесіп қылмыс жасау жөнінде күні бұрынғы немесе қылмыс орындалардан бұрын келісімінің болмауы.
Біздіңше келісімнің болуында, сөзсіз қылмысқа қатысушылардың арасында екі жақты байланыс орын алады. Бірақ Р.Р.Галиакбаров айтқандай екі жақты байланыс алдын-ала келісімде ғана емес, алдын-ала келісімсіз түрде жасалатын қылмыстарда да болуы негізді. Р.Р.Галиакбаров, алдын-ала келісімсіз түрде жасалатын қылмысқа қатысушылыкты қарастыра отырып, келісім туралы сөз қозғайды. А.Ф.Зелинский "Қатысушылардың арасында субъективтік байланыс біржақты болғанда келісімсіз қылмысты бірге орындаушылық мүмкін емес. Қатысушылардың арасында келісім қылмыс жасау алдында немесе қылмыс жасау кезінде пайда бола алады" - деген көңілге қонымды пікір келтірген [15. 25 б.].
Біз жоғарыда қылмысқа қатысушылардың арасындағы екі жақты байланыс алдын-ала келісім болмайтын қылмысқа қатысушылықта да бола алады дедік. Мысалы, Хабибулов Г.Р., Фролов К.Д. түн уақытында көшеде отырып арақ ішеді. Бұлар таныс емес, көшеде кетіп бара жатқан Храмовты тоқтатып, Хабибулов "темекі" сұрап тиіседі. Храмов "темекі жоқ" дегенде Хабибулов қолындағы бөтелкемен оның басынан ұрады. Жерге кұлаған Храмовты Хабибуловқа қосылып Фроловта тепкілейді. Екеуі мұнан кейін жәбірленушінің киімін шешіп алып, оны көшенің арығына сүйреп әкеліп тастайды. Храмов сот-медициналық сараптамасы актісінің көрсетуі бойынша аса-ауыр дене жарақатынан қайтыс болған.
Тергеу органдары Хабибулов пен Фроловтың қылмысты әрекеттерін Қ.К. 96 бабы 2-бөлімінің "б,г" тармақшаларымен саралаған [16]. Немесе 1994 жылы 4 маусымда Багдарсарян және Локин деген азаматтар "Валюталық реттеу жөніндегі" 14 сәуір 1993 жылғы заңды бұза отырып, азаматша Василевадан, оның доллар сатумен айналысуға лицензиясы жоқ екенін біле тұрып, одан доллар сатып алу үшін үйіне бірге келеді. Багдарсарян мен Локин 80 000 теңгеге 1750 доллар алуға келіседі. Василеваның қолынан АҚШ-тың көп ақшасын көріп, Багдарсарянда сол мезетте оны өлтіру ойы пайда болады. Василеваның ақша санап жатқанын пайдаланып, Багдарсарян темір зат алып Василеваның басынан ұрады. Локин Багдарсянның әрекет мағынасын түсініп Василеваны бір жола өлтіру мақсатымен қалтасынан пышақ алып жәбірленушінің желкесіне салады. Мұнан кейін олар Василеваның 41 800 теңге және 20 000 АҚШ долларын алып, бірге қашып кетеді [17].
Бұл мысалдарда қылмыскерлерде аталған қылмыстарды жасау жайында алдын-ала ниет болмаған. Қылмыс жасау ойы аяқ астынан пайда болып, ол іске аса бастағанда, екінші қылмыскер қылмысты әрекеттің мағынасын түсініп, әрі қарай қылмыстың орындалуын жалғастырған. Қылмыскерлердің арасындағы екі жақты байланыс, мұндай алдын – ала келісімсіз түрде жасалған қылмыстарда қандай белгілермен анықталады? Бұл байланыстар, жоғарыдағы қылмысты уақиғалардың мазмұнында айтылғандай, бір қылмыскердің бастаған қылмысты әрекетінің мағынасын екіншісінің түсініп жалғастыруымен, бір тектес әрекеттердің жасалуымен, уақыттың, уақиға орнының бірдей болуымен және басталған қылмысты басқаша мағынада түсінбей, сол бірінші қылмыскердің әрекетін қостайтын мағынада түсінуімен анықталады. Осы белгілердің барлығы қосылып, алдын-ала келісімсіз түрде жасалатын қылмыстардың бірлесіп орындалуын анықтайды. Әрине алдын-ала келісімсіз түрде жасалатын қылмыстарда қылмысқа қатысушылықтың түсінігіне толық сай келеді.
Қылмысты топ болып орындаушылықты бұлай бағалау қылмысқа қатысушылықтың шеңберінен шығып кетеді. Себебі, қылмысты топ болып орындаушылық болсын, роль бөліп қатысу болсын, олардың қылмысы қылмыстық заңның бір бабымен саралануы керек.
Сонымен екі немесе одан көп адамдардың қасақана басқалармен бірлескен түрде, қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішінара орындауы, топ адамдардың жасаған қылмысы болып танылады.
2.2 Ұйымдасқан топпен қылмыс жасау нысаны
Р.Н.Судакованың "Ұйымдасқан топ ұйымдасқан қылмыстылықтың бастапқы көрінісі болып табылады" – деген бағалауы көңілге қонымды [18. 50 б.].
Ұйымдасқан топта қылмысқа қатысушылықтың басқа нысандары тәрізді, Қ.К. 27 бабындағы қылмысқа қатысудың түсінігіндегі белгілерден басқа, тек өзіне тән ерекше белгілерге ие бола алады. Ұйымдаскан топтың белгілері мыналар болып табылады. а) екі немесе одан көп адамның қатысуы; ә) қылмысты бірлескен түрде жүргізуі; б) қасақана қылмыстарды қасақана түрде жасауы; в) алдын-ала келісімнің болуы; г) тұрақтылығы. Ұйымдасқан топтың барлық қатысушыларын кылмысты бірге орындаушылар ретінде бағалайтын ғалымдар, "қылмысты бірге орындаушы ретінде қатысу" деген белгіні де қосады.
Б.М.Нұрғалиев ұйымдасқан қылмыстық топтың міндетті және қосымша белгілерін келтіреді. Міндетті белгілерін 7 пункттен қараса, ал қосымша белгілерді 17 пункттен құрайды [19. 48 б.]. Бұл пункттердің жартысына жуығы қылмыстық-құқықтық белгілерді білдірсе, ал қалғандары, яғни көпшілігі криминологиялық белгілерді білдіреді.
Ұйымдасқан топта тұрақтылық және алдын-ала келісімнің болуын да міндетті белгіге жатқызуға болады. Ұйымдасқан топ барлық уақытта алдын-ала келісіммен ғана жасалатын қылмысқа қатысудың нысаны болып табылады. Бұл нысанда қылмыс жасау жөнінде күні бұрын келісім ғана емес, сонымен бірге алдын-ала келісілген қылмыстық жоспар дайындалады. Мұнда әрбір қылмысқа қатысушы алдын-ала келісіммен, жоспармен рол бөлу арқылы басқа да қатысушылармен бірге өзара бірлескен қылмысты іске асыратынын және ұйымдасқан топқа кіргенін, өз-ара келіскен әрекеттердің бір немесе барлық бөлігін орындауға қатысатынын біледі. Алдын-ала келісілген жоспарда ұйымдасқан топтың жасайтын қылмысының толық мазмұны, немесе бастан аяғына дейінгі барлық детальдарды анықталады.
Ұйымдасқан топта қашанда күні бұрын қылмыс жайы анықталатындықтан бұл нысанда аяқ астынан пайда болатын келісім бола алмайды.
Ұйымдасқан топтың атауынан да байқалып тұрғандай, мұнда алдын-ала келісім ғана емес, алдын-ала ұйымдастырушылықта көрініс алады. Ұйымдастырушылық пен алдын-ала қылмыстық жоспар ұқсас ұғымдар. Біздің ойымызша, ұйыдастырушылық құрамына қылмысты жасау жоспарынан басқа, оны басқаратын адамдар қылмыстың орындалуына жағдай, көмек жасайтын адамдар қылмысты тікелей орындайтын адамдар енеді. Никифоров Б.С. "Алдын-ала ұйымдастырушылық екі немесе одан көп адамдардың қылмыс жасау жоспарын, ролдерді алдын-ала бөлу, қылмыс құралдарын пайдалану, кедергілерді жою, ұрланған заттарды жасыруға алдын-ала дайындалуын қамтиды"- дейді. Демек, ұйымдастырушылық әрекет, тек алдын-ала келісіммен жасалған қылмыстарда кездесіп, оны басқаратын адамдары ғана емес, бүкіл қылмыстық жасау жоспарында қамтиды. П.Ф.Тельновта "келісім ұйымдастырудың элементін құрайды" деп көкейге қонымды пікір келтірген [7. 120 б.].
Ұйымдасқан топтың ерекшелігін көрсететін, айқындайтын белгі тұрақтылық болып табылады. Зерттеуші ғалымдардың тұрақтылықты қалай анықтағанын, біз бұдан басқа бөлімдерде қарастырдың. Біз тұрақтылықты объективтік белгі ретінде ұйымдасқан топтың ұзақ уақытқа немесе бірнеше қылмыстар жасау үшін құрылуын түсінеміз. Ұйымдасқан топтар меншікке қарсы қылмыстарда, экономикалық қылмыстарда немесе есірткі заттарды дайындау, өткізу, тәрізді қоғамның қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына қарсы бағытталған қылмыстарда жиі кездеседі. Б.К. Төлебеков ұйымдасқан қылмыстылықты бірнеше топқа бөле отырып "оның бірі мафия тектес дәстүрлі қылмыстылық, ал екінші топтағылар дәстүрлі Ұйымдасқан қылмыстылықтағыдай міндетті құрылымдылығы болмайтын құқыққа қайшы топтар деп бөледі. Бұл топтарды бір-бірінен ажырататын нақты шекара жоқ. Қылмыскерлердің ұйымдасқан қауымдастығының әрқайсысын көптеген белгілердің жиынтығынан құралатын топ деп бағалауға болады. Оның жаңа нысандары жиі пайда болып жатады, мысалы қалалық, көшенің, оның ішінде жастардың бандалық топтары т.б."- деп ұйымдасқан қылмыстық топтардың дамуын, көріністерін жеткілікті деңгейде сипаттайды. Негізінде ұйымдасқан топтар көпшілік жағдайда заңсыз пайда табуды көздейтін, жоғарыда аталған қылмыстарды орындаумен шұғылданады. Жалғаспалы қылмыстарды біртектес қылмысты әрекеттер ұзақ уақыт бойы немесе бірнеше рет жасалынғанда ғана қоғамға қауіптілігі ұлғайып қоғамға елеулі зардап келтіретінін білеміз. Қылмысқа қатысушылықтағы жалғаспалы қылмыстар туралы 1972 ж. 11 шілдеде КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ұрлау істері бойынша сот тәжірибесі" туралы қаулысының 11 пункітінде "Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті заңсыз иеленуге ортақ мақсаттағы, кінәлілердің біркелкі қасақаналығымен анықталатын, мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті заңсыз қайтарусыз алатын, бірнеше ұқсас қылмыстық әрекеттерден құралатын және жиынтығында бір қылмысты құрайтын жағдалар" ретінде түсінуді ұсынады.
Мысалы, дүкен меңгерушісі қарамағындағы сатушыларды таразыдан өлшеуден алдауды ұйымдастырады. Мұндай ұйымдасқан топтардың қауіптілік деңгейі уақыт өткен сайын ұлғайып, тұтынушылар мүддесіне орасан зор зардаптар тигізеді. Ұйымдасқан топтың келесі нұсқасы мынадай бола алады. Мысалы, топтың бір мүшесі үнемі қылмыстың затын даярласа, топтың екінші мүшесі үнемі ол заттарды өткізіп отырады. Мұдай әрекеттер үнемі болғанда немесе бірнеше рет қайталанғанда ғана ұйымдасқан топты құрайды. Үнемі болмағанда топ адамдардың қылмысының бір көрінісі болып саналады. Алдын-ала келісіммен Герцов СМ., Кобзев А.В., Мацюк И.Г. аса ірі мөлшерде ұрлық жасау қылмысымен айналысқан. Герцов, Кобзев алтыны бар шикізаттарды өңдеу участогында аппаратшы болып жұмыс істеп жүріп, өздері жұмыс істейтін "Целинный тау химиялық комбинатының қымбат бағалы металдар алу №2 цехынан заңсыз пайда табу ниетін көздейді. Олар контроллердің жұмысшылардың жұмыстан қайту кезінде аяқ-киімін тексермейтінін көздеп катодтық алтынның бір пластинасын ұрлайды. Осы мақсатпен және осы әдіспен Герцов пен Кобзев бірлесіп катодтық алтынның үш пластинасын және ұрлайды. Алғашқы төрт алтын пластинаның салмағы 282 грамм болады. Мацюк осы ұрланған алтындарды олардан сатып алып, Эстонияға апарып сатып отырады"[20]. Ұйымдасқан топтың мұндай түрі жиі кездесіп отырады. Осы тәрізді мысалдарда, әр топтың мүшесі екі адамнан асқанда қылмыстық қауымдастыққа айнала алады. Жоғарыдағы мысалда Мацюк жалғыз болмай, бірнеше адам болып сатып алып отырса, онда біз екі қылмыстық топты кездестіреміз. Яғни алтын ұрлаушылар бір топ, оны сатып алушылар бір топ болып қылмыстық қауымдастықты құрайды. Ал мына мысалда Мацюк жалғыз болғандықтан топты құрай алмайды, тек алдын-ала келісіммен үнемі немесе тұрақты түрде қылмыс жасаумен айналысқандықтан ұйымдасқан топтың мүшесіне айналады.
Көріп отырғанымыздай, ұйымдасқан топтың мұндай түрі бір тектес немесе бірдей қылмыстарды бірнеше рет жасаумен анықталады. Немесе ұйымдасқан топ қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі әр түрлі қылмыстарды бірнеше рет жасай алады. Мұндай қылмысты әрекеттер тұрақты түрде жасалынған деп саналуы керек. Тұрақтылық белгісін объективтік белгіге ғана емес субъективтік белгілердің қатарына да жатқызуға болады. Ұйымдаскан топтың мүшелері, бірнеше қылмыстар жасайтынын, өздерінің осы топтың мүшелері екенін білу керек. Яғни ұйымдасқан топтың мүшелерінің де қылмыстык ой-ниеттер тұрақты бола алады. Осы субъективтік тұрғыдағы тұрақтылық, қылмысқа қатысушылардың қылмыстар жасауымен айналысардан бұрын келісім жасау, ұйымдастырылу кезеңінде пайда болады.
Ұйымдаскан топ мүшелерінің кінә түрі тек қана тікелей қасақаналықпен анықталады. Ұйымдаскан қылмыстық топта, оның тұрақты мүшелері қылмыстың жасалуы немесе жасалынбауына сан алы түрде жол бермейді, тілейді. Сондықтан да мұндай нысанның мүшелері тұрақты қылмыстык топта үнемі қылмыстар жасайды және қылмыстың зардабы тууына пайдақорлық немесе т. б. ниеттермен мүдделі болып қатысады. Яғни пайда табу үшін қылмыстың жасалуын тілейді және сол үшін әрекет етеді.
Сонымен, ұйымдасқан топ дегеніміз, бір немесе бірнеше қылмысты іс-әрекеттер жасау мақсатымен біріккен, екі немесе одан көп адамдардың тұрақты тобы болып табылады.
2.3 Қылмыстық қауымдастықпен қылмыс жасау
Қылмыстық қауымдастық дегеніміз қылмыстық әрекеттер мен айналысу үшін екі немесе одан көп ұйымдасқан топтардан құрылған тұрақты құрылымдық бірлестік болып табылады.
Қылмыстык қауымдастық бірлесіп қылмыс жасаудың ең биік шыңы іспеттес. Осы түрдегі қылмысқа қатысудың нысанында, қоғам үшін аса қауіпті, барынша ұйымдастырылған, тұрақты түрде қылмыстар жасалады. Қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) әр түрлі көріністері ҚР ҚК 156, 158, 169, 235, 236, 237, 240 т.б. баптарында кездеседі. Әрбір қылмыстың жасалатын жағдайы, себебі болады. Сол сияқты қылмыстық қауымдастық немесе қылмыстық ұйым меншікке қарсы қылмыстарды, экономикалық қылмыстарды, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы қылмыстарды жасауда жиі кездеседі.
Қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) анықтайтын белгілер мыналар бола алады:
а) екі немесе одан көп топтардың бірігуі, ә) бұл топтардың қылмыстарды бірлесіп орындауы, б) қасақана жасалатын қылмыстарды тікелей қасақаналықпен жасауы, в) алдын-ала келісімнің болуы, г) тұрақтылық, д) құрымдылық.
Біз қылмысқа қатысушылықтың басқа нысандарында сандық белгіге екі немесе одан көп адамдардың қатысуын алсақ, қылмыстық қауымдастық белгілі кең көлемде, яғни екі немесе көп қылмыстық топтардың жиынтығы ретінде аламыз. Қылмыстық қауымдастықты құрайтын топтар, кең ауқымда бірлесіп қылмыстар жасау үшін, осы қауымдастық жүйелері ретінде бөлінуі мүмкін. Ал кей жағдайларда бірнеше қылмыстық топтардың бірігуінен пайда болуы мүмкін. Мұдай тұжырымға итермелейтін себеп, Алматы қаласында қорқытып талап кетушілікпен айналысқан, бұрынғы 1990 жылдардағы Сары Алмас, Қара Алмас, Жанболат т.б. істері болып табылады.
Қылмыстық қауымдастықтың сандық белгісін, бірнеше топтардың бірігуі ретінде алуға тағы бір басты себеп, ол ұйымдасқан қылмыстылықтың ең кең көлемде жасалатын түрлерін, осы нысанға жатқызу болып саналады.
Нарық экономикасы өріс алған елде, сонымен қатар бір қоғамнан оған қарсы келетін екінші қоғамға өту негізінде, мемлекеттік қадағалаудың немесе тәртіптің әлсіреуі кезінде қылмыстық қауымдастық тәрізді аса қауіпті қылмыстық топтардың кең етек алатынын басымыздан өткіздік. М.Мұздақбай "Әдеттегі жай қылмыстық топтар экономикалық қылмыстар тәрізді салаларға беріліп, соған бейімделіп, көбінесе маманданған ұйымдасқан аймақ аралық қауымдастыққа айналып кетіп жатыр", - дейді. Негізінде бұл мәселе криминологиялық бағытта жеке зерттеуді қажет етеді. Қылмыстық қауымдастықтың бірлесіп қылмыстар жасауы, оның тұрақтылығымен, қауіптілігімен, құрылымдылығымен шекаралас қаралады. Басқаша айтқанда бұл аталған белгілер бір-бірімен өз-ара тығыз байланысты. Қауымдастықтың бірлесіп әрекет етуі, қауымдастыққа жататын топтардың өз-ара келісімді түрде қимылдар жасауымен, жасалатын қылмыстарды күні бұрын белгілеуімен, яғни бір топтың екінші топпен толық хабардар түрде қылмысты әрекеттер жасауымен анықталады. Бұл топтардың бірлесіп әрекет етуінің түрі немесе сипаты, оларды алғашқы кезде пайда болған алдын-ала келісімге байланысты деп айтуға болады.
Қылмыстық қауымдастыкта ұйымдасқан топ сияқты тек алдын-ала келісім нәтижесінде пайда болатын және алдын ала келісіммен ғана қылмыстар жасайтын нысан болып табылады. Бір байқалатын жайт алдын ала келісім барлық қылмысқа қатысушылық нысанында бола алғанымен, кейбір нысандар бойынша ерекшеліктерге ие. Қылмыстық қауымдастықтағы алдын-ала келісімнің негізгі ерекшелігі, бірлесіп қылмыс жасаудағы барынша ұйымдастырушылығымен, тұрақты түрде қылмыстар жасауымен, қауымдастықтың құрылымдылығымен анықталады. Яғни қауымдастықтың тұрақтылығы, бірлесіп әрекет етуі, қасақаналығы, құрылымдылығы тәрізді белгілер алдын-ала келісім кезінде-ақ пайда болады. Басқаша айтқанда қылмыстық қауымдастықтағы алдын-ала келісімнің мазмұнына, қауымдастықтың қылмыстар жасау туралы барлық жоспары, сонымен бірге осы қауымдастықтың кейінгі бүкіл қимылдары енеді. Қылмыстық кауымдастықтың алдын-ала келісімі арқылы барлық субъективтік және объективтік белгілері анықталады деп айтуға болады.
Қылмыстық қауымдастықтың тұрақты түрде қимыл жасауы, оның үздіксіз немесе бірнеше қылмыстар жасау мақсатында құрылуымен анықталады. Демек, қауымдастықты анықтауда біз оның мақсатына да көңіл аударуымыз керек. Мұндай қылмысқа қатысушылық нысанының мақсаты жоғарыда аталғаң қылмыстардың орындалуынан шығатын жетістікке тырысу болып саналады және сол максат үшін құрылады. Қылмыстық қауымдастықтың ұйымдасқан топпен бір ұқсастығы, ол қылмыстарды іске асыруының, ұқсастығында. Яғни қылмыстық қауымдастықта ұйымдасқан топтар сияқты бірдей қылмыстарды бірнеше рет жасайды және кейбір жағдайларда жалғаспалы қылмыстарды жасаумен айналыса алады. Мұндай қылмыстарға практика жүзінен мысалды, ұйымдасқан топты анықталған бөлімде келтіріп дәлелдедік. Бұл тек өзіміздің пікіріміз, және осы тәріздес пікірлер көптеген авторлардың пікірлерінде де кездеседі. Тек бір өзгеше жәйт, қазіргі ҚР ҚК 31 бабында қылмыстық қауымдастық бір варианты бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды ұйымдасқан топтың жасауымен анықтағаны. Қылмыстық қауымдастық қылмыстық әрекеттермен айналысу мерзімі бойынша белгілі бір уақытқа, яғни өздері көздеген жетістікке жеткенге дейін немесе қылмыстарды жасау мақсатымен ұзақ уақытқа құрылуы да мүмкін.
Тұрақтылық белгісі объективтік белгілермен қатар қылмыстық қауымдастықтың субъективтік белгісіне де жатады. Субъективтік белгі ретінде, тұрақтылық – қылмысқа қатысушы адамдардың және қауымдастыққа кіретін топтардың бірлескен ойларының барлық уақытта үйлесімділігімен, яғни әрбір қауымдастық мүшесінің осындай қылмыстық ұйымға кіргенін сезінуімен, ұзақ уақыттар бойы басқалармен бірлесіп қылмыстар жасайтынын білуімен анықталады. Қылмыстық қауымдастықтың өз бастауын әдепкі келісімнен алатыны тәрізді, оның жалғасы ретінде, яғни келесі бастауын қауымдастық мүшелерінің қылмыстар жасау жөніндегі ой тұрақтылығынан да алады. Осы қылмысқа қатысушылық нысанының ой тұрақтылығымен оның құрылымдылығы да байланысты деп айтуға болады. Себебі, қауымдастық мүшелері, өздерінен де басқа қылмыстық топтардың осы қауымдастық мүддесіне байланысты қылмыстар жасап жақанын біледі. Қылмыстық қауымдастықтың құрылымдылығы немесе қауымдастыктың бірнеше ұйымдасқан топтардың бірлестігінен құрылатындығы, осы нысанның негізгі белгісі, басқа қылмысқа қатысушылық нысандарынан ажыратушы белгісі болып саналады. Тап осындай пікірді М.С.Нәрікбаев келтіре отырып, "қылмыстық қауымдастық ретінде бір басшылық арқылы қылмыстық іс-әрекеттермен айналысу үшін құрылған, құрылымдық бірлестік танылады", - дейді [21. 23 б.]. ҚР ҚК 31 бабында қылмыстық қауымдастықтың екінші варианты ретінде, қауымдастықтың ұйымдасқан топтардың бірлестігінен құрылатындығы айтылған. Қауымдастықтың топтардан құрылуы - бұл қылмысты әрекеттерді кең көлемде жүргізудің, оның қоғамға кауіптілігін күшейтудің негізгі амалы болып саналады. Демек, құрылымдылықты анықтағанда екі немесе одан көп ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірлесіп қылмыстар жасауын ескеруіміз қажет. Осындай ұйымдасқан топтар бір қылмыс қана жасаумен шектелуі де мүмкін жағдай. Бірақ ұйымдасқан топтардың да тұрақты түрде қылмыстар жасаумен айналысатыны тәрізді, қауымдастық мүшелері бірлескенде немесе бір үлкен топ бірнеше кішігірім қылмыстық топтарға бөлінгенде сансыз қылмыстарды жасау үшін осындай тәсіл қолданатыны белгілі жәйт.
Қылмыстық қауымдастықты анықтайтын кінә түріне келгенде, оның мүшелері де, жетекші, ұйымдастырушылары да тек тікелей қасақаналықпен қылмыстар жасайды. Адам тұрақты түрде қылмыстар жасауға ниеттеніп сол қылмыстық ұйымға кіргенде, әрі қарай қылмыстың зардабын тілеп әрекеттер жасайды. Қауымдастықта ұйымдастырушы, жетекші, азғырушы қылмыстың зардабына жанама қасақаналықпен қарай алмайды, мұның тағы бір себебі, олар белгілі бір зардаптың болуын ұйымдастырып, көмектесушіге көмек көрсетуін, орындаушыларға қылмысты іске асыру жайында нақты нұскаулар береді. Бұл саналы түрде жол беру емес, тілеу болып табылады. Сондықтан да қауымдастықтың мүшелері үнемі қылмыстар жасайды және қылмыстық зардаптың тууына пайдақорлық немесе т.б. ниеттермен мүдделі болып катысады.
Қылмыстық қауымдастықтың ұйымдасқан топпен ұқсастығы оның мүшелерінің күрделілігі болып табылады. Мұндай қылмысқа қатысу нысанының мүшелері де екі топқа бөлінеді. Біріншілері, ұйымдастырушылары, жетекшілері болады да, екіншілері топтағы мүшелер қатардағы мүшелер немесе қатардағы қатысушылар болып есептеледі.
Біз жоғарыда қылмыстық қауымдастықтың, оның кездесетін жағдайларын ескеріп, оның алдын-ала келісіммен ғана жасала алатындығын, тұрақтылығын, құрылымдылығын ескеріп, кінәні және коғамға қауіптілікті ауырлататын құрам қатарына жатқыздық. Қылмыстық қауымдастықтың, ұйымдасқан топтың немесе жалпы қылмысқа қатысушылыктың коғамға қауіптілігі барлық уақытта бірдей ме деген сұрақ туындайды.
Қылмыска қатысушылық қоғамға қауіптілікті жоғарылата ма?
Қылмыстық заңның теориясында қылмысқа қатысушылық мәселесің зерттеуде ғалым-криминалистер нақты бір тұжырымға келетін жауаптан гөрі даулы мәселелердің санын көптеп келтіреді. Сол мәселелердің бірі қылмысқа қатысудың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауда кездеседі. Бірнеше адамдардың қасақана бірлесіп қылмыстар жасауы қоғамға қауіптілікті жоғарылатады деген көзқарасты ұстанатындар П.И.Гришаев, Г.А.Кригер "қылмысқа қатысу қоғамға қауіптілік дәрежесін жоғары көлемде сипаттайтын қылмыстардың ерекше нысаны ретінде қарастырылады" [22.3 б.], - дейді. Ө.С.Жекебаев "Қылмысты бірлесіп жасаған кездерде үлкен зияндардың келу ықтималдылығы жоғары. Қатысушылардың өзара бірін-бірі қолдауы қиын тәсілдерді қолдануға және қылмысты жасыруды жеңілдетеді", - дейді [3. 209 б.]. Ал Н.Г.Иванов "қылмысқа қатысушылық әрекеттердің қоғамға қауіптілігін барлық жағдайларда ауырлатады" - деп оның дәлелін алғапіқы қауымдық құрылыстағы адамдардың бірлесіп өмір сүргендегі, яғни тамағын тауып жеу, төнген қауіпке бірлесіп қарсы тұрғандағы жетістіктерін келтіріп дәлелдейді [8. 49 б.]. Бұл пікір 2001 жылдың 21 маусымындағы "Бандитизммен және басқа да қатысушылықпен жасалатын қылмыстардың жауапкершілігі туралы" ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында келтіріліп, "қылмысқа қатысушылық қауіпті қылмыс", - деп атап өтілген [75]. Екінші көзқараста яғни қылмысқа қатысушылықтың барлық жағдайда қоғамға қауіптілікті ауырлатпауы жайында ой қозғаған, М.Д. Шаргородский "қылмысқа қатысушылық жауаптылықты жоғарылатпайды да, әлсіретпейді де және тіпті кінәні ауырлататын жағдай болып табылмайды" [24. 85 б.], - дейді.
Ал үшінші бағыттағы осы күні жалпы қолданып жүрген көз-қарас "қылмысқа қатысушылық барлық жағдайларда болмағанымен қылмыстың қоғамға қауіптілігін жоғарылатады", - дейді. А.А.Пионтковский [25. 547 б.]. Осы көрсетілген көзқарастардың қайсысы негізді деп тануға болады деген мәселе туындайды.
Қылмыстық кодексте «егер осы әрекеттерді адамдар тобы жасаса», (мысалы, әйел зорлау) немесе «алдын-ала келісіммен жасаса» (мысалы, меншікке қарсы қылмыстарда) деген сөздер қылмыстың қоғамға қауіптілігін ауырлататын құрам ретінде көрсетіледі. Мұнан туындайтын сұрақ, егер қылмысқа қатысушылық немесе топ болып қылмыс жасау қылмыстың қоғамға қауіптілігін барлық жағдайларда ауырлататын болса, онда неге кей құрамдарда ауырлататын құрам ретінде кездеседі? Қылмысқа қатысушылық қоғамға қауіптілікті жоғарылатады немесе жеке адам жасаған қылмыстарға қарағанда мүдделерге үлкен зардап келтіре алады деген бағыт ұстанатындар, қылмыскерлердің бірлесіп қылмыс жасауының қажеттігін, яғни бір ғана адам жасай алмайтын қылмыстарды бірнеше адамдардың іс-әрекеттері бірлессе, онда олардың қылмысты ниеттерін іске асыруы жеңілдейді деп түсіндіреді.
Бірақ бір адам өз күшімен-ақ аса ауыр қылмыс жасай алады. Мысалы, қасақана кісі өлтіру. Керісінше, бірнеше адам бірлесіп бір кісіге әр дәрежедегі дене жарақатын келтірген қылмыстарды да жасайтын кездер болады. Яғни, бір адамның жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің жоғарылығы екі немесе одан да көп адамдардың бірлесіп жасаған қылмысынан да қауіпті болатын кездер бола алатыны даусыз. Сонымен, қылмысқа қатысушылық әрқашан қоғамға қауіптілікті жоғарылатады деген көзқарасты теріс деп бағалауға болады.
Келесі мәселе, қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілікті немесе кінәні ауырлатпайтын да, жеңілдетпейтін де жағдайлар қатарына жатқызатын бағытты теріс көзқарастар қатарына жатқызуға болады. Себебі, біріншіден қылмысқа қатысушылықтың жәй және күрделі нысандарының өзі кей нормаларда кінәні ауырлататын құрам ретінде енгізіліп, олар қылмыстық заңның кей нормалары бойынша ғана екі немесе одан көп адамдардың бірлесіп алдын-ала келісіммен немесе келісімсіз қылмыс жасауы қоғамға қауіптілікті жоғарылатады деп түсіндіріледі. Екіншіден, қылмысқа қатысушылықтың ұйымдастырылған тұрақты тобы немесе қылмыстық қауымдастық тәрізді нысандары барлық жағдайларда кінәні ауырлататын және қоғамға қауіптілікті жоғарылататын қылмыстар түрі ретінде анықталған. Себебі, біріншіден мұндай нысандарда қылмысқа қатысушылардың бірлескен ойы және іс-әрекеттері ең жоғары дәрежелі беріктікте болады. Екіншіден, қылмысқа қатысушылар мұнда басқа нысандарға қарағанда көп кездеседі, олардың әрқайсысы қылмыстық іс-әрекеттер жасау арқылы бір уақытта бірнеше зардаптар келтіре алады. Үшіншіден, мұндай қылмысқа қатысушылықтың нысандары орындалуы қиын және күрделі қылмыстар бойынша ұйымдастырылады (мысалы, экономикалық қылмыстар). Төртіншіден, олардың тұрақты түрде қылмыстар жасау үшін ұйымдастырылуы арқылы қоғамға қауіптілігінің жоғарылығы анықталады. Бұл нысанның коғамға аса қауіпті болуының тағы басқа себептері болуы да мүмкін. Сондықтан, ұйымдастырылған тұрақты топ және қылмыстық қауымдастық үшін олардың аяқталған қылмыс болып саналуы, белгілі бір қылмыстардың жасалуымен емес, сол қылмыстық ұйымның пайда болуы, құрылуы кезеңімен анықталады. Осы қысқаша шолудан жасайтын қорытынды, ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық сияқты нысандар сөзсіз қоғамға қауіптілікті жоғарылатады және ауыр қылмыстар қатарына жатқызылады. Ал қылмысты бірге орындау және роль бөліп орындау арқылы қылмысқа қатысу тәрізді қылмысқа қатысушылықтың нысандары, нақты баптарда көрсетілген реттерде ғана қоғамға қауіптілікті жоғарылатады деп тұжырым жасауға болады.
Тақырып 8
Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы
Дәріс мақсаты: Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы,қылмыс құрамын талқылау.
Сүрақтар:
1.Жеке адамға қарсы қылмыстар саралау ерекшеліктері.
2. Қылмысты бірнеше адам жасаған, жеке-жеке саралап жаза тағайндау.
3.Адам өлтірү қылмысты саралау
1. Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау қорытындысында, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс.
Қылмысты бірнеше адам жасаған кезде олардың арасында қылмыс жасауға алдын ала сөз байласу болған-болмағанын, рөлдері бөлінген-бөлінбегенін, қылмыс жасалған кезде олардың әрқайсысының қандай әрекеттер жасағанын, сондай-ақ барлық өзге де мән-жайларды анықтап, солардың негізінде адамдардың топ болып, алдын ала сөз байласу бойынша топ болып немесе ұйымдасқан топ болып әрекеттер жасағандары туралы қорытынды жасау және жауаптылыққа тартылған адамдардың әрқайсысының қатысу нысанын айқындау, олардың әрекеттерін жеке-жеке саралап әділ жаза тағайындау қажет.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының екінші бөлігіне (бұдан әрі - ҚК) сәйкес, бір ниетпен әрекет еткен, осыған орай қылмыс жасау процесіне тікелей өздері қатысқан (қылмыстың объективтік жағын орындаған) не жасына, ақыл-есі дұрыс еместігіне немесе ҚК көзделген басқа да жағдайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайтын басқа да адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған, сондай-ақ тетіктер мен жануарлардың көмегімен қылмыс жасаған адамдарды қылмыстың орындаушылары деп тану керек. Олардың әрекеттері ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалмай, қылмыс жасағаны үшін жауаптылық көздейтін тиісті баптың бөлігі (тармақтары) бойынша саралануға жатады.
Заңға сәйкес ұйымдастырушы, көмектесуші, қылмысқа айдап салушы деп танылған басқа қатысушылардың әрекеттері, егер олар бір мезгілде осы қылмыстың қоса орындаушысы болып табылмаса, ҚК 28-бабына сілтеме жасала отырып, орындаушы жасаған қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бап бойынша саралануы қажет.
.
Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы аяқталған қылмыс тікелей де, жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан қылмыс жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің ниеті неге бағытталғанын, қылмыс нәтижесінде қандай зардап туындағанын және нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және белгілеу керек. Егер қылмыс оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмысты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет.
Осыған байланысты, ҚК 96-бабында көзделген адам өлтіруге оқталған кезде кінәлі оның қоғамға қауіпті сипатын сезгендіктен, жәбірленушіге құқыққа қарсы қаза келтіру мақсатында әрекет жасаған, оның іске асатынын алдын ала білген және соны қалаған, бірақ оған қатысты емес жағдайлар бойынша қаза іске аспаған қасақана әрекеттерді тану керек.
Адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің а) тармағы бойынша саралауға кінәлінің бір мезгілде бірнеше адамға қаза келтіру ниеті негіз болып табылады. Осындай жағдайларда екі және одан да көп адамды өлтіру, әдетте, қысқа аралық мерзім ішінде бір немесе бірнеше іс-әрекетпен жасалады және кінәлінің екі және одан да көп адамға қаза келтіру туралы ниетін растайды.
Кінәлінің ниеті екі және одан көп адам өлтіруге бағытталған кезде, қылмыстық ниеттің нәтижесі - бірнеше адамның өлімі қылмыс субъектісінің еркіне байланысты емес жағдайлар бойынша туындамаса, бір адамды өлтіру және басқа адамды өлтіруге оқталғандық жасау - екі адамды өлтірген - аяқталған қылмыс ретінде қаралуы мүмкін емес. Мұндай жағдайларда аяқталмаған адам өлтіру бойынша кінәлінің әрекеті ҚК 24-бабының үшінші және 96-бабы екінші бөлігінің а) тармақшасы бойынша, ал аяқталған адам өлтіру - саралау белгілерінің болуы немесе болмауына қарай ҚК 96-бабының бірінші бөлігі немесе екінші бөлігі бойынша саралануға жатады. Бұл ретте, бір мезгілде бір адамды өлтірген және екіншісін өлтіруге оқталған кезде кінәлінің әрекетінің кезеңділігін осылайша саралаудың маңызы жоқ.
Егер бірнеше адам өлтірген кезде қылмысты қоса орындаушылардың ниеті бірнеше адамның өмірін қиюға бағытталса және оны іске асыру үшін олар өзара рөлдерін бөліскен болса, соның салдарынан әрбір қылмысқа қатысушы бір ғана адамның өмірін қиюға тікелей қатысса, онда олардың әрқайсысының әрекеті осылайша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің а) тармағы бойынша саралануға жатады.
Екі адамды өлтіру, егер біреуі үшін жауапкершілік ҚК 96-бабының тиісті бөлігімен, ал басқасы ҚК 97, 98, 99 немесе 100-баптарыменкөзделсе, ҚК 96-бабы бөлігінің а) тармағы бойынша саралау мүмкін емес. Мұндай жағдайларда әрбір қылмыс қылмыстық заңдардың тиісті нормасы бойынша дербес саралануға жатады.
. Адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б) тармағы бойынша саралаған кезде жәбірленушінің өз қызметтік міндетін жүзеге асыруға не өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты қандай заңды әрекеті кінәлінің оны өлтіруіне немесе оның жақындарын өлтіруге итермелегенін анықтау керек, өйткені кінәлінің нақ осы мән-жайларға байланысты осы адамның өміріне қол сұғу ниеті осындай саралауға арналған міндетті шарт болып табылады.
Бұл ретте, өзінің қызметтік борышын орындау деп - оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кіретін, ал қоғамдық борышты орындау деп кез келген азаматтардың арнайы жүктелген қоғамдық міндеттерді, сондай-ақ қоғамның немесе жекелеген адамдардың мүдделері үшін (мысалы, құқық бұзушылыққа тосқауыл қою, дайындалып немесе жасалғалы жатқан қылмыс туралы хабарлау, куәгерлік айғақтар беру және т.б.), кез келген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруын түсіну керек. Кәсіби борышты орындау деп тұлғаның белгілі бір кәсіпке байланысты (мысалы, суретшілердің эскиздер, портреттер, карикатуралар салуы) әрекеттер жасауын ұғыну қажет. Жәбірленушіні өлтіру жәбірленушінің заңсыз қызметтік міндеттеріне байланысты жасалған жағдайларда, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б) тармағы бойынша саралау болмайды.
Адам өлтіру жәбірленушінің қызметтік міндетін, өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты жасалған деп саралау үшін адам өлтіру жәбірленушінің жоғарыда аталған әрекеттерді орындау кезінде немесе басқа уақытта жасалғанының маңызы жоқ.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б) тармағында көрсетілген "жақын" деген терминге ҚІЖК 7-бабының 24) тармағында көрсетілген жақын туыстары ғана емес, қызметтік міндетін не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындап жүрген адам қадір тұтатын басқа да адамдар кіреді. Олардың өзара жақын қатынасы туралы кінәлінің алдын ала хабардар болған-болмағанын анықтау қажет.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің в) тармағы бойынша өзінің психикалық жағдайы немесе дене бітіміне қарай қылмыскерге қарсылық көрсетуге және өзіне қатысты жасалған қылмыстық қол сұғушылықтан өзін қорғауға мүмкіндігі болмаған адамды өлтіруді саралау керек. Осындай адамдарға, атап айтқанда, жас балалар, қартайған және ауыр науқас адамдар, сондай-ақ оларға болып жатқан оқиғаларды дұрыс қабылдау мүмкіндігінен айыратын психикалық ауытқудан зардап шегуші адамдар жатқызылуы мүмкін. Ұйқыдағы адамды, сондай-ақ ауыр дәрежедегі алкогольдік немесе есірткілік мас күйіне байланысты немесе басқа да себептер бойынша дәрменсіз жағдайдағы адамдарды өлтіруді де ҚК 96-бабы екінші бөлігінің в) тармағы бойынша саралау керек.
Жәбірленушінің оған қаза келтіру кезінде дәрменсіз жағдайда болуын сот мұқият тексеруі және бағалауы тиіс. Бұл ретте, жәбірленушінің жас бала немесе қартайған кісі, оның мас күйде болуы барлық жағдайларда да өздігінен оның дәрменсіз жай-күйін куәландырмайтынын назарға алу керек, сондықтан аталған мән-жай істің (мысалы, жәбірленушінің шабуыл жасаушыға белсенді қарсылық көрсетуі, оған жауап ретінде зақым келтіруі және т.с.с.) нақты мән-жайын ескерте отырылып, бағалауға жатады.
Адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің в) тармағы бойынша саралау үшін кінәлінің жәбірленушіге қаза келтіруіне байланысты әрекет жасаған сәтте жәбірленушінің дәрменсіз жағдайда болуы қажет. Бұл ретте, жәбірленуші өзін дәрменсіз жағдайға (көшеде құлаған кезде жарақат алуы, алкогольдік ішімдікті немесе есірткі заттарды пайдалануы және т.с.с.) өзі түсірді ме немесе оның осындай жағдайға басқа адамдардың әрекеті нәтижесінде туындауының маңызы жоқ.
Жәбірленушіні дәрменсіз жағдайға алып келу және оны өлтіру ниетін жүзеге асыруды жеңілдету мақсатында (ұйықтататын дәрі, алкогольдік ішімдік немесе есірткі беру, байлау, ұрып-соғу, есінен тануға әкеп соққан дене жарақатын келтіру) жасалған кінәлінің әрекеті осы қылмыстың объективтік жағының бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайларда жәбірленушіге қаза келтіру ҚК 96-бабының екінші бөлігінің в) тармағы бойынша саралануы тиіс емес.
Адамды ұрлаумен ұштасқан адам өлтіруді саралаған кезде ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің в) тармағы бойынша жауапкершілік ұрланған адамды өлтірген кезде, сондай-ақ адамды ұрлауға байланысты басқа да адамдар өлтірілгенде туындайтынын ескеру керек (мысалы, ұрлауға кедергі жасаған адамды қасақана өлтіру). Осындай жағдайларда адамды ұрлау және өлтіру қылмыстардың жиынтығын құрайды және ҚК-нің125-бабының тиісті бөліктерімен және ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің в) тармағы бойынша өз алдына дербес саралануға жатады. Кепілге алу немесе оны ұстау кезінде адамды қасақана өлтіру әр қылмыстың белгіленген саралау белгілеріне қарай ҚК-нің 96 және 234-баптарыныңтиісті бөліктері бойынша дербес саралануға жатады.
Адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің г) тармағы бойынша саралаған кезде адамға қаза келтірген сәтте жәбірленушінің жүкті екендігі кінәліге белгілі болғанын анықтау қажет. Бұл ретте, жүктілік мерзімінің, жәбірленушінің жүктілікке байланысты емдеу мекемесінде есепте тұруының, ұрықтың өміршеңдігінің және т.с.с. саралау үшін маңызы жоқ.
Кінәлі жүкті әйелді өлтірдім деп ойлаған, бірақ жәбірленуші нақтылы жүкті болмаған жағдайда, кінәлінің әрекеті басқа саралайтын белгілер болмаған кезде ҚК 96-бабы бірінші бөлігі бойынша саралануға жатады.
Кінәлі адамға қаза келтірілген кезде адам өлтіру тәсілі және басқа да мән-жайлармен байланысты аса қатыгездік көрсетіліп жасаған адам өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің д) тармағы бойынша саралануға жатады.
Қаза келтіру тәсіліне қатысты мән-жайларды бағалаған кезде кінәлінің аса қатыгездік көрсеткенде жәбірленушіге аса тән немесе жан күйзелісі мен қасіретін келтіретін әрекеттерді қасақана жасайтынын ескеру керек. Аса қатігездік белгілері, атап айтқанда, мына жағдайларда көрінеді: адам өлтіру алдында немесе оны орындау процесінде жәбірленушіге азаптау, қинау немесе оны қорлау қолданылуы, кісі өлтіру кінәлі үшін әуелден жәбірленушіге ерекше күйзелістер мен қасіреттер (мысалы, жәбірленушіні өлер алдында ұрып-соғу немесе көптеген жарақаттар келтіру, ұзақ уақыт бойы азаптау, аса қиналыс тудыратын у пайдалану, тірідей өртеу, аязда жылы киімсіз қалдыру, астан, судан айыру және т.с.с.) келтіретін тәсілмен жасалуы.
Адам өлтірудің объективті жағын орындаған кезде келтірілген жарақаттардың көп болуы, егер бұл ретте адам өлтіру жәбірленушіге ерекше қиналыстар мен қасіреттер келтіру мақсатында жасалғаны анықталмаса, әрекет өздігінен ҚК 96-бабы екінші бөлігінің ж) тармағы бойынша саралау үшін негіз болып табылмайды. Адамды аса қатыгездікпен өлтірді деп тану үшін келтірілген жарақаттардың сипаты мен ауырлығының маңызы жоқ.
Аса қатыгездік, сондай-ақ адам өлтіру жәбірленушінің жақын адамдарының көз алдында жасалғанда болуы мүмкін. Жақындары деп - ҚІЖК 7-бабы 24) тармағында көрсетілген туыстық қатынаста тұратын адамдар ғана емес, сонымен қатар жәбірленушімен қалыптасқан өзара қатынасқа байланысты жәбірленушіге қадірлі адамдар (ерлі-зайыптылар, нақтылы неке қатынасында тұратын адамдар, күйеу мен қалыңдық, қорғаншы, қамқоршы және т.с.с.) танылуы мүмкін.
Адам өлтіруді жәбірленушіге жақын адамдардың көз алдында аса қатыгездікпен жасау белгісі бойынша саралағанда, ол адам өлтірген кезде аталған адамдардың болу фактісін ғана емес, кінәлінің қылмысты олардың көз алдында жасайтынын білгенін және оларға рухани жан азабы мен күйзелісін тартқызу ниеті болғанын анықтау қажет.
Өзара туыстық немесе жақын қатынастағы адамдарды бір-бірінің көз алдында кезекпен өлтіру де, егер кінәлі олардың әрқайсысын өлтірер алдында жақындарын көз алдында өлтіру жолымен оған ерекше жан азабы мен күйзелісін келтіруді қаласа, аса қатыгездікпен жасалған қылмыс ретінде саралануы мүмкін.
Адам өлтіру жәбірленушінің туыстарының көз алдында жасалса да, бірақ олардың арасында қалыптасқан өзара қатынасқа байланысты оларға ерекше жан азабы мен күйзелісі келтірілмейтінінен кінәлі алдын ала хабардар болса ҚК 96-бабы екінші бөлігінің д) тармағы бойынша сараланбайды.
Кінәлі өлімнің нақты туындағанын біле тұрып, адам өлтіргеннен кейін мәйітті ұсқынсыздандыруы немесе оны қорлауы (оны жасыру мақсатында мүшелеу жағдайынан басқа) ҚК 275-бабының тиісті бөліктері бойынша дербес саралануға, ал тұтас әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады, бұл ретте, осы әрекеттерді және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің д) тармағы бойынша саралау талап етілмейді.
Адам өлтіру көптеген адамдардың өмірі үшін қауіпті тәсілмен жасалған ретте ҚК 96-бабы екінші бөлігінің е) тармағы бойынша саралау үшін кінәлі белгілі бір адамды (адамдарды) өлтіру ниетін жүзеге асыра отырып, көптеген (екі адамнан кем емес) басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп келтіретін тәсіл қолданатынын білгенін анықтау қажет. Бұл ретте, адам өлтіруді таңдау тәсілі көптеген адамдардың өміріне нақты қауіпті екені анық болса, оның кінәлінің ниетімен қамтымағаны және адам өлтіру кезінде қатерге ұшыраған адамдарға қаза келтіру немесе денсаулығына зиян келтірудің тәсілі және олардың саны маңызды емес.
Егер адам өлтіру көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кезде екі және одан да көп адамдарға қаза келтірілсе, жауаптылық ҚК 96-бабы екінші бөлігінің а) және е) тармақтары бойынша туындайды. Бір адамға қаза келтіріп, екінші адамның денсаулығына зиян келтірілген жағдайда әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің е) тармағы бойынша және денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК тиісті баптарымен сараланады.
Егер адам өлтіру алдын ала сөз байласпастан әрекет еткен екі немесе одан да көп қылмыс жасаушылардың бірлескен әрекетімен іске асырылса, оны адамдар тобы болып жасаған қылмыс деп тану керек.
Егер адамдар бірігіп қылмыс жасау туралы алдын ала келісіп алса, ал кейіннен олардың әрқайсысы оны жүзеге асыруға қатысса, олардың барлығы да қоса орындаушылар болғанына немесе олардың кейбіреуінің қылмысқа қатысу нысаны өзгеше болуына (ұйымдастырушылар, айдап салушылар, көмектесушілер) қарамастан алдын-ала сөз байласып адамдар тобымен жасалған қылмыс деп танылуы керек.
. Екі және одан да көп орындаушымен жасалған, сондай-ақ орындаушы мен өзге де қылмысқа қатысушылар алдын ала сөз байласуы бойынша не ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларымен жасалған адам өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің ж) тармағы бойынша саралануға жатады.
Бір немесе бірнеше қылмыстарды жасау үшін алдын ала біріккен тұрақты адамдар тобы жасаған адам өлтіруді ұйымдасқан топ жасаған қылмыс ретінде тану керек. Бұл ретте, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы және басшысы ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оны басқарғаны үшін ҚК 235-бабының тиісті бөліктері бойынша және жасалуына тікелей өзі қатысқан не қылмыстық топтардың басқа қатысушыларымен жасалуы оның ниетімен қамтылған ҚК 96-бабы екінші бөлігінің ж) тармағы бойынша қасақана адам өлтіргені үшін жауаптылыққа тартылады.
. Өзіне немесе басқа адамдар үшін материалдық (мүліктік құқық, тұрғын үйге құқық және с.с.) пайда алу мақсатында не материалдық шығындардан (қарызды қайтару, көрсетілген қызметті төлеу, алимент төлеу, материалдық міндеттемелер мен төлемдер төлеу және т.с.с.) құтылу мақсатында жасалған адам өлтіру пайдакүнемдікпен жасалған қылмыс ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің з) тармағы бойынша саралануға жатады.
Адам өлтіруді сыйақы алу үшін жасаған адамдардың әрекетін жалданып адам өлтіру ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің з) тармағы бойынша, ал осы адам өлтіруді ұйымдастырған немесе орындаушыны сыйақы үшін адам өлтіруге көндірген адамның әрекетін ҚК 28-бабының үшінші немесе төртінші бөліктері және 96-бабы екінші бөлігінің з) тармағы бойынша саралау керек.
Егер кінәлінің ниеті қарақшылық шабуыл жасау немесе қорқытып алу және осы қылмыстарды жасау кезеңінде жәбірленушіге күш көрсету қолданған кезде оның өмірін қасақана жойса, онда әрекетті қылмыстар жиынтығы ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің з) тармағы және ҚК 179немесе 181-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралау керек.
Жалдаумен, қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан адам өлтіруді саралаған кезде - өлтіру пайдакүнемдік ниетпен жасалды деп қосымша саралау белгісін қолданудың қажеті жоқ.
Егер мүлікті иемдену ниеті адамға қаза келтіргеннен кейін пайда болса және пайдакүнемдік мақсаты адам өлтіру себебі болмаса, онда жәбірленушінің өмірін қиғаннан кейін оның мүлкін иемденуге байланысты кінәлінің әрекеттерін бөтеннің меншігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК баптары бойынша, ал адам өлтіруді, саралау белгілерінің болуына байланысты ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша саралау керек.
Адам өлтіруді қылмыстық қарулы топтардың (банда) ұйымдастырушылары, жетекшілері немесе қатысушылары жасаса, қылмыстарының жиынтығы бойынша ҚК 237-бабының тиісті бөліктері және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің з) тармағы бойынша саралауға жатады.
Қарақшылық шабуылды немесе қорқытып алуды жасыру мақсатында жәбірленушіге қатысты аталған қылмыстардан кейін қасақана құқыққа қарсы қаза келтіру осы әрекеттер үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң нормалары бойынша және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағы бойынша саралануға жатады.
. Бұзақылықтан туындаған адам өлтіруді және өзара жек көру қатынасы негізінде, ұрыс-керіс немесе төбелес кезінде жасалған адам өлтіруді ажырату қажет. Осы мәселені шешкен кезде кінәлі мен жәбірленушінің өзара қатынасын, жанжалдың негізін және себебін анықтау және ескеру, кімнің оны бастағанын, екеуінің әрекетінің белсенділігі мен сипатын және басқа да мән-жайларды анықтау қажет.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің и) тармағы бойынша қоғамды көрінеу сыйламау, адамгершілік нормаларын өрескел бұзу және кінәлінің қылығы қоғамдық тәртіпке ашық қарсы тұру және кінәлінің айналадағыларға өзін қарсы қойып немесе оларға өзінің артықшылығын немесе жек көрушілігі ниетімен ұштасқан адам өлтіруді саралау керек. Осындай адам өлтіру көбінесе ешқандай негізсіз немесе адам өлтіру үшін маңызы шамалы себеп пайдаланылып жасалады.
Егер бұзақылық пиғылмен бір адамды өлтірген кезде кінәлі басқа адамдардың денсаулығына қасақана ауыр не орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда жасалған әрекеттерді тұтастай алғанда қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің и) тармағы және бұзақылық пиғылмен денсаулыққа келтірілген зиян белгілері үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК тиісті баптары бойынша саралау керек.
Адам өлтіруге дейін де, кейін де жасалған және олармен біртұтас ниеттегі байланыста емес, бұзақылық ниетпен жасалған бұзақылық әрекеттер ҚК 257-бабының тиісті бөлігі бойынша дербес саралануға жатады.
Егер, адам өлтіру денсаулыққа ауыр немесе орташа зиян келтіру, қызғаныш, кек алу, бас араздығы және өзара қатынастар негізінде пайда болған ниеттерден немесе ұрыс-керіс немесе төбелеске бастамашы болған жәбірленушінің заңға қарсы мінез-құлығынан туындаса, ол қоғамдық орындарда немесе басқа адамдардың қатысуымен жасалынғаны үшін ғана бұзақылық ниетпен жасалды деп қаралмайды.
Адам өлтіру, субъектінің немесе басқа адамның жаңа немесе бұрын жасалған адам өлтіруін жеңілдету және жасыру жолымен жәбірленушінің өмірін қиюға ұмтылу болып табылатын адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағы бойынша және өз ниетін орындау үшін адам өлтіргенге дейін немесе кейін кінәлі жасаған қылмыс үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық заң нормалары бойынша саралау керек. Адам өлтірудің аталған себебі белгілі болған кезде жәбірленушінің өзіне немесе басқа адамдарға қатысты жасырылып отырған қылмыстың немесе басқа қылмыстың жасалуы болжануы, осы қылмыс ауырлығы бойынша қандай санатқа жататыны, осы қылмыстардың жасалған уақыты мен тәсілі, жасырын қылмысты адам өлтірген субъектінің өзі немесе адам өлтіргеннен кейін жаңа қылмыс жасауға ниеті бар басқа адам жасады ма, жасалған жасырын қылмыс туралы тиісті органдарға хабар түсті ме, кінәлі адам өлтіру нәтижесінде өз мақсатына жетті ме, маңызды емес.
Басқа қылмысты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасалған адам өлтіруді саралау осы адам өлтірудің басқа себептерін және мақсатын көздейтін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б), з), и), л), м) тармақтары бойынша саралау мүмкіндігін жоққа шығарады.
Зорлау, нәпсіқұмарлық сипатындағы әрекеттерге ұштасқан адам өлтіру деп аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде немесе оларды жасау процесінде жәбірленушіге қасақана қаза келтіруді ұғыну керек.
Күш қолданып жасалған зорлау не жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу, нақ солай жыныстық қатынас, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері аяқталғаннан кейінгі жасалған әрекетті жасыру не көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабының екінші бөлігінің к) тармағы бойынша және ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша сараланады. Кінәлілердің аталған әрекеттерін ҚК 96-бабының екінші бөлігінің к) тармағы бойынша саралағанда қылмыстық процесті жүргізетін орган іс бойынша анықталған, ҚК 96-бабының екінші бөлігінің басқа тармақтарында және ҚК 120 немесе 121-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген өзге де саралау белгілерін көрсетуі тиіс.
Зорлау не нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекет жасау не аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде жәбірленушілердің денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілу, сондай-ақ жәбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр зиян немесе қаза келтірілу тиісінше ҚК 120 немесе 121-баптарының диспозициясымен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.
Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сот-медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес алынған сараптамалық қорытынды негізінде белгіленеді.
Адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің л) тармағы бойынша саралаған кезде кінәлінің әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық немесе қанды кек негізінде әрекет еткенін растайтын дәлелдер анықталуы керек. Атап айтқанда, кінәлі қанды кек алу дәстүрін танитын халық тобына жата ма, осы қылмыс жасағанға дейін адам өлтіру фактісі орын алды ма, кінәлі онымен туыстық қатынаста болды ма, оның туысының өмірін күштеп қиюды жәбірленушінің немесе оның туыстарының жасағаны қандай ақпарат көздерінен оған белгілі болды және басқа да мән-жайларды анықтау керек. Осы саралау белгісі бойынша адам өлтіруді саралауға негіз болатын адам өлтіру ниеті ретінде қанды кек алуды алдында кінәлінің туысын өлтіруге байланысты бұрын туындаған бас араздығы негізінде жасалған адам өлтіруден ажырату қажет.
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділікке немесе жауласуға байланысты жасалған адам өлтіруді саралаған кезде жәбірленушінің халықтың белгілі бір бөлігіне тиістілігі, оның діни сенімі қылмысты жасауға себеп болғанын анықтау қажет. Бұл ретте, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің л) тармағы бойынша адам өлтіруді саралау үшін қылмыстың құрбаны болған нақты адамға не қатарына жәбірленуші кіретін, қоғамда белгілі әлеуметтік жағдайға ие басқа дін, ұлт адамдарының белгісіз тобына қатысты жаулық немесе өшпенділік қатынасын анықтау жеткілікті.
. Адамның ағза мүшелері мен талшықтарын пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіруді адамның ағза мүшелері мен талшықтарын алуға мәжбүрлеген кезде не оның ағза мүшелері мен талшықтарын күштеп алу нәтижесінде оны абайсызда өлтіруден айыру қажет, соңғылар үшін жауаптылық тиісінше КҚ 103-бабының үшінші бөлігінде және 113-бабының үшінші бөлігінде көзделген.
Кінәлінің ниеті жәбірленушіні өлтіруге бағытталған, ал өлтірілген адамның ағза мүшелері мен талшықтарын пайдалану мақсаты оны жасаудың себебі болса, іс-әрекет ҚК 96-бабы екінші бөлігінің м) тармағы бойынша саралануға жатады. Мұндай мақсат оларды медициналық әрі өзге де мақсаттарда пайдалану (мысалы, адам етін жеу) ниетін көздейді. Бұл ретте, осы саралану белгісі бойынша адам өлтіруді саралау үшін өлтірілгеннен кейін өлген адамның ағза мүшелерін және талшықтарын нақтылы пайдаланған-пайдаланбағаны маңызды емес.
. ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің н) тармағында көзделген саралау белгісі (бірнеше мәрте жасалған адам өлтіру) бойынша кінәлі адамға ҚК-нің 96-бабында көзделген, бiрде-бiреуi үшін сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда, екі және одан да көп әрекеттерді жасаған кездерде қолданылуы тиіс.
Адам өлтіруді орындаушы адамның бірнеше мәрте адам өлтіргеніне байланысты мән-жайларының бар екені туралы оларға алдын ала белгілі болған жағдайларда ғана адам өлтіруді ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші адамдар ҚК 96-бабы екінші бөлігінің н) тармағы бойынша жауапты болады.
Егер адам бірыңғай ниетпен тұтастырылмаған, бірнеше рет адам өлтірсе, олардың бірде біреуі үшін сотталмаса (ҚК 97-100-баптарында көзделген әрекеттерден басқа) және егер, бұл ретте, алдыңғы адам өлтіргені үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетпесе, онда барлық әрекеттер ҚК 11-бабының бесінші тармағының талаптарына сәйкес ҚК 96-бабының екінші бөлігінің н) тармағы бойынша (негіз бар болған кезде және басқа да тиісті тармақтар бойынша) саралануы тиіс. Бұл ретте, уақыты бойынша бірінші жасалған адам өлтіруді ҚК 96-бабының бірінші немесе екінші бөлігі бойынша жеке саралау талап етілмейді.
Адам өлтірген кезде және адам өлтіруге оқталған кезде әрбір іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы ретінде жеке саралануы тиіс.
Бірнеше мәрте жасалған адам өлтіруді екі немесе одан да көп адамдарды өлтіруден, қылмыстың субъективтік жағына байланысты ажырату қажет: егер бірнеше мәрте жасалуды құрайтын адам өлтірудің әрқайсысы жеке ниетпен қамтылған жағдайда, ондай әрекет ҚК-нің96-бабы екінші бөлігінің н) тармағы бойынша саралануға жатады; кінәлі адамның ниеті бірыңғай және әуелден екі немесе одан да көп адамдарды қасақана қаза ұшыратуға бағытталған болса, - әрекетті ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің а) тармағы бойынша саралау керек.
Сот қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберместен кінәлінің әрекетін ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің «а» тармағынан н) тармағына, не керісінше қайта саралауға құқылы.
. Адам өлтіруді ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің о) тармағы бойынша саралау үшін кінәлінің қылмыс жасағанға дейін жәбірленушінің кәмелеттік жасқа толмағандығы жөнінде хабардар болуын анықтау қажет. Бұл ретте ҚК-нің 5-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес аталған саралау белгісі осы белгіні белгілейтін заң қолданысқа енгізілгенге дейін (2010 жылғы 8 желтоқсанға дейін) адамды өлтірген айыпталушыға қолданылмайтынын назарда ұстау керек.
. Бір адам өлтіруді бірнеше саралау белгілері бойынша саралаған кезде бір мезгілде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б), з), и), к), л), м) тармақтарында көзделген саралау белгілерін тағуға жол берілмейтіндігін ескеру қажет.
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында адам өміріне қастандық жасалса не дәл сол мақсаттарда мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткер қасақана өлтірілсе немесе оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату мақсатында, сондай-ақ көрсетілген адамдар осындай қызметі үшін кек алу мақсатында өлтірсе іс-әрекет ҚК 233-бабының төртінші тармағы бойынша саралануы тиіс және жасалған әрекет ҚК 96-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Сот төрелігін немесе істі алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның заңды қызметіне кедергі жасау немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау ҚК 340-бабы бойынша саралануы тиіс. Егер көрсетілген адамдардың өміріне қастандық жасау өзге шеттер бойынша және олардың қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты болмаса, әрекет саралау белгілерінің бар болуына байланысты ҚК 96-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануы қажет.
Сот төрелігін немесе іс тергеуді нақты жүзеге асырмаған, бірақ кінәлі адамға өзін сондай етіп көрсеткен және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттерді орындаған адамды өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б) тармағы бойынша саралануы тиіс.
. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін түзеу мекемелерінің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу кезінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан немесе тағайындалған бұлтартпау шарасына байланысты қамауға алынған не жаппай тәртіп бұзушылыққа қатысушы адамның адам өлтіруі, сондай-ақ билікті немесе қызмет өкілеттіктерін теріс пайдалануы кезінде адам өлтіру осы қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК баптарымен қамтылмайды, сондықтан ол ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша жеке саралануы қажет, ал кінәлінің барлық әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс.
. ҚК 97-бабы бойынша адам өлтіруді саралаған кезде анасының өзінің жаңа туған сәбиін босану кезінде немесе босанғаннан кейін өлтірген жағдайда осы бап бойынша жауапты болатынын ескеру қажет.
Бұл жағдайларда, босанған әйелдің психикасына теріс әсер ететін (мысалы, әкесінің баладан бас тартуы, баланың некесіз туылуына туысқандарының айып тағуы, баланың әкесі немесе әйелдің туысқандары ана мен баланың өмір сүруі үшін материалдық жағдайдан бас тартуы және т.б.) маңызды мән-жайларды әйелдің психикасының бұзылу жағдайы деп түсіну қажет.
Сәби туылғаннан кейін әйелдің психикасының бұзылуы, әдетте, оның жүйке жұмысының теріс процестерімен (депрессия, қорқыныш сезімі, желікпе көңіл-күйі және т.б.) сипатталады. Аталған психикалық бұзылушылықтарға байланысты әйелдің есінің дұрыстығын немесе есінің дұрыс еместігін анықтау үшін сот психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу қажет.
Әрекетті ҚК 97-бабы бойынша саралаған кезде сот-медициналық сараптаманың педиатриялық өлшемдеріне сәйкес айқындалатын сәбидің жаңа туылғандығын ескеру қажет. Жаңа туылған кезеңі өтіп кеткеннен кейін сәбиді өлтіру ҚК 97-бабы бойынша сараланбайды, мұндай жағдайларда жауаптылық ҚК 96-бабы бойынша туындайды.
. Әрекетті ҚК 98-бабы бойынша саралаған кезде кінәлінің физиологиялық жан күйзелісінің бар-жоғы, оның кенеттен пайда болуы және жәбірленушінің әрекетімен байланысты болғаны қажетті шарт болып табылады.
Жан күйзелісі жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат әрекетінен (әрекетсіздігінен) (жақын адамдарына қаза келтіру немесе денсаулығына зиян келтіру, оларды зорлау, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, асыра билік ету, қызмет бабын теріс пайдалану және т.с.с.) пайда болғанда, сондай-ақ жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқы, оның бірнеше мәрте жасаған құқыққа қарсы әрекеттері (ұдайы ұрып-соғу, азаптау) салдарынан туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жағдайда, олардың соңғысы адам өлтірудің себебі болып табылған кезде ғана жауаптылық ҚК 98-бабы бойынша туындайды.
Бұл ретте, аталған заңға қарсы әрекеттер кінәлі адамның өзіне немесе оның жақын адамдарына қатысты жасалғаны маңызды емес.
Жан күйзелісі жағдайы кінәлінің жан күйзелісін тудырған себепке байланысты өзін өзі ұстау және әрекет ету қабілетіне билік ететін қысқа мерзімді, интенсивті көңіл күйді білдіреді. Жәбірленушінің әрекеті мен кінәлінің жауап қайтару әрекеттері арасындағы уақыттың ұзақтығы ҚК 98 немесе 108-баптардың қолданылуын жоққа шығарады.
Кінәлінің жан күйзелісі жағдайында болды ма және қанша уақыт болды деген мәселені анықтау үшін психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу қажет.
Жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру немесе денсаулыққа қасақана зиян келтіру тіпті ҚК 96-бабының екінші бөлігінде және 103-бабыныңекінші бөлігінде көрсетілген саралау белгілері бар болған жағдайда да ҚК 98-бабы немесе 108-бабы бойынша саралануға жатады.
. Басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіруді ҚК 96-бабы бойынша сараланбайтын абайсызда адам өлтіруден ажырату қажет, өйткені қылмыстық менмендік (әрекетті жасай отырып адам жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біліп, бірақ еш негізсіз, жеңілтектікпен оны болғызбайтынына сенгенде) немесе қылмыстық немқұрайлылық (алайда, кінәлі істің мән-жайы бойынша өзінің әрекетінен жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алатын және білуге тиіс бола тұра, алдын ала білмеуі) нәтижесінде жасалады.
Бұл ретте, қылмыстық менмендік нәтижесінде қаза келтіру мен басқа адамға құқыққа қарсы қасақана, жанама ниетпен қаза келтіру субъективті жағымен өзара ерекшеленетінін ескеру қажет. Қылмыстық менмендік кезінде кінәлі тек жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі және жеңіл ойлылықпен оны болғызбайтынына сенеді, ал жанама қасақаналықты ол өлімнің болуын қаламаса да, өлімнің болуы мүмкін екендігін ғана емес, сондай-ақ өлімнің болатындығын алдын ала біледі, бірақ оның болуын қаламаса да өлімнің болатынына саналы түрде жол береді не ол жәбірленушінің өлімін болдырмау үшін ешқандай шара қолданбастан өз әрекеттерінің зардаптарына немқұрайлы қарайды.
Абайсызда адам өлтіру ҚК 101-бабы бойынша саралануы тиіс. Егер абайсызда адам өлтіру тиісті бапта саралау белгісі ретінде көрсетілсе, онда іс-әрекет, осы саралау белгісін пайдалана отырып, жасалған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін тиісті бап бойынша саралануы тиіс. Бұл ретте, ҚК 101-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейді.
Абайсызда адам өлтіруді ҚК 23-бабына сәйкес жауаптылықты болдырмайтын (мысалы, адам басқа адамның өлімін алдын ала білмеген және алдын ала білуі мүмкін емес болған немесе өлім болуын алдын ала біліп, өзінің ойы бойынша өлімнің болуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолданғанын, бірақ өлім оның өзіне байланысты емес себептермен болған кезде) жазықсыз адам өлтіруден ажырату қажет.
Абайсызда қаза келтіру, сондай-ақ азаптауды қолданған кезде денсаулыққа ауыр, ауырлығы орта немесе жеңіл зиян келтіру ҚК 141-1-бабының тиісті бөліктерінің диспозициясын қамтиды және ҚК 101, 103, 104-баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Егер азаптауды қолданған уақытта жәбірленушіге қасақана қаза келтірілсе, әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша әрбір қылмыстың саралау белгілерінің бар-жоғына қарай ҚК 141-1 және 96-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралануға жатады..
. ҚК 102-бабының диспозициясына сәйкес, қорқытудың, адамдық қасиетін ұдайы кемсітудің, қатыгездікпен қараудың, кінәлінің жәбірленушіні қудалау немесе қорлаудың, кінәлінің осы әрекеттері және жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі арасындағы себепті байланыстың бар-жоғы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін жауапкершіліктің міндетті шарты болып табылады. Бұл ретте, егер жәбірленуші кінәлі адамға материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған болса, әрекет ҚК 102-бабының екінші бөлігі бойынша саралануға жатады.
Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізудің субъективті жағы жоғарыда аталған әрекеттерді жасаған кездегі қасақаналықпен сипатталады және қылмыс нәтижесіне абайсыздық нысанын көрсетеді. Кінәлі жоғарыда аталған әрекеттерді жәбірленушіге өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу жолымен қаза келтіру ниетінде жасаса және ол осындай нәтиженің туындауын қаласа, әрекетті ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша қасақана адам өлтіру ретінде саралау қажет.
Адамға заңға қарсы қасақана қаза келтіруді абайсызда қаза келтіруге әкелген, денсаулығына ауыр зиян келтірумен ұштасқан басқа қасақана жасалған қылмыстардан ажырату, кінәлі ниетінің бағытын, оның жәбірленушіге қаза келтірген - өз әрекетінің нәтижелеріне субъективті қатынасын айқындау арқылы ажырату қажет.
Қылмыстың субъективті жағы мен кінә нысанын айқындай отырып, жасалған қылмыстың барлық мән-жайының жиынтығын, атап айтқанда, кінәлінің және жәбірленушінің өзара қатынасының сипатын, қылмыс жасаудың тәсілі мен қаруын, жарақаттардың және өзге де дене зақымдарының санын, сипатын және жойылуын, қылмыс субъектісінің заңға қарсы әрекетін тоқтату себебін және тағы сол сияқты, сондай-ақ оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын ескеру қажет.
Кінәлінің тікелей немесе жанама қасақаналықпен әрекет еткенін, өз әрекетінің құқыққа қайшы екенін білгенін, адам қазасы түрінде қоғамға қауіпті зардаптың туындауын алдын-ала білгенін және соны қалағанын (тікелей қасақана кезінде) не өз әрекетінің осындай нәтижесіне саналы түрде жол бергенін және осыған немқұрайлы қарағанын (жанама қасақана кезінде) анықтаған кезде әрекет ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша саралануға жатады (ҚК 97-100-баптарында көзделген мән-жайлар кезінде қаза келтірген жағдайлардан басқа).
Егерде, кінәлі қасақана қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің құқыққа қайшы екендігін және жәбірленуші қазасының туындауы мүмкіндігін алдын-ала білсе, алайда оның осындай зардапқа қатынасы абайсыздықпен сипатталса, онда кінәлінің әрекеті абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК 103-бабының үшінші бөлігі бойынша саралануға жатады.
Адам денесі талшықтарының анатомиялық тұтастығын құқыққа қарсы бұзу не органдардың зақымдануына немесе олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзуға әкеп соққан өзге де әрекеттерді адам денсаулығына келтірілген зиян деп ұғыну керек.
Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен бекітілген»Сот-медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес сот-медициналық сараптама жүргізу жолымен айқындалады. ҚІЖК 241-бабына сәйкес, мұндай сараптаманы жүргізу міндетті болып табылады, ал оның қорытындысы мұқият зерттелуге және басқа дәлелдемелер жиынтығымен бірге бағалануға жатады.
ҚК 103-бабының екінші бөлігінде көрсетілген саралау белгілері бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиянды саралаған кезде олар мағынасы бойынша ҚК 96-бабының екінші бөлігінде көрсетілген осыған ұқсас белгілерге сәйкес екенін назарға алу керек.
Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы бағытталған қылмыстар үшін жаза тағайындаған кезде соттар оларды жасаған кездегі барлық мән-жайлардың жиынтығын: қасақаналық түрін, ниеті мен мақсатын, тәсілін, қылмыс жасау жағдайын және сатысын, туындаған зардаптың ауырлығын, кінәлінің жеке басын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескеруі тиіс.
Бұл ретте, әрекетті ҚК тиісті баптарының диспозициясының тармақтарында көрсетілген бірнеше саралау белгілері бойынша саралаған кезде жаза жеке әрбір тармақ бойынша емес, ҚК баптарының тиісті бөліктері бойынша бір рет тағайындалатынын назарға алу керек.
Тақырып 9
ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ БАСҚА ҰҚСАС
ҚЫЛМЫСТАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Дәріс мақсаты: Қылмыстардың айырмашылығын талдау және саралау
Сурақтар:
1.Қарақшылық қылмыс
2.Басқа ұқсас қылмыстар
1.Сот тәжірибесі көрсеткендей, соттар әрқашанда қарақшылықты үқсас қылмыстардан
дүрыс ажыратпайды. Кейбір кездері қарақшылықты пайдакүнемдік адам өлтіруден және
бандитизмнен дүрыс ажыратпаудан сот қателіктері көп кездесіп жатады. Сонымен қатар сот
тәжірибесінде қарақшылықты тонаумен жиі шатастырады. Кей жағдайларда қарақшылықты
өзінше билік етумен және қорқытып алушылықпен шатастыру да болады. Бірақ заң
саралауды дҧрыс жҥргізуді талап етеді. Осы негіздерді есепке ала отырып, қарақшылықты
басқа ҧқсас қылмыстардан ажыратудың теориялық маңызымен қатар, тәжірибелік маңызы
да бар деп есептеймін.
Қарақшылық және бандитизм қылмысының айырмашылығын қарастырып кӛрейік.
Кейбір объективтік белгілеріне қарай қарақшылық бандитизммен ҧқсас болып келеді.
Бандитизм де қарақшылық сияқты бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатында кейбір адамдарға
шабуыл жасау тҥрінде болуы мҥмкін.
Бандитизм топ болып жасалған қарақшылықпен ӛте ҧқсас болғандықтан, сот
тәжірибесінде кӛптеген қиындықтар тудырады. Сот тәжірибесында бандитизмнің белгілері
бар қылмысты қарақшылық ретінде санау жағдайлары кездеседі. Сондықтан бҧл
қылмыстарды жақсы ажырату керек, ӛйткені, бандитизм қарақшылықтан гӛрі қауіпті қылмыс
болып табылады, яғни ол қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған.
Қылмыстық-қҧқықтық әдебиеттерде бандитизм мен қарақшылықты зерттеуге біраз
жҧмыстар арналған. Бірақ, бҧл қылмыстарды ажыратуда әртҥрлі талқылау беріледі.
Қарулы шайкамен жасалған қарақшылықты, оған заң аса ауырлататын мән-жайларда
неғҧрлым қатаң жаза қолданғандықтан, кейбір заңгерлер оны бандитизммен бірге
қылмыстардың жиынтығы ретінде саралау керек деген ҧсыныс енгізді 1. Мҧнда қарулы
шайкамен жасалған қарақшылықты банда тҥсінігімен біріктіреді, ал негізі кез келген емес,
тек тҧрақты қарулы шайканы ғана банда ретінде қарастыруға болады.
Басқа зерттеушілер болса, бҧл тҥсініктерді біріктірген жоқ. Олар бандитизмнің
белгілеріндегі әрекеттерді екі бӛлек қылмыс қҧрамы ретінде қарастырды – қарақшылық
және бандитизм 2.
Біздің ойымызша, егер бандиттік шабуыл жасау, мемлекеттің мҥлкін, болмаса
адамдардың мҥлкін иемдену мақсатында жҥзеге асырылса, онда ол толық бандитизмнің
қҧрамын беріп тҧр. Сондықтан, оны қарақшылық және бандитизм ретінде қылмыстардың
жиынтығымен саралаудың еш қажеттілігі жоқ.
Қарақшылық пен бандитизмнің арасындағы ерекшелікті ең бастысы объектісі арқылы
ажырату керек. Бандитизм қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы
бағытталған, ал қарақшылық меншікке қарсы бағытталған.
Бандитизм қарақшылықтан қҧрамындағы объективтік және субъективтік жақтарының
бірқатар белгілерімен ажыратылады. Банда – бҧл екі немесе одан да кӛп адамдардың бір немесе
одан да кӛп шабуыл жасау ҥшін ҧйымдасқан тҧрақты, қарулы сыбайластық болып
табылады. Сонымен қатар объективтік жағына банда қҧрып, сол сияқты банданы басқару да
жатады.
Банданың келесі міндетті белгілері бар:
1. екі немесе одан да кӛп адамдардың болуы;
2. қаруланғандық (кем дегенде бір банданың қатысушысы);
3. қылмыстық сыбайластықтың тҧрақтылығы;
4. мақсат – адамдарға және ҧйымдарға шабуыл жасау.
Тек жоғарыда аталған белгілердің барлығы болғанда ғана әрекетті бандитизм ретінде
саралауға болады.
Бандитизмдегі қаруланғандыққа банда мҥшелерінің кем дегенде біреуінде қарудың
болуы жатады. Бандиттік шабуыл жасағанда қару қолданылды ма, жоқ па, еш маңыз
болмайды.
Тәжірибеде мынандай жағдайлар кездеседі: белгілі бір қарулы топ біраз уақыттың
ішінде бірнеше қарулы шабуыл жасайды, бірақ олар банда болып табылмайды. Мысалы, егер
қаруланған қылмысқа қатысушылар бір дегенде екі немесе ҥш адамға шабуыл жасауға
келіссе, бірақ олардың әрекеті белгілі бір уақытша эпизоттық жағдайда болса, және оған
қатысушылармен алдын ала ол әрекет жоспарланбаса, онда мҧндай топты банда деп
қарастыруға болмайды. Мҧндай топ тҧрақты деп танылмайды, яғни кез келген уақытта
ыдырап кетуі мҥмкін. Сондықтан мҧндай шабуыл сараланған қарақшылықты береді.
Бандитизмде кӛбінесе қатысушылар, аса қауіпті рецидивистер арасынан алынады,
сондықтан ол қауіпті болып табылады. Бандитизм, егер тӛмендегі әрекеттердің біреуі болса,
аяқталған деп танылады:
1) қарулы банда қҧру (қылмыс банданы қҧрған сәттен бастап аяқталды деп танылады);
2) қарулы бандаға қатысу (қылмыс бандаға кірген сәттен бастап аяқталады, яғни
қылмыс жасауға келісім берген сәттен);
3) мемлекеттік немесе қоғамдық ҧйымдарға немесе азаматтарға бандамен шабуыл
жасауға қатысу (қылмыс шабуылды бастаған сәттен бастап аяқталған деп есептеледі).
Ал қарақшылық болса, тек шабуыл жасаған сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Қарақшылыққа дайындалуға байланысты белгілі бір әрекеттерді жҥзеге асырса, онда сот
қарақшылыққа дайындау ретінде саралауы мҥмкін.
Қарақшылық бандитизмнен субъективтік жағынан да ажыратылады. Бандитизм
қарақшылық сияқты тек қана тікелей қасақаналықпен жҥзеге асырылады, бірақ
бандитизмдегі қасақаналық қарақшылықтағыдан ӛзгеше. Бандитизмде кінәлі ӛзінің қоғамдық
тәртіпке қарсы ерекше қауіпті қылмыс жасауға ҧйымдасқан, қарулы, қҧқыққа қайшы
қауымдастықтың (банданың) мҥшесі екенін біледі. Ал қарақшылықта, қылмыскер ӛзінің
шабуылдың қатысушысы екенін (топ болып жасаған қарақшылықта) оның қылмыстық
қауымдастық емес екенін біледі. Сонымен қатар қаруланған банда да ммелекеттік, қоғамдық
мекемелердің немесе ҧйымдардың мҥлкін иемдену мақсатымен қатар басқа да мақсаттар
болуы мҥмкін. Ал қарақшылықта әрқашанда мҥлікті иелену мақсаты болады.
Сонымен қарақшылықпен бандитизмнің негізгі айырмашылығы мынада:
1) қарақшылық меншікке қарсы бағытталған қылмыстарға, ал бандитизм қоғамдық
қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстарға жатады;
2) бандитизм, оны қҧрған сәттен бастап аяқталған деп есептеледі, ал қарақшылық –
адамға шабуыл жасаған сәттен бастап аяқталған деп танылады;
3) бандитизмде міндетті тҥрде тҧрақты, қаруланған қылмыстық сыбайластық (банда)
болуы керек, ал қарақшылықта ол қаруланған топпен немесе бір адаммен жҥзеге асырылуы
мҥмкін;
4) қарақшылық әрқашанда бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатында жасалады, ал
бандитизмде пайдакҥнемдік мақсаттан басқа, тҥрлі мақсаттар болуы мҥмкін (мысалы,
мҥлікті жою, зорлау, ӛлтіру және т.б.).
Енді қарақшылық және тонау қылмысының айырмашылығын қарастырып кӛрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |