Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі


Қарақшылық пен тонау, нақтылап айтқанда к



бет3/3
Дата27.07.2017
өлшемі2,13 Mb.
#22103
1   2   3

2. Қарақшылық пен тонау, нақтылап айтқанда күш қолданып жасалған тонау бір-бірімен өте үқсас болып келеді соны дүрыс саралау.
Сондықтан да сот тәжірибесінде қарақшылықты тонау деп, ал тонауды

қарақшылық деп саралау жиі кездесіп жатады.

Тонауды біз қарақшылықтың қҧрамын талдағанда қарастырғанбыз. Бірақ ол толық

талдауды қажет етеді, яғни тонауды қарақшылықтан нақты белгілері арқылы ажырату керек.

ҚР ҚК-нің 178-бабында тонау дегеніміз – бӛтен мҥлікті ашық ҧрлау деп анықтама

берілген. Оның қоғамдық қауіптілігі меншікке қҧқықты бҧзуынан кӛрініс табады.

Тонаудың (кҥш қолданып тонағанда) қарақшылықпен ҧқсас жері, ол объектісінде,

яғни оның объектісі – меншік, ал қосымша тікелей объект ретінде денсаулық алынады. Бірақ,

айырмашылығы қарақшылықтың объектісі меншік және ӛмір мен денсаулық. Мҧнда екі

объектінің де болуы шарт, ӛмір және денсаулық қарақшылықтың екінші маңызды объектісі

болып табылады. Тонаудың қҧрамы қҧрылымы жағынан материалды, сондықтан да бҧл іс-

әрекеттің объективтік жағын:

а) қоғамға қауіпті әрекеттер;

б) қоғамға қауіпті салдарлар;

в) солардың арасындағы себепті байланыс қҧрайды.

Ал қарақшылық қҧрамы қҧрылымы жағынан формальді болып табылады. Мҧнда

зиянның орын алуы міндетті емес.

Тонау қарақшылықтың жеңіл түрі десе де болады. Мысалы, ӛмірге және денсаулыққа

қауіпті емес кҥш қолдану арқылы тонау, айыптының мҥлікті ӛзінде ҧстап қалу мақсатында

қарақшылыққа ҧласуы мҥмкін, яғни ӛмірге және денсаулыққа қауіпті кҥш қолданылуы

мҥмкін.

Жәбірленушінің денсаулығы мен ӛмірі ҥшін қауіпті емес кҥш қолдану деп – кіші-

гірім жарақат, қанталау, дене тырналуы тҥрінде денсаулыққа келтірілген жеңіл зиянды

тҥсіну керек. Адамның жанына бататын, бірақ жарақат қалдырмайтын ҧрып-соғу немесе

ӛзгедей кҥш қолдану әрекеттері де сондай зорлыққа жатады. Бӛтен мҥлікті иелену ҥшін

жәбірленушіні бостандықтан айыру немесе бостандығын шектеу, байлап тастау, үстап түру

және басқадай да айыпты қолданған әрекеттер де денсаулыққа немесе ӛмірге қауіпті емес

зорлықтар қатарына жатады.

Сол сияқты жәбірленушінің организміне, оның еркінсіз ӛмірі мен денсаулығына қауіпті

емес кҥшті әсер ететін улы, есеңгірететін заттарды енгізу тонау ретінде сараланып, ал егер ол

оның ӛмірі мен денсаулығына қауіпті болса, ол қарақшылық ретінде саралануға тиіс

Сонымен қарақшылық пен тонаудың негізгі айырмашылығы мынада:

1) тонаудың объектісі – меншік, қосымша объектісі ретінде (кҥш қолданып

тонағанда) адамның денсаулығы болуы мҥмкін, бірақ бҧл әрқашанда 2 объекті бірдей

болады дегенді білдірмейді, тонау кҥш қолданбай да жасалына береді. Ал қарақшылықта

міндетті тҥрде екі объектінің де болуы керек;

2) тонаудың құрамы құрылымы жағынан материалды, яғни міндетті түрде залалдың

орын алуы шарт. Ал қарақшылық формальдік құрамға жатады, яғни мүнда залалдың орын

алуының қажеттілігі жоқ, тек шабуыл жасаған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп деп

танылады;

3) күш қолданып жасалған тонау қарақшылықтағы сияқты физикалықпен қатар

психикалық та болуы мҥмкін. Бірақ ол адам ӛмірі мен денсаулығына қауіпті емес болуы

керек. Ал қарақшылықта кҥш қолдану адам ӛмірі мен денсаулығына қауіпті болып

табылады, яғни қарақшылық қоғамдық қауіптілігі жағынан ауыр болып келеді.

Енді қарақшылық және пайдакҥнемдік адам ӛлтіру қылмысының айырмашылығын

қарастырып кӛрейік. Бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатында адам ӛлтіру, екі бӛлек қылмысты

қҧрайды.

Мҧндай саралау, ауыр қылмысты, одан неғҧрлым жеңіл ӛзіне сіңіре алмайтындықтан

болып отыр. Қазіргі қылмыстық кодексте тек ӛмірге және денсаулыққа қауіпті кҥш кӛрсету

туралы айтылған. Бірақ ӛмірге қауіпті және ӛмірін қию бір тҥсінік емес екенін есте сақтау

керек.

Профессор Н.И. Загородниковтың айтуы бойынша ―қасақана адам ӛлтіру ауыр



қылмыс ретінде одан жеңіл, яғни қарақшылық сияқты қылмыстың бір бӛлігі бола алмайды.

Сондықтан бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатында адам ӛлтіру, адам ӛлтірудің сараланған

қҧрамын береді. Сонымен қатар, ғалымның ойы бойынша, бӛтеннің мҥлкін иелену

мақсатымен шабуыл жасауда, жәбірленушіге ӛлім әкеп соқса, онда ол пайдакҥнемдік

мақсаттағы адам ӛлтірудің қҧрамын бере алмайды. Сондықтан, бӛтеннің мҥлкін иелену

мақсатында шабуыл жасау, қосымша қарақшылық қҧрамымен саралауды қажет етеді

Шабуыл жасаумен ҧштасқан адам ӛлтіруді қарақшылық және пайдакҥнемдік адам

ӛлтіру деп саралаудың тәжірибелық маңызы зор. өйткені, адам ӛлтірудің сараланған қҧрамы

ҥшін он жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Сондықтан адам ӛлтірудегі санкция қарақшылықтағыға қарағанда ауыр болып табылады.

Сонымен қатар ҚҚ-тің 2 бӛлімінің санкциясы балама ретінде ӛмір бойына бас

бостандығынан айыруды кӛздейді.

Егер пайдакҥнемдік адам ӛлтіру шабуылсыз басталған болса, онда ол ҚК-тің 96-

бабының 2-бӛлігі бойынша саралануы тиіс. Егер, қарақшылық шабуыл жасалғаннан соң,

адам қасақана ӛлтірілсе, онда ол пайдакҥнемдік адам ӛлтірумен қатар, қарақшылықпен де

саралануы тиіс. Сонымен бірге, қарақшылық жасаудағы адам ӛлтіру ойының басталуының

еш маңызы жоқ. Ол шабуыл жасау алдында немесе оны жасау процесінде болуы мҥмкін.

Мҧндағы маңыздылық, тек кінәлінің бӛтеннің мҥлкін иелену ойы адам ӛлтіру

басталғанға дейінгі болғанын анықтау керек. Егер жәбірленушінің мҥлкін иелену ойы

кінәліде оны ӛмірден айырған соң пайда болса, онда ол қарақшылық қҧрамын береді.

Сот тәжірибесі және теория пайдакҥнемдік мақсатпен адам ӛлтірудің келесі тҥрлерін

ажыратады: мҧра алу мақсатында адам ӛлтіру, қарыздан немесе алимент ӛндіруден босату,

тҧрғын алаңға қҧқық алу, қызметті иелену, сыйақыға адам ӛлтіру және т.б. адамға шабуыл

жасауды жоққа шығаратын адам ӛлтіру (улап, тҧншықтырып, қылқындырып, газбен және

т.б.).

Пайдакҥнемдік мақсатпен адам ӛлтіру сияқты, ҥйде бір-бірінің мҥлкін иелену



мақсатында ӛлтіру де бағалануы тиіс.

Кейбір авторлар пайдакҥнемдік адам ӛлтіру мен қарақшылық шабуылы кезіндегі адам

ӛлтіруді ажыратуда мынандай тҧжырымды ҧстанады, яғни шабуыл егер ашық жасалса,

қарақшылық деп, ал егер жасырын жасалса – пайдакҥнемдік адам ӛлтіру деп қарастырады.

Мҧндай кӛзқарасты А.А. Пионтковский және М.М. Исаев ҧстанды 5.

Осы жағдайларды негізгі ала отырып, қарақшылықтағы адам ӛлтірумен

пайдакҥнемдік адам ӛлтірудің арасындағы айырмашылықты мынадан кӛруге болады:

1. Қарақшылықпен адам ӛлтіруде әрекет әрқашанда адамға шабуыл жасау арқылы

жҥзеге асырылады, ал пайдакҥнемдік адам ӛлтіруде әрекет әрқашанда шабуыл тҥрінде

болмауы мҥмкін.

2. Қарақшылық шабуылы кезіндегі адам ӛлтіруде екі бӛлек қылмыс қҧрамы болады

және олар қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады, ал пайдакҥнемдік адам ӛлтіру,

қарақшылық шабуылы болмағанда, тек бір ғана баппен сараланады.

Ал енді қарақшылық пен бҧзақылық қылмысының айырмашылығын қарастырып

кӛрейік. Қарақшылық пен бҧзақылықтың объективтік жағынан, ҧқсас болуы, кейбір

жағдайларда оны соттардың дҧрыс бағаламауына әкеліп соқтырады.

Бҧзақылықтың объектісіне байланысты Н.Д. Дурманов былай дейді: ―Бҧзақылықтың

объектісі – бҧл қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті сақтау. Бірақ бҧзақылар кӛп

жағдайда адамның денсаулығына және оның меншігіне қол сҧғады‖ 6. Бірақ олар бҧл

объектілерге қол сҧқпауы да мҥмкін. Ал қарақшылық міндетті тҥрде адамның ӛмірі мен

денсаулығына және меншікке қол сҧғады.

Бҧл қылмыстардың ерекше айырмашылығын объективтік жағынан кӛруге болады.

Бҧзақылық бҧл қоғамдық тәртіпті анық бҧзудың және қоғамды қҧрметтемеудің

белгісі. Ал қарақшылық болса, жәбірленушінің мҥлкін иелену мақсатында, ӛмірі мен

денсаулығы ҥшін қауіпті кҥш қолданудан немесе осы сияқты кҥш қолданамын деп қорқыту

81 арқылы шабуыл жасаудан кӛрініс табады. Сондықтан бҧл жердегі шабуыл жасау – мҥлікті

иеленудегі мақсатқа жету қҧралы болып табылады.

Субъективтік жағынан қарақшылықта кінәлі бӛтен біреудің мҥлкін иемдену мақсатын

кӛздейді. Сондықтан мҧнда қылмыскерлер таңдауды кӛп жасайды. Олар ӛзінің қҧрбанын

қарастырады, оның артынан аңдиды, тҥсетін пайданы бағалайды және тек осыдан соң ғана

шабуыл жасайды. Ал бҧзақылықта ондай емес. Бҧзақыға оның қҧрбаны кім болса да бәрі

бір. Ол қарақшылықтағы сияқты мақсаттарды кӛздемейді. Сонымен қатар олардың

әрекеттерінің қасақаналығының мазмҧны жағынан да ажыратуға болады. Қарақшылықта,

пайдакҥнемдік мотив арқылы бӛтеннің мҥлкін иемдену мақсатында қасақаналық тек тікелей

болады. Ал бҧзақылықта тікелей қасақаналықпен қоса жанама да болуы мҥмкін.

Сонымен қарақшылық пен бұзақылықтың негізгі белгілерін анықтай келе, оның

негізгі айырмашылықтары мынада:

1)бұзақылықтың объектісі қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік, ол

қарақшылықтың негізгі объектілері – меншік, жәбірленушінің ӛмірі мен денсаулығы;

2) қарақшылықта кҥш қолдану, бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатына жету қҧралы

болып табылады. Ал бұзақылықта мұндай мақсат жоқ.

Қарақшылық және өзінше билік ету қылмысының айырмашылығын қарастырып

кӛрейік. өзінше билік ету өзінің объективтік жағынан қарақшылықпен ҧқсас болып келеді.

Бірақ субъективтік жағынан алғанда ӛзінше билік етуде кінәлінің әрекеті қарақшылықтан

елеулі тҥрде ажыратылады.

өзінше билік ету бӛтеннің мҥлкін талан-тараждау мақсатында емес, оның анық

немесе шамаланған қҧқығы бар мҥлікті иелену мақсатында жҥзеге асырылады. Сондықтан

ӛзінше билік ету пайдакҥнемдік қылмыс болып табылмайды.

өзінше билік етудің объектісі мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруы. Заң

бойынша тікелей объектісі - Қазақстан Республикасында жеке және заңды тҧлғалардың

қҧқықтары мен мҥдделерін жҥзеге асыру және қорғау тәртібі табылады. Ал

қарақшылықтың объектісі меншік және адамның ӛмірі мен денсаулығы.

өзінше билік ету қарақшылыққа қарағанда жеңіл қылмыс болып табылады.

Сондықтан заң шығарушы оған жеңіл санкция қарастырған.

өзінше билік ету мен қарақшылықтың негізгі белгілерін мынадан кӛруге болады:

1) қарақшылыққа қарағанда ӛзінше билік етудің объектісі мемлекеттік аппараттың

қалыпты қызмет атқаруы болып табылады және ол басқару тәртібіне қарсы қылмыстарға

жатады;


2) өзінше билік ету пайдакҥнемдік қылмыс болып табылмайды. Ӛйткені, онда ол

өзінің мүліктік және мүліктік емес сипаттағы анық немесе шамаланған құқығын жүзеге

асырады, яғни белгіленген тәртіпті бұзады. Ал қарақшылық пайдакүнемдік қылмысқа

жатады.


Қарақшылық және қорқытып алушылық қылмысының айырмашылығын қарастырып

кӛрейік. Қорқытып алушылық қарақшылыққа ӛте жақын болып келеді, сондықтан олардың

айырмашылығын объектісінен және объективтік жағынан кӛруге болады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабы қорқытып алушылыққа мынадай анықтама

берген, яғни қорқытып алушылық, бӛтен мҥлікті немесе мҥлікке қҧқықты беруді немесе

кҥш қолданумен не бӛтен мҥлікті жоюмен немесе бҥлдірумен қорқыту арқылы мҥліктік

сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның

туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен не жәбірленушінің немесе оның

жақындарының мҥдделеріне елеулі зиян келтіруі мҥмкін ӛзге де мәліметтерді жариялау.

Осы кӛрсетілген анықтамадан кӛретініміз, қорқытып алушылық, қарақшылыққа қарағанда

кӛптеген адамдардың мҥліктік қҧқықтарына қол сҧғады. Оның объектісі – меншік, ал заты –

мҥлік және мҥліктік сипаттағы қҧқықтар. Сонымен қатар бҧл қылмыстың объектісі

– жәбірленушінің жеке басы да болады, яғни қылмыс кҥш қолданамын деп қорқытудан

болмаса, масқаралаймын деп қорқытудан тҧрады.

Қарақшылықта кҥш қолдану тікелей мҥлікті иемдену мақсатында бағытталса,

қорқытып алушылыққа қылмыскерлер мҥлікпен қоса, сол уақытта жәбірленушіде жоқ

мҥлікке қҧқықтарды да талап етуі мҥмкін. Ол сонымен қатар, оның пайдасына мҥліктік

сипаттағы белгілі бір әрекеттерді жасауды да талап ете алады 7.

Қорқытып алушылықтың объектісі ҥлкен топтағы адамдардың игіліктерін де ӛзіне

қосады. Мысалы, кінәлі адамның ар-ожданына, қадір-қасиетіне қол сҧға алады. Ал,

қарақшылықта ол жоқ. Сонымен қатар қарақшылықта кҥш қолдану жәбірленушінің ӛмірі

мен денсаулығына қарсы бағытталған, ал қорқытып алушылықта адам ӛмірінен басқа оның

оның денсаулығына, бостандығына кінәлі тиісе алмайды 8. Объективтік жағынан

қарақшылық пен қорқытып алушылық кҥш қолдану арқылы ажыратылады. Қарақшылықта

физикалықпен қоса, психикалық кҥш қолдану да орын алады. Ал қорқытып алушылықта –

тек психикалық кҥш қолдану болады. Сонымен қатар мҧндағы кҥш қолдлану заңдағы

анықтамаға сәйкес кең ауқымды болып табылады. Мүнда психикалық әсер ету әртҥрлі

болады, яғни ол жәбірленушінің ӛзін немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді

тарататын, кҥш қолданамын, мҥлікті қҧртамын деп жҥзеге асырылады. Ал қарақшылықта

айыпты тек физикалық күш қолданамын деп қорқыта алады.

Қарақшылықта, егер жәбірленуші кінәлінің талабын сол уақытта орындамайтын

болса, онда жәбірпленушінің ӛмірі мен денсаулығына кҥш кӛрсету қаупі туындайды, яғни

оған физикалық кҥш қолдану сол уақытта жҥзеге асырылуы мҥмкін. Ал қорқытып

алушылықта, егер жәбірленуші кінәлінің талабын орындамайтын болса, онда оған болашақта

кҥш қолданылуы мҥмкін. Бүл осы қылмыстарды ажыратудың белгісі.

Егер қорқытып алушы жәбірленушіге қорқыту кезінде кҥш қолданса, онда айыпты

қорқытып алушылық, қарақшылық немесе тонау, (кҥш қолдану дәрежесіне қарай) ретінде

жауапқа тартылады. Бҧл ереже, тек бӛтеннің мҥлкін иелену қҧралы ретінде кҥш

қолданғанда ғана қолданылады. Егер ол, мысалы, мҥлікті беруден жәбірленуші бас

тартқанда кек алу мақсатында жҥзеге асырылса, онда ол бҧл қылмысты бермейді.

Қылмыстың аяқталуына қарай да бҧл қылмыстар бір-бірінен ажыратылады.

Қарақшылықтың аяқталуы шабуыл жасау сәтінен басталса, қорқытып алушылықта, кінәлі

мҥлікті беру туралы талап қойған сәттен бастап аяқталады.

Субъективтік жағынан бҧл екі қылмыс та тікелей қасақаналықпен жасалады, бірақ

оның мазмҧны әртҥрлі. Қарақшылық кезінде шабуыл жасаушы ӛз алдына қҧрбанының

нақты заттарын иелену мақсатын алға қойса, қорқытып алушылықта ол жәбірленушіде жоқ

мҥлікті иелену мақсатын ӛз алдына қояды. Қарақшылықта шабуыл жасаушы затты, ақшаны

және басқа да заттарды иеленуді қаласа, қорқытып алушылықта ол онымен қоса мҥліктік

қҧқықтарды иеленуді кӛздейді және оның пайдасына осы әрекеттерді жҥзеге асыруды талап

етеді.


Қорқытып алушылық қарақшылыққа қарағанда жеңіл қылмыс болып табылады.

Ӛйткені қорқытушы әрқашанда ӛзінің әрекетін жҥзеге асыра бермейді. Сонымен қатар,

кінәлінің сол арада кҥш қолданбауы, жәбірленушіге оның әрекетін шындыққа сәйкестігін,

яғни орындалатынын немесе орындалмайтынын бағалауға мҥмкіндік береді. Оған қарамай

жәбірленушінің бҧл туралы билік оргындарына хабарлауға мҥмкіндігі бар. Ал

қарақшылықта жәбірленушіге мҧндай мҥмкіндік берілмейді.

Осы жоғарыда айтылғандарға қарап, бҧл қылмыстардың негізгі айырмашылықтары

мынада:


1) қарақшылықтың ауқымынан гӛрі қорқытып алушылықтың ауқымы кеңірек болып

табылады. Қорқытып алушылықтың заты болып қозғалатын және қозғалмайтын мҥлік,

сонымен қатар әртҥрлі мҥліктік сипаттағы қҧқықтар болуы мҥмкін;

2) қорқытып алушылықта кінәлі, оның талаптарын жәбірленуші орындамайтын болса,

болашақта кҥш қолданамын деп қорқытады. Ал қарақшылықта кҥш қолдану сол арада, яғни

мҥлікті иеленген кезде жҥзеге асырылады;

3) қарақшылыққа қарағанда қорқытып алушылықта күш қолдану тек психикалық

түрде жүзеге асырылады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қылмысты саралаудың жалпы ережелері дегеніміз не?

  2. Оның қандай түрлері бар?

Тақырып 10
Қылмысты саралау кезінде жАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН

ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
Дәріс мақсаты:Кылмысты саралау кезінде жауптылықты жеңілдететін,ауырлататын мән-жайларды көрсету.

Сурақтар:

1.Жауаптылықты ЖЕҢІЛДЕТЕТІН мән жайлар

2. Жауаптылықты ауырлататын мән жайлар


Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға кауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты

жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды аныктауға міндетті. Істелген кылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігнің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын жәнс оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау кезіндс соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылыкты жеңілдстетін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есспке алынуы керек.

Жауаптылыкты жеңілдстстін нсмесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстык заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың, үлгі тізбегі ғана берілген, өйтксні жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, занда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқылы емес.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген мемесе жеңілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйксс болады. Мысалы, баска біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Сондықтан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол туралы Қылмыстық кодекстің 3-бабында "бір қылмыс үшін ешкімді де кайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды" — деп көрсетілген. Қазакстал Рсспубликасы Жоғарғы Соты племумының 1993 жылғы 24 .маусымдағы № 3 Қаулысында "Егер заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай кылмыстың бір бслгісі рстінде Қылмыстық кодекстің айырықша бөліміндегі заңының, диспозициясында келтірілген болса, онда ол сол қылмысы үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін нсмесе ауырлататын жағдай ретінде қосымша есепке алынбайды деп көрсетілген. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынбайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер есептелінеді:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердің кәмелетке толмауы;

в) жүктілік;

г) айыпкердің жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналык және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдык, зияннын орнын өз еркімен толтыру, кылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау:

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті кылмыс жасау;

з) қажетті корғанудың кұкықтық, дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің, заңға кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, кылмысты ашуға, қылмысқа басқа катысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайларда жаза қолдану кезінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.

3. Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен-өзі жаза тағайындау кезінде кайталап есксріле алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармактарында көзделген жеңілдетуші мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазанын, мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатан, түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.

Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардын, ішкі мазмұнына тоқталайық;

1. Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес кылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол кылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек. Кездейсок, жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның кылмыстық топқа ксздейсоқ катысып, қылмыска катысуы. Іс-әрекетті кездейсоқ жағдайға жатқызу немесе жаткызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.

2. Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенде көп жағдайда өмірлік тәжірибенін жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен немесе үлкендерге еліктеп я болмаса баскалардан калмау мақсатымен, өзінің тентектігін көрсету аркылы істеледі. Бұл жерде бұлардын. ақылойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарына ұстамдылық жасамай қылмыс жасайтыны еске алынып, олардың кәмелетке толмай кылмыс жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы Сотының Пленумы қаулысында барлык соттарға жасы толмағандарға жаза тағайындағанда олардын қылмысын өте мұкият зерттеп, оларды мүмкіндігінше қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардын. кылмыстық жауаптылығы жеке берілген.

3. Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдін істеген қылмысын жауаптылықты жеңіддететін мән-жайларға жаткызу-осының, айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялык, физиологиялык өзгерістер болады. Осыған байланысты мұндай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы кеміп, ашуланшак., міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, кылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны жеңілдететін мән-жайға жатады.

4. Айыпкердің жас балалары болуы.

Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті колдануға негіз бола алмайды.

5. Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, кылмыс пен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер.

Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер кезінде ауруханаға жеткізіп,өлімнен алып қалады, осы көмектің арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің. жәбірленушіге немесе занды ұйымга өз қатесін түсініп, ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы, ұрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні корлаған жағдайда одан кешірім сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі адамның өзі істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бұрынғы қалпына келтіруі, мысалы, біреудің мүлкін қиратса, оны дәл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп беру, жәбірленушіге дене жаракатын түсіргенде оны емдетіп, соған қажетгі шығынды өтеу сиякты әрекетгер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған кылмыстың зиянды әрекеттері кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одан күшпен өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып есептелмейді.

6. Қылмысты адамның жеке басына, отбасына өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан істеу.

Кейбір кездерде ұстамсыз адамдар үшін осындай жағдайлар қылмыс жасау үшін жеткілікті болады. Жеке басына, отбасына және баска да себептермен қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материалдык, жетіспеушілікке, жүмысындағы, отбасындағы ауыр жағдайға, отбасы мүшелерінің бимо-ральдық тәртібіне, тұрғын ұйдегі қолайсыз жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға қызметіне, окуына байланысты жәйттар, жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы, төмен ақы төлейтін жұмысқа ауыстырылуы сиякты мәселелері де жатады. Жеке басына, отбасына және басқа ауыр жағдайлардың кездесуіне байланысты қылмыс жасау — кінәлінің қылмысты мінез-құлкының пайда болуын тікелей қоздырса немесе себепші болса ғана жеңілдететін мән-жайларға жатады. Сондыктан да мас болып, ауыр материалдык жағдайды сылтау етіп, ұрлық жасау жауаптылықты женілдететің мән-жайға жатпайды. Жеке басына, отбасына немесе баскд да ауыр жағдайлардың кездесуінен қылмыс істеу кінәлі адамдар үшін кездейсок, олардың тарапынан зұлымдық ниеттердің жоқтығын көрсеткен жағдайда, әлгіндей жағдайлар олардың басына тумаса, олардың қылмыс істейтін адамдар емес екендігін танытады.

7. Қылмысты күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдык, қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті болу.

Осы жағдайлардың жауаптылықты жекілдетудің қатарына жатқызылуы себебі, мұндай жағдайда қылмыс істеген адам еріксіз, басқа біреудің қорқытуынан, еріксіз көндірудің салдарынан немесе оған материалдық баска да тәуелді болу себепті өз ойын емес, сонын, ойын іске асырады. Ондай жағдайларда болған күнде кылмыс істеген адам, бұл қылмысты өз бетінше істемеген болар еді. Бұл жерде корқыту немесе еріксіз көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда болады. Яғни, бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз көндіру, баска да тәуелділікті пайдаланып кінәлі адамды қылмыс істеуге азғырған адам саналады. Сот қылмыстың мұндай жағдайларда ондай адамның әрекетіне баға беріп, оның қылмыстық жауаптылығын шешуі қажет. Бұл адамдар нақты қылмыстарды істеудің азғырушысы ретінде жауапка тартылуы да мүмкін. Қоркыту, еріксіз көндіру салдарынан немесе материалдық я басқа жағынан тәуелді болуы себепті, кылмысты мәжбүрлік қажеттілік жағдайында істеген адам кылмыстық жауаптылықтан босатылады. Басқа жағдайларда, яғии мәжбүрлі қажеттілік белгілері жоқ болса, онда мұндай әрекеттср жазаны жеңілдететін мән-жайларға жаткызылады. Бұл жерде қорқыту дегеніміз кінәлінің өзін немесе оның жақын нақты бір заңсыз әрекетті колданамын деп корқытып, оның еркі мен санасына тікелей әсер ету арқылы оған белгілі бір іс-әрекетті істету болып табылады. Материалдық тәуелділік деп, өзін кылмысқа азғырған адамға кінәлінің қарыз болуы, соның асырауында болуы немесе өмір сүруі матсриалдық жағынан соғаң тікелей тәуелді болуы, баска да материалдық, заттай жағынан оған кіріптар болуы айтылады.

Баска жағынан тәуелді болу деп қызмет жөнінен, некелік, отбасылык, туыстык жағынан болатын тәуелділіктер айтылады.

8. Қажетті қорғанудың дұрыстығының. шартын бұзу (аса мәжбүрлі) қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.

Қылмысты кажетті қорғану шебінен асса да, коғамға кауіпті қиянаттан қорғану үстінде істеу. Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, жеке адамға, тағы да басқа заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол сұғушылык болмаса, мұндай қылмысты істемеген болар еді. Қорғаңу шегінсн асса да, ол аса кауіпті емес қылмысты қоғамға қауіпті киянаттан қорғану үстінде істейді. Қорғану шегінен асқанға дейін оның мұндай әрекеті қоғамға пайдалы әрекет болып танылады. Қылмыстык, кодекстің 99, 109-баптарында көрсетілгең қажетті қорғану шегінен шығып, кісі өлтіру және денегс ауыр жарақат салу, осы қылмыстардың аса кауіпті емес тұрін сипаттайды.

Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты мәжбурлік кажеттіліктен, кылмысты істеген адамды ұстаудан, орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында істеу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатады деп тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыс мәжбүрлі кажетгіліктің шарттарын сақгамау арқылы істелсе, онда оны істеген адамнын әрекеті жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайға жатуы мүмкін. Мысалы, аса кажеттілік жағдайында істелген іс-әрекеттің нәти-жесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса, сондай-ак кінәлі адамның төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару мүмкіндігі бола тұрып, оны пайдаланбауы, т.б. әрекеттер.

Қылмыс істеген адамды ұстау — қоғамға пайдалы кылмысқа қарсы күрес жүргізудегі кажетті әрекет. Бірақта кылмыс істеген адамды ұстау да қылмыстын, мәні мен үстау жағдайына сай келмейтін жағдайда оған зиян келтіру кылмыс болып табылады. Мысалы, ол қарсылық көрсетпесе де, оған ұрып жарақат салу, істеген кылмысы үшін оны өзінше жазалау тағы басқа әрекеттер. Мұндай жағдайда кінәлінің істеген іс-әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Орынды тәуекелдің заңдылық шарттарың бұзу жағдайында қылмыс істеу де жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайға жатқызылған. Орынды тәуекелге әр түрлі кәсіптік немесе шаруашылык бағытта жүргізілетін іс-әрекеттер жатады. Мысалы, медицина саласында адамға әр түрлі операциялар жасау, дене мүшелерін тігу, кейбір органдарды алып тастау, немесе оны қайта қондыру адамдардың жанын ауыртумен немесе оларға зиян келтірумен тікелей байланысты. Мұндай шараларды жүзеге асыру заңға, нормативті актілергс, нұскдулар мен ережелерге қатаң негізделген. Осы талаптарды қатаң сақтау дәрігердің қылмыстық жауаптылығын жояды. Медицина ғылымы саласында жаңа жетістіктерге жету үшін әр түрлі ғылыми эксперименттің жүргізілуі шарт. Осы кәсіптің ережесіне, талабына сай жүргізілген ғылыми эксперименттің салдарынан кісі өлімі, мүліктің жойылуы орын алған жағдайда да ол үшін қылмыстық жауаптылыққа ешкім тартылмайды. Мысалы, адамнын, өмірін сақтап калу үшін оған бауыр, ми, жүрку сияқты организм органдарын қондыру тәуекелі заңға немесе норматиівті актілсрмен қалыптасқан тәжірибеге негізделіп сонда көрсетілген бірнеше шарттарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы.

Мұндай шарттарға мыналар жатады:

— Проблеманы алдын ала теориялық жағынан терең зертгеу және талқылау;

— жануарларға тәжірибе жасау арқылы нәтижсні анықтау;

— эксперимент жасауға адамнын келісімін алу.

Осы көрсетілген шарттардың біреуін болса да, орындамаса, нәтижесінде ауыр зардап орын алса, онда кылмыстық жауапкершіліктін болуы сөзсіз. Бірақ зан мүндай жағдайды жауаптылықты жеңілдстетін мән-жайлардың қатарына жатқызады. Өндірістік шаруашылық тәуекелі кұқылы болу үшін ол ғылым, тәжірибе жинақтаған негіздерге, нормативті актілерді басшылыққа ала отырып, сонда көрсетілгсн барлық шарттарды катаң сақтап жүзеге асырылуы қажет. Бұл талаптарды орындамау, шаруашылық-өндірістік тәуекелге бел байлаған адамның ұқыпсыздығынан нсмесе жаңылысуынан басқа да әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілсе, ол үшн кылмыстық жауаптылық белгіленеді. Бірак бұл жауаптылық та жеңілдететін мән-жайлар деп саналады. Қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын кылығы. Кейде жәбірленушінін, заңға кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы қылмысты арандатуға әкеліп соғады. Мысалы, жұбайлардың біреуінің бөгде біреумен көңіл қосуы, жыныстық катынаста болуы. Осы әрекеттің үстінен тұскен ол өз жұбайын сабап, оның денесіне ауыр зиям келтіруі. Жәбірленушінің заңсыз әрекеті көп жағдайларда кінәлінің жан күйзслісін тудырады, осы ссбепті ол ашумен кылмыс істейді.

Жан күйзелу жауалтылықты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол біріншіден, жәбірленушінің өзінін заңсыз әрекеті салдарынан (күш көрсету, ктты қорлау немесе басқа заңсыз әрекеттерінен), екіншіден, жан күйзелу, физиологиялык, аффект жағдайында істеуі керек.

Физиологиялық аффект дегеніміз осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты кінәлінің ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-қүлқына саналы түрде бақылау жасау кабілетінің елеулі кемуі болып табылады. Бірақ та мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, ссбебі адам өзінің әрскетін сезуден, өзінің іс-әрекетінс есеп беруден және оны баскару кабілеті мүмкіндігінен айырылмайды, тек мұндай қасиеттері елеулі турде ғана кемиді. Сол себепті мұндай жағдайлар кылмыстық жауаптылықты жоймайтын, бірақ жауаптылықты жеңілдететін мән-жамлар катарына жатқызылады.

Физиологиялык, аффектіні анықтау үшін психологиялық сарапшылық тағайындалады. Шын жүрсктен өкіму, айыбын мойындап келуі, кылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау иәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдсмдесу.

Шын жүрсктен өкінуге кылмыс істеген адамның ағынан жарылып өзінің қылмысын мойындауы, өзінің іс-әрскетіне шын жүректен өкініш білдіріп, іс бойынша өзіне мәлім барлык жағдайларды бүкпсіз айту, қылмысқа бірге қатысушыларды әшкерлеп, келтірілген зияиды жою әрекеттері жатады.

Егер адам өзінің кінәсін бұлтартпас дәлелдер арқылы мойындауға мәжбүр болса, онда оның әрекеті шын жүректен өкінуге жатпайды. Кінәсін мойындап келу дегеніміз кінәлі адамның құқық қорғау немесе құқық колдану органына немесе ресми адамға өзінің жасаған қылмысы туралы шындыкқа жататын мәлімдеме жасай келіп, істеген іс-әрекеті үшін тиісті жазаны өтеуге әзір екенін білдіруін айтамыз.

Шын жүректен өкіну немесе кінәсін мойындап келуі әділ соттылықты жүзеге асыратын органдарға қылмысты ашуға және жүзеге асырылатын басқа жада қылмыстардың жасалуына тыйым салуға көмектеседі. Қылмысты ашуға, қылмысқа басқа катысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздестіруге белсеңді жәрдемдесу әр түрлі нысанда көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қылмыс құралын алған жерді көрсету, қылмыска кімдер қатысты, кайда түрады, олардың әрқайсысының атқарған ролі мен қызметі, жасырынып жатқан жерлері, ұрланған мүлктің сақталып тұрған орны және т.б. Кінәлінің мұндай әрекеттері оның жауаптылығын жеңілдетуге негіз болады. Жауаптылықты жеңілдететін осы жоғарыда айтылған жағдайларды көрсете отырып, заң сотка бұдан баска да мән-жайларды жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды (ол туралы сот үкімінде негіздей отырып) жатқызуға құқық береді. Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобынын ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтын (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айырыкша белсенді роль аткару;

д) айыпкер үшін психикасы бүзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстык, жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздык себебі бойынша, басқа адамдардың занды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дөрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты кылмыс жасау;

з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе коғамдық, борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгсздікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ак жәбірленушіні кинап кылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші кұрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы кауіпті әдіс колданып қылмыс жасау;

д) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;

м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жагдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға кұқылы;

н) адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып, қылмыс жасауы;

о) қылмыскердің, қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып, кылмыс жасауы;

п) өкімет өкілінің нысанды киімін немссе құжатын пайдаланып кылмыс жасау.

2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерскше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде корсетілген болса, ол жауаптылықпен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде кайталап ескерілмеуі керек.

3. Жаза тағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсстілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.

Жауаптылықты ауырлататың мән-жайлардың мазмұны

төмендегідей:

1. Қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы. Бұл қылмыстардың түсінігі Қылмыстык, кодекстің 11-бабында көрсетілген.

2. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар кслтіру. Зардап материалдық емес, моральдық және басқа түрде болуы мүмкін.

Қылмыстың ауыр зардаптарын сот істелген қылмыстың мәніне, істің нақты жағдайларына, сондай-ақ қылмыстан тікелей туындаған зардапты еске ала отырып аныктайды. Бұл мәселені шешуде қылмыстың объектісінің маңыздылығы, келтірілген зиянның мөлшері, орын алған ақау, дене жарақаты, кісі өлімі, баска да мән-жайлар толық есепке алынады. Ауыр зардап касақана немесе абайсыздықпен істслетің қылмыстарда бірдсй болатындықтан, ол осы қылмыстардың барлығы үшін де жауаптылыкты ауырлататын мән-жайлар ретінде есепке алынады.

Қылмыстық заңның диспозициясында қылмыстын белгісі ретінде көрсетілген жауаптылыкты ауырлататын жағдайлар жаза тағайындағанда кайтадан еске алынбайды.

3. Адамдар тобының алдын ала сөз байласып, адамдар тобының ұйымдаскан топтың немесе қылмыстык, қауымдастықтың. (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау. Бұл қылмыстар түсінігі Кодекстің, 27-30-баптарында берілген.

4. Қылмыс жасағанда айрыкша белсенді роль атқару. Адамның қылмысты жеке өзі істегенде немесе топқа катысып істегенде айрықша белсенді роль аткаруы мүмкін. Қылмысты табан астында ешбір негізсіз істеуі немесе қылмыс істеуге үзақ уақыт дайындалуы, т. б. Егер қылмыс топ арқылы істелсе, онда топкд қатысушылардың әркайсысының айырықша ролі жеке-ежеке ескеруге жатады.

5. Айыпкер үшін психикасы бұзылуының, ауыр түрімен зардап шегетіні алдың ала белгілі адамды немесе кылмыстык, жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту. Қылмыс істеген адамның жүйке ауруымен ауыратын адамды немесе жас баланы пайдаланып қылмыс істеуі оның қоғам үшін ерекше зиянды екенін көрсетеді. Мұндай әрекетті істеген адам жас балаларды азғырады, олардың дұрыс қалыптасып адам болуына кесірін тигізеді, ауру адамды қылмысты әрекетке пайдаланып, өзін жауапкершіліктен тысқары қалдыруды көздейді. Мұндай жағдайдың кылмысты ауырлататын мән-жайға жататындығы сол, қылмыстын субъектісі, оның зұлымдык, қылмысты ниетін басқа адамдардың қолымен — жас баланы немесе психикалық аурумен ауыратын адамды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қылмыстық кұқық теориясында мүндай әрекетті біреу аркылы орындаушылық деп атайды. Біреу арқылы орындаушылыққа қылмыстың субъектісі қылмыс істеуге қылмыстың субъектісі болып танылмайтын жас баланы немесе ауру адамды пайдаланғанын сезеді және соны тікелей істейді. Мұндай жағдайларда жас бала немесе ауру адам қылмыс істеудің кұралы ретінде пайдаланылады. Ал олардың, істеген қылмысынын шын мәніндегі орындаушысы жас баланы немесе ауру адамды қылмысқа пайдаланған адамның өзі болады.

6. Ұлттық нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздык, себебі бойынша, басқа адамдардың занды іс-әрекеті үшін кек-енушілік, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында кылмыс жасау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында: тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды,— делінген. Ал, 19-бабында: әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және кай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы,— делінген.

Ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыруға, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсітуге, сондай-ақ азаматтардың нәсілдік немесе ұлттық тегіне карай олардың құкықтарын тікелей немесе жанамалай шектеуге немесе оларға тікелей немесе жанамалай артықшылықтар белгілеуге қасақана бағытталған іс-әрекеттерді кылмыстық заң кылмыс құрамына жатқызады, Бұл жерде басқа қымлыстарды ұлттық немесе дұшпандықтың немесе араздықтың салдарынан істеу туралы сөз болып отыр. Бұған жататындар: басқа ұлттар мен нәсілдердің өкілдерін осындай ниетпен корлауға, оларға жала жабуға, оларды ұрып-соғуға, дене жарақатың салуға, мүліктерін жоюға, бұзақылық және баска қылмыстарды істеуге бағытталған әрекеттері жатады. Кез келген қылмысты ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты коздыру мақсатымен істеу жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Баска адамдардың заңды әрекеттері үшін кектенушіліктен қылмыс істегені үшін жазаны күшейтудің себебі сол, бұл жерде қылмыскер басқа адамға заңды әрекеттер істеуге ксдсргі келтіру, олардың заң қозғайтын кұқысы мен муддесіне кол сұғып отыр. Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды онайлату мақсатымен қылмыс жасауда да жазаны күшейтудің себебі сол. Бұл жерде қылмыс жасаған адам екі бірдей қылмысты катар істеп отыр. Мысалы, өзінің ұрлығын көрген адамды, қылмысының ізін жасыру мақсатымен сол жерде өлтіріп кету. Нсмесе кылмысқа кедергі жасаған күзстшіні өлтіріп, банкті тонау, т. б. әрекеттер.

7. Жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, қорғансыз немссе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау.

Жас балаға, кәрі немесе дәрменсіз халдегі адамдарға я кінәлінің біле тұра жүкті әйелге қарсы қылмыс істсуі. Қылмыстық құқық бойынша жас бала деп жасы он төртке толмағандар жатады. Кәрі адамдар мен кәрілік жасқа байланысты зейнеткерлікке шыққан, соған сәйкес кылмыскерге қарсылық көрсетуге қаукары жоқ адамдарды айтады. Дәрменсіз халдегі адамдар деп науқасқа, дертке ұшыраған, өзінің ақыл-есінеп айрылған, дене бітімінің кемдігіне байланысты қылмыскерге қарсылық көрсетуге қабілеті жоқ жандарды айтамыз. Жүкті әйелдер деп кінәлінің оның әйтеуір жүкті некендігін дәлме-дәл біле түра, соны сезіп, біліп, жәбірленушіге қарсы кылмыс істеуі болып табылады. Жас балаға, кәрі немесс дәрменсіз халдегі адамдарға, сондай-ак біле түра жкті әйелге қарсы қылмыс істеу кінәлінің тұлғасын теріс сипаттайтын ерекше белгілер болып табылады. Айыпкерге тәуелділік материалдык, лауазымдық және баскадай болуы мүмкін.

Материалдық тәуелділік деп басқа адлмның кінәліге негізгі немесе косымша өмір сүру жағдайына байланысты кіріптарлығын айтамыз. Мысалы, жас балалардың, ата-аналардың, зейнетақы алмайтын ата-аналардың, балаларына материалдык тәуелділігі.

Лауазымдық жөніндегі тәуелділік деп тікелей немесе жоғары тұрған басшыға бағынышты болуын айтамыз. Басқадай тәуелділікке туыстық, ерлі-зайыптылық катынастар жатады.

8. Белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау.

Өзінің қызметін немесе коғамдық борышын атқарып жүрген адамды өлтіру — қасақана кісі өлтірудің ауыр түрі болып табылады, ол туралы арнаулы қылмыс құрамы бар. Мұндай жағдайлардағы кінәлінің әрекеті арнаулы заңның диспозициясымен қамтылатындыктан жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде жаза тағайындағанда тағы да есепке алынбайды. Басқа қыл-мыстық заңда накты қылмыс құрамы ретінде көрсетілмеген жағдайларда өзінін қызметін немесе қоғамдык борышын аткарып жүрген адамға қарсы кылмыс істеу жауаптылықты ауырлататын мән-жайға жатады.

Бұл жерде өзінін, қызметін аткарып жүрген адам деп, меншік түріне карамастан, мемлекеттік немесе коммерциялық, басқа да аппаратта заң, бойынша белгіленген тәртіппен лауазым адамының функциясын атқарып жүрген адамды айтамыз.

Қоғамдық борышын атқарған адам деп қоғам, мемлекет, жекс адам мүддесі үшін пайдалы іс-әрекет жасап жүрген адамды айтамыз. Мысалы, халык, жасақшысына карсы қылмыс істеу, қылмысты тойтаруға қарсы әрекет жасаған адамға немесе жәбірленушіге көмек көрсетуге әрекеттенген адамға қарсы істелген т. б. қылмыстар. Аталған адамдардың туыстарына оның жақын туыстары және басқадай соларға қатысы бар адамдар жатады. Бұл ретте қылмыскер жоғарыда аталған қызметкерлердің туыстарына қарсы қылмыс жасап, оларға әсер ету арқылы, кек алу мақсатын місе тұтады.

9. Аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні кинай қылмыс істеу. Мұндай кылмыстар көбінесе жеке адамдарға карсы, басқа да жеке адамдардың өміріне, денсаулығына, бостандығына қарсы жасалады. Мысалы, адам өлтіру, тонау, қарақшылык, бұзақылык, өкімет билігінің шегінен шығу, кейбір жағдайларда аса қатыгездікпен басқа да кыл-

мыстар істелінуі мүмкін. Мысалы, 276-бап жануарларға қатыгездік жасау. Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен кылмыс істеу кылмыскердің осы тәсілдер арқылы жәбірленушіні қинап, оны азаптап, жанын, тәнін ауыртып, оған аса ауыр материалдық және моральдык ауырлықты келтіруі айтылады. Мысалы, балаларының көзінше анасын азаптап, сабау немесе жәбірленушіні жанын қинап өлтіру, ерекше қаталдықпен мүлікті қоркытып талап ету, т. б. әекеттер.

Жәбірленушіге қинап, қорлық көрсету деп кінәлінің жәбірленушіге қарсы шектен шыккан арсыздыкпсн қылмыс істеп, онын ар-намысын, адамгершілігін аяққа басу аркылы оған моральдық немесе материалдық зардап келтіруін айтамыз.

Осы айтылғандарды жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатқызғанда сот кінәлінін ерекше қаталдықпен немесе жәбірленушіге қорлық көрсстіп қылмыс істеу тәсілін колдануды сезгенін анықтау өте қажет болып табылады.

10. Қару ок-дәрі, жарылғыш заттар немесе оны бейнелеуші қондырғылар, арнайы дуйыидалған техникалық қүралдар, тез тұтанатың және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялык, фармакологиялык дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсеткен немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып кылмыс жасау. Қылмыскердің көрсетілген құралдарды, қаруларды колдануы қоғам үшін қауіпті басқа да тәсілдерді пайдалану қылмыстың қоғамға қауіптілігін жоғарлатады. Сол үшін оған катаң жаза белгіленеді. Жалпыға кауіпті тәсілді колданып кылмыс істеу. Мұндай тәсілді қолданып қылмыс істеу қылмыстық заң қорғайтын көптеген коғамдык қатынастарға зиян келтіру каупін туғызады. Жалпыға қауіпті тәсілдсрге: жарылыс, қопарылыс ұйымдастыру, өрт қою, су астында қалдыру, қопарылыс жасайтың заттарды, уландыратың газдарды пайдаланып қылмыс істеу жатады. Жауаптылыкты ауырлататың мән-жайлар орын алу үшін қылмысты жалпыға қауіпті тәсілді қолданып істеу фактісі болу қажет.

11. Төтенше жағдайды, табиғи немесе өзгс де жағдайларды қылмыс жасау үшін пайдалану, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау. Мұндай әрекеттерді төтенше жағдайды немесе жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайларды пайдаланып қылмыс жасау деп атаймыз.

Жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайына жер сілкіну, су тасқыны, кар көшкіні, өрт апаты, дауыл соғуы сияқты оқиғалар жатады. Төтенше жағдайға — мемлекетте жаппай тәртіпсіздікке немесе баска оқиғаларға байланысты пайда болған ерекше жағдайға байланысты белгілі бір уақытка тәртіп сақтау үшін енгізілген ерекше құқылық шаралар болып табылады.

Бұл туралы осы мәселеге арналған занда накты айтылады. Төтеңше жағдайдың жариялануына байланысты ерекше корғану шараларын, құзыреттерді іске асыратың арнаулы органдар күрылады. Кінәлі адамнын, басқа уақыткд карағанда осы жағдайды пайдаланып қылмыс істеуі онын, жауаптылығын, сөз жок, ауырлатады. Жаппай тәртіпсіздіктің түсінігі 241-бапта берілген.

12. Алкогольдік, есірткілік немесе уыткұмарлық елігу жағдайында кылмыс жасау. Адамның осындай күйде болып қылмыс істеуі кінәлінің келтіретін зияндылығьшын сау адамға қарағанда едәуір зор болатындығы, сонымен бірге оның қауіптпілік дәрежесінін де үлкен екндігін көрсетеді. Қандай жағдайда мас күйге келудің, қылмысты саралау үшін маңызы шамалы Адамнын, алкоголь ішімдігін есірткілік немесе уландыратың заттарды пайдаланып мас күйге келуі арқылы қылмыс істеуі мүмкін. Сот істелген қылмыстың сипатына карай бұл мән-жайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауға да құқылы. Мысалы: отбасына, жеке басына келген ауыр кайғыдан, күйіктен ішіп мас болуы немесе мас болып маңызы шамалы қылмысты істеу, т. б. жағдайлар.

13. Адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы. Аталған жағдайда қылмыс істеу— әруақытта да жазаны жоғарылатудың негізі. Өйткені, аталған адамдар өзі кабылдаған антын бұза отырып, өзіне берілген сенімге қиянат жасап, алдау жолына түседі. Мысалы, антты бұзып, мемдекеттік құпияны жариялайды, береді немесе банк қызмет-кері кәсіби антын бұзып салушылардын каржыларын өзі пайдаланып кетеді және т. б. әрекеттер.

14. Қылмыскердің қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы. Бұл жағдайларда қызметкер өзіне сеніп тапсырылған қызмет жағдайын пайдаланып сенімге қиянат жасап, оны кылмыс істеуге пайдаланады. Мұндай ретте осындай қылмысты лауазымды адамдар қызметкерлерімен бірге қатардағы қызметкерлер де жасауы мүмкін. Шартқа байланысты мәселе Азаматтық, кодекс нормасы арқылы реттеледі. Шарт заңды тұлғалармен де, жеке азаматтармен де бекітілуі мүмкін. Шарттан туындайтын сенімді пайдаланып, киянат жасау жауаптылыкпен жазаны ауырлатын мән-жайға жатады.

15. Өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатың пайдаланып қылмыс жасау. Өкімет өкілінін. түсінігі Қылмыстық кодекстің, 307-бабының ескертпесінде берілген. Осыған жататын адамдардың нысанды киімін немесе қүжатын пайдалану қылмыс істеуге зор мүмкіидіктерді туғызады. Сондықтан да мұндай мән-жайлар жауаптылықты және жазаны ауырлатуға негіз бо-лады. Қылмыстық кодекстің 54-бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылықты жәме жазаны ауырлататын мән-жайлар тұжырымды болып табылады және оны кең мағанады талқылауға жол берілмейді. Өйткені, Кодскстің 54-бабының, 3-бөлігінде "Жаза тағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды" делінген. Осы баптың 2-бөлігінде "Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында кылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмсуі керек" делінген. Мысалы, аса қатыгездікпен жасалған ауырлататын жағдайдағы кісі өлімі (96-бап 2-бөлігі "д" тармақшасы). Жауаптылықты және жазаны ауырлататын осындай мән-жайлар кылмыс кұрамының қажетті немссе ауырлататын белгісі ретінде көрсетілгендіктен жаза тагайындағанда оны қайтадан жазаны ауырлататын мән-жай деп ссспке алуға болмайды.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Қылмысты саралаудың жеке ережелері дегеніміз не?

  2. Оның қандай түрлері бар?


Тақырып 11 . Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың саралау

Дәріс мақсаты: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың дүрыс саралау


Сұрақтар:

1.Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап),саралау тәртібі

2. Заңсыз кәсіпкерлік (190-бап),саралау тәртібі

3. Заңсыз банктік қызмет (191-бап) саралау тәртібі

4. Жалған кәсіпкерлік (192-бап) саралау тәртібі

1.Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап)
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады (ҚК-тің 189-бабы).

Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқылы. Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқылы. Шаруа (фермер) қожалығы да кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға болып табылмай-ақ, шаруа қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асырады.



Лицензия-жеке немесе заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге, қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға және оны жүзеге асырудың шарттарын белгілейтін ресми құжат болып табылады. Осы қылмыстың объектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғу танылады.

Объективтік жағынан қылмыс мына төмендігі бірнеше балама әрекеттер арқылы сипатталады:

а) ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу;

б) жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу, не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу;

в) сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып жасалған осы қылмыс;

г) немесе үлкен залал келтіріле отырылып жасалған осы әрекеттер.

Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге-заңда белгіленген кәсіпкерлік қызметтің түрін таңдап алуға кедергі жасау; кәсіпкерлік қызметтің түрімен айналысуға субъектілердің тең құқығын бұзу, жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін ашық немесе көмескі түрде тіркеуден жалтару, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия беруден негізсіз бас тарту немесе лицензия беруден ашық жалтару; жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін экономикалық, ғылыми-техникалық немесе құқықтық жағынан негізсіз қолдамау, азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауына байланысты әрекеттеріне сотқа шағымдану мүмкіндігін шектеу немесе одан айыру т.б. әрекеттер жатады. Жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеуге не оның қызметіне өзге де заңсыз араласуға-өндірістік бағдарламаларды өз бетімен жасау мүмкіндіктеріне кедергі қою; өз өнімдеріне тұтынушылар мен өткізушілерді сұрыптап алуды, олардың бағасын дербес белгілеуді шектеу; жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін, мүліктік құқығын, интеллектуалдық меншік объектілерін, қаржысын келісім-шарт негізінде пайдалануға тартуды тежеу; сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға негізсіз араласу әрекеттері жатады. Заңды күшіне енеген сот актісін бұза отырып заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға-жеке немесе коммерциялық ұйымдардың заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалуына байланысты (Мысалы, мемлекеттік тіркеуден өткізбеу, заңсыз лицензия бермеу, әр түрлі кедергілер анықталып, сот құжатында көрсетілген, заңды күшіне енген талаптарды бұзу әрекеттері жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналық арқылы істеледі.

Қылмыстың субъектісі-арнаулы субъект, кәсіпкерлік қызметті тіркейтін, лицензия беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.


2.Заңсыз кәсіпкерлік (190-бап)
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса-іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп танылады. Қылмыс объективтік жағынан мынадай балама әрекеттерден құралады:

1. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей жүзеге асыру заңда белгіленген тіркеу тәртібін бұзып, бұл әрекетті жүзеге асыру болып табылады. Рұқсат алмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға-заңда белгіленген қайсыбір кәсіпкерлік қызметті атқаруға арнаулы рұқсат алу шарттарын бұзу жатады. Лицензия шарттарын бұзып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырауға: лицензияда көрсетілмеген қызметті жүргізу; немесе оның жүзеге асырылуы тәртібін бұзу, лицензияны бөтен адамға беру; қолданылу, мерзімі өтіп кеткен лицензияны пайдалану ж.т.б.

2.Кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану заңда кейбір қызметтің түрлерімен кәсіпкерлікпен шұғылдануға тыйым салынған. Осыған қарамастан кәсіпкер заң нормасын бұзып, тыйым салынған кәсіппен шұғылданады.

3.Жоғарыда көрсетілген әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен немесе өткізумен байланысты болса. Заңсыз кәсіпкерлік қылмыс құрамы жөнінен материалдық құрамға жатады. Осыған орай қылмыс заңда көрсетілген ірі зиян келтірілумен немесе ірі мөлшердегі табыс табумен байланысты аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс кінәлының қасақаналық нысаны арқылы жасалады. Қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі жалпы немесе арнаулы болуы мүмкін.


3.Заңсыз банктік қызмет (191-бап)саралау
Ақша-несие жүйесіндегі қылмыстылық экономика саласындағы қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық заңда «Банктік қызметті тіркеуден өткізбей немесе рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызмет деп белгіленген». Қылмыстың объектісі ақша-несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық қатынастарға қол сұғу болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс құрамы мынадай бірнеше, жеке дара әрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбеу; міндетті рұқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру; көрсетілген әрекеттер ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болуы болып табылады. Банктік қызметті лицензиясыз жүргізу, тіркеуден өткізбеу заңсыз әрекет деп танылады. Міндетті лицензия алуды сақтамау деп арнаулы заңда көрсетілген осы талаптарды сақтамау саналады. Лицензия шарттарын бұзуға осында рұқсат етілген банктік қызметті істемей басқа қызметпен шұғылдану әрекеттері танылады. Субъективтік жағынан қылмыс кінәлының қасақана нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қасақаналықтың тікелей немесе жанама түрі де орын алады.
4.Жалған кәсіпкерлік (192-бап) саралау
Қылмыстық кодекстің 192-бабында «Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру-жалған кәсіпкерлік» деп белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі кәсіпкерлік немесе басқа да коммерциялық әрекетті реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың басты шарты-азаматтың, ұйымның немесе мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объективтік жағынан осы бапта көрсетілген қылмыс құрамы: кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен заңда белгіленген зардапты келтіре отырып коммерциялық ұйым құру әрекеті арқылы сипатталады. Қылмыс тек әрекет арқылы жүзеге асырылады. Жалған кәсіпкер коммерциялық ұйым құру үшін оны тіркету және оған лицензия алу үшін заңда көрсетілген барлық құжаттарды дайындайды. Құрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап, қажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітеді. Осыдан кейін кәсіпкерлік немесе банктік қызмет заңды тіркеуден өткізіледі, оған лицензия беріліп, банк операцияларын жүзеге асыру үшін алымдағы және есептесу шоты белгіленеді. Осымен кәсіпкерлік ұйымның барлық заңды қызметі доғарылады да жалған кәсіпкер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке зиян келтіруге бағытталған басқа әрекеттермен шұғылданады: несие алады, азаматтардан немесе ұйымдардан ақша қаражаттарын жинайды, сөйтіп тыйым салынған қызметпен айналыса бастайды. Осындай әрекеттердің нәтижесінде қоғамға қауіпті зардап-азаматқа, ұйымға қауіпті зардап немесе мемлекетке ірі зиян келтіріледі. Осы уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыстық құрамы заңдылық мәні жөнінен материалдық құрамға жатады.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі-тыйым салынған қызметті жасыру, заңсыз несие алу, салық төлеуден босатылу немесе өзге де мүліктік пайда табу мақсаты болады. Қылмыстың субъектісі-кез келген есі дұрыс 16-ға толған азамат болады.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1) Экономилақық қылмыстарды саралау процесі қай кезде басталады?

2)Экономиқалық қылмыстарды саралау процесінің ізділігі дегеніміз не?

Тақырып 12

Сот төрелігіне және жазаларды

орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды саралау ерекшеліктері
Дәріс мақсаты:

Сот төрелігіне және жазаларды

орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды саралау

ерекшеліктері талқылау


Сүрақтар:
1.Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы

қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері


2.Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын

қылмыстары. Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала

тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап),саралау.

3. Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап),саралау.

4. Сотты құрметтемеу (343-бап),саралау.


1.Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы

қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері

1. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол сот төрелігін жүзеге асыруға кез келген түрде кедергі жасау арқылы судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек қана заңға бағыныштылық принципі бұзылып, әділетсіз сот актісін қабылдауға жол ашылады. Қылмыстың тікелей объектісі сот төрелігін дұрыс жүзеге асыру және прокурордың, алдын ала анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің қызметі болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан алғанда сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында соттың қызметіне қандай да болмасын нысанда араласу арқылы жүзеге асырылады (339-баптың 1-тармағы). Сот төрелігін жүзеге асыруға араласудың тәсілдері өтініш жасау, талап ету, кеңестер беру, белгілі бір қызмет көрсетуге уәде беру, бопсалау, әр түрлі қорқытулар болуы мүмкін. Өлтірумен ұштасқан қорқыту орын алған жағдайда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Бұл қылмысты жасаудың басқа бір нысаны істі жан-жақты, толық және объективті тергеуге кедергі жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамның қызметіне араласу болып табылады. Мұнда да араласу тәсілдері осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген сот ісіне араласумен ұқсас. Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1 және 2-тармағында қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және олар сот төрелігін жүзеге асыруға немесе прокурордың, тергеушінің, алдын ала анықтама жүргізуші адамның қызметіне заңсыз араласқан кезден бастап аяқталған деп табылады. Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам сот төрелігін жүзеге асыруға, прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамның қызметіне араласқанын сезеді және оған кедергі жасауды тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі-мақсат сот төрелігін жүзеге аксыруға, жан-жақты, толық және объективті тексеруге кедергі жасау болып табылады. Қылмыстық ниет әртүрлі (пайдакүнемдлік, кек алу, кінәлыға байланысты деректерді жариялауға жол бермеу т.с.с.) болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.



2.Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап),саралау.
Бұл қылмыс өте қауіпті қылмыстардың қатарына жатады. Өйткені бұл қылмыстың тікелей объектісі әділсоттылық мүддесі мен қатар адамның өмірі де болады. Қылмыстың жәбірленушісі барлық инстанциялардағы судьялар, присяжной заседатель, прокурор, тергеуші, алдын ала анықтаушы адам, қорғаушы, сарапшы, сот приставы, сот атқарушысы, сондай-ақ олардың туыстары болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүзеге асырушы адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына істің немесе материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеу жүргізілуіне, не үкімді орындауға, соттың шешіміне немесе өзге сот актілеріне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметіне кедергі жасау, не істеген қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған олардың өміріне қол сұғу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрылысы жөнінен келте құрамға жатады, сондықтан да қылмыс өмірге қол сұғу орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Заңда көрсетілген жәбірленушілерді өлтіруге оқталу немесе олардың өмірін жою аталған тұлғалардың заңды қызметіне кедергі жасау не істеген қызметі үшін кек алу мақсатында істелуі қажет. Заңда көрсетілген жәбірленушілерді өлтіруге оқталу немесе олардың өмірін жою аталған тұлғалардың заңды қызметіне кедергі жасау не істеген қызметі үшін кек алу мақсатында істелуі қажет. Заңда көрсетілген жәбірленушілерді өлтіруге оқталу не өмірін жою олардың істеген қызметіне байланысты емес, басқа заңсыз әрекеттері үшін жасалса, онда кінәлының әрекеті адам өміріне қарсы қылмыс жасағандық деп танылады. Бұл қылмыс сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыру сот шешімдерін жүзеге асыру кезеңіәнде немесе содан кейін, іле шала уақыт өтісімен істелуі мүмкін. Ең бастысы қылмысты істі сотта қарау, іс бойынша алдын ала тергеу, анықтама жүргізу немесе сот актісін (үкім,шешім) орындауға байланысты істелгенін анықтау шарт. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъективтік жағының балама белгілеріне ниет және мақсат жатады. Қылмыстың мақсаты заңда аталған тұлғалардың заңды қызметіне кедергі жасау, ал ниет олардың істеген қызметі үшін кек алу болып табылады. Қылмыстың субъектісі 16-ғка толған адам.
3.Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап),саралау.
Бұл қылмыс Қылмыстық кодекстің 339-бабында көрсетілген құрамға объектісі, жәбірленушісі бойынша ұқсас. Бұл екі құрамның айырмашылығы әділсоттылықты жүзеге асыруға кедергі келтіру тәсіліне ғана байланысты. Қылмыс құрамының объективтік жағының құрылысы формальдық, ол Қылмыстық кодекстің 341-бабының 1 және 2-тармақтарының диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін (өлтіремін деп, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту) істеген немесе күш қолдану әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстық кодекстің 341-бабының 1 және 2-тармағында алдын ала тергеу жүргізілуіне, істің немесе материалдардың сотта қаралуына, не үкімнің орындалуына, соттың шешіміне немесе өзге сот актілеріне байланысты судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, қорғаушыға, сараптаушыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына қатысты өлтіремін, денсаулыққа зиян келтіремін, мүлкін бүлдіремін немесе жоямын деп қорқытқаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай қорқыту нақты жүзеге асырылатындай негіз болуы шарт. Қорқытудың нақты орын алатындығы істің нақты жағдайларына, қорқыту тәсілі, жәбірленуші мен кінәлының ара қатынасы, кінәлының бұдан бұрыңғы мінез-құлқы, оның мінездерімен байланысты анықталады. Қылмыс қорқыту әрекеттері орын алған уақыттан бастап (заңда көзделген адамдарға оның әсер еткеніне немесе әсер етпегеніне қарамастан) аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам баптың диспозициясында тізбектеліп көрсетілген жәбірленушілерге арнайы қорқыту білдіргенін сезеді және соны жүзеге асыруды тілеп әрекет істейді. Осы қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі-қылмыстың мақсаты заңда көрсетілген жәбірленушілерді кінәлының беттеген әрекеттерін істеуге мәжбүр етуі болып табылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.
4.Сотты құрметтемеу (343-бап),саралау.
Қылмыстың тікелей объектісі соттың дұрыс қызметі және беделі, қосымша тікелей объектісі сот процесіне қатысушылардың ар-намысы және адамгершілігі. Сот талқылауына қатысушыларға прокурор, қорғаушы, жәбірленуші, сотталушы, кәмелетке жасы толмаған сотталушының немесе жәбірленушінің заңды өкілі, азаматтық талаптар және жауапкер, сарапшы, аудармашы, маман, сот мәжілісінің хатшысы, азаматтық кодекстің жақтары, азаматтық іс бойынша үшінші жақ т.с.с. жатады. Қылмыс объективтік жағынан алғанда формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген жәбірленушілердің кез келгенін әділсоттылықты жүзеге асыру қызметіне байланысты қорлаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.Қорлаудың түсінігі Қылмыстық Кодекстің 130-бабында берілген. Яғни кінәлы адам сотты құрметтемеушілікте де сот талқылауына қатысушыларды, судьяны олардың қызметіне байланысты қасақана ар-намысын, адамгершілігін, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін әрекеттерді жүзеге асырады. Қорлау тәсілдері (ауызша, жазбаша, ым, теріс дене қимылдарын көрсету т.б.) қылмыстық саралауға әсер етпейді. Судьяны немесе сот талқылауына басқа да қатысушыларды жеке өзара қатынастан пайда болған қақтығыстарға байланысты және әділсоттылық жүзеге асырылып жатқан жерден басқа орында қорлау, жеке адамға қарсы қылмыс ретінде қарастырылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам өзі қорлап отырған жәбірленушілердің сот талқылауына қатысушылар екенін сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың объектісі-16-ға толған кез келген адам.
Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдауына байланысты бұрыңғы Кодекс бойынша қылмыс болып келген кейбір құрамдар: жер аударылған орыннан, еңбекпен емдеу немесе еңбекпен тәрбиелеу профилакторийінен қашып кету (бұрыңғы Кодекстің 198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында, тәрбие-еңбек профилакторийлерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды заңсыз беру (ескі Кодекстің 199-бабының 3-тармағы) қылмыс қатарынан мүлдем шығарылды. Қылмыстық құқық теориясы бойынша сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар деп-осы міндеттерді жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың бірқалыпты, заңды қызметіне қол сұғатын қасақана іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық топтың объектісі-сот төрелігін және жазалардың орындалуын қамтамасыз ететін органдардың дұрыс қызметі болып табылады. Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстар әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнінен барлық құрамдар (тек қана Қылмыстық Кодекстің 357-бабында көрсетілген-хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер құрамынан басқасы) формальдық құрамға жатады. Осыған орай осы тараудағы қылмыстар нақты қылмыс құрамы диспозициясында көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген сәттен бастап аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан алғанда бұл тараудағы қылмыстар тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат көптеген қылмыс құрамы үшін қажетті элемент болып саналмайды. Қылмыстың субъектісі жай немесе лауазымды адамдар болады.

Қылмыстың субъектісіне қарай талданып отырған қылмыстар мына төменде көрсетілген 5 топқа бөлінеді:

1.Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап). Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап). Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (346-бап). Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап). Қинау (347-1 бап). Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-бап).

2.Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары, көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап). Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (352-бап). Куәгердің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап). Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап).Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап). Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (357-бап).

3.Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары: Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап). Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару (359-бап). Қылмыстық- атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбай (360-бап). Қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап).

4. Сот әділгіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары: Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап). Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340-бап). Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап). Сотты құрметтемеу (342-бап). Суңдьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына жала жабу (343-бап). Айғақтарды бұрмалау (348-бап). Пара немесе коммерциялық сатып алуға арандату (349-бап). Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-бап). Сот үкімін, сот шешімін өзге де сот актісін орындамау (362-бап). Қылмысты жасыру (363-бап). Қылмыс туралы хабарламау (364-бап). Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау (356-бап). Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары.



Өзін-өзі бақылау сұрақтар: Қылмыстық құқық ерекше 16 бөлімінің ,Сот төрелігіне және жазаларды

орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың баптарын жеке саралау.




Тақырып 13 Аяқталмаған қылмыстарды саралау

Дәріс мақсаты: Аяқталмаған қылмыстарды квалификацияладың жалпы сипаттамасын беру және квалификация тәртібін қарастыру.

Сұрақтар:


  1. Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жалпы тәртібі.

  2. Қылмысқа дайындалу және квалификация тәртібі.

  3. Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі.

 

   1. Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және квалификация тәртібі



 

  Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген . Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретінбелгілердің қатарына мыналар жатады:

1.  Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа оқталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында  кездеспейді.

2. Аяқталмаған қылмыстарды кінәнің рекіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттік жасауын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын-алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғынадейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады,

3.  Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамды қауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілуі мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мақсатқа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы  сатысы көрініс  алады.

Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы , ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табыладыАяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын обьектілерге зардап келмеуі немее зардап келген де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде болып табылады. Мұндай зардаптар келгенде немесе қорғалуға жататын обьектілерге нұқсан  келтірілгенде іс-әрекеттің аяқталмаған қылмыс ретінде  бағалану себебі ,ол қылмысты квалификациялау ережесінде кінәнің  қасақаналығының бағыты қолданылатынына  байланысты.

  Зардап орын алған аяқталмаған қылмыстарды квалификациялау тәртібі әдеттегі қылмысқа оқталу сияқты жүргізіледі, яғни іс-әрекет зардапты қарастыратын қылмыс түрі бойынша емес, қылмыскердің қасақаналығына  кірген қылмыс түрімен  және 24бапқа сілтеме жасау арқылы бағаланады.Ал қылмысқа даярлану немесе оқталу әрекеттерінде қылмыстың обьектісі орын ала ма немесе мұндай әрекеттерде қылмыстың құрамы болып , аяқталмаған қылмыстардың құрамы  бар деп түсінуі керек. Аяқталмаған қылмыстармен қысқартылған құрамдардың арасындағы ұқсастық , ол бұл екеуінде  қылмыстың нақты аяқталу уақытына жетпеуінде . Қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу уақыты бойынша қысқартылған құрамдарда аяқталған қылмыстың құрамы  болмайды. Бұл екі ұғымның басты айырмашылығы да осы қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу  кезеңдерінде  болып табылады.

  Аяқталмаған қылмыстарда қысқартылған құрамдардағыдай жасалған іс-әрекетті аяқталған қылмыс ретінде бағалауға негіз беретін мұндай белгілер болмайды ,  дайындалу немесе оқталу сияқты аяқталмаған қылмысты  әрекеттерді Ерекше бөлім баптарымен бағаланатын білдіретін белгілер болмайды және қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын әрекеттер орын алған мен де ол аяғына дейін жеткізілмейді. Аяқталмаған қылмысты әрекеттер тек материалдық құрамдар бойынша ғана емес, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарда  да кездесе алады. Материалдық қылмыстарға жататын  кінәлі қылмыстың обьективтік жағын құрайтын іс-әрекеттерді жасауға бағытталады, немесе мұндай әрекеттер жасалғанның өзінде кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына жеткізмейді.Себебі Қ.К 26 бабының 2 бөліміне сәйкес , «Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс» . Яғни бұл мысалда кісі өлтіру қылмысынан бас тартқан мен , қасақана денсаулыққа зардап келтіру қылмыс орын алған болып шығады.Сондай –ақ кепілге алу , адамды ұрлау сияқты қылмыстық әрекеттерді жасап ,артынан үкімет органдарының  талабына көніп немесе өз еркімен кепілге алған немесе ұрлаған адамын босатқанмен , бірақ кепілге алу ,  адамда ұрлау кезінде жәбірленушінің денсаулығына зардап келтірген қорлаған болса, онда денсаулыққа зардап келтіру немесе қордау қылмыстарының құрамы сақталады  және осы қылмыстар бойынша жауаптылықтан босатылмайды.  Ал адамды өлтіру ге бағытталған  әрекеттер жасалып , бірақ денсаулыққа зардап келген кезде қылмысты аяғына дейін жеткізбей тұрып, жалғастырудан бас тартқан жағдайда , мұндай негізгі қылмыс түрінен басқа жол жөнекей  басқа қылмыстың құрамдары пайда болмайды. Адамның бастапқы кезеңі ретінде денсаулыққа зардап келетін кездер болады. Денсаулыққа зардап келгені үшін мұндай жағдайда қылмыс құрамы бар деуге  болмайды.  Адам кісі өлтіру қылмысын білдіретін әрекет ретінде мылтықты көздеп атқанмен ,  оқтың тимей кетуі немесе мылтықтың шүріппесін басқанмен , оның атылмайтын қару екенін білмеуі мүмкін. Яғни қылмысьың обьективтік жағын құрайтын әрекетер жасалған мен кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыстың  зардабы туындамайды және әрекет орындалған мен тиісті қылмыс зардаптың туындамауы себепті байланысқа болып отыр. Сондықтан бұл жағдай қылмысқа оқталу  ретінде квалификациялануы  тиіс. 

  Формальдық құрылымдарға жататын  қылмыстарға  оқталу қылмыс құрамының обьективтік жағын білдіретін іс-әрекеттерді  жасауға бағытталған әрекеттердің кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғыеа дейін жетпеуін білдіреді. Демек, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарға оқталудан айырмашылығы, материалдық құрамдарға оқталуда обьективтік жақты құрайтын әректтер жасалуы мүмкін болса , ал формальдық құрамға  жататын қылмыстарға оқталуда қылмыстың обьективтік жағының белгілері  орындалмайды. Тек соны  орындауға бағытталған әрекеттер жасалып, олар аяғына дейін  жеткізілмейді .

 

 



 

Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Ал қылмыс кінәлінің еркіне байланысты емес жағдайларда аяғына дейін жеткізілмесе, онда аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлері орын алып, іс әрекетті саралау аяқталған қылмыстармен салыстырған

өзгеше жүргізіледі және жауаптылық тағайындауда да айырмашылық болады.

Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:


  1. Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады.

  2. Аяқталмаған қылмыстарда кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты орындалуы аяғына дейін жеткізілмейді.

  3. Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамда кауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілілу мақсатын көздейді, сонымен қатар, заңмен қорғалатын мүдделерге нақты қауіп туындайды және қылмыстық мақстақа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекетттердің алғашқы сатысы көрініс алады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтар:

  1. Қылмысқа даярлану деген не, және оған қылмыстық жауаптылық көзделеме?

  2. Қылмысқа оқталу деген не?

  3. Қылмысқа даярлану және оқталу кінәнің қандай түрімен жасалады?


Тақырып 14 Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс әрекеттерді саралау

Дәріс мақсаты: Қылмысқа қатысудын түсінігін ашу, және қылмысқа қатысушылардың жауакершілігін анықтау

Сұрақтар:

  1. Қылмысқа қатысушылықтың белгілері және қылмысты саралаудағы маңызы.Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша саралау

  2. Аяқталмаған қылмысқа қатусышылық және квалификация тәртібі.

  3. Қылмысқа қатысушылық нысандары бойынша (экцесс) әрекеттерін және арнайы субъектілердің қатысушылығын саралау


Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау
1. Қылмысқа қатысушылық түсінігі

Қазақ КСР-ның 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа ҚК-нің нормаларын салыстырмалы түрде талдау топтық белгі жаңа ҚК-тің Ерекше бөлімінің 120 бабында сараланған белгі ретінде ескерілген болса, Қазақ КСР-ның ескі ҚК-інде ол тек 30-бапта құрастырылған. Бұл топтанып қылмыс жасаудың қоғамдық қауіптілігінің өсе түскендігін дәлелдейді.

Қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың қандайда болмасын ерекше негіздемелерін туындатпайды. Қылмыстық кодекстің 3- бабында бекітілген қылмыстық жауаптылық негіздері қылмыс бірнеше тұлғаның күш біріктіруші арқылы жасауы жағдайына да толықтай тиісті болды. Алайда қатысумен жасалған қылмыстың қылмыстық жауаптылығы және оның қажетті элементтерінің бірі – қылмысты саралау өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Олар негізінен төмендегіден тұрады.

Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. Қылмыстық құқықта қылмыс жасаған әрбір адамның жеке жауаптылығы принціпі болғанымен ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек қарастыруға болмайды.

Қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші) мен орындаушының жүзеге асыруға деген дәрежесі, басқа қатысушылардың да жауапкершілігін шешу туралы мәселеге тікелей ықпал ететіндей болуы қарастырылады. Мысалы, егер орындаушы оған байланысты емес себептермен қылмыстық әрекетін оқталу сатысында тоқтатын болса онда барлық қалған қатысушылары да қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қатысушылардың әрекетін саралау ең алдымен қылмысты бірнеше тұлға бөліп жасау процесінде оның атқарған рөліне тәуелді яғни қылмыстық топты құра отырып, олар қандай мақсат көздеді және қатысушылар арасындағы өзара байланыстың сипаты қандай, олардың арасында алдын ала сөз байласу болдыма, қылмысқа қатысушылардың қандай түрі қатысқаны, қатысудың нысаны және қатысушының түрі есепке алына отырып шешіледі.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде қылмысты қатысушылықпен жасау құрамының сараланған түрі ретінде қатысудың нысанына тәуелді төмендегідей болып бөлінген: қылмысты адамдар тобының жасауы 6-бапта, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасауы 49-бапта, қылмысты ұйымдасқан топтың жасауы 63 бапта және қылмысты қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) жасауы Ерекше бөлімнің 2 бабында қарастырылған.

Қылмыстық топ болып жасаудың (қатысушылықтың бірінші нысаны) барысында қылмыстың барлық қалыптасушылары ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабы бойынша ҚК-тің 28 бабына сілтеме жасалмай жауаптылыққа тартылатыны белгілі себебі олардың барлығы қылмыстың бірігіп орындаушылары болып табылады. Орындаушы түсінігін дұрыс ұғыну және анықтау адамдар тобымен жасалған қылмысты дұрыс саралауда үлкен маңызға ие болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының жаңа ҚК-де орындаушы ұғымы кеңейтіліп оған тек қылмысты тікелей жасаған тұлға ғана емес, басқа тұлғаларымен бірге оның жасалуына тікелей араласпаған тұлғаларда жатқызылады. Ондай адамдарға ұрлық жасау барысында пәтерге кірмеген және ұрланған заттарды алып шықпаған көшеде тұрып қылмыс жасау орнында бөгде адамдардаң болмауын, адамдар тобымен жасалған қылмысты ешкімнің көрмеуі мақсатымен қадағалап тұрған адамды жатқызуға болады.

Қылмысқа қатысушылықтың бірінші нысанында қатысушылардың әрқайсысы қылмыс құрамының объективтік жағымен қамтылатынын әрекеттерді орындауға қатысады немесе толық көлемінде не белгілі шамада орындайды. Қылмысты бір тұлғаның жасауынан айырмашылығы топтық қылмыста қылмыс тобының қатысушылары үшін ортақ болатын объективтік жақтың белгісін құрайтын бір әрекетті орындау үшін өзінің күштерін біріктіретін бірігіп орындаушы тұлғалар қатысады. Оның барысында кейбір бірігіп орындаушылар қылмыстың объективтік жағының барлық белгілерін толық кірістіретін әрекеттерді жасауы, ал басқалары бұл белгілердің тек кейбір бөлігін жасайтын жағдай кездесуі мүмкін.

Орындаушылардың әлде біреуінің іс-әрекеті қылмыс құрамының объективтік жағының барлық белгілеріне ие болмаған кезде, қылмысты сарлау мәселесі бойынша талас жиі кездеседі. Бұндай жағдайда қылмысты дұрыс саралау берілген тұлғаны бірігіп орындаушы немесе қылмысқа көмектесуші деп танудан тәуелді болады. Олардың арасына айырым қою жиі қиындық келтіреді және топтық қылмыстарды саралаудағы қателіктердің себебі болады.

Негізінен көмектесу әрекеттері қылмыстың объективтік жақтарын орындау бастағанға дейін сонымен қатар оның орындалуы барысында, алайда қылмыс аяқталғанға дейін жүзеге асырылады. Егер көмектесуші қылмыстың жасалуы барысында қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттердің орындалуына көмектесетін болса егер ол болар-болмас деңгейде болсада бірігіп орындаушылық ретінде қарастырылуы тиіс. Істерді тергеу және сот тергеуі барысында тікелей орындаушы болып табылмайтын тұлғаның іс-әрекетін қалай саралау керектігі жөнінде мәселе пайда болады: адамдар тобымен жасалған немесе бір тұлғамен жасалған қылмыс ретінде бағалау туралы Қазақсатан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулыларында бұд сұрақтарға жауап берілген.

Атап айтқанда «Бөтеннің мүлкін талан-таражға салуды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 1996 жылғы 25-шілдедегі қаулысының 7 пункітінде қылмыстың берілген түрі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген немесе есі дұрыс емес деп танылған тұлғамен бірлесіп жасаған қылмыс адамдар тобымен жасалған талан-тараж ретінде бағаланбайтындығы көрсетілген.

Қатысушылардың жеке жауаптылығы қағидасы қатысушылар мен орындаушының жауапкершілігінің әртүрлі болуы мүмкіндігінен көрініс табады. Мысалы, орындаушы қылмысты аяғына дайін жеткізуден өз еркімен бас тартуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Бірақ, ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші тұлғаны қылмыс жасауға көндіруге бағытталған ұйымдастырушылық әрекеттері немесе жасалуы мүмкін қылмысқа көмек көрсеткені үшін 24, 28 баптар бойынша және ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Қатысушылықпен жасалған қылмысты саралау барысында жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды есепке алу олар жасалған іс-әрекетке және ұйымдастырушының, айдап салушының, көмектесушінің жеке бастарына қатыстылығы тәуелділікте шешілуі тиіс.

Ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушіге қатысты мән-жайлар тек олардың әрқайсысының іс-әрекеттерін саралау барысында ғана есепке алынады және басқа тұлғалардың әрекеттерін саралау барысында есепке алынбайды. Мысалы пайдакүнемдік ниетпен қасақаналықпен адам өлтіруде ҚК-тің 96 бабының 2 бөлімі «з» пункіті бойынша жауаптылыққа тартылса ал осы қылмысты орындаушының әрекеттері 2 бөлімнің басқа пункттерімен саралануы мүмкін.

Орындаушының іс-әрекеттеріне және жеке басына қатысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар әртүрлі заңи салдарды туындатуы мүмкін. Мысалы, егер орындаушы жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен адам өлтірсе онда әрбір қатысушының әрекеттері орындаушының әрекеттері сияқты ҚК-тің 96 бабы 2 бөлімі «м» пункті бойынша саралануы тиіс.

Қылмыстың субъектісін сипаттауға қатысты мән-жайлар өзге қатысушылардың әрекеттерін саралауға әсер етеді. Мысалы әскери қылмыстардың субъектісі болып жалпы ереже бойынша әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметкерлер сондай-ақ жиындардан өтуі кезіндегі запастағы азаматтар табылады.

Әскери қылмыстардаң орындаушысы болып тек көрсетілген белгілерге ие тұлғалар ғана танылады. Оларға ие емес тұлғалар орындаушы бола алмайды бірақ ұйымдастырушы, айдап салушы, немесе көмектесуші ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, әскери қызметкер қашқындық жасайды. Оның іс-әрекеттері ҚК-тің 373 бабы бойынша саралауға жатады. Басқа қатысушылардың іс-әрекеттері сол бап бойынша ҚК-тің 28 бабына сілтеме жасау арқылы саралануы тиіс. Осы жағдайда олардың іс-әрекеттері ҚК-тің 373 бабы 2 бөлімімен алдын ала сөз байланысқан адамдар тобымен (егер осындай сөз байласу анықталса) жасалған қашқындық ретінде саралануы тиіс.

Орындаушының жеке басына қатысты және қылмыс субъектісінің белгілері болып табылмайтын мән-жайлар тек орындаушының өзінің әрекеттерін саралау барысында ғана ескерілуі тиіс. Мысалы, алаяқтықты бұрын қорқытып алушылық үшін екі рет сотталған адам жасаса ал оған көмектесуші бұл саралау белгісіне ие емес тұлға болса онда орындаушы ҚК-тің 177 бабының 3 бөлімі «в» пункіті бойынша жауапқа тартылады ал көмектесуші (егер олардың арасында алдын ала сөз байласу орын алған болса) ҚК-тің 28 баб, 177 баптың 2 бөлімімен жауапқа тартылуы тиіс. Сонымен қатар кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартудың орындаушысы және айдап салушысының іс-әрекеттерін де саралау да осылай жүргізілуі тиіс. Егер бұл қылмыстың орындаушысы ата-ана педагог немесе кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеті заңмен жүктелген өзге адам болып табылмайтын бұл қылмыстың айдап салушысы ҚК-тің 28 және 131 баптың 1 бөлімімен жауапқа тартылуы тиіс.

Қатысушының шектен шығуы барысында қатысушылардың әрекеттерін саралау белгілі бір маңызға ие. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 30- бабына сай қылмысқа қатысушының, басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Қылмыстық құқық теориясында қатысушының шектен шығушылығын сандық және сапалық 2 түрге бөлу қабылданған. Сандық шектен шығушылық ретінде қатысушы, топтық барлық қатысушылармен алдын ала келісім жасалған қылмыспен бір тектес қылмыс жасаған кезде орын алады. Мысалы ұрлықтың орындаушыларының бірі басқа қатысушылардан жасырын мүлікті (басқа қатысушылармен бірге ұрланған мүліктен бөлек) басқа ұрланған мүліктермен қоса есептегенде 500 айлық есептік көрсеткіштен асып түсетін мүлікті ұрласа ол ҚК-тің 175 бабының 3 бөлімімен жауапқа тартылады, ал қалған қатысушылар егер ұрланған мүліктің бағасы аталған көрсеткіштен асып түспесе ҚК-тің 175 бабының 2 бөлімімен жауапқа тартылады.

Қылмысқа қатысушының топтық жасауға сөз байланысқан қылмысымен бір тектес болып табылмайтын қылмысты жасауы қатысушының шектен шығушылығының сапалық түрі болып табылады. Мысалы, адамдар тобы дәріханадан медикаменттерді ұрлау барысында олардың біреуі, олардын бөлек наркотик заттарды ұрласа. Ол екі қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады: ұрлық жасағаны үшін (ҚК-тің 175 бабы) және наркотикалық заттарды талан-таражға салғаны үшін (ҚК-тің 260 б) ал, қалған қатысушылар тек ұрлық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылады.

Айыпталғандардан шығатын қортынды қатысушының шектеу шығуы ұйымдасқан топтарда және қылмыстық қауымдастықтарда орын алатын алдын ала сөз байласу арқылы жасалатын топтық қылмыстарда ғана мүмкін болады.

Бірігіп қатысушылықтың ең қауіпті нысандары болып ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастықтың табылатыны белгілі, құқыққорғау, шаруашылық және басқа органдар қызметкерлерінің коррупциясы арқылы сипатталады. Бұл қылмыстық топтар үшін топтар үшін қауіпті болып табылатын тиісті мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қызметкерлердің іс-әрекеттерін бейтараптандыруға мүмкіндік беріп ғана қоймай сонымен қатар олардың қызиетін өз мақсаттарына бағындыруға олар арқылы осы мақсаттарға ресми құрылымдарды пайдалануға оларға қатырына енуге мүмкіндік береді.

Қылмысқа қатысушылықтың көрсетілген нысандарымен жасалған қылмысты саралау үшін олардың белгілерін анықтау қажет. Ұйымдасқан топтың сипаттау белгілері болып бір немесе бірнеше соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін күні бұрын біріккен топтың тұрақтылығы. Алдын ала сөз байласуда қатысушылықтың берілген нысанасының міндетті белгісі болып табылады. Олай болмаған жағдайда қылмыс жасау үшін күні бұрын бірігу мүмкін болмайды.

Қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) үшін өзіндік белгілер топтың тығыз ұйымдасқандығы және оны құрудың мақсаты ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің болмауы қылмыстық қауымдастықтың қатысушылықтың нысаны ретінде жоқ екендігіне дәлел болады. Мысалы, топтың тығыз ұйымдасқандық белгісі, белгісінің болмауы олар әртүрлі сипаттағы соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін құрылған топ болсада. Бұл жағдайда ұйымдасқан топтың (тұрақтылық белгісі бар болса) бар екендігі танылады. Қылмыстық қауымдастықтың екінші міндетті белгісі топ тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды ғана жасау үшін ұйымдасқан болуы тиіс. Мысалы, тығыз ұйымдасқан қылмыстық топ жала жабуды тарату үшін құрылған болса қылмыстық ұйым болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 31 бабының 5 бөліміне сай ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты құрған не оларға басшылық еткен адам кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Құқық қолдану қызметінің процессінде ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастыққа басшылық жасаудың нені білдіретінін анықтап алудың маңызы зор. Ұйымдастырылған қылмыстық топтың жұмысының бағытын анықтау (қылмыстық іс-әрекеттердің жоспарын жасатау, топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу, қылмыстық қол сұғу объектісін анықтау, қылмыстық құрылым мүшелеріне нұсқаулар мен тапсырмалар беру т.б.) болып табылады.
Қылмысқа қатысу 27,28,29,31 баптарда қаралған.

Қылмысқа қатысу – екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық әрекетті істеуі. Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушыларға қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, іртүрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыру үшін өзгенің қылмыстық әрекеттерін біріктіру.





Қылмысқа қатысушылар





ұйымдастырушы





орындаушы





азғырушы

Көмектесуші


Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдарсен бірге тікелей қатысқан адам.

Ұйымдастырушы – қылмысты ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ құрған немесе қылмыстық қауымдастық (ұйым) құрған тікелей басшылық еткен адам.

Айдап салушы дегеніміз – басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен нмесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам.

Көмектесуші адам – кеңестерімен, нұсқауларымен , ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен инее қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына көмектескен адам.

Қылмысқа қатысу заттай (материалдық) интелектуалдық көмектесу жолымен орын алуы мүмкін. Қалай болғанда да қылмыстық әрекетті жүзеге асыру, ізін жасыру осы көмектесуші адам арқылы жүзеге касады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қылмысқа қатысу дегеніміз не?

  2. Қылмысқа қатысушылардың түрлерің атаныз.


Тақырып 15

Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері

Дәріс мақсаты: Әскери қылмыстарды дүрыс саралауының мәселелері
Сүрақтар:

1.Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері

2. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау ((367-бап),саралау. 3.Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мә жбүр ету (368-бап),саралау.

4. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап),саралау.
1. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері
Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған. Қылмсыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген. Онда әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады делінген. Осыған орай әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібі қоғамдық қатынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып табылады. Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібімен байланысы жоқ басқадай қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттері әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері жалпы қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады. Әскери қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі-қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарушы запастағы азаматтар. Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне Қорғаныс министрлігі және оған бағынышты құрылық әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-әуе күштері, әскери-космикалық күштер Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамалары, шекаралық әскерлер, қауіпсіздік қызметі әскерлері, үкіметтік байланыс әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, т.б. жатады. Әскери қылмыстар тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді: Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелеріне сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар. Әскери қылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз. Субъективтік жағынан алғанда бұл қылмыстардың көпшілігі қасақаналықпен, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы қылмыстардың жекелеген тобына және түрлеріне талдау жасайық.

2..Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап),саралау
Қылмыс объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыс құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың заңды бұйрығын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау-яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, заңды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапқа қарсы басқа әрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады. Бағынбау мен бұйрықты өзгедей әдейі орындамау іс-әрекетінен қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірілуі қажет. Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер «іс-әрекеттен әскери тәртіпте ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштыны алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына әр түрлі дәрежедегі жарақат келтірілсе немесе әскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады. Бұйрыққа бағынбаудан немесе оны әдейі орындамаудан келтірілген зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт. Қылмыс құрамы материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (367-баптың 2-тармағы). Ауыр зардаптарға қасақана денеге орта дәрежелі жарақат келтіру, абайсызда кісі өлімінің орын алуы; әскери дайындықты қамтамасыз ететін шаралардың жүзеге аспай қалуы; әскери техникалардың істен шығуы; ірі мөлшердегі материалдық залал келтірілу т.с.с. жатады. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі көзделген әрекеттер соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса онда бұл осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (367-баптың 3-тармағы). Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бұйрықты орындамау үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 367-бабының 4-тармағында көзделген. Мұндағы ауыр зардаптардың түсінігі осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген ауыр зардаппен бірдей болуы да мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 367-бабының 4-тармағындағы қылмыс құрамы субъективтік жағынан тек қана абайсыздықпен (немқұрайдылық немесе менмендік) жүзеге асырылады. Егер осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекет соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса, онда кінәлының жазасы арта түседі, ол үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 367-бабының 5-тармағында көзделген.
3.Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мә жбүр ету (368-бап),саралау.
Қылмыс объективтік жағынан бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы міндеттерді бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы, мәжбүр ету арқылы сипатталады. Қарсылық көрсету деп бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға ашықтан ашық қарсы шығып, оның заңды талабына мән бермеу, олардың өзіне жүктелген міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Мысалы, патрульдің мас күйдегі әскери қызметшіні ұстауға байланысты әрекетіне соңғының қарсылық көрсетіп бағынбауы. Бастыққа немесе әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға күш қолдану және күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы олардың міндеттерін бұзуға бағытталған белсенді әрекет мәжбүрлеу деп танылады. Мысалы, қатардағы әскери қызметшінің тәртіп бұзып қолға түсіп қалған екінші бір әскери қызметшіні бастыққа күш қолданбақшы болып қорқытып босатып алуы. Қылмыс құрамы формальдық, көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін істеген сәттен қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Дәл сол әрекеттер: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; б) қару қолдана отырып жасаса;

в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса-осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (368-баптың 2-тармағы). Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топтың түсінігі Қылмыстық Кодекстің 31-бабында көрсетілген. Қару қолдануға атылатын немесе суық қаруды қолдана отырып бастыққа қарсылық жасау немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр етушілік жатады.


4.Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап),саралау.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде бастыққа күш қолдану әрекеттері екі түрлі жағдайда:

  1. бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде;

  2. немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты жүзеге асырылады.

Әскери қызмет міндеттерін атқару деп бастықтың ұрыс әрекеттеріне қатысуы, лауазымдық міндеттерін атқаруы, әскери кезекшілікті атқаруы, қызметтік жағдайына байланысты әскери бөлімнің аумағында белгіленген уақыт ішінде міндетін өтеуі, қызметтік іс-сапарда болуы кезінде өз борышын өтеуін айтамыз. Осы міндеттерді атқаруға байланысты бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттеріне кінәлының оның қызмет бабын атқаруына көңілі толмаудан немесе одан кек алу, я болмаса басқадай өзара қақтығыстықтан пайда болған өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген қылмыс бастықтың қызмет бабына байланысты жасалады. Және оған қарсы күш қолдану әрекетімен ұласады. Күш қолдану ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жолымен немесе өзге де күш қолдану (қолын бұрау, байлап қою, бетін тырнау т.с.с.) арқылы көрініс табады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Дәл сол әрекеттер: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; б) қару қолданып жасаса; в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтірсе, осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (369-баптың 2-тармағы). Бұл көрсетілген жағдайлардың түсінігіне Қылмыстық Кодекстің 363-бабын талдағанда тоқталғанбыз. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (369-баптың 3-тармағы).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:Әскери қылмыстардың өзгедей баптарын жекелей саралау.

Семинарлық (тәжірибелік) сабақтардың тақырыптық жоспары



Тақырыптың атауы

Сағат саны

1

Қылмысты саралудың ұғымы. Саралаудың түрлері

1

2

Қылмыстарды саралаудың методологиялық-философиялық негіздері

2

3

Қылмыстарды саралаудың заңдық негіздері

1

4

Қылмыстарды объектісі бойынша саралау. Қылмыстарды объективтік жағыбойынша саралау. Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау.

2

5

Қылмыстарды субъектісі бойынша саралау

1

6

Нормалардың бәсекелстігінде қылмыстарды саралау

2

7

Қылмыстардың көптігі бойынша қылмыстарды саралау

2

8

Қылмысқа қатысу қылмыстарды саралау Жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша қылмыстарды саралау

2

9

Конституциялық құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралау

1

10

Меншікке қарсы қылмыстарды саралау

1




Барлығы

15


7.3. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (СОӨЖ)



СОӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны

Өткізу түрлері

Сағат саны

1

Саралаудың ұғымы, оның негізі мен маңызы. Саралаудың түрлері, олардың ерекшеліктері.

ауызша

5

2

Қылмыстарды объектісі және объективтік жағы бойынша , субъектісі және субъективтік жағы бойынша саралау.

ауызша

5

3

Нормалардың бәсекелестігінің ұғымы, бәсекелестіктің түрлері және оларды саралаудың проблемалық сұрақтарын ашу.

ауызша

5

4

Қылмыс сатылары, қылмыс коптігі, қылмысқа қатысу институттары бойынша саралаудың ғылыми негіздері.

ауызша

5

5

Жеке адамға қарсы қылмыстарды саралаудағы проблемалық мәселелерді шешу. Ұқсас құрамды қылмыстарды саралаудың ерекшелігі.

ауызша

5

6

Пайдакүнемдікпен ұштасқан меншікке қарсы қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері. Пайдакүнемдікпен ұштаспаған меншікке қарсы қылмыстардан ажырату мәселелері.

ауызша

5




Барлығы




30


8. Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары

8.1. Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары




Тақырыптың атауы

Сағат саны

1

Саралаудың ұғымы, оның негізі мен маңызы. Саралаудың түрлері, олардың ерекшеліктері.

5

2

Қылмыстарды объектісі және объективтік жағы бойынша , субъектісі және субъективтік жағы бойынша саралау.

5

3

Нормалардың бәсекелестігінің ұғымы, бәсекелестіктің түрлері және оларды саралаудың проблемалық сұрақтарын ашу.

5

4

Қылмыс сатылары, қылмыс коптігі, қылмысқа қатысу институттары бойынша саралаудың ғылыми негіздері.

5

5

Жеке адамға қарсы қылмыстарды саралаудағы проблемалық мәселелерді шешу. Ұқсас құрамды қылмыстарды саралаудың ерекшелігі.

5

6

Пайдакүнемдікпен ұштасқан меншікке қарсы қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері. Пайдакүнемдікпен ұштаспаған меншікке қарсы қылмыстардан ажырату мәселелері.

5




Барлығы

30


8.2. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жоспары (СӨЖ)




СӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны

Әдебиеттер

Ұсыныстар

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімдері (апта)

1

Есептерді (казуестерді) шығару

Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006




ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша

1 апта

2

Есептерді (казуестерді) шығару

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002




ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша

2 апта

3

Есептерді (казуестерді) шығару

Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006




ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша

3 апта

4

Есептерді (казуестерді) шығару

Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006



ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша

4 апта

5

Есептерді (казуестерді) шығару

Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006



ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша

5-6 апта

6

Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралаудың теориялық негіздері. Нормалардың бәсекелестігінің проблемасын зерделеу.

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004



ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

жазбаша

7 апта

7

Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару

Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006



ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

Ауызша жазбаша

8-9 апта

8

Экономикалық қылмыстарды саралау

Есептерді (казуестерді) шығару



Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002



ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

Ауызша


10-11 апта

9

Меншікке қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984



ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша


12 апта

10

Қоғамдық тәртіпке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды саралау

Есептерді (казуестерді) шығару



Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004



ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

жазбаша

13-14 апта

11

Халық денсаулығына және адамгершілкке қарсы қылмыстарды саралау

Есептерді (казуестерді) шығару



Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006



ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша

15 апта



Курстық жүмыс бүл пәнде қарастырылмаған!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет