Дыбыстық ат қойса:адамның жеңіл мінездігін, қауіптік сигналдарды дұрыс ескере алмайтынын көрсетеді.
Ирониялық ат: айналасындағыларға кешірімділікпен, ирониямен қарайтын адам. Ұзартылған ат: қорғаныс тенденцияларының жоғары дамуы.
Мақсаты: Кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және денгейін зерттеу.
Нұсқау: «Балалар, қазір сіздерге мектепте өздеріңізді қалай сезінетіндеріңізді анықтауға арналған бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады. Сұраққа дұрыс және шынайы жауап беруге тырысыңыз, бұл жерде дұрыс немесе дұрыс емес, жақсы немесе жаман жауаптар жоқ, жауап парағының жоғары жағына өз аты жөніңізді және сыныбыңызды жазыңыз. Егер сұраққа келіссеңіз «+» , егер келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз».