Тірі табиғат мүйісінің өсімдіктері Оқу жылының барысында тірі табиғат мүйісінде өсірілетін өсімдіктер:
1. Бөлме есімдіктеріне; 2. Шөлтесін жабайы өсімдіктер, 3. Мөдени өсімдіктер; 4. Ағаштардың, бүта-лардың сабақтары т.б.
Бөлме өсімдіктрге мүйістің түрақты бөлігі, қыс, жаз, коктем, күз мезгілдерінде сақталады. Өсімдіктердің коллекцияларында тәжірибе, эксперимент өткізуге оңтайлы түрлері өсірілгені дүрыс. Өсімдіктану, гіршіліктану пәндерінен өткізілетін са-бақтарда қолдануға ыңғайлы. Бүл өсімдіктердің қата-рына, пеларгония, примула, фуксия, монстера, традесканция, бегония, элодея, кактустар жатады. Бүл өсімдіктерден басқа да, биология курс тары ның тақырьштарына сай қолданылатын өсімдіктсрдіи. алуан түрлері өсіріледі. Әсіресе жиі қолданылатып тра десканция, оның жапырағынан цитоплазманыц козі-алысын, су өсімдіктерін, қосалқы, ауа тамырларын, устыце тамыр оймақшасын, тамыр түктерін, қондырамалы жапырақтары, атпалары, телуді, қүрлық өсімдігінің су өсімдігіне айналуын көрсетуге болады.
Тірі табиғат мүйісінде өсімдіктерді биологиялық ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп орналастырады. Экологиялык факторларға бейімделуіне қарай, жарық, жылу, ылғалдылық т.б. өсімдіктерді белгілі жүйеде өсіреді.
Мыалы: қүрғақшылық жердің өсімдіктері: кактус, алоэ, агава, эшеверия тікенекті өсімдік; жабайьц^ түрлері тасжарған, очиток.
Ылғалды жердің өсімдіктері: арум, монстра, бегония, традесканция, циперус; жабайы түрлері: папоротник, мүк,саумалдық, росянка. Жартылай (орташа) ылғалды жердің өсімдіктері: фикус, аспидистра, лимон, кливия, пеларгония; жабайы—қүлпынай, примула.
Өсімдіктерді географиялық топтарға бөліп те ор-нал астыруға болады. Өсімдіктерді орнықтыру тәртібі олардың шығу тегін бейнелейтіндей ландшафтардың ерекшеліктерін көрсететіндей болуы керек.
Жалпы тірі табиғат мүйісінің терезелері оңтүстікке немесе оңтүстік шығысқа қарай орналаса-ды. Күн сәулесін өсімдіктер молынан пайдалануы үшін арнайы сөрелер немесе ағаштан жасалады. Оларды сым темірдің немесе арнайы бауларды пайдаланып, іліп қоюға да болады.
Әрбір өсімдіктердің аты, биологаялық сипатта-масы жазылған этикеткалары немесе куәліктері орна-ластырылады.
Тірі табиғат мүйісінің жануарлары
Тірі табиғат мүйісінде аквариумдарда сақталатын жануарларды өсіру ыңғайлы: балықтар, үлулар, гидра, дафния, циклоптар т.б. -
Аквариумды ылғалды жердің өсімдіктерінің ор-тасына әдемі етіп орналастырады. Аквариумнан су жануарлары мен өсімдіктердің бірлестігі, қарым—қаты-насы, көрсетіледі. (элодея, валлиснерия, рдест, жебе жапырақ т.б.)
Жануартану пәнінен көрнекілік және практика-лык вдістермен өткізілетін сабақтарында демонстра-циялайтын жануарларды өсіру өте тиімді.
Қарапайымдылардан—кірпікшелі, кебісшенің, эв-гленаның өсірілген ортасы сабақтан тыс, кластан тыс жүмыстарды өткізу үшін барлық уақытта болуы керек. О л үшін аздап шалғын шебі немесе салаттың кептірілген жапырақтары үнемі мүйісте сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |