ОБСӨЖ № 4. ОБСӨЖ тақырыбы: Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының міндеттері .
ОБСӨЖ жоспары:
1. Оқушыларды биологиялық ғылымдардың негіздерімен қаруландыру.
2. Юннаттар қозғалысының пайда болуы.
3. 50-ші жылдардағы биологияны оқыту әдістемесінің дамуы.
ОБСӨЖ мақсаты:Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының міндеттерін, оқушыларды биологиялық ғылымдардың негіздерімен қаруландыруды, юннаттар қозғалысының пайда болуын және биологияны оқыту әдістемесінің дамуын үйрену.
ОБСӨЖ мәтіні:Биология пәнін оқытудағы ең бір тиімді дидактикалық ұстанымдардың
бірі- пәнаралық байланыс. Бұл ғылыми- жаратылыстану пәндері мен қоғамдық- гумнитарлық циклдердің және жастарды еңбекке баулуда білім берудің арасындағы байланыстардың қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланыстың мақсаты:
ҚР- ның жалпы білім беру қағидасына байланысты, оқушылардың жиған- түйген білімдерін пән мұғалімі ескере отырып, сол қажетті элементтерді тиімді пайдалану арқылы табиғат және тіршілік жайлы ұғымдарды яғни биологиялық түсініктерді ғылыми көзқарасқа негіздеп, кең мағынада оқушының санасында қалыптастыру болып табылады.
Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстарды тиімді қолданулардың алғы шарттары:
а). Бұрын оқылған биологияның басқа курстарынан таныс түсініктерге сүйеніп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау;
ә). Биологиядан басқа пәндерден алынған таныс түсініктермен байланысын ашу;
б). Болашақта оқылатын биология және басқада пәндерде кездесетін түсініктермен байланыс жоспарын алдын ала жасау;
Осы жоғарыда айтылғандарға сүене отыра, көздейтін мәселе «Биологияны оқытудағы пән аралық байларыстардың» мән- мағанасын ашу болып табылады. Сондықтан: қазіргі заман мектебіне қойылатын талапқа сай,
Биологиялық түсініктерді қалыптастыруда пән аралық байланыстардың тиімді жолдарын жан- жақты талқылап оны іс жүзінде насихаттау.
Тест сұрақтары: