Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. «Сырдария»


ОБСӨЖ тақырыбы: ,,Оқу пәні ,, ұғымы



бет10/99
Дата07.04.2022
өлшемі0,85 Mb.
#138313
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99
Байланысты:
Nurmaganbetov.BioOkAd
10ҚБ-1, Оранжевый Яркий Современный Здравоохранение Еженедельные Новости Команды Презентация, мпко3 2, d6c9dd6db4cae12569d4f52289ea8a21, Мадияр.docx, Нивилерлеу
ОБСӨЖ № 5.

ОБСӨЖ тақырыбы: ,,Оқу пәні ,, ұғымы.




ОБСӨЖ жоспары:


1. Биологиялық циклдегі оқу пәндерінің жүйесі .


2. Мектеп биологиякурсының пәнаралық және пәнішілік байланыстары


ОБСӨЖ мақсаты:

,,Оқу пәні ,, ұғымын, биологиялық циклдегі оқу пәндерінің жүйесімен мектеп биология курсының пәнаралық және пәнішілік байланыстарын анықтау.


ОБСӨЖ мәтіні: Пәнаралық байланысты қолданудың әдістемелік көкейтесті мәселесі: оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, олардың өз беттерімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналады.
Пәнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуге пайдалану биолгия пәнінің мұғалімінің теориялық білімінің теңдігін және жан- жақтылығын, эрудициясын, іздемпаздығын талап етеді. Оқушылардың басқа пәндерден алған білім деңгейі қаншалықты екенін биология пән мұғалім жағында болу тиіс.
Себебі, биологиялық түсініктерді кең мағанада түсіну үшін оларды басқа пәндерден алған білімдерін ескере отырып, сабақта тақырыпқа сай сол элементтерді қолдану қажет.
Өсімдіктану курсын өткенде тақырыпқа сай «география » пәндерінен алған білімдеріне ой жүгірту керек. Өйткені олар география сабағында тропикалық, субтропикалық, шөлді және тағы басқа белдеулердегі топырақтық түрлерін, теңіз балдырын, сондай- ақ көптеген өсімдіктердің таралу аймақтарын жан-жақты, кең мағынада өткен болатын.
Ал орыс тілі пәнінен бесінші сыныпта түр және туыс жайлы түсініктер беріледі. Бесінші сыныпта биология пәнә мұғалімі тәжірибе жүргізер кезде алгебра пәнінен алған білімдерін яғни пайыз және бөлшек өлшемдерін қолдана отырып, оларға толық талап қоя алады.
Жетінші сынып оқушылары ағашты кесу, гүлді ұзыннан ұзақ жүйек түрінде отырғызу және клумб жасау үшін түзу бұрыштары, параллель түзулер, шеңбер жүргізуде геометрия пәнінен алған білімдерін іске асыра алады.
Пәнаралық байланыс көлденең (горизонтальді) сол сыныпта өтілетін пәндермен бір тұтас, сондай-ақ тігінен (вертикальді) жоспарда төменгі сыныптарда өтілетін пәндермен тығыз байланысты жүргізіледі.
Табиғаттану курсы бойынша алынған білім өсімдіктану курсының тек қана мазмұны жағынан немесе (ауаның құрамы, топырақ, миниралды тыңайтқыштар, торф, тас көмір), сондай- ақ оқушылардың іскерлігінде (оқулық пен үйде жұмыс істеу, сұраққа жауап беру, затттардың құрамын салыстыру, кесте толтыру, бақылау жүргізіп, коллекциялар жинау, отынды, пробирканың, термометрді қолданып тәжірибе жасау) арттырады. Мұндай жағдайда биология пәні мұғалімі пәншілік байланыс ретінде, өлі табиғатты вертикальдық жүйеде өсімдіктану мен байланыстыруына болады. Пәншілік байланыс биологиялық түсініктердің дамуын қарастырады.
Жануартану курсы бойынша жануарлардың тіршілік ету жағдайын қарастырғанда мұғалім бұнда білімдеріне арқа сүйеді. Осыған орай олар жануарлардың оттегі, көмірқышқыл газы, судың (О2, СО2, Н2 О) тыныс алу, қоректену, зат алмасу кезіндегі күйін қарастырады.
Жануартану курсында қосымша география пәнінен оқушылар жануарлардың әр түрлі континент және зоналарда таралуы туралы көптеген мәліметтер алады. Сегізінші сынып физика пәнінен Архимед заңы балықтардың жүзуі туралы түсінік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет