ОБСӨЖ № 44. ОБСӨЖ тақырыбы: Білім берудегі мұғалімнің ролі
ОБСӨЖ жоспары: 1.Биология сабағындағы мұғалімнің ролі
2.Оқытушының білім беру деңгейі
ОБСӨЖ мақсаты:Білім берудегі мұғалімнің ролін, биология сабағындағы мұғалімнің ролін, оқытушының білім беру деңгейін анықтау.
ОБСӨЖ мәтіні: Әдістер және әдістемелік тәсілдер.
Әдістер және әдістемелік тәсілдер әр – бір әдістемелік сабақ беру іс - әрекеттінде әдістемелік тәсілдермен қатар жүреді. Әдістемелік тәсілдер дегеніміз - оқыту барысында мұғалімнің және оқушылардың әрекеттерін айқындайтын әдістердің элементтері болып табылады.
Әдістемелік тәсі лдер алуан түрлі. Олар логикалық, ұйымдастырушылық және технмкалық сипатта болады. Сабақ барысында әр – түрлі әдістерге жататын тәсілдер айқындалады. Әр – түрлі әдістердің құрамына жататын әдістемелік - тәсілдер жиі қолданылады.
Әдістердің барлық түрінде логикалық тәсілдер қолданылады: объектілердің ұқсастықтарын салыстыру, ерекшіліктерін анықтау, қортынды жасау және жинақтау. Бұл іс - әрекеттер оқушылардың ойлау қабілетін, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Ал, ұйымдастыру тәсілдері оқушылардың зейінін тыңдауға, білімді қабылдауға және жұмыс жасауға, орындауға бағыттайды.
Ал, техникалық тәсілдерге әр - түрлі жабдықтармен материялдарды, қолда бар құралдарды пайдалана білу жатады.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім, оқытудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып, оқытудың белгілі әдіс – тәсілдеріне сәйкестендіріп, оқушылардың білім және тәрбие деңгейлерін көтереді. Қазіргі таңда қолданылып жүрген оқыту әдістерінде жаңа технологиялық әдістері қолданылуда.
Практикалық әдіс – тәсілдердің қолдану үрдістерін түсіну үшін, мұғалімнің пратикалық сабаққа дайындығын қарастырайық.
Әдісі практикалық – түрі – анықтау, (мысалы: өсімдік жапырағын пішінін анықтау). Әр – түрлі тәсілдерді қолдану арқылы практикалық сабақ өтудің құрлымы.