Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


ПӘНДІ ИГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет135/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

ПӘНДІ ИГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
(БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР)

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және құқықтық жүйелері елеулі түрде өзгерді. Осындай жағдайларда әкімшілік құқық – құқық жүйенің негіздеуші саласы ретінде жаңа түрін алады. Егеменді Қазақстанның жаңа мақсаттарына сәйкес экономикалық, саяси құқықтық әлеументтік-мәдени салаларының әкімшілік құқықтық институттарын қайтадан қарастыру мүмкіндігі туындап отыр; құқықтық мемлекет идеялары, билікті бөлу, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының проблемаларын ескеру қажет.


Оқу-әдістемелік кешенде студенттің курс бойынша материалдарды игеруі үшін қажетті материалдар толық қамтылған. Өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін әдебиеттер тізімі де ұсынылған. Курс бойынша жақсы балл алу күнделікті сабаққа қатысымынсыз мүмкін емес. Сондықтан студенттер сабақ кезінде сабаққа белсенді қатысуға қызығушылық білдіруі керек. Себебі, қорытынды бағаны көтеру үшін белгілі бір пайыз көлемін иеленеді. Барлық тапсырмалар берілген уақытында орындалуы керек және материалдарды талқылау үшін дайындықпен келуі керек. Сонымен бірге студент сабақ барысында қажетті ақпараттарды ала алады. Аралық бақылауды және қорытынды емтиханды кешігіп тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Студенттің білімі тәжірибелік және БОӨЖ, БӨЖ сабақтарында бағаланады.
Тәжірибелік сабақта студенттер дәріс сабақғында алған білімдерін қаншалықты терең түсінгендігін дәлелдейді және қосымша материалдар бойынша сабақ айтады. Уақыт шектеулігіне, студенттер санының көптігіне байланысты сабақта тақырып бойынша тест тапсырмаларына жауап беруге болады.
Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (БОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтарда келесідей нысанда өткізіледі: тақырып бойынша талқылауға арналған сұрақтар, мәнжазба және баяндамаларды талқылау, студенттің тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет