КЕЙСТІ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ
Оқытудың бастапқы кезеңі кейс материалын қысқаша шолуда қорытындыланады. Студент арға бір сөзді бөліп алып, «Не өтіп жатыр» деген жалпы сұрақ қойылуы керек. Одан кейін, оқылған материал туралы әсер, белгілі бір тұжырымдамаға қатынасы, көзқарастың өзгеру мүмкіндігі айқындалуы тиіс. Соңында оқытушы мен Студент қорытынды жасайды.
Оқытудың жылжытылған кезеңі даму жағдайы және уақытша контексті есепке алып, сапалы өзгерістерді зерделей отырып, қызметтің зерделеу тәжірибесін, терең талдаудың өткізілуін қосады. Студенттер шеттегі бақылаушылардың пікірін бағалай білуі, статистикалық әдісті талдау кезінде пайдалана білуі, логика түзілімін құра білуі, сандарға сын көзімен қарай білуі, өзінің өмір тәжірибесін пайдалана білуі керек, сондай-ақ, түйінді тұжырымдау мен талдау кезінде өзіне «Ал, егер, былай болса ше...?» деген сұрақ қойғаны жөн.
Кейсті талдау кезінде оқытушылармен пайдаланылатын мынандай жолдар бар: берілетін сұрақтар, өткен сабақтың тәжірибесі, шынайы сұрақ, оқиғалар тізбегіэ сыртқы және ішкі аудит, кеңесшінің ақылы, «көңілі толмаған жеке адамның» пікірі.
КЕЙСТІ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Кейс нақты жағдайды білдіреді, мысалы, автор тарапынан оны бағалауы және дұрыс біртекті шешімі болмайтын шынайы фактілер мен оқиғаны суреттеуді айтады. Оның баяндау стилі - ресми және академиялық. Сөзбен жеткізу мүмкіндігі болады. Кейс құрылымы - уақытша, сюжеттік, түсініктемелік.
Кейс түрлері:
дәстүрлі «гарвардттық»;
түрлендірілген;
стратегиялық;
тактикалық.
Дәстүрлі «гарвардтық» кейсі компаниямен тығыз байланыс нәтижесінде алынған, расталған ақпараттар жиынтығын көрсетеді. Онда мәселелері шынайы анықталмаса да, компанияның нақты проблемаларын тура көрсетіп береді. Ақпарат әр дәрежедегі менеджерлер тарапынан айтылады.
Кейске қаржылық ақпараттар қосылады, онда қосымша пайдалы ақпараттар болмайды, тура бағытталған сұрақтар да жоқ, дегенмен, оның көлемі едәуір үлкен.
Түрлендірілген кейсте компаниямен тығыз байланыс нәтижесінде алынған расталған ақпарат көрсетіледі; компанияның шынайы проблемасы нақты айтылады, сондай-ақ, оның мәселесі тура анықталады. Ақпарат әр дәрежедегі менеджерлер тарапынан білдіріледі.
Кейсте шамалы көлемде де үлкен деңгейдегі ақпараттарға, қосымша пайдалы ақпараттарға және оларда соларға бағытталған сұрақтар келтірілген.
Тактикалық кейстің негізгі мазмұны жеке қызмет аясының белгілі бір проблемаларына қатысты. Оның жалпы көлемі – 5-6 сөйлемнен 2 бетке дейін. Олардың құрамына мынандай қосымша ескертулер енеді: сұраққа жауап беру үшін қосалқы пәндерден білім мен қосымша ақпараттар қажет. Кейсте компания туралы қысқаша сипаттама, яғни, қызметтің (жарнама, технология, қызметкерлерді әзірлеу), бір элементтерінің толық жазбасы, сон-дай-ақ, мәселелерді талқыға салу үшін айқындау керек.
Осы жұмыстың басты мақсаты - Студентті компанияның қызметіне білікті талдау жасауға үйрету.
Стратегиялық кейстің мақсаты - логиканы дамыту, негізделген шешім қабылдауға үйрету, белгісіз жағдайда талдау негізінде стратегияны әзірлеуге машықтандыру. Кейстің негізгі мазмұны әр түрлі қызмет аясына қатысты. Оиың жалпы көлемі – 2-ден 200 бетке дейін болады.
Кейс құрылымы:
1. Басталуы – іске қатысушының аты-жөні, компанияның жалпы сипаттамасы, уақытша параметрі, қызметкерлердің атынан, проблемаларды әр түрлі көзқарас түрғысынан көрсету.
2. Негізгі бөлімі – тарихы, сыртқы ортасы, ішкі ортаның кеңейтілген жазбасы.
3. Қабылданатын шешімнің немесе проблемалардың тез шешілу сатысын белгілейтін қорытынды – сценарий.
4. Қосымша – тарихтың негізгі уақыты, құрылымды ұйымдастыру жобасы, қаржылық есеп берудің деректері, статистика, фотосуреттер.
Оқытушы осындай кейсті жазғанда, өтіп жатқан өзгерістерді ескеріп, әр түрлі сыртқы дерек көздерінен алынған ақпараттарды пайдалануы мүмкін. Пайдаланылған ақпараттар проблемалардың ерекшеліктеріне қатысты болып, қорытындыланған теориялық материалы болуы шарт.
Студентарге қосымша ақпараттарды өз бетімен іздеу, оған сыни талдау жүргізу ұсынылады. Ақпараттар көзі мерзімді басылымдардағы мақалалар, мамандандырылған және бизнес-конференциядан, Студенттердің жеке байланыстарының және бітірушілерден алынған деректер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |