Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет142/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Тест сұрақтары
1) Әкімшілік-құқықтық норма – бұл…
А) Әкімшілік құқық шығармашылық актісі;
В) Ұйымдастырушы қатынас;
С) Қоғамдық қатынастардың бейнелену тәсілі;
Д) Заңдылықтың негізін салушы идея;
Е)Атқарушы билік аясындағы қатынастарды реттейтін және мемлекеттік билік органдарымен қойылатын құқыққа сай, рұқсат етілген мінез-құлық ережелері;

2) Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері:


А) Міндеттейтін және құзырет беретін;
В) Реттеуші және қорғаушы;
С) Жалпыға міндетті және ішкі жүйелік;
Д) Материалдық және процессуалдық;
Е) Аталғандардың барлығы;

3) Әкімшілік құқық бұзушылық белгісіне жатпайды:


А) Кінәлілік;
В) Әрекетсіздік;
С) Құқыққа қарсылық;
Д) Әкімшілік жазаланушылық;
Е) Жалпылық;

4) Құқықтық реттеу әдістеріне жатады:


А) Тыйым салу және рұқсат беру әдісі;
В) Координация және субординация әдісі;
С) Позитивті міндеттеу және рұқсат беру әдісі;
Д) Құқықтық модельдеу және салыстырмалы-құқықтық әдіс;
Е) Тыйым салу, рұқсат беру және бұйыру әдісі;

5) Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілеріне жатпайды:


А) Объект;
В) Субъект;
С) Субъективтік құқық;
Д) Субъективтік жақ;
Е) Объективтік жақ;

6) Әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын сипаттайтын не?


А) Субъект;
В) Объект;
С) Субъективтік жақ;
Д) Объективтік жақ;
Е) Субъективтік құқық;

7) Субъективтік жақтың белгілеріне жатпайды:


А) Есі дұрыстық;
В) Мотив;
С) Мақсат;
Д) Менмендік;
Е) Қасақаналық;

8) Әкімшілік өндірудің мақсаттарына жатпайды:


А) Құқық бұзушыны көтермелеу;
В) Жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу;
С) Әкімшілік заңдардың нормаларымен қаралған әрекет үшін сәйкес жауапкершілік шарасы;
Д) Құқық бұзушыны тәрбиелеу;
Е) Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу;

9) Құқық бұзушылықтың құралы немесе оның тікелей объектісі болып табылатын затты еріксіз, ақысыз алу әкімшілік өндірудің қай түріне жатады:


А) Айыппұл;
В) Тәркілеу;
С) Мүлікті реквизициялау;
Д) Ескерту;
Е) Әкімшілік қамау;
10) Басқарудың құқықтық емес нысандарна жатқызылады:
А) Құқықтық нысандар;
В) Нормативтік-құқықтық актілерді дайындау;
С) Ұйымдастырушылық әрекеттер;
Д) Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;
Е) Келісімшарт жасасу;

11) Қандай әрекеттер материалдық-техникалық әрекеттерге жатпайды:


А) Органдардың және лауазымды адамдардың жұмыстарын ақпараттық Қамтамасыз етуді жүргізу;
В) Іс жүргізуді жүзеге асыру;
С )Есептік-тіркеу жұмыстары;
Д) Заңдардың және т.б. актілердің мазмұнын түсіндіру;
Е) Қабылданған шешімдер негізінде қажетті құжаттар беру;

12) Ішкі істер органдарына жұмысқа алғанда ескерілетін фактор:


А) Денсаулық жағдайы;
В) Ұлты;
С) Мүліктік жағдай;
Д) Әлеуметтік жағдайы;
Е) Қызметтік жағдайы;

13) Әкімшілік құқық нормалары субъектілердің мінез-құлқына әсер ету әдісі бойынша бөлінеді:


А) Міндеттеуші, тыйым салушы және рұқсат беруші;
В) Процессуалдық және материалдық;
С) Реттеуші және қорғаушы;
Д) Жалпы және арнайы;
Е) Заң шығарушылық және заң асты;

14) Әкімшілік құқық нормалары мақсаттық арналымы бойынша бөлінеді:


А) Реттеуші және қорғаушы;
В) Жалпы және арнайы;
С) Импреративті және диспозитивті;
Д) Міндеттейтін және тыйым салатын;
Е) Процессуалдық және метериалдық;

15) Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша бөлінеді:


А) Реттеуші және қорғаушы;
В) Құқық беретін және тыйым салатын;
С) Жалпы және арнайы;
Д) Процессуалдық және материалдық;
Е) Заң шығарушылық және заңасты;

16) Әкімшілік құқық нормалары заңды күші бойынша бөлінеді:


А) Материалдық және процессуалдық;
В) Реттеуші және қорғаушы;
С) Міндеттейтін және тыйым салатын;
Д) Заң шығарушылық және заңасты;
Е) Имперавтивті және диспозитивті;

17) Әкімшілік құқық нормалары кеңістікте әрекет ету шегі бойынша бөлінеді:


А) Реттеуші және қорғаушы;
В) Жалпыға міндетті және ішкіжүйелік;
С) Материалдық және процессуалдық;
Д) Рұқсат ететін және тыйым салатын;
Е) Жалпы және арнайы;

18) Ішкі істер органдарына жұмысқа алғанда қойылатын шектеу:


А) Дінге қатыстылығы;
В) әлеуметтік жағдайы;
С) Ұлты;
Д) Лауазымдық жағдайы;
Е) Соттылығының болуы;

19) Ішкі істер органдары қызметкерлерінің антын кім бекітеді?


А) Үкімет;
В) Парламент;
С) Ішкі істер министрлігі;
Д) Қауіпсіздік Кеңесі;
Е) Президент;

20) Әкімшілік құқықтың пәні болып табылады:


А) Әкімшілік құқық олардың көмегімен қатынастарға ықпал ететін әдістер, тәсілдер жиынтығы;
В) Мемлекеттік меншікті басқару;
С) Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру;
Д) Әкімшілік процесс;
Е) Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану шарттары;

21) ҚР-да кеңінен қолданылатын және танылған құқық бастауының түрі:


А) Нормативтік акт;
В) Нұсқау;
С) Жарғы;
Д) Әдістемелік нұсқаулар;
Е) Сот прецеденті;

22) Басқарудың құқықтық нысандарына жатады:


А) Материалдық-техникалық әрекеттер;
В) Ұйымдастырушылық әрекеттер;
С) Келісімшарттарға отыру;
Д) Құқықтық әрекеттер;
Е) Ақпараттық әрекеттер;

23) Кім және қай жастан әкімшілік жауапкершілікке тартылады?


А) Есі дұрыс емес тұлға 30 жастан;
В) Кез келген есі дұрыс тұлға 20 жастан;
С) Есі дұрыс тұлға 14 жастан;
Д) Кез келген есі дұрыс тұлға 18 жастан;
Е) Кез келген есі дұрыс тұлға 16 жастан;

24) Төтенше жағдай енгізудің негізі:


А) Конституциялық Кеңес қаулысы;
В) Үкімет қаулысы;
С) Президент жарлығы;
Д) Парламент Мәжілісінің қаулысы;
Е) Парламент Сенатының қаулысы;

25) Төтенше жағдай ҚР-ның барлық аумағында неше күнге енгізіледі?


А) 5 күнге;
В) 2 күнге;
С) 6 күнге;
Д) 3 күнге;
Е) 10 күнге;

26) Төтенше жағдай енгізу туралы Президенттің жарлығы бекітіледі:


А) Парламентпен;
В) Төтенше жағдайлар бойынша агенттікпен;
С) Конституциялық Кеңеспен;
Д) Референдуммен;
Е) ҚР Үкіметімен;

27) ҚР-да әскери жағдайды енгізу негізі:


А) Президент жарлығы;
В) Премьер-Министрдің өкімі;
С) Қорғаныс министрінің бұйрығы;
Д) Мәжіліс қаулысы;
Е) Үкімет қаулысы;

28) Әскери жағдай енгізу туралы ҚР Президентінің жарлығының күшін кім жояды?


А) ҚР Үкіметі;
В) Референдум;
С) Парламент;
Д) Президент;
Е) Конституциялық Кеңес;

29) Заңдылықты қамтамасыз етуді бақылаудың неше түрі бар?


А) 5
В) 3
С) 2
Д) 1
Е) 10

30) Қадағалаудың неше түрі бар?


А) 3
В) 2
С) 4
Д) 5
Е) 10

«Әкімшілік құқық» пәнінен тест тапсырмалары. 2-вариант.


1) Әкімшілік қадағалауды кім жүзеге асырады?


А) Арнайы құрылатын органдар;
В) Кәсіподақ;
С) Мәслихат;
Д) Сот;
Е) Прокуратура;

2) Ішкі істерді басқаратын орталық атқарушы орган:


А) Тәртіптік Кеңес;
В) Ішкі істер министрлігі;
С) Қауіпсіздік Кеңесі;
Д) ҚР Үкіметі;
Е) Конституциялық Кеңес;

3) Әділет саласында басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган:


А) Әділет департаменті;
В) Үкімет;
С) Әділет министрлігі;
Д) Адвокатура;
Е) Ұлттық заң агенттігі;

4) Әділет министрі қызметке кіммен тағайындалады?


А) Парламентпен;
В) Министрлік алқасымен;
С) Үкіметпен;
Д) Президентпен;
Е) Халықпен;

5) Орта білім беретін оқу орындарына лицензияны кім береді?


А) Жергілікті заң шығарушы органдар;
В) Білім беру департаменті;
С) Үкімет;
Д) Білім министрлігі;
Е) Жергілікті атқарушы органдар;

6) Орта-арнайы және жоғары оқу орындарына лицензия береді:


А) Білім және ғылым министрлігі;
В) Парламент;
С) Үкімет;
Д) Жергілікті заң шығарушы органдар;
Е) Жергілікті атқарушы орандар;

7) Салық комитеті қай министрлік жүйесіне кіреді?


А) Қаржы;
В) Мемлекеттік кіріс;
С) Экономика;
Д) Индустрия және сауда;
Е) ІІМ;

8) ҚР аумағының бір бөлігінде төтенше жағдай неше күнге енгізіледі?


А) 6
В) 5
С) 3
Д) 2
Е) 10

9) ҚР-да атқарушы билікті жүзеге асырады:


А) Парламент;
В) Президент;
С) Үкімет;
Д) Премьер-Министр;
Е) Парламент Сенаты;

10) Мына қатынастардың қайсысы көлденең әкімшілік-құқықтық қатынастарға жатады:


А) Президент пен әкім арасындағы қатынас;
В) Министрлік пен агенттік арасындағы қатынас;
С) Әділет министрлігі мен Әділет басқармасы арасындағы қатынас;
Д) Агенттік пен оның қарамағындағы кәсіпорын арасындағы қатынас;
Е) Жол полициясы инспекторы мен жүргізуші арасындағы қатынас;

11) Президент сайланады:


А) Парламентпен 4 жылға;
В) Республика азаматтарымен 7 жылға;
С) Сайлаушылар ұжымымен 6 жылға;
Д) Республика азаматтарымен 3 жылға;
Е) Парламенттің бекітуімен республика азаматтарымен 7 жылға;

12) Президент шығаратын актілер:


А) Заңдар, қаулылар, жарлықтар;
В) Жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар;
С) Жарлықтар, шешімдер;
Д) Жарлықтар, өкімдер;
Е) Заңдар, шешімдер;

13) Үкімет құрамы құрылады:


А) Сенат төрағасымен;
В) Парламенттің бекітуімен Президентпен;
С) Президентпен;
Д) Премьер-министр ұсынысымен Президентпен;
Е) Парламентпен;

14) Үкіметтің өкілеттік мерзімі:


А) 4 жыл;
В) 5 жыл;
С) Парламент өкілеттігі мерзімінің шегінде;
Д) Мерзімі анықталмаған;
Е) Президент өкілеттігі мерзімінің шегінде;

15) Әкімшілік құқықтың басты қайнар көзі болып табылады:


А) Барлық мемлекеттік органдардың актілері;
В) Қоғамдық бірлестіктердің актілері;
С) Соттық актілер;
Д) Өкілді және атқарушы орандар актілері;
Е) Діни бірлестіктер актілері;

16) Үкімет мүшесін мерзімінен бұрын лауазымынан босатуы мүмкін:


А) Президент;
В) Парламент;
С) Парламент келісімімен Президент;
Д) Президент ұсынысымен Парламент;
Е) Премьер-министр;

17) Үкімет шығаратын акт:


А) Заң;
В) Қаулы;
С) Жарлық;
Д) Шешім;
Е) Аталғандардың барлығы;

18) Министрліктер және агенттіктер құрылады:


А) Парламент келісімімен Президентпен;
В) Үкіметпен;
С) Президентпен;
Д) Президент ұсынысымен Праламентпен;
Е) Министрлер Кабинетімен;
19) Министрліктер мен агенттіктердің өкілеттік мерзімі:
А) Президент өкілеттігі мерзімінің шегінде;
В) 4 жыл;
С) 5 жыл;
Д) Анықталмаған;
Е) Үкімет өкілеттігі мерзімінің шегінде;

20) Министрліктер мен агенттіктер таратылады:


А) Президентпен;
В) Үкіметпен;
С) Парламент келісімімен Үкіметпен;
Д) Парламентпен;
Е) Президент келісімімен Үкіметпен;

21) Әкімнің өкілеттік мерзімі:


А) Президент өкілеттігі мерзімінің шегінде;
В) 4 жыл;
С) 5 жыл;
Д) 6 жыл;
Е) анықталмаған;

22) Облыс әкімі лауазымынан босатылады:


А) Облыс мәслихатымен;
В) Сотпен;
С) Үкіметпен;
Д) Президентпен;
Е) Президент келісімімен облыс мәслихатымен;

23) Мыналардың қайсысы мемлекеттік қызметші болып табылады:


А) Кітапханашы;
В) Сот орындаушысы;
С) Кеңшардың бас зоотехнигі;
Д) Мемлекеттік университеттің аға лаборанты;
Е) Аталғандардың барлығы;

24) Заңды тұлғалар:


А) Әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
В) Әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды;
С) Әкімшілік жауапкершілікке тек кей жағдайларда тартылады;
Д) Тек сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
Е) Тек прокурор санкциясымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады;

25) ҚР Президенті мемлекеттік қызметшінің қай категориясына жатады:


А) Біріншіге;
В) Жоғарғыға;
С) Жетіншіге;
Д) Соңғысына;
Е) Ешқайсысына;

26) Үкімет мүшесі:


А) Мәжіліс депутаты болуға құқылы;
В) Кәсіпкер болуға құқылы;
С) ҚР-ның суретшілер Одағының мүшесі болуға құқылы;
Д) Газета редакциясы бөлімінің бастығы болуға құқылы;
Е) Жеке фирманың директоры болуға құқылы;

27) Мемлекеттік наградалармен марапаттайды:


А) Премьер-министр;
В) Мемлекеттік наградалар бойынша комиссия;
С) ҚР вице-министрі;
Д) ҚР Президенті;
Е) Сенат төрағасы;

28) Әкімшілік құқықтық қатынас құрамының элементтеріне жататындар:


А) Субъект, объект, заңды факт;
В) Субъект, объект, субъективтік жақ, объективтік жақ;
С) Субъект, объект, субъективтік жақ, объективтік жақ, заңды факт;
Д) Субъективтік құқық, объективтік құқық;
Е) Аталғандардың барлығы;

29) Мемлекеттік мәжбүрлеу түрлері:


А) Қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық;
В) Қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік;
С) Қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, конституциялық;
Д) Конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік;
Е) Қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік-құқықтық

30) Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары неше топқа бөлінеді:


А) 6
В) 5
С) 7
Д) 2
Е) 3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет