8. Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау Студенттің өздік жұмысы Сіздің курс бойынша рейтинг баллыңызға аса маңызды ықпал ететіндігін ұмытпаңыз, сол себепті әрбір СӨЖ тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, СӨЖ тапсырмасын орындауда мұқият әрі жауапты болыңыз. СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында плагиаттыққа жол бергендігіңіз үшін жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін екенін ұмытпаңыз, яғни бұл СӨЖ тапсырмаңыз мүлдем есептелінбейді немесе бағасы төмендетіледі.
Конспект нысанындағы СӨЖ тапсырмасы:
Конспект дегеніміз оқылған мәтіннің мазмұнын қысқаша жазып алу, түртіп алу не өзгеше айтқанда, жүйелі әрі логикалық байланысты жазу.
Әдістемелік нұсқау: Осы тақырып бойынша СӨЖ тапсырмасын орындау үшін Сіз дәріс сабағымен қамтылмаған тақырыпты жеке дербес зерттеу барысында алған білімдеріңізді толықтыру және нығайтып бекіту мақсатында ұсынылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген қайнар көздермен танысуыңыз қажет. Соның нәтижесінде ғана СӨЖ тапсырмасы ретінде қысқа да нұсқа түрде (яғни оқулықта не мақалада кездесетін басқа автордың ой қорытындысын, ұғымды түсіндіру барысында келтірілген мысалдарыд сөзбе сөз көшірудің қажеті жоқ) тақырыптан өзіңіз ұққан ережелерді қысқаша жазып алыңыз, бірақ ең бастысы тақырыптың мазмұны ашылуы тиіс.
СӨЖ тапсырмасын орындау:
Ұсынылған әдебиеттермен танысыңыз.
А4 форматты ақ қағазға СӨЖ тапсырмасының нөмірін, тақырыбын жазыңыз.
Мәтінді жазу барысында маңызды ұғымдардың анықтамаларын берген кезде, оның астын сызып не оны өзге түстіқаламмен жазып не өзгеше әдіспен ерекшелендіріп қойыңыз.
Конспект жазу барысында жиі кездесетін сөздерді қысқартуға болады, бірақ бұл орайда өзіңіз де өзге адам да бұл қысқартуды түсіне алуы қажет. Мысалы, “құқық” термині жиі кездесіп отырады, оны өзіңіз үшін конспеутіде “құқ” деп белгіледіңіз. Бірақ “құқықтық” немесе “құқықтың” деген сөздерді Сіз тек “құқ” деп қысқарта алмайсыз, тиісінше “құқ-қ” және “құқ-ң” деп қысқартасыз.
Конспектінің соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі тиіс. Қолданылған әдебиеттер тізімінде “көп болсын” деген қағиданы ұстанып, SYLLABUS-та көрсетілген барлық әдебиеттерді тіркеп жазудың қажеті жоқ. Тек осы конспектіні жазу барысында қолданылған әдебиетті ғана жазыңыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімін толтыруға келесідей талаптар қойылады: Ең алдымен нормативтік құқықтық актілерді қолданған болсаңыз, заңдық күшінің дәрежесіне қарай нормативтік құқықтық актілерді тізіп жазыңыз. Мысалы, “30.08.1995ж. ҚР Конституциясы, 16.07.1997ж. ҚР Қылмыстық Кодексі, 02.07.1998ж. ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңы”,…деп толтырылуы қажет. Нормативтік құқықтық актілерден кейін оқулықтар, түсініктер және монографиялар жазылуға тиіс. Оқулықтардың барлық шығыс деректері және оқулықтың Сіз нақты осы тақырып бойынша оқып қолданған беттері көрсетіледі. Мысалы, Г.Ф. Горский, Л.Д. Кокарев, П.С. Элькинд «Проблемы доказывания в советском уголовном процессе» Воронеж, 1978 ж. А.П. Рыжаков Уголовный процесс. 1999 ж.Уголовно-процессуальное право РК. Общая часть. Под.ред. Б.Х. Толеубековой. Алматы, 2004 ж. “Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2001. 18-33б”. Ал кейбір реттерде авторлардың тобы орындайды. Бұл реттерде “Уголовное право Казахстана (Общая часть). Учебник для ВУЗов/ под. ред. И.И. Рогова, С.М. Рахметова-Алматы: ТОО Баспа, 1998. С11-13” немесе “ҚР Қылмыстық Кодексіне түсінік/ жау. ред. С.М. Рахметов, Т.Ә. Бапанов.-Алматы, ЖШС Баспа, 2001. 20-22б.” деп жазылады.
Бұдан кейні кезек газет-журналдардағы мақалаларға және конференция материалдарында (жинақтарында) басылып шыққан баяндамаларға тиесілі болып келеді. Оларды толтырғанда да шығыс деректері толығымен жазылып көрсетіледі., бірақ кітаптармен салыстырғанда сәл өзгешелік болады. Мысалы, “Байбатыров С. Кодекс – орудие кары или средство воспитания? // Казахстанская правда. 2004. 25 июня. с.2” немесе “Алауханов Е. Психикалық зорлықтың қылмыстық-құқықтық маңызы. // материалы международной научно-практической конференции Конституционный процесс в Республике Казахстан: состояние, проблемы и преспективы. Алматы, Университет им. Д.А. Кунаева, 2004. с. 268-277.”
“Сызба-схема” нысанындағы СӨЖ тапсырмасы: Сызба (схема) дегеніміз – белгілі бір тақырып бойынша студенттің теориялық білімін бекіту мақсатында берілетін, студенттің белгілі бір тақырыптың мазмұнын сызбаға қыссқаша түсіре отырып сызуы.
Сызбаның мақсаты - студенттің белгілі бір тақырыпты толық және жан-жақты меңгеру деңгейін анықтау, оның дәріс және семинар сабақтары барысында қорытып жинақтаған білімдерін нығайту, бекіту, студенттің курс бойынша емтиханға дайындығын тексеру, студенттің логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Әдістемелік нұсқау: сызба сызу барысында тақырыптың мазмұнын толықтай ашатын сұрақтардың барлығы да қамтылуы тиіс. Сызба А4 форматты ақ қағазда орындалуы тиіс: бірінші беті рефераттың бірінші бетіне сәйкес орындалады (бірақ әрине “реферат” деген жазудың орнына “сызба” деген жазу тұруы тиіс), келесі бетте сызбаның өзі сызылады, ол тым кішкентай не тым үлкен сызылмайы тиіс. А4 форматта болмаса да, А3 форматта орындалуы мүмкін, бірақ бұл орайда А4 форматына сәйкестендіріліп бүктелуі тиіс, тақырыптың ауқымына байланысты сызба бірнеше бетте орындалуы мүмкін. Сызба қолжазбалық нысанда не компьютерлік терілімде орындалуы мүмкін (ресімделуге қойылатын талаптары рефератқа қойылатын талаптарға сәйкес келеді).
Сызба нысанындағы СӨЖ тапсырмасын орындау үшін Сіз келесідей іс-әрекеттер жасауыңыз қажет:
Сызба салуға ертерек қамданып дайындалыңыз, яғни сызба ертең тапсырылуға тиіс деген күні ғана бір күн (түн) ішінде апыл-ғұпыл жазбаңыз. Себебі тым асығыс әрі тез қарқынмен оқып жазған жағдайда аса ауқымды мәліметті ұғына алмайсыз, сол сияқты мұндай сызбаның сапалы болуы екі талай;
Осы тақырып жөніндегі дәріс мәтінін мұқият оқып шығыңыз;
Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз;
Ұсынылған әдебиеттердің ішінде бірнеше қайнар көздерді (оқулық, мақала, оқу құралы, т.б.) мұқият оқып шығыңыз;
Семинар дәптеріңізде жазылған осы тақырыпты қамтитын СӨЖ тапсырмасы ретінде орындалған конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз;
Дайындық бетіңізге осы тақырып бойынша қарастырылуға әрі сызба ретінде сызылып көрсетілуге жататын сұрақтарды нақтылап алыңыз, соныман қатар сол сұрақтардың мәні мен мазмұнын толықтай ашып, бірақ қысқа әрі нұсқа түрде жеткізе алу үшін әр түрлі бағытта (тігінен немесе көлденең, оңнан не солдан) қойып көру арқылы сызба сызып көріңіз;
Сызбаңыз әбден дайын болған кезде ғана таза А4 немесе А3 форматты ақ қағазға аса ұқыптылықпен әрі мұқият көшіріп жазыңыз. Сызбаның өзі де онда қарастырылатын мәслелер де тиянақты әрі таза жазылуы тиіс;
Ең бастысы сызбадағы мәселелердің орналасуы анық, тым жақын (яғни бір бірімен тығыз орналасқаны соншалықты қай-қайсысы екендігі түсініксіз) болмауы тиіс. Сызба құрастырылып сызылған кезде мәтіні мазмұны жағынан өзара байланысты әрі логикалық тұрғыдан реттілікті сақтай отырып орналасуы қажет. Бұл дегеніміз студент сызба сызған кезде қандай да бір оқулықтан оқып, көріп алған белгілі бір сызбаны сөбе-сөз көшіріп алуына тыйым салынады. Сонымен қатар студент белгілі бір тақырыпты ашқан кезде “қысқалық пен нұсқалық” қағидасын ұстанып, оның мазмұнын ашпайтын тек өте мардымсыз білім беретін сызба сызуына тыйым салынады. Осы талаптарды орындай отырып қана сызылған сызба сапалы әрі жақсы бағаға жарайтындай дәрежеде орындалған деп есептелуге жатады.