Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


«Баяндама» нысанындағы СӨЖ тапсырмасы



бет140/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

«Баяндама» нысанындағы СӨЖ тапсырмасы.
Баяндама дегеніміз - белгілі бір тақырып бойынша тапсырылатын студенттің ой-жүгірту, жаңа ақпарат, білім алу мақсатында, логикалық әдістер қолдану арқылы жүргізілетін ғылыми жұмыс.
Баяндаманың мақсаты – студенттің белгілі бір тақырыпты толық, жан-жақты меңгеру, қосымша ақпарат алу, олардың зердеде бекіту және логикалық әдістерді қолдана білу.
Баяндама дайындалу жөніндегі әдістемелік нұсқау.
Студенттер тақырып бойынша логикалық анализ жасау мен негізгі түсініктердің арасында байланысты анықтау керек.
Берілген әдебиеттерді пайдалана отырып, сонымен бірге қосымша әдебиеттер, заңи газет журналдардан тақырып бойынша ғалымдардың, тәжірибедегі қызметшілердің пікірлерін ескеріп, тақырыпты толығымен жаң-жақты ашып, анализ, бағалауыныз тиіс.
Баяндама әзірлеу кезінде жоспар жасау қажет емес, бірақта рефератқа қойылған қалған басқа талаптар сақталуы тиіс. Яғни баяндама А-4 форматтағы ақ қағазға компьютерлік теру арқылы мәтінді жазыңыз. Баяндама қағазының форматы келесідей болуға тиіс: үстіңгі және астыңғы жағы 2 см., сол жағы 3 см., ал оң жағы 1,5 см. Егер мәтін компьютерлік терілімде орындалған болса, шрифт – KZ. Times New Roman / Times New Roman, интервал 1,5 см., абзац 1,5 см;
Реферат нысанындағы СӨЖ тапсырмасы
Реферат дегеніміз – латын тіліндегі “referre” деген сөзден шыққан, сөзбе-сөз аударғанда баяндау, мәлімдеу дегенді білдіреді. Рефераттың келесідей түрлері бар: реферат-резюме (оны кейде реферат конспект деп те атайды), реферат-шолу. Реферат-резюме бір қайнар көз бойынша, оның негізгі мазмұнына сипаттама беру арқылы құрастырылады, ал реферат-шолу бір тақырыпқа арналған бірнеше қайнар көз бойынша олардың негізгі мазмұнына сипаттама беру арқылы құрастырылады. Ұсынылған SYLLABUS-қа сәйкес Сіз реферат-шолу түріндегі реферат орындауыңыз қажет.
Рефераттың мақсаты – студенттің белгілі-бір тақырыпқа (мәселеге) арналған бірнеше қайнар көздерге шолу жасау арқылы оның мазмұнына қысқаша сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау.
Белгілі бір тақырыпта реферат нысанындағы СӨЖ тапсырмасын орындау үшін Сіз дәріс және семинар сабақтары барысында алған білімдеріңізді толықтыру және нығайтып бекіту мақсатында ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінде көрсетілген қайнар көздермен танысуыңыз қажет; соның нәтижесінде ғана А4 форматты ақ қағазға тақырыптың мазмұнын толықтай ашатын мәліметтерді қамтитын, қысқа да нұсқа түрде (яғни, оқулықта не мақалада кездесетін басқа автордың ой қорытындысын толығымен, ұғымды түсіндіру барысында келтірілген мысалдарды сөзбе-сөз көшірудің қажеті жоқ) тақырыптан өзіңіз ұққан ережелерді қысқаша жазып алыңыз, бірақ ең бастысы-тақырыптың мазмұны ашылып қана қоймай, Сіздің осы тақырып жөніндегі өз ой-пікіріңізде білдірілуі тиіс.
Реферат нысанындағы СӨЖ тапсырмасын орындау үшін Сіз келесідей іс-әрекеттер жасауыңыз қажет:

  • Рефератты жазуға ертерек қамданып дайындалыңыз, яғни реферат ертең тапсырылуға тиіс деген күні ғана бір күн (түн) ішінде апыл-ғұпыл жазбаңыз. Себебі тым асығыс әрі тез қарқынмен оқып жазған жағдайда аса ауқымды мәліметті ұғына алмайсыз, сол сияқты мұндай рефераттың сапалы болуы екі талай;

  • Осы тақырып жөніндегі дәріс мәтінін мұқият оқып шығыңыз;

  • Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз;

  • Ұсынылған әдебиеттердің ішінде бірнеше қайнар көздерді (оқулық, мақала, оқу құралы, т.б.) мұқият оқып шығыңыз;

  • Семинар дәптеріңізде жазылған осы тақырыпты қамтитын СӨЖ тапсырмасы ретінде орындалған конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз;

  • Ең алдымен, рефераттың жоспарын құрастырыңыз, яғни рефератты жазып отырып, тақырыптың мазмұнын ашу барысында мәліметтер мен деректерді қандай ретпен жазатындығыңызды анықтап алыңыз;

  • А4 форматты ақ қағазға рефератқа қойылатын барлық талаптарды ескере отырып, мәтінді жазыңыз. Реферат қағазының форматы келесідей болуға тиіс: үстіңгі және астыңғы жағы 2 см., сол жағы 3 см., ал оң жағы 1,5 см. Егер мәтін компьютерлік терілімде орындалған болса, шрифт – KZ. Times New Roman / Times New Roman, интервал 1,5 см., абзац 1,5 см;

  • Рефераттың құрылымы: бірінші беті (титулка), жоспары, кіріспе, мәтін, қорытынды, қолданылған әдебиет тізімі, қосымша (қосымша тіркелсе ғана);

  • Реферат құрылымының әрбір элементіне қысқаша сипаттама төменде беріліп өтеді. Әрбір бөлім (кіріспе, І бөлім, І.І бөлімшесі,…..қорытынды, қолданылған әдебиет тізімі, қосымша) жаңа беттен басталуы тиіс;

  • Реферат жазу барысында мәтінді жоспарға сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерге бөлу және сол бойынша мәтінді жазуға қажет. Реферат мәтіні бір-бірімен тығыз әрі логикалық байланыста болатын бөлімдер мен бөлімшелерден тұруы қажет.

  • Мәтінді жазу барысында маңызды ұғымдардың анықтамаларын берген кезде, оның астын сызып не оны өзге түсті қаламмен жазып не өзгеше әдіспен ерекшелендіріп қойыңыз;

  • Реферат жазу барысында ресми бекітілген қысқартуларды қоспағанда, жиі кездессе де сөздерді қысқартуға болмайды, себебі: бұл орайда рефераттың мәтінінің мәні мен мазмұны өзіңізге де, өзге адамға да ұғынықсыз болып қалады.

  • Рефератты жазу барысында қандай да бір қайнар көзден цитата болсын, белгілі бір автордың ой пікірін алған болсаңыз, міндетті түрде сол қайнар көзге сілтеме жасаңыз. Сілтемеге қойылатын талаптар төменде толығымен беріледі.

  • Рефераттың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі көрсетілуі тиіс. Қолданылған әдебиеттер тізіміне “көбірек болсын” деген қағиданы ұстанып, SYLLABUS-та көрсетілген барлық әдебиеттерді тіркеп жазудың қажеті жоқ. Тек осы рефератты жазу барысында нақты қолданған әдебиетті жазыңыз.

Рефераттың бірінші бетіне қойылатын талаптар:

  • Ең алдымен жоғарғы оқу орнының толық атауы, реферат орындалып отырылған пән қатысты (тиесілі) кафедраның атауы жазылады;

  • Рефераттың тақырыбы және қандай пән бойынша орындалып отырылғаны жазылады;

  • Рефератты орындаған студент пен оны тексерген оқытушының аты-жөні жазылады;

  • Рефератты орындаған жері мен жылы жазылады.

Рефераттың жоспарына қойылатын талаптар:

  • Жоспар нақты анықталған болуға тиіс;

  • Жоспар рефераттың тақырыбынан ауытқымауы тиіс;

  • Жоспарда бөлімдер бөлінген кезде тақырыптың мазмұнын толықтай ашуға мүмкіндік беретіндей бөлінуге тиіс;

  • Тақырыпқа байланысты бөлімдер мен бөлімшелердің саны өзгеруі мүмкін, бірақ кем дегенде екі бөлімнен тұруы керек, бұл реттерде әр бөлімдегі бөлімшелердің тақырыпшалары сол бөлімнің тақырыпшасынан, ал соңғысы өз кезегінде рефераттың тақырыбынан ауытқымауы қажет;

  • Мәтін жазылу барысында жоспарда көрсетілген реттілік сақталуы тиіс;

  • Қосымша ретінде әр түрлі суреттер, таблицалар, сызбалар (схемалар), диаграммалар қоса тіркелген жағдайда ғана жоспарда “қосымша” деген жазу болады.

Рефераттың кіріспесі: кіріспеде жалпы рефераттың қысқаша сипаттмасы беріледі деуге болады, яғни реферат тақырыбының өзектілігі және басқа авторлармен зерттелгендігі, рефератты жазу барысында шолу жасалған қайнар көздердің тізімі мен шолу нәтижелері, рефераттың мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.
Рефераттың мәтіні: рефераттың мәтіні жоспарға сәйкес анықталған бөлімдер мен бөлімшенің ретіне қарай, әрбір бөлім мен бөлімше жаңа беттен басталып жазылады.
Рефераттың қорытындысы: қорытындыда жалпы реферат бойынша студенттің ой-пікірі, ой-қорытындылары қорытылып өз бекітімін табады. Егер рефераттың кіріспесінде студент өз алдына қандай да бір мақсат пен міндеттерді қоятын болса, онда қорытындыда студент рет-ретімен осы мақсат-міндеттерге қол жеткізгендігі не жеткізбегендігі (жеткізбесе неге байланысты жеткізбегендігі( жайында қысқаша тоқталып өтеді. Ең бастысы студент реферат бойынша білдірген барлық ой-пікірлерінің түйінін қорытындыда анық әрі нақты белгілеуі қажет.
Сілтеме жасауға қойылатын талаптар: рефератта сілтеме жасауға қойылатын талаптар Жоғары Аттестациялық Алқа (Комиссия) кандидаттық және докторлық диссертациялар мен авторефераттарға қойылатын талаптарға сәйкес болып келеді. Реферат қолжазбалық болса да, компьютерлік терілімде болса да, сілтемеге қойылатын жаңа және соңғы талаптар келесідей: белгілі бір қайнар көзден цитата түрінде немесе қандай да бір автордың ой-пікірі ретінде алынып отырылған сөйлемнің не абзацтың соңында тік бұрышты жақша ашылып, оның ішінде сілтеме жасалып отырылған қайнар көздің рефераттың соңындағы қолданылған әдебиеттер тізімінде тіркелген нөмірі мен нақты беті көрсетіледі. Ал қолданылған әдебиет тізіміне қайнар көздер рефераттың мәтінінде кездесу ретіне қарай орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет