3сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы. Әкімшілік-құқықтық нормалар атқарушылық билікті жүзеге асырудың қиын процесімен тығыз байланысты.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес биліктің жалғаз бастауы болып халық табылады. Ол өз билігін тікелей өздерінің өкілдері немесе арнай құрылатын органдар арқылы жүзеге асырады. Әдебиетте «билік» түсінігі өз еркіне басқа субъектілерді бағындыру мүмкіндігі және құқығы ретінде қарастырылады. Осыған орай кез келген уақытта белгілі бір шекте өзін өзі дұрыс ұстауды немесе құқыққа қайшы әрекеттерді істеуден бас тартуды талап ететін субъектілер болады. Билік субъектісінің әрекеттері (атқарушы билік органдарының) әрқашан өзінің еркін басқаларға міндеттеумен байланысты. Егер мұндай құбылыстар қатынастарда жүзеге асатын болса, онда олар құқықпен реттелуі керек (әкімшілік-құқықтық нормалармен).Атқарушы билік нақты әрекет ету үшін оның заң талаптарына сәйкес болуы жеткіліксіз. Мысалы, азаматтық құқықта тараптардың мүдделерін ескеру келісімшарт жасаудың қажетті шарты болып табылады және келісім қатысушыларының жеке еріктерінің тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі. Әкімшілік-құқықтық нормалар - әлеуметтік тірекке ие болуға және көпшілік мүдделерінің заңдық басымдығын сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда, әкімшілік-құқықтық нормалардың күші тек қажетті жүріс-тұрысты ұстануға сендіруде ғана емес, сонымен бірге нақты билікте. Мысалы, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР заңында анықталғандай мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өздеріне жоғарыда аталған заңмен орнатылған шектеулерді қабылдайды және сыбайлас жемқорлықпен күресуге шаралар қолданбағандары үшін жауапқа тартылады. Бұрын әкімшілік-құқықтық нормалардың жалпыға міндетті сипаты басқаруды біртұтас орталықтан жүзеге асыру қажеттілігіне негізделді, себебі бүкіл ел бір ағза ретінде жұмыс жасады. Қоғамның әлеуметтік қатынастарының өзгеруі, демократиялық және құқықтық мемлекет құру үшін алғы шарттар пайда болуы жағдайларында тек қана бөлек басқару сұрақтарын шешу үшін белсенді ізденіс жүргізу емес, сонымен қатар атқарушы билікті кешенді реформалау қажет. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттің заңнамалық және атқарушы органдардың билікті еркін көрсетудің нәтижесі болып табылады. Олар:
атқарушы билік аясындағы қоғамдық қаттынастарды императивті реттеудің әлеуметтік қажеттілігін сезінуді бейнелейді;
мемлекет мүдделерінің заңдық басымдығын ескеретін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері бар;
ресми және жалпыға бірдей міндетті сипаты бар, сонымен бірге қолдану барысында сендіру мен мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі;
әкімшілік құқық шығармашылық актісі болып табылады және мемлекетпен танылатын әкімшілік құқық бастауларында болады.(Сонымен әкімшілік-құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік билік органдарымен (заң шығарушы, атқарушы) орнатылатын және атқарушы билік аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері. Әкімшілік құқық нормалары әр түрлі критерийлерге байланысты сыныпталуы мүмкін, осыдан олардың сәйкесінше түрлерін бөліп алуға болады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну үшін ең қажетті болып келесі критерийлер табылады:
а) мазмұны;
ә) субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі;
б) мақсаттық арналуы;
в) қолданылу аясы;
г) заңды күші;
ғ) әрекет ету шегі (кеңістіктегі, уақыттағы, субъектілерге байланысты әрекеттері).
Әкімшілік құқық нормаларын мазмұны бойынша материалдық және процессуалдық деп бөледі. Материалдық нормалар азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы органдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін бекітеді. Бұл, мысалы, атқарушы билік субъектісінің құқықтарын, міндеттерін, құзыретін, сонымен қатар әкімшілік құқық реттейтін қатынастар қатысушыларының жауапкершілігін анықтайтын нормалар. Процессуалдық норма ретінде материалдық нормаларды қолдану барысында және мемлекеттік билік органдарымен нормативтік актілерді басуда мемлекетпен орнатылған немесе санкцияланған ұйымдастырушы қатынастарды жүзеге асыру ережелері танылады. Әкімшілік құқық нормаларын субъектінің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және құзырет беретін деп бөледі. Міндеттейтін нормалар тұлғаға белгілі бір әрекеттер жасауға міндет орнататындар болып табылады. Мысал ретінде әділет органдарында заңды тұлғаларды міндетті тіркеу туралы нормаларды, белгіленген мерзім ішінде басқару органдарымен (лауазымды тұлғалармен) азаматтардың шағымдарын қарау қажеттілігі туралы нормаларды келтіруге болады. Тыйым салатын нормалар берілген нормалармен анықталатын жағдайларда белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан көрініс табады. Тыйым салулар жалпы және арнаулы сипатта болады. Жалпыға мысал ретінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді жасамауды талап етуді келтіруге болады. Ал арнаулыға мысал ретінде салық қызметкерлеріне егер салық төлеуші олардың туысы болса, онда өздерінің кәсіби міндеттерін осы салық төлеушіге қатысты орындауға тыйым салынады. Әкімшілік құқық нормаларын мақсаттық арналуы бойынша реттеуші және қорғаушы деп бөледі. Реттеушілерге немесе бастапқыларға мемлекеттік билік аясындағы қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу міндеттерін жүктеумен немесе субъектілерге құқық берумен байланысты нормалар жатады. Қорғаушы нормалар құқық бұзушылықтардың құқықтық салдарларын орнататын, яғни әкімшілік теріс қылық құрамдары мен оларды жасағаны үшін өндіру болып табылады. Әкімшілік құқық нормалар заңды күшіне байланысты заңнамалық және заңасты болып бөлінеді. Нормаларды аталған түрлерге жатқызу оны шығарған органның мемлекет органдары иерархиясындағы орнына тікелей байланысты. Заңнамалық нормалар Парламент қабылдаған заңдарда, сонымен қатар Парламент оған заң шығару құзыретін берген кезеңде Президент шығарған және заң күші бар Президенттің жарлықтарында бар болады. Заңдасты нормалар – Президент жарлықтары мен өкімдерінде, Үкіметтің қаулыларында және атқарушы билік органдарымен өз құзыреті шегінде шығаратын т.б. нормативтік актілерде болады. Кеңістікте қолданылу шегі бойынша нормалар жалпыға бірдей міндетті және ішкіжүйелік болып бөлінеді. Жалпыға міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің орындаулары үшін орнатылады.Ішкіжүйелік нормалар атқарушы биліктің төмен тұрған органдарына белгілі бір талаптар таратады.