Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар өздерін басқа құқықтық қатынастардан айыратын ерекшеліктерге ие:
Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың ынтасы бойынша пайда болады.
Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар әкімшілік тәртіп қағидасы бойынша, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және өкім ету жолымен шешіледі.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан өкілдік ететін органның немесе лауазымды адамның алдында пайда болады.
5сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрамы болады. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері болып табылатындар:
Субъект;
Объект;
Заңды факт.
Заңдық нысан құқықтар мен міндеттер берген қоғамдық қатынастардың қатысушылары:
мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері;
әкімшілік құқықтар мен міндеттер берілген қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып басқару аясындағы адамдардың әрекеттері табылады. Олардың көмегімен мынадай қоғамдық қатынастар қарастырылады:
жалпы объект – мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар;
тікелей объект – субъект адамдардың әрекеттері.Мұндай әрекеттер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін.олар материалдық игіліктерде қолданылуы мүмкін (мысалы: азаматтардың денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және т.б.).Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен анықталған жағдайлар болғанда ғана пайда болады және тоқтатылады, яғни заңды фактілер негізінде. Заңды факт болып әрекеттер мен оқиғалар танылады.