Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет137/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

БӨЖ тапсырмалары студенттің өз бетімен орындайтын келесідей тапсырмаларды қамтиды: өз бетімен қосымша ізденуге мүмкіндік беретін сұрақтар тізімі, тәжірибелік немесе БОӨЖ сабақтарында орындалатын әр тақырып бойынша қысқаша тест тапсырмалары, аралық бақылау тапсырмалары (коллоквиум сұрақтары, тест тапсырмалары) және емтихан сұрақтары.
Тест тапсырмалары тәжірибелік немесе БОӨЖ сабақтары барысында студенттің тақырыпты меңгергендігін бағалау үшін қажет. Мұндай тест тапсырмалары уй тапсырмасын сұрауда уақыттың шектеулігіне қарамастан студенттердің барлығын бағалауға мүмкіндік береді.
Студенттің білімін бағалау мақсатында екі аралық бақылау ұйымдастырылады. 1-шісі 7 аптада, 2-шісі 15 аптада. Курс бойынша аралық бақылау аясында студент ауызша нысанда коллоквиум немесе жазбаша нысанда тест сұрақтарына жауап беруі қажет.
Коллоквиум тапсыру студенттердің ауызша жауап беруге және пәннің негізгі ұғымдарын терең түсінуге дағдыландырады және семестр бойына 2 рет жүргізіледі. Коллоквиумға дайындалғанда сұрақтың мазмұнына байланысты дәріс материалдарын, сонымен қатар негізгі және қосымша әдебиетті пайдалануы керек.
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР


Эссе тақырыпты еркін пайымдауды қарастырады. Оның жалпы көлемі – 5-7 бет. Материалдың зерделенген дәрежесі, проблеманы өзінше талдауы, аргументтілігі, дәлелділігі, өзіндік көзқарасы оны бағалаудың критерийі болып табылады.
Эссе құрылымы:
1. Тақырыпты ақырында тұжырымдаушы кіріспе, маңыздылығын негіздеуі, тақырып туралы пікірдің айырмашылықтарын көрсету, негізгі пікір айтуға көшу.
2. Автор (2-3) келтірген пікірлердің (дәлелдердің) негізгі бөлігі; айтылған пікірдегі пайдаланылған негізгі түсінікті анықтау; оны қолдайтын дәлелдер – фактілер немесе мысалдар; дәлелдерге қарсы талдау немесе оған қарсы пікірлер (неге әлсіз екенін көрсету керек, ал, автордың дәлелі күшінде қалады.)
3. Негізгі пікірді қайталайтын қорытынды мазмұны; негізгі пікірді қорғайтын дәлелдерді түйіндейтін бір немесе екі сөйлем, ұсынылған пікірді қабылдамағанда болатын салдарын жалпы ескерту және аталған пікірдің пайдалылығы туралы жалпы қорытынды.
РЕФЕРАТТЫ ЖАЗУ
Бірнеше тақырыпты еңбектерді шолу немесе белгілі бір тақырып бойынша бірнеше автордың пікірі, қандай да бір тақырыпты, сондай-ақ бір классиктің еңбегін талдау реферат болып саналады. Реферат кітапханадағы белгілі бір пән негіздерінде жазылады.
ЗЕРТТЕУ ӨТКІЗУ
Зерттеу - оның көмегімен адамдар білім алатын әдістердің бірі.
Зерттеудің мынандай түрлері бар:
- индуктивтік;
- дедуктивтік;
- экспериментах ашылуы.
Индуктивті зерттеу кезінде оқытушы проблемаларды шешуге бағытталған жағдайды үлгілейді, ал ғылыми тұжырымдамаларды Студенттер өз бетімен зерделейді. Студент болып тұрған про­блемаларды, оның сәйкес емес жерлерін жазып көрсетіп, жағдайсыздық туғызатын негізгі мәселелерін, қоздырғыш құбылыстарын қарастыруы керек.
Дедуктивтік зерттеу кезінде, оқытушы ұсынатын тұжырымдар мен негізгі қағидаларға сүйенуі қажет. Оның тәжірибелік аспектілерін Студенттер өз бетімен оқып үйренгені жөн.
Ашық эксперименттер бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін пайдалануды қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет