Талқылауға арналған сұрақтар – студенттің дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін БОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Оған студенттер алдын-ала берілген сұрақтарға үйден дайындалып, сабақ барысында оны ортаға талқылауға салады. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.
Мәнжазба – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі.
Мәнжазба жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:
Мәнжазба тақырыбы оқу жылының басында студенттерге таратылады;
Мәнжазба тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;
Мәнжазба жазуға студенттің қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай, 1 семестр уақыт беріледі;
Мәнжазба жазбаша формада аттестация уақытына дейін қорғалады.
Мәнжазба төмендегідей бөлімдерден құрылуы керек:
кіріспеден; негізгі мәтіннен; қорытындыдан; пайдаланылған әдебиеттен.
Мәнжазбаны орындауды 6 кезеңге бөлуге болады:
тақырып таңдау; әдебиет таңдау және оқу; мәнжазба жоспарын құру; нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу; мәнжазба жазу; мәнжазбаны қорғау.
Мәнжазба тақырыбы ұсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттің басты міндеті – қазақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек мәнжазбаның таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. Әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент мәнжазбаның мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл мәнжазбаның негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады.
Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін мәнжазба жазуға көшуге болады. Бұл кезеңде жұмыс жоспарын нақтылауға, маңызды сұрақтарды пункттер мен подпункттерге бөлуге болады.
Мәнжазба сәйкесінше безендірілуі керек. Безендіруге қойылатын талаптар төмендегідей:
титулдық бет;
әдебиет, мұнда нормативтік – құқықтық актілер, сонымен қатар авторлар аты-жөні алфавиттік тәртіпте құрылады.
Жұмыстың мәтіні мұқият тексерілуі және қолмен түсінікті жазылуы немесе компьютерде терілуі керек. Мәнжазбаның беттері нөмірленуі керек.
Баяндама – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі. Ол студенттің ғылыми ізденуіне дағдыландыратын тапсырманың бірі. Баяндамада тақырыптың өзектілігі сипатталып, тақырып мазмұны логикалық тізбектілікпен, жүйелікпен орындалуы қажет.