Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет64/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Дәрістің мақсаты: Мемлекеттік қызметтің түсінігі, оның нормативтік құқықтық негіздері. туралы түсінікті қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Мемлекеттік меншіктің ерекше объект ретіндегі мәртебесін айқындау.
Жоспар:
1.Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері.
2.Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
Негізгі ұғымдар: Мемлекеттік ұйым, билікті бөлі, жауаптылық, Ұсыныс, арыз, шағым, сауал.
1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
Ғылыми және құқықтық оқулықтарда мемлекеттік қызметті кең және тар мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындаудан көрінісін табады; тар мағынада – бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы тар мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі, - делінген.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік қызметшінің түсінігі берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы табылады.
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге жатпайды(мысалы, архивариус, кітапханашы, комендант, лаборант, әдіскер және т.б.). Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметтің қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеалдар, басшылыққа алынатын бастамалар.
Принциптері:

  1. Заңдылық,

  2. Қазақстандық патриоитизм, мемлекеттік өкіметтің заң шығару және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызмет жүйесінің бір тұтастығы.

  3. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы.

  4. Жалпы қол жетімділік, яғни республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярылғына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатылуға тең құқығы.

  5. Азамматрдың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі.

  6. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі.

  7. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу.

  8. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді оырндаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі.

  9. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі

  10. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру.

  11. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы.

  12. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу.

  13. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша мемлекттік қызметші болып мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР-сы Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы болып табылады.
2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
Заңда мемлекеттік қызметшілерде екі топқа бөліп, түсініктеме берген. Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады(мысалы, мемлекеттік хатшы кеңесшісі, сарапшы, маман, құрылымдық бөлім басшысы, департамент директоры, аудан әкімінің орынбасары және т.б.).
Енді бір тобы – мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады(мысалы, ҚР-ның Премьер-министрі, министрлер, олардың орынбасарлары, облыс, қала, аудан әкімдері және т.б.).
Яғни, Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекетттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Саяси лауазымдарға:

  1. ҚР-нің Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

  2. ҚР-сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

  3. ҚР-сы Жоғарғы Сот аппараттының басшысы,оның орынбасарлары;

  4. Конститутцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;

  5. Орталық атқарушы органдар мен ведмостваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.

Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекетттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекетттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілетттілікті жүзіге асыратын мемлекеттік қызметші. Сонымен мемлекетттік қызметшілерді жоғарыдағыдай 2 топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекетттік қызмет аясында демократияландырудың қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шеігін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру. Мемлекетттік лауазымдарды осылай бөлудің негізінде аталған заңда мемлекеттік қызмет ұғымының анықтамасы берілген.Мемлекеттік қызмет- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардаға мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік органдардың өкілеттіліктері қоғам өмірінің барлық аяларында мемлекеттік қызметшілер арқылы іске асырылады Барлық мемлекеттік қызметшілердің құрамы біріңғай емес, олардың мемлекеттік органдардың өкілеттіліктерін іске асыру жөніндегі атқаратын қызметтері әр түрлі және олар біріне-бірі ұқсас емес жағдайларда жұмыс істейді. Сондықтан оларды әр түрлі белгілер бойынша кейбір топтарға бөлуге болады.

  1. Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлекеттік өкмет органдары қызметінің көлемі бойынша республикалық қызметшілерге бөлуге болады. Республикалық мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдардың: Президент Әкімшілігінің, Үкімет Кеңесінің, Парламент Палаталары Аппаратының т.с.с. өкілеттіліктеріне негізделеді Жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік өкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселер жөніндегі өкілеттіліктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады.

  2. Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ, онда азаматтық және милитарландырлған мемлекеттік қызметшілер бөлінеді .

  3. Билікті бөлу принциптеріне сәйкес заң шығарушы,атқарушы және сот билігі органдарының мемлекеттік қызметшілері ажыратылады.

3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
Мемлекеттік қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттері «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 ж 23 –шілдедегі Заңда белгіленген. Бұл құқықтар мен міндеттердің ерекшелігі сол, олар орналасқан лауазым туралы өкілеттіліктерді емес, қызметшілердің мінез – құлықтары мен іс –қимылдарының жалпы Ережелерін, олардың лауазымдық қызметтері бойынша өкілетіліктерін іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру сипаты бар жағдайлар мен шараларды білдіреді.
Әр мемлекеттік қызметшінің, өзінің атқарып отырған қызметі жөніндегі нақты өкілетіліктеріне қарамастан, мыналарға құқығы бар:

  • Республиканың азаматтарына Конститутциямен және заңдармен кепілдік берілетін құқытармен бостандықтарды пайдалануға;

  • өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті огандар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

  • белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

  • басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес міндеттерін және қызметтік өкілетіліктерінің көлемін дәлелдеп белгілеуді талап етуге;

  • жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне де әділ және құрметпен көз қарас жасалуына;

  • өзі атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжірибесіне және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленілуіне;

  • біліктілігі мен қабілетті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарлауға;

  • қызметінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

  • еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

  • әлеуметтік және құқықтық қорғалуына;

  • мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша шығуға;

  • зейнетақымен және әлуметтік қамсыздандырулыға;

  • Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

Әрбір қызметші атқарып отырған мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымы бойынша өкілетіліктеріне қарамастан мыналар жөнінде міндетті:

  • ҚР –сы Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге;

  • ҚР-ның Конституциясы мен Заңдарын сақтауға;

  • өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға,

  • мемлекеттік тәртіппен еңбек тәртібін сақтауға;

  • өзіне заңда белгіленген шектулерді қабылдауға;

  • мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға; оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

  • мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

  • қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргенде құқытар мен міндеттерден басқа заңнамалармен белгіленген бірнеше шектеулер мен тыйымдарды да өз еркімен қабылдайды, олардың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жоғары рухани бейнесін және оның лауазымдық өкілетіліктерінің шегінде іс-қимылының еркіншілігін қамтамасыз ету.Мұндай шектеулер мен тыймдар билікті теріс пайдаланушылыққа, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметшіге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде , комерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық- құқықтық нысаны қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға рұқсат етілмейді.Мемлекеттік қызметшіге үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметшінің ереулдерге,мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуына рұқсат етілмейді.
Мемлекеттік қызметшіге өзінің жақын туыстары( ата-аналары,балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, әжелері,немерлері және т.б.) немесе ері(зайыбы) атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

Бақылау сұрақтары:



  1. Мемлекеттік қызмет дегеніміз не және оның принциптерін атаңыз.

  2. Мемлекеттік қызметкерлер қалай жіктеледі?

  3. Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері қандай?


Глоссарий:
Мемлекеттік қызмет
мемлекеттік лауазым
мемлекеттік әкімшілік қызметші
мемлекеттік саяси қызметші

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер:



  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы.

  2. ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялық Заңы // Жоғарғы кеңес жаршысы. 2013

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық Заңы (2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

  4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ

  5. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі N 401 Кодексі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV Заңымен

  6. Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңымен

  7. Әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы


Арнайы әдебиеттер:



  1. Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы» 2011г.

  2. Административное право. Часть Общая: Учебник / отв.ред.

  3. А.А. Таранов-2-е изд., с изм. – Алматы: Жеті Жарғы, 2011

  4. Административное право. Часть Особенная: Учебник / ртв.ред.

  5. Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 2010

  6. ГАллиган Д., Полянский В.В., Старилов Ю.Н. Административное право; история резвития и основные. Современные концепции

  7. Козлов Ю.М., Попов А.Л.. Административное право Россиской Федерации. М., Зерцало. 2013

  8. Правовые проблемы реформирования государственной службы суверенного Казахстана. Под.ред. Сапаргалиева Г.С., Астана. Институт законодательства РК 2014 г.

  9. Старилов Ю.А. Административная юститция. М.: Изд-во «Норма» М., 2001 // государство и право. Смоленск. 2013 г.

5- тақырып: Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет